Об утверждении Инструкции о передаче в доверительное управление объектов государственной коммунальной собственности Карагандинской области Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды облысының коммуналдық
меншігіндегі кәсіпорындар мен акционерлік
қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сөздері
«мемлекеттік объектілерін»
сенімгерлік басқаруға беру бойынша
нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, «Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенім білдірілген басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 шілдедегі № 265 бұйрығын (тіркеу нөмірі 3779, 2005 жылғы 8 тамыз) басшылыққа алып, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысының коммуналдық меншігіндегі кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сөздері «мемлекеттік объектілерін»сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі осы қаулыға қоса тіркелген Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары И.У. Тоғайбаевқа жүктелсін.
Басқа 3. Қарағанды облысының коммуналдық мемлекеттік объектілерін
сенімгерлік басқаруға беру бойынша НҰСҚАУЛЫҚ
Қарағанды облысы әкімиятының
«Нұсқаулықты бекіту туралы»
2004 жылғы «27» 07 №15/05
қаулысымен бекітілген
Қарағанды облысының коммуналдық мемлекеттік объектілерін
сенімгерлік басқаруға беру бойынша НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1. Негізгі ұғымдар.
1. Негізгі ұғымдар.
1. Осы Нұсқаулықта келесі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Департамент – Қаржы департаменті;
Тармақша 2
2) Қатысушы – қажетті құжаттарын ұсынған жағдайда ұсынылған шартты жасасуға келісім білдірген жеке тұлға немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
Тармақша 3
3) Объекті – мүлік кешені немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеменің мүлкі, акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеті, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мемлекеттік қатысу үлесі, сондай-ақ сенім білдірілген басқаруға берілетін өзге мемлекеттік мүлік
Тармақша 4
4) Өтінім – қажетті құжаттардың айқындалған жиынтығы, сонымен қатар, Департамент ұсынған шарт жасасуға және шарт ережесін орындауға Қатысушының келісімі;
Тармақша 5
5) Тендерлік комиссия – объектіні басқаруға шарт жасасу бойынша тендерді ұйымдастыру үшін Департамент құрған орган;
Тармақша 6
6) Басқарушы – Департаментпен шарт жасасқан тендер жеңімпазы.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулық «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенім білдірілген басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 шілдедегі №265 бұйрығына (тіркеу нөмірі 3779,2005 жылғы 8 тамыз) сәйкес жасалды және Басқарушымен кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) Объектілерді сенімгерлік басқаруға беру шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасу тәртібін, сонымен қатар, Басқарушының шарттар ережелерін орындауына бақылау жасаудың тәртібін айқындайды. Шарт жасау тендерді жеңіп алған Қатысушыға одан тиісті дәрежеде ресімделген объектіге қатысты ережені орындау талап етілгенде иелік етуге және пайдалануға (басқару құқығынсыз) мемлекет берген құқықтық ресімдеу болып табылады.
Тарау 3. 3. Тендер комиссиясын құру.
3. Тендер комиссиясын құру.
Тармақ 3
3. Департамент құрамына мыналар енетін тендер комиссиясын құрады:
Тармақша 1
1) департамент;
Тармақша 2
2) сенімгерлік басқаруға берілетін кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы;
Тармақша 3
3) Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау Департаменті;
Тармақша 4
4) Қарағанды облыстық Әділет департаменті;
Тармақша 5
5) Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп Департаменті;
Тармақша 6
6) Қарағанды облысының Салық комитеті;
Тармақша 7
7) тиісті қалалар немесе аудандар әкімияттары.
Тармақша 8
8) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың өзге де өкілдері.
Департамент өкілі немесе тендерлік комиссия төрағасы болып табылады.
Тармақ 4
4. Тендерлік комиссия:
Тармақша 1
1) басқаруға берілетін Объектілер туралы ақпаратты хабарламаны жариялауды белгіленген тәртіпте ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) өз жұмысының регламентін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3
3) қажетті жағдайда консультация беретін фирмаларды тартады;
Тармақша 4
4) №1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендер комиссиясына ұсыну үшін қажетті басқа құжаттарды және түскен өтінімдерді тез арада қабылдайды және тіркейді, берілген құжаттардағы кемшіліктерді қысқа мерзімде жою үшін қажетті шаралар қабылдағаны туралы Қатысушыларға хабарлайды. Қаладан тысқары Қатысушылар үшін өтініш жіберілген күнгі почта белгісі тіркеу күні болып саналады;
Тармақша 5
5) танысу үшін осы Нұсқаулықты және ұсынылған Шартты Қатысушыларға ұсынады;
Тармақша 6
6) Қатысушыны №2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның тендерге қатысушы ретінде танылуы туралы, болмаса, тендерге қатыспайтыны жөнінде жазбаша түрде себептерін көрсетіп, хабарландырады;
Тармақша 7
7) тендер жеңімпазын анықтайды;
Тармақша 8
8) тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды.
Тарау 4. 4. Тендерге объектіні дайындау
4. Тендерге объектіні дайындау
5. Облыс әкімияты объектіні сенімгерлік басқаруға беру туралы қаулы қабылдағаннан кейін Департамент берілетін объектілердің соңғы 2 (екі) жыл ішіндегі шаруашылық қызметі туралы толық ақпарат жинайды.
Тарау 5. 5. Тендердің өткізілуі туралы хабарлама
5. Тендердің өткізілуі туралы хабарлама
Тармақ 6
6. Тендер комиссиясы баспасөз жариялау арқылы объектілер туралы хабарлама жеткізеді.
Тармақ 7
7. Тендердің өткізілуі туралы хабарлама мемлекеттік және олрыс тілдерінде ресми баспасөз құралдарында тендер өткізілмей тұрып ең кем дегенде 30 күн бұрын жариялануы тиіс.
Тармақ 8
8. Хабарлама жарияланғаннан кейін Департамент басқаруға берілетін объекті туралы ақпаратқа барлық ниет білдірушілерді еркін жібереді.
Тарау 6. 6. Қатысушыларға қойылатын талап
6. Қатысушыларға қойылатын талап
Тармақ 9
9. Тендерге қатысуға өтінімдерін және басқа жа қажетті құжаттарды уақытылы берген жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар жіберіледі. Сонымен қатар, өтінім берген жеке тұлғаның қажетті білімді меңгеруі және осы немесе сабақтас салада жұмыс тәжірибесінің болуы қажет, ал өаңды тұлғаның кәсіпорынды (объектіні) басқаруға жоғарыда көрсетілген талаптарды игерген өкілі болуы тиіс.
Тармақ 10
10. Тендерге қатысу үшін тендерлік комиссия мекен-жайына келесі құжаттарды ұсыну қажет:
Тармақша 1
1) тендерге қатысу үшін №1 қосымшаға сәйкес өтінім;
Тармақша 2
2) инвестициялық жобалар негізінің әдістемесіне сәйкес экономикалық және коммерциялық тиімді есеп айырысудың техникалық-экономикалық негіздемесі;
Тармақша 3
3) бизнес-жоспар;
Тармақша 4
4) тендер талаптары бойынша жазбаша үлгідегі жеке конвертке жабылған ұсыныстар;
Тармақша 5
5) қатысушының қаржылық мүмкіндігінің тұрақтылығын растайтын құжаттар;
Тармақша 6
6) осы Нұсқаулықпен танысқаны туралы тиісті түрде ресімделген қолхат.
Заңды тұлғалар нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарын, сонымен қатар тиісті органда олардың мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын құжаттарды қосымша тапсырады.
Тармақ 11
11. Қатысуға өтінім қабылдау тендер өткізілетін күннің алдындағы күні сағат 18-де аяқталады. Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін өтінімдер мен құжаттар қабылдау тоқтатылады.
Тармақ 12
12. Құжаттарды алғаннан кейін тендер комиссиясы өтінім берушіге өтінімінің тіркелген күнін көрсетіп тендерге қатысатыны туралы хабарлама жібереді. Хабарлама жіберілген сәттен бастап өтініш беруші тендерге қатысушы мәртебесін алады. Өтінімдері қарауға қабылданбаған немесе қайтарылған өтінім берушілерге 7 күннен кем емес мерзімде себебі көрсетіліп, хабарлама жіберіледі.
Тармақ 13
13. Тендерге қатысуға өтініш беруші тұлғалар туралы мәлімет беруге болмайды.
Тармақ 14
14. Тендерге қатысушы тендерді өткізу белгіленген мерзіміне дейін өзінің ұсынысын қайта алуға құқығы бар, ол туралы тендер басталғанға дейін 3 күн ішінде жазбаша хабарлайды.
Тармақ 15
15. Тендерге қатысушылардың кепілдік жарналары тендерді ұйымдастыру жөніндегі шығындарды өтеуге жұмсалады, оның ішінде:
Тармақша 1
1) жеке жобаларды жасау бойынша консалтингтік қызметтер;
Тармақша 2
2) даулы мәселелер және мемлекеттік заңды тұлғалар, болмаса мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларды бекіту, оларды қайта құрылуы, таратылуы, кепілдікке объектілерді беруге, сауықтыру рәсімін жүргізуге, жалға сенімгерлік басқаруға, жекешелендіру туралы шешім қабылдау жалымен проблемаларды шешу бойынша нақты жерлерге бару жөніндегі іс-сапар шығындары;
Тармақша 3
3) қалааралық, халықаралық телефон байланыстарын төлеу;
Тармақша 4
4) объектіні қорғау үшін төлем;
Тармақша 5
5) Көлік үшін төлем;
Тармақша 6
6) жарнама және ақпаратты қамтуға арналған шығындар;
Тармақша 7
7) қағаздарды, бланкілерді, кеңсе тауарларын, компьютерлерді, құжаттарды түптеуді, техникаларды,жабдықтарды жөндеуге, қосалқы бөлшектерді сатып алуға;
Тармақша 8
8) тендерлерді өткізуге тікелей қатысқан қызметкерлерді және жұмыс уақытынан тыс жұмыс істегендерді материалдық ынталандыру.
Тармақ 16
16. Жеңімпаз болмаған тендерге қатысушыға кепілдік жарна тендер жеңімпазы жарияланғаннан кейінгі 20 банктік күн ішінде қайтарылады.
Тармақ 17
17. Тендер жеңімпазы болған Қатысушыға кепілдік жарнасы қайтарылмайды.
Тарау 7. 7. Тендерлерді өткізу тәртібі
7. Тендерлерді өткізу тәртібі
Тармақ 18
18. Тендерлік комиссия қатысушылардың ұсыныстарын жеңімпазды анықтау өлшемдеріне байланысты қарайды. Тендерлік комиссия жобаларға тәуелсіз сараптама жүргізуге құқылы. Сараптама тобы салалық департаменттердің, басқармалардың, оларға кіретін сенімгерлік басқаруға берілетін объекті өкілінен құрылады. Сараптама тобының қатысушылардың өтінімдерін қарау мерзімі 15 күнмен шектеледі.
Тармақ 19
19. Тендер комиссиясының шешімі оның мүшелерінің жай көпшілік жауысымен қабылданады. Дауыстың тепе-теңдік жағдайында тендер комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Дауыстардың тендігі кезінде тендер комиссиясының қатысушыларды шақыруға және олардың келісімімен жеңімпазды анықтау үшін қосымша тендер өткізуге құқығы бар. Объектінің жұмысын жақсартуға бағытталған қосымша ұсыныстарды тендер комиссиясына ұсынған Қатысушы жеңімпраз болып табылады.
Тармақ 20
20. Тендерлік комиссия шешімі тендерлік комиссия мүшелерінің, оның төрағасының және тендер жеңімпазыаталған тұлғаның қолдары қойылған хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшесі өзінің жазбаша түрдегі ерекше пікірін хаттамаға қоса сала алады, хаттамада ол туралы белгі қойылады. Жеңімпаз жөнінде хабар шыққан күннен бастап 30 күн ішінде Қатысушылардың тендер қорытындысына қарсылық білдіруі мүмкін.
Тармақ 21
21. Тендер қорытындыларын жеңімпаз жарияланған күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде Департамент бекітеді. Тендер қорытындылары бекітілмесе, тендерге қатысуға өтінімдер берілмесе немесе тендер комиссиясының шешімімен жеңімпаз болмаса, тиісті тендер комиссиясына Департаменттің тендер шартын өзгертіге ұсыныс беріп, жаңадан тендер жариялауға құқығы бар.
Тарау 8. 8. Шарттың жасалуы
8. Шарттың жасалуы
Тармақ 22
22. Департамент тендер қорытындыларын бекіткеннен кейін объектіні басқаруға арналған шартқа тараптар 10 күннен кешіктірмей қолдарын қоюға тиіс. Департамент және тендер жеңімпазы арасындағы жасасқан шарт №3 қосымшадағы ұлгі бойынша жасалады.
Тармақ 23
23. Тараптар қол қойған Объектіні басқару құқығы бойынша Департаменттің қабылдау – тапсыру актісі шарттың негізгі бөлігі болып табылады.
Тарау 9. 9. Шарт ережелері
9. Шарт ережелері
Тармақ 24
24. Шарттың негізгі ережелері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) өндіріс сипатын, өнімдерді белгілі деңгейде шығару көлемін сақтау немесе одан әрі оны көбейту;
Тармақша 2
2) объектінің мүліктік кешеніне жататын әлеуметтік салалар объектілерін қаржыландыру және ұстау;
Тармақша 3
3) жұмыс орнының мүмкіндігінше ең көп мөлшерін немесе келісім-шартпен айқындалған санын сақтау;
Тармақша 4
4) әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету, Объекті қызметкерлерінің өмірін және денсаулығын өндірістік жарақаттардан және өндірістегі оқыс жағдайлардан сақтандыру;
Тармақша 5
5) объектінің мүлкін өрттен, жарылыстан, апаттан, табиғат зардаптарынан сақтандыру;
Тармақша 6
6) өнім сапасын және оның бәсекелестік қабілетін арттыру, өндіріс шығындарын азайту;
Тармақша 7
7) қабылдау-беру актілеріне қол қою сәтіндегі Объектінің барлық берешектерін жою (өтеу);
Тармақша 8
8) жер қойнауын, қоршаған ортаны және еңбекті қорғауға байланысты нормалар мен ережелерді сақтау;
Тармақша 9
9) қаржы тарту бойынша міндеттемелер: айналымдағы қаражаттар негізіндегі тауар, инвестиция несиелері;
Тармақша 10
10) шығарылатын өнімге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) баға қалыптылығы жөніндегі монополияға қарсы реттеуге келетін міндеттемелер;
Тармақша 11
11) өзара келісімді баға бойынша отандық тауар өндірушілер үшін ішкі рынок сұраныстарын қанағаттандыру жөніндегі міндеттемелер;
Тармақша 12
12) аймақтарды және салаларды дамытудың мемлекеттік инвестициялық стратегиясына сәйкес орта және ұзақ мерзімді келешекке арналған Объектіде инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша фирма басқарушысының міндеттемелері мен құқықтары;
Тармақша 13
13) объектінің қаржылық қалыптылығына қол жеткізуді қамтамасыз ететін оны қайта құрудың толық бағдарламасын жасау жөніндегі фирма басқарушыларының ұсыныстары;
Тармақша 14
14) Объектінің жұмылдырылған күштерін қолдау;
Тармақша 15
15) орта рыноктық бағадан төмен түспейтін бағалар бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге өнімдерді сату;
Тармақша 16
16) тиелген өнім үшін алдын-ала төлем жүргізу барысында баға кеміту процентерінің әлемдік өлшемдерге сәйкестігі бойынша міндеттемелер;
Тармақша 17
17) тау-кен жұмыстарын тау-кен рудасы кешені объектісін дамытудың Бас схемасы сәйкес жұргізу;
Тармақша 18
18) аршылған, ашып алуға дайындалған және дайын қорлардың нормативтерін сақтау, сондай-ақ аршуда толық және пайдалы компоненттерді қайта өндеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) дәстүрлі, әсіресе ұлттық өнім берушілермен, шикізат, материалдар тұтынушылармен келісімдік қарым-қатынастарды нығайту;
Тармақ 25
25. Әрбір жеке жағдайда, Объектінің ерекшелігіне байланысты, талаптардың өзгеруі және толықтырылуы мүмкін. Бұл жағдайда өндірістік сектордың құрылымдық-салалық бағытына қарай тендер комиссиясы сенімгерлік басқаруға берілетін:
Тармақша 1
1) жалпысалалық объектілерді;
Тармақша 2
2) ірі өнеркәсіп кешендерін;
Тармақша 3
3) жекелеген объектілерге байланысты шартты қарастырады.
Тарау 10. 10. Шарт мерзімдері
10. Шарт мерзімдері
Тармақ 26
26. Департамент пен Басқарушы арасындағы шарт оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді. Мерзімді есептеу Департамент Объектіні Объектінің Басқарушысына берген күннен басталады.
Тармақ 27
27. Шарт өндірістік сектордың құрылымдық-салалық мағынасына байланысты 10 жылға дейін жасалады.
Тарау 11. 11. Ерекше ережелер
11. Ерекше ережелер
Тармақ 28
28. Шарт ережелерін тиісті түрде атқарса, Басқарушыға Объектіні сатып алуға айрықша құқық берілуі мүмкін. Объектіні сатып алу мерзімдері және оның құн мөлшері «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде белгіленеді.
Тарау 12. 12. Тараптар жауапкершілігі
12. Тараптар жауапкершілігі
Тармақ 29
29. Шарт бойынша міндеттердің орындалмағаны және/немесе тиісті атқарылмаған үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелмеген мәселелер және шарт ережелері бойынша Қазақстан Республикасы мақұлдаған халықаралық келісімдердің нормалары қолданылады.
Тармақ 30
30. Шарт талаптары мен ережелерін бұзатын тікелей және жасырын үлгідегі мәмілелер жарамсыз болып табылады, ал оларды жүзеге асырған кінәлі түлғалар Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 31
31. Кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту келтірген зиянды өтеу міндетін босатпайды.
Тармақ 32
32. Осы Нұсқаулықтың тармақтарында көзделмеген негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзса, Шартты осылай бұзған басқа тараптан кінәлі тараптың барлық тікелей шығындарды материалдық зияндарымен қоса өтеуді талап етуге құқығы бар.
Тарау 13. 13. Форс-мажор
13. Форс-мажор
Тармақ 33
33. Тараптар міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағандары, сондай-ақ олардың осы шарт бойынша орындалуын кешіктіргені үшін жауапкершіліктен босатылады, егер ол тежеусіз күш жағдайларының (форс-мажор) салдары болып табылса. Тежеусіз күш жағдаяттарына тараптар бақылауынан тыс кез келген оқиғалар, атап айтқанда: әскери шиеленістер, табиғат зардаптары, күтпеген апаттар жатады.
Тармақ 34
34. Форс-мажор болған жағдайларда олардан зардап шеккен тарап бұл туралы тез арада жазбаша түрде оқиғаның басталған күнін көрсете отырып, басқа тарапты хабардар етеді, және ол форс-мажор жағдайларының дәлелдемесін тапсыруға міндетті.
Тармақ 35
35. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімі форс-мажорлық жағдайлар болған уақытқа тең шамада ұзартылады.
Тарау 14. 14. Шарт ережелерінің орындалуын бақылау
14. Шарт ережелерінің орындалуын бақылау
Тармақ 36
36. Шарт ережелерінін орындалуын бақылауды Департамент жүзеге асырады. Осы мақсатта Департамент тиісті Департамент және басқа мемлекеттік ұйым өкілдерінен жұмысшы тобын құрады.
Жұмысшы тобы өзінің жұмысын жасалынған шартқа сәйкес, басқарушының міндеттемесін ескере отырып ұйымдастырады. Басқарушы белгіленген мерзімде және бекітілген үлгі бойынша жұмысшы тобының қарауына құжаттарын (есептемелерді) тапсырады.
Тарау 15. 15. Шарт қызметін тоқтату ережелері
15. Шарт қызметін тоқтату ережелері
Тармақ 37
37. Шарт қызметі мынадай себептердің бірі болған жағдайда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) егер де тараптар келісімі бойынша шарт мерзімі ұзартылмай, шарт қызметінің мерзімі аяқталса;
Тармақша 2
2) осы Нұсқаулықтың 33-тармағындағы «Форс-мажор» бөліміне сәйкес тежеусіз күштер (форс-мажор) жағдаяттарынан басқа, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес осы шарт ережелерін тараптардың біреуі орындамаса немесе елеулі түрде бұзса;
Тармақша 3
3) тараптардың бірі басқа тараптың келісімінсіз үшінші тарапқа өз мүддесінің кез келген бөлігін берсе;
Тармақша 4
4) сот шешімі негізінде.
Тармақ 38
38. Объекті қызметін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін
Басқарушы шартта белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда Департаменттің Басқарушыны 15 күн бұрын ескертіп, шартты біржақты бұзуға құқығы бар.
Тарау 16. 16. Дауларды шешу
16. Дауларды шешу
Тармақ 39
39. Осы Ережелермен реттелмеген барлық мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының Заңдарын және Қазақстан Республикасының аумағында пәрменді құқықтық мәртебесі бар халықаралық келісімдердің нормаларын басшылыққа алады.
Тармақ 40
40. Шарт бойынша Объектілерді басқаруға құқық беру кезінде туындаған даулар тараптардың өзара келісімі бойынша немесе сот арқылы қаралады. 60(алпыс) күн ішінде тараптар дауды шеше алмаса, тиісті сот алқасына шешім шығару үшін тапсырылады. Осы органның шешімі екі тарап үшін түпкілікті болып табылады.
Басқа 120. Тендерге қатысуға өтініш
(жеке немесе заңды тұлға толтырады)
Қарағанды облысы әкімиятының
2004 жылғы 27 шілдедегі №15/05
қаулысымен бекітілген «Қарағанды
облысының коммуналдық
мемлекеттік объектілерін
сенімгерлік басқаруға беру бойынша
Нұсқаулыққа» №1 қосымша
Тендер комиссиясының төрағасы
_____________________________
Тендерге қатысуға өтініш
(жеке немесе заңды тұлға толтырады)
Тармақ 1
1. Басқаруға құқық берілетін объект туралы жарияланған ақпарат хабарламасын зарттеп, оның сенімгерлік басқару және беру ережелерімен таныса отырып,
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(хабарлама жарияланған басылымның атауы, №-і, күні)
__________________________________________________________________
(объектінің толық атауы)
мен (төмендегі шартқа қол қоюға өкілетті біздер), ________________________,
__________________________________________________________________,
ұсынылған ережелер бойынша объектіні сенімгерлік басқаруға және осы өтінішке қоса салынып отырған өзімнің (өзіміздің) ұсыныстарыма (ұсыныстарымызға) сәйкес шарт жасауға келісемін (келісеміз).
Тармақ 2
2. Егер менің (біздің) ұсыныстарым (ұсыныстарымыз) қабылданған жағдайда өзіме (бізге) тендер қорытындылары хабарланған сәттен бастап, кемінде 10 күндік мерзімде шарт жасауға сіндеттеме аламын (аламыз).
Тармақ 3
3. Шартқа қол қойылғанға дейін менің (біздің) ұсыныстарымның (ұсыныстарымыздың) қабылданғаны туралы сіздердің жазбаша хабарламаларыңызбен бірге осы өтініш менің (біздің) арамыздағы күші бар шарт деп есептелінеді.
Тармақ 4
4. Тендердің шешімі мен қорытындысын мына мекен-жайға:________________
___________________________________________салып жіберуді өтінемін
(өтінеміз).
Осы өтінішке қоса мынадай құжаттар ұсынылады:______________________
________________________________________________________________
(Нұсқаулықтың «Қатысушыларға қойылатын талап» бөлімінің 2-тармағына сәйкес)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
(өкілетті тұлғалардың қызметі, аты-жөні)
Қолы __________________ Қабылданды: «___» _________200__ж
«____» ____________200__ж Қолы______________________
(құжатты қабылдауға өкілетті
тендер комиссиясының мүшесі)
Басқа 125. Тендерге қатысуға рұқсат жіберуге
тендер комиссиясының хабарламасы
Қарағанды облысы әкімиятының
2004 жылғы 27 шілдедегі №15/05
қаулысымен бекітілген «Қарағанды
облысының коммуналдық
мемлекеттік объектілерін
сенімгерлік басқаруға беру бойынша
Нұсқаулыққа» №2 қосымша
____________________________
____________________________
Тендерге қатысуға рұқсат жіберуге
тендер комиссиясының хабарламасы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(тендерге қатысушының толық атауы және мекен-жайы)
Сенімгерлік басқаруға шарт жасау құқығына тендер
___________________________________________________________________
_________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(объектінің толық атауы және мекен-жайы)
Тендер мына мекен-жай бойынша: ____________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
200__ж «__» _________сағат _________________өткізіледі.
Тендер комиссиясының төрағасы
______________________________
(аты-жөні, қолы)
«___» _____________200__ж.
Басқа 126. «________________________» объектісін
кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз)
сенімгерлік басқаруға беру жөнінде
ШАРТ
Қарағанды облысы әкімиятының
2004 жылғы 27 шілдедегі №15/05
қаулысымен бекітілген «Қарағанды
облысының коммуналдық мемлекеттік объектілерін
сенімгерлік басқаруға беру бойынша
Нұсқаулыққа» №3 қосымша
«________________________» объектісін
кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз)
сенімгерлік басқаруға беру жөнінде
ШАРТ
Қарағанды қ. «___» ____________200__жыл
Қарағанды облысы әкімиятының 200__жылғы «___» ___________№____ қаулысымен бекітілген Қаржы департаменті туралы» Ереже негізінде әрекет ететін, бұдан әрі – «Департамент» деп аталатын Коммуналдық меншікті басқару және мемлекеттік сатып алу департаменті, Департамент директоры ____________________________________арқылы бірінші Тараптан, және _____________________________________________негізінде әрекет ететін тұлға екінші тараптан, осы Шартқа қол қойды.
Қарағанды облысы әкімиятының уәкілетті өкілінің функциясын жүзеге асыра отырып, Департамент _____________________ объектісін (бұдан әрі – «Ұйым»), кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға береді. 200__жылғы «__» _________ аяқталған ашық тендердің нәтижесінде кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға берулетін Ұйым Басқарушысы женімпаз болып табылады. Тендердің хаттамасы осы Шартқа қоса беріледі.
Басқарушы Ұйымның қаржылық – экономикалық аөуалын жақсартуға, қайта жаңартуға, техника – технологиялық тұрғыдан қайтадан жарактандыруға,Ұйымның тұрақты және шығынсыз ағымды өндірістік қызмет етуін қамтамасыз ететін келешегі бар техникалық – ұйымдастыру және әлеуметтік – экономикалық бағдарлама кешенін іске асыру үшін қолайлы қаржы жағдайын жасауға бағытталған, Басқарушы анықтайтын және өз қаржысының есебінен, сондай-ақ заемдық немесе басқа жолмен жиналған, оның ішінде қайта инвестицияланған және осы шарт ережелерімен енгізілген қаражат есебінен жүзеге асыратын қызметтер және іс-шаралар кешенін орындау мақсатында Ұйымды пайдалануға беруді тараптар сенімгерлік басқаруға бару деп түсінеді.
Осы Шарттың Тараптары төмендегі жағдайлар туралы уағдаласты:
Тармақ 1
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Ұйым Қарағанды облыстық Әділет департаментінде 199__ж. «__» _________№ ____ тіркелген. Ұйым Жарғысының көшірмесі, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік осы Шартқа қоса беріліп отыр.
Тармақ 1.2
1.2. Департамент Ұйымға кепілдік рұқсаты берілмегенін, оның сатуға шығарылмағанын және үшінші тұлғалардың өзгеше құқықтармен байланысты емес екенін растайды.
Тармақ 1.3
1.3. Басқарушының функцияларын осы Шартқа сәйкес заңды тұлға _________________________________жүзеге асырады.
Тармақ 1.4
1.4. Департамент тапсырып береді, ал Ұйымның шаруашылық іс-әрекетіндегі мемлекеттік қатысушы өкілінің құқықтары мен міндеттерін Басқарушы қабылдап алады. Бұл ретте, осы Шартта сөз болған жағдайлардан басқасында, Ұйымды меншіктену құқығы өзгермейді.
Тармақ 1.5
1.5. Мемлекеттік қатысушыға осы Шарттың ережелері және Шартпен қоса беріліп отырған Басқарушының Бизнес-жоспары негізінде Ұйымды сенімгерлік басқаруға беруге байланысты мемлекеттік қатысушының өкілеттіктері Басқарушыға беріледі.
Басқарушыға басқару құқықтарын беру Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған тәртіппен және ережелермен кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) Ұйымды оған сенімгерлік басқаруға беру жолымен жүзеге асырылады.
Басқарушының Ұйымды сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруына арналған құқығын растайтын негіз осы Шарт және Меншіктенушінің сенімхаты болып табылады.
2. Тараптардың құқықтары
2.1. Департамент құқықтары:
Тармақша 1
1 )Әрбір толық қаржылық жыл аяқталған соң ұйымның құжаттарын жоспарлы түрде тексеріп отыру;
Тармақша 2
2) Осы Шарт бойынша міндеттемелердің және оны дамыту барысында жасалған барлық қосымша келісімдердің орындалуын бақылау.
2.2. Басқарушы құқықтары:
Тармақша 1
1) Осы Шартта айтылған ережелер бойынша Ұйымды Пайдалану;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Шартта берілген құқықтар шеңберінде кез келген заңды әрекеттерді қолдану.
Тармақша 3
3) Заңдар талаптарына жауап бере алмайтын немесе ұйымның әс-әрекетінің мазмұнына қайшы келетін, бұрын жасалған шарттарды, келісімдерді және шарттарды тексеру, қайта карау немесе бұзу шараларын жүргізу, соның ішінде, келісімді қатынастарды тексеруді, ұзартуды және бұзуды Басқарушының өзі жүргізеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұйымның қаржы-шаруашылық әрекетін жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) Осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде оның барлық ережелері орындалған жағдайда, заңдарда қарастырылған тәртіп пен ережелер бойынша және Департамент келісімімен Ұйымды мерзімінен бұрын (кейіннен сатып алу құқығы қарастырылған жағдайда)сатып алу.
Тармақ 3
3. Тараптардың міндеттемелері
Тармақ 3.1
3.1. Департамент міндеттері:
Тармақша 1
1) ұйымды сенімгерлік басқаруға, яғни Басқарушының пайдалануына кейіннен сатпы алу құқығымен (құқығынсыз) беру;
Тармақша 2
2) Қарағанды облысы әкімияты Ұйымды сату туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, Басқарушы үшін осы Шарттың әрекет ету мерзімі ішінде аталған Шарт бойынша оған берілген Үйымды толық көлемде сақтау;
Тармақша 3
3) Басқарушыға осы Шарттың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде жоғарыда аталған барлық құқықтарды, сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілетін құқықтарды сақтауға кепілдік беру.
Тармақ 3.2
3.2. Басқарушының міндеттері:
Тармақша 1
1) ұйымның өндірістік сипатын сақтау;
Тармақша 2
2) кемінде 3 жылдық мерзімге арналған Ұйымның индикативтік жоспарын әзірлеу және Департаментпен келісу;
Тармақша 3
3) жұмыстарды жүргізген кезде озық технологияларды қолдану және жұмысқа білікті мамандарды тарту, ішкі рыноктың қызметтерімен және тауарларымен толықтырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) өнімнің сапасын және оның бәсекелестік қабілетін арттыру, өндіріс шығындарын азайту үшін қажетті әрекеттер жасау;
Тармақша 5
5) осы Шартқа қосымша Бизнес-жобаға сәйкес сауда, техникалық және әлеуметтік бағдарламалардың кешенін іске асыру;
Тармақша 6
6) әрбір тоқсан аяғында қаржы-шаруашылық және сауда-өндірістік іс-әрекеттер бойынша, осы Шарттың ережелерінің орындалу барысы туралы Департаментке ақпарат беріп тұру, Үйымның сауда-өндірістік іс-әрекеті жүзеге асырылуына байланысты барлық шығыстар мен шығындардың толық әрі нақты бухгалтерлік есеьін жүргізу;
Тармақша 7
7) әр жылдың тамыз айында келер жылға арналған Ұйымды дамытудың болжамды көрсеткіштерін Департаментке келісу үшін тапсыру;
Тармақша 8
8) департаменттің, сондай-ақ қаржы және салық органдарының бірінші реттегі талабы бойынша Ұйым қаражаттарының қалыптасуы мен шығыстарына қатысты барлық есепті беруп отыру;
Тармақша 9
9) Шарттың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде мүмкіндігінше көп жұмыс орындарын сақтау, жұмыс орындарының санын қысқартудан екі ай бұрын мемлекеттік жұмыспен қамту қызметун хабардар ету. Әлеуметтік кепілдікті, ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын өндірістік жарақаттардан және өндірістегі оқыс жағдайлардан сақтандыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) Шарттың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде Ұйымның көрсететін қызметтері мен тауар айналымының көлемін оны басқаруға беру сәтіне дейінгі Ұйымның статистикалық және бухгалтерлік есептемесінде көрсетілген деректерден кем болмайтын мөлшерде сақтау;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салықтық және бюджетке төленетін өзге де міндетті аударымдарды уақытылы жүргізу;
Тармақша 12
12) Ұйымның айналымдағы қаражаттарының Бизнес-жоспарда белгіленген ___________________ мөлшердегі қажетті деңгейге дейін толықтырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) Шарттың әрекет ету кезінде ұйымның инвестициялық бағдарламаларын осы Шартқа қоса беріліп отырған Бизнес-жоспарға сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) Ұйым сенімгерлік басқаруға берілген сәтте болған Ұйымның барлық деңгейдегі бюджеттер алдындағы несиелік, оның ішінде жалақы жөніндегі қарыздарын осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде, өзге несиелік қарыздарды – Департаментпен келісілген және осы Шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылатын қарыздарды өтеу кестесіне сәйкес жабу;
Тармақша 15
15) Ұйымның мерзімі өткен дебиторлық берешегінің сомасын қайтару жөнінде қажетті әрекеттер жасау;
Тармақша 16
16) басқарушының шұғыл шаруашылық іс-әрекетіне байланысты активтердің өзгеруін ескере отырып, Ұйым мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) Заңдарда қарастырылған тәртіппен, салық органдары статистикалық және қаржылық есептемелерді қабылдап, бекіткеннен кейін, сенімгерлік басқаруға берілген объектінің дивиденттерін міндетті түрде және тоқсан сайын акционерлердің жиналысы арқылы есептеп шығаруды және олардың бюджетке аударылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) Ұйымның мүліктік кешеніне енетін әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыру және ұстау;
Тармақша 19
19) Ұйымның мүліктерінің өрттен, жарылыстан, табиғи апаттардан, кездейсоқ оқиғалардан сақтандырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғауға және еңбекті қорғауға қатысты нормалар мен қағидалардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) шығарылатын өнімдер (тауарлар, қызмет көрсетулер) жөніндегі бағалардың монополияға қарсы реттеуге сәйкес белгіленуін қамтамасыз ету;
Тармақша 22
22) Ұйымның жұмылдыру қуаттарын қолдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 23
23) өнімдердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орташа нарықтық бағаның деңгейінен төмен емес бағалар бойынша сатылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 24
24) жөнелтілетін өнім үшін алдын ала ақы төленген жағдайда әлемдік стандарттарға сәйкес шегерім проценттерін қамтамасыз ету;
Тармақша 25
25) Басқарушының осы Шарт бойынша өз міндеттерін жүзеге асыру кезеңінде тікелей оның кінәсәнен Ұйым шығынға ұшырағанда шығынды өз есебінен жабу;
Тармақша 26
26) Басқарушыға қарасты активтерді, қатысу үлесін акциялар пакеттерін кепілдікке бармеу;
Тармақша 27
27) Шарт күшіне енген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде Департаменттің Басқарушыға Ұйымды берген күніндегі баланстың активтері мен пассивтерін түгендеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 28
28) осы Шарт жасалғаннан кейін Ұйымның қаржы-шаруашылық жағдайына баға беру үшін тәуелсіз аудитор тағайындау. Аудиторлық тексерудің қорытындылары салыстыру үшін Департамент қарауына тапсырылады және осы Шартқа қосымша ережелерді келісу және/немесе оның ережелерін өзгерту үшін негіз бола алады.
Тармақ 4
4. Ұйымды сату
Тармақ 4.1
4.1. Ұйымды сату туралы шешімді Қарағанды облысының әкімдігі қабылдайды.
Тармақ 5
5. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 5.1
5.1. Осы Шарттың ережелері орындалмаған немесе лайықты орындалмаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мүліктік жауапкершілік көтереді.
Тармақ 5.2
5.2. Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Шарттың ережелерімен реттелмеген мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасы аумағында бекітілген халықаралық келісімдердің нормалары басшылыққа алынады.
5.3.Осы Шарттың талаптары мен ережелерін тікелей немесе заңдарды жасырын түрде бұзатын сауда-саттықтар жарамсыз болып табылады, ал олардың жасалуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады, мұның өзі оларды келтірілген зиянның орнын толтыру міндетінен босатпайды.
Тармақ 5.4
5.4. Осы Шартта белгіленген жағдайларды қоспағанда, Басқарушы осы Шарт бойынша құқығын қолына алғанға дейін, ұйымның бухгалтерлік, қаржы-шаруашылық, сауда-өндірістік және өзге де іс-әрекетінің нәтижелері үшін Басқарушы жауап бермейді.
Тармақ 6
6. Форс-мажор
Тармақ 6.1
6.1. Тараптар жауапкершіліктерінің толық және ішінара орындалмағаны үшін, сондай-ақ олардың осы Шарт бойынша орындалуын тежегені үшін, егер олар тежеусіз күш жағдайларының (форс-мажор) салдарынан болса, жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 6.2
6.2. Тежеусіз күш жағдаяттарына осы Шарттың бақылау шегінен немесе осы келісім тараптарының бақылауынан немесе ықпалынан шығып кететін және тараптардың жағдайын нашарлататын кез келген оқиғалар, сонымен бірге: әскери жанжалдар, күтпеген апаттар, табиғат зардаптары жатады.
Тармақ 6.3
6.3. Тежеусіз күш жағдаяттары пайда болған жағдайда олардан зардап шеккен тарап бұл туралы басқа тарапқа оқиғаның басталған уақытын және форс-мажорлық жағдайларды сипаттай отырып, тез арада жазбаша түрде хабарлайды. Тараптар күш-жігерлерін біріктіріп бұл жағдайларды барынша қалпына келтіру үшін мүмкін болған барлық шараларды қолданады.
Тармақ 6.4
6.4. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімі форс-мажорлық жағдайлар болған уақытқа тең кезеңге кейін ұзартылады.
Тармақ 6.5
6.5. Егер аталған жағдаяттар 6 айдан аса жалғасатын болса, тараптың әрқайсысы Шарттағы міндеттемелерінің одан әрі орындалуынан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың бір де бірінің қарсы тараптан шығындарды қайтарып алуға, айыппұл шараларын қолдануға құқығы болмайды.
Тармақ 7
7. Құпиялылық
Тармақ 7.1
7.1. Тараптар Қазақстан Республикасының құпиялылықты сақтауға қатысты заңдарына сәйкес, барлық құжаттар, ақпараттар, есептер бойынша құпиялылықты сақтаудың мерзімдері мен шектерін белгілейді.
Тармақ 7.2
7.2. Тараптардың бір де бірі басқа тараптың жазбаша келісімін алмайынша, құпиялылықтың әрекет ету мерзімі ішінде, Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, әлдеқандай үшінші тарапқа осы Шарттың мазмұнын немесе құпия депр саналатын өзге ақпаратты ашуға құқығы жоқ.
Тармақ 7.3
7.3. Осы Шарттың тараптары басқа тараптың келісімсіз бірінен бірі алған, Шартты іске асыруға байланысты ақпаратты үшінші тұлғаға бермеуге міндеттенеді. Бұл ереже Басқарушы басқа көздерден алған баршаға ортақ ақпаратты, сондай-ақ заң бойынша халыққа жариялануға немесе құзыретті органдар мен ұйымдарға берілуге тиісті ақпаратты қозғамайды. Жоғарыда айтылған міндеттемелер осы Шарт әрекетін тоқтатқан күннен бастап үш жыл бойында күшін сақтайды және сондай-ақ тараптардың қызметкерлері мен консультанттарына қолданылады.
Дауларды шешу
Тармақ 8.1
8.1. Осы Шартта реттелмеген барлық мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын және Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық мәртебесі бар, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісімдердің нормаларын басшылыққа алады.
Тармақ 8.2
8.2. Шарт бойынша Ұйымның басқару құқығын беру кезінде пайда болған даулар тараптардың өзара келісімі бойынша қаралады. Заңда белгіленген мерзім ішінде тараптардың оларды шешуі мүмкін болмаған жағдайда, сот алқасына шешуге беріледі.
Тармақ 9
9. Шарттың әрекет ету мерзімі
Тармақ 9.1
9.1. Осы Шарттың әрекет ету мерзімі ____ жыл.
Тармақ 9.2
9.2. Шарт оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және 200__жылдың «__» _____________ айында аяқталады.
Тармақ 9.3
9.3. Егер тараптар қажет деп тапса және өзара келіссе, Шарт кез келген мерзімге жазбаша түрде ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 9.4
9.4. Осы Шарттың әрекеті тоқтатылған соң ол бойынша іс жүзіндегі қатынастар тараптар барлық мүліктік міндеттемелерін реттегеннен кейін тоқтатылады, бұл туралы олар тиісті актіге қол қояды.
Тармақ 10
10. Шарт әрекетінің тоқтатылу шарттары.
Тармақ 10.1
10.1. Осы Шарт төмендегі себептердің бірі бойынша өз әрекетін тоқтатады:
Тармақша 1
1) егер тараптардың келесімі бойынша оның әрекет ету мерзімі ұзартылмаса және оның әрекет ету мерзімі аяқталмаса;
Тармақша 2
2) тараптардың бірі тежеусіз күш (форс-мажор) жағдаятына байланысты жағдайлардын басқа, Шарт ережелерін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес лайықты орындамаса немесе елеулі түрде бұзса;
Тармақша 3
3) басқарушы инвестициялық бағдарламаны орындамаса немесе бұзса;
Тармақша 4
4) басқарушы Қарағанды облысының экономикасына зиян келтіретін саясат жүргізсе;
Тармақша 5
5) тараптардың бірі басқа тараптың келісімінсіз үшінші тарапқа өз мүддесінің кезкелген бөлігін өткізіп берсе;
Тармақша 6
6) соттың тиісті шешімі негізінде;
Тармақ 10.2
10.2. Басқарушы өз міндеттемелерін орындамаған және/немесе лайықты орындамаған жағдайда Департамент анықтаған кемшіліктерді 15 күнтізбелік күннен кем емес мерзімде түзету қажеттігі туралы Басқарушыға жазбаша ескертеді. Кемшіліктер түзетілмеген жағдайда Басқарушының атына Шарттың алдағы уақытта бұзылатыны туралы хабарлама жіберіледі. Мұндай жағдайда Департамент Шартты біржақты түрде бұзуға құқылы.
Тармақ 10.3
10.3. Тараптардың осы Шарт бойынша қатынастары олардың барлық мүліктік наразылықтары реттелген соң тоқтатылады, бұл туралы тарап (тараптар) Акт жасайды, оған қол қойылған сәттен бастап осы Шарт әрекетін тоқтатады.
Тармақ 10.5
10.5. Тараптар өзара келісе отырып, осы Шартты бұзуға құқылы.
Тармақ 11
11. Ерекше ережелер
Тармақ 11.1
11.1. Департамент пен Басқарушының өзара келісе отырып, қолданылып жүрген тәртіпке сәйкес осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар еңгізуге, сондай-ақ осы Шартты іске асыруға байланысты қажетті қосымша келісімдер жасасуға құқықтары бар.
Тармақ 11.2
11.2. Осы Шартқа енетін барлық қосымшалар мен толықтыруларға тараптардың өкілетті өкілдері қол қоюға тиіс. Бұл ретте, осы шарт пен оның қосымшалары мәтіндерінің мағынасы мен құрамында алшақтықтар болған жағдайда, неғұрлым соңғы уақытта жасалған құжаттар заң күшіне ие болады.
Тармақ 11.3
11.3. Осы Шартқа енгізілген кез келген өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалған және құқығы бар лауазымды тұлғалар қайтадан қол қойған кезде ғана жарамды.
Тармақ 11.4
11.4. Шарт үш данада жасалды, мемлекеттік және орыс тілінде, әрқайсысының заңды күштері бірдей, олардың екеуі Департаментте, біреуі Басқарушыда сақталады.
Тармақ 11.5
11.5. Осы Шартқа қосымша берілген құжаттар оның әрекет етуінің бүкіл кезеңінде сақталады.
Тармақ 12
12. Тараптардың заңды мекен-жайлары
Тармақ 12.1
12.1. Департамент __________________________
Тармақ 12.2
12.2. Басқарушы ___________________________
Тармақ 13
13. Тараптардың қолдары:
Коммуналдық меншікті басқару
және мемлекеттік сатып алу
департаментінің директоры
________________________
________________________