О реализации пилотного проекта по оказанию услуги «Предоставление цифровых продовольственных ваучеров получателям государственной адресной социальной помощи» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық
азық-түлік ваучерлерін ұсыну» қызметін көрсету жөніндегі
пилоттық жобаны іске асыру туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі №497 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы ереженің 14-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі №501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 маусымдағы қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы Ереженің 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қыркүйектегі №353 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 15-тармағын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының Ақкөл қаласында «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы халықты мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары режимінде «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсыну» қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі – Пилоттық жоба) іске асыру.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске асыру Алгоритмі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ақмола облысының әкімдігі (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) пилоттық жобаны іске асыруға қатысатын сауда объектісінде «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32474 болып тіркелген) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының болуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар берген және пайдаланған цифрлық азық-түлік ваучерлерінің саны, сондай-ақ оны өткізудің үш айы өткеннен кейін, өткізілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көлемі туралы деректерді қоса алғанда, пилоттық жобаның қорытындылары туралы ақпарат дайындауды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментімен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік қоғамымен және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» Акционерлік қоғамымен бірлесіп мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар туралы деректерді «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесіне беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «BTS Digital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (келісім бойынша) бірлесіп:
Тармақша 1
1) «Smart Bridge»-ге өтінім беру арқылы Дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисіне (бұдан әрі – ДҚБ сервисі) қосылу;
Тармақша 2
2) пилоттық жоба шеңберінде қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес ДҚБ сервисі арқылы дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алу.
Тармақ 6
6. «BTS Digital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (келісім бойынша) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, 38-бабы 2-1 тармағының 2) және 4) тармақшаларына, 54-бабы 3-2 тармағына, «Ақпараттандыру туралы» «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларының 4 және 8, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы №123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16777 болып тіркелген):
Тармақша 1
1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар хаттамалардың болуы;
Тармақша 2
2) мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар туралы шарттың болуы;
Тармақша 3
3) өзінің ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының (бұдан әрі – Орталық) болуы және оның жұмыс істеуі не Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғаларда ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметін ұсынуға шарт жасасу, сондай-ақ Орталықтың Ақпараттық қауіпсіздік ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылы;
Тармақша 4
4) деректерді қорғау, ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі стандарттарын орындау және сервистердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен белгіленген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министріне, жетекшілік ететін ауыл шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2025 жылғы 26 қыркүйекке дейін қолданылады.
Басқа 1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсыну» қызметін көрсету және пилоттық жобаны іске асыру барысында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі
Бірлескен бұйрығына
қосымша
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсыну» қызметін көрсету және пилоттық жобаны іске асыру барысында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі
Тармақ 1
1. Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін беру» қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі (бұдан әрі - Алгоритм) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсыну арқылы азаматтардың әлеуметтік осал топтарын тиімді атаулы қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Тармақ 2
2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арзандатылған баға-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар сауда үстемесін есепке алмағанда, сатып алу бағасы бойынша ай сайын бір адамға белгіленген жеңілдікпен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алатын баға;
Тармақша 2
2) әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы - пилоттық жобаны жүргізу өңірінде тұратын, есепті айдың алдындағы айдың соңғы күніне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы;
Тармақша 3
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары – олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарларының тізбесі, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32474 болып тіркелген);
Тармақша 4
4) «Әлеуметтік әмиян» сервисі (бұдан әрі - Әмиян) – жеке тұлғаның электрондық ақшаны есепке алуға және сақтауға арналған, оларға билік етуді қамтамасыз ететін электрондық әмияны (әлеуметтік әмиянды оған мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан электрондық ақша түрінде төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу және оларды өтеу немесе олармен операцияларды жүзеге асыру кезінде одан электрондық ақшаны есептен шығару үшін лездік төлемдер жүйесінің операторы ашады);
Тармақша 5
5) «Әлеуметтік әмиян» сервисін әзірлеуші (бұдан әрі - әзірлеуші) - eGov Mobile орналастырылған Әмиян сервисіне айрықша авторлық құқығы бар «Aitu – Төлем шешімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 6
6) ваучер сомасы (бұдан әрі - жеңілдік) – пилоттық жоба шеңберінде ұсынылатын, оны іске асыру барысында ықтимал түзетуге жататын арзандатылған бағаның тіркелген мөлшері;
Тармақша 7
7) дүкен – пилоттық жобаны іске асыруға қатысатын стационарлық сауда объектісі;
Тармақша 8
8) қызмет – көрсетілетін қызметті алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсыну;
Тармақша 9
9) көрсетілетін қызметті беруші – Қызметті көрсететін, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 10
10) көрсетілетін қызметті алушы – Алгоритмге қосымшаға сәйкес жауап берілген SMS-хабарлама арқылы Көрсетілетін қызметті алуға келісім берген Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы;
Тармақша 11
11) қысқа мәтіндік хабарлама (бұдан әрі – SMS-хабарлама) – ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдауы және беру бойынша көрсететін қызметі;
Тармақша 12
12) қосымшалар дүкені – мобильді қосымшалардың цифрлық дүкені, оның көмегімен абоненттің смартфонына «электрондық үкімет» порталының «eGov Mobile» мобильді қосымшасын орнатуға болады
Тармақша 13
13) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі - МАБ) – «электрондық үкіметті» пайдаланушылардың абоненттік нөмірлерінің бірыңғай базасы;
Тармақша 14
14) монетарлық емес мемлекеттік қолдау шаралары – мемлекет мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ақшалай баламасы жоқ тауарлар немесе қызметтер түрінде беретін көмек;
Тармақша 15
15) пилоттық жоба – енгізілетін реттеудің нәтижесін анықтау мақсатында мемлекеттік орган жүргізетін рәсім;
Тармақша 16
16) проактивті тәсіл – Көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша Көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызмет;
Тармақша 17
17) Ұлттық тауарлар каталогы – тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы әзірлеген, өнімнің бірыңғай номенклатурасын қамтитын және Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы процестерін жүзеге асыру кезінде тауарлар анықтамалығы ретінде пайдаланылуға міндетті, тауарлардың сипаттамаларын, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарын және өзге де мәндерді қамтитын ақпараттық ресурс;
Тармақша 18
18) цифрлық азық-түлік ваучері (бұдан әрі - ваучер) – «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесіде «Отбасының цифрлық картасы» арқылы проактивті тәсілмен жүзеге асырылатын, сандық түрде алынатын Әмиян арқылы Мемлекеттік қолдауға монетарлық емес шараларды көрсету құралы;
Тармақша 19
19) «электрондық үкімет» порталының «eGov Mobile» мобильді қосымшасы (бұдан әрі - eGov Mobile) – ұялы байланыс және Интернет желісі арқылы мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім;
Тармақша 20
20) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) – «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 21
21) «e-Otinish» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - e-Otinish) – азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы;
Тармақша 22
22) «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесі (бұдан әрі - SDU) – мемлекеттік органдар басқарушылық шешімдер қабылдау үшін пайдаланатын деректерді жинауға және талдауға арналған жүйе;
Тармақша 23
23) QR-код - Әмиянда генерацияланатын матрицалық штрих код.
Осы Алгоритмде пайдаланылатын барлық өзге терминдер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Ақпараттандыру туралы» Заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мәндерге сәйкес келеді.
Тарау 2. 2-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру
2-тарау. Пилоттық жобаны іске асыру
Тармақ 3
3. Қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жоба халықты мемлекеттік қолдаудың монетарлық емес шаралары режимінде Әмиян арқылы проактивті тәсілмен іске асырылады және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың пайдасына қолданылады.
Тармақ 4
4. Пилоттық жоба 2025 жылғы 26 маусымнан бастап 2025 жылғы 26 қыркүйекке дейін 3 (үш) айға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Ақкөл қаласында жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Ваучерлер
3-тарау. Ваучерлер
Тармақ 5
5. Ваучерлерді Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж деп танылған Көрсетілетін қызметті алушының отбасының әрбір мүшесіне ұсынады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын Көрсетілетін қызметті алушы сауда үстемесін есепке алынбайтын арзандатылған бағамен сатып алынады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті алушы ваучерді белсендірілуі өз бетінше, ай сайын, айдың 5-күнінен бастап соңғы күніне дейін ай сайын жүзеге асырады. Ай аяқталғаннан кейін ваучерді белсендіру мүмкін емес.
Тармақ 8
8. Қызмет шеңберінде берілген белсендірілмеген ваучерлер ай аяқталғанға дейін қолданылады.
Тарау 4. 4-тарау. Дүкендерге қарыз беру
4-тарау. Дүкендерге қарыз беру
Тармақ 9
9. Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында дүкендерге қарыз беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19123 болып тіркелген) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында мамандандырылған ұйымдар арқылы дүкендерге тауар қорларын қалыптастыру үшін қарыз береді.
Тармақ 11
11. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз ету және ақылық талаптарының шарттарымен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Қарыз шартының міндетті шарты:
Тармақша 1
1) дүкеннің тауарлардың Ұлттық тауарлардың каталогын бірыңғай анықтамалығы ретінде пайдалануы;
Тармақша 2
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне енгізілген тауарлардың ассортиментінде болуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларында оларды сәйкестендіру үшін арнайы белгілердің (жапсырмалардың) болуы.
Тармақ 13
13. Дүкен айналым қаражатын алған жағдайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін сатып алу бағасы бойынша жүзеге асырылады. Өнімді тікелей ауыл шаруашылығы тауар өндірушісінен жеткізген кезде – бағаны ұстап қалуды ескере отырып қалыптастырылатын баға бойынша бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен.
Тарау 5. 5-тарау. Ваучерлерді ұсыну және пайдалану тетігі
5-тарау. Ваучерлерді ұсыну және пайдалану тетігі
Тармақ 14
14. Қызмет көрсету үшін қолданыстағы шарттарға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №925 қаулысымен бекітілген деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес SDU халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер негізінде ай сайын Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін саралайды және қалыптастырады.
Тармақ 15
15. SDU Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың қалыптастырылған тізімін ЭҮП-ға береді.
Тармақ 16
16. ЭҮП-да алынған Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімі бойынша SMS-хабарламаларды жіберу үшін Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың МАБ-да абоненттік нөмірлерінің болуына автоматты түрде тексеру жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың абоненттік нөмірлерін өзектендіруге және дұрыстығына «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік қоғамына тиесілі МАБ жауап береді.
Тармақ 18
18. МАБ-да Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі болмаған жағдайда, ЭҮП Қызмет процесін аяқтауға бастамашылық жасайды. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірінің болмауы туралы жазба ЭҮП тіркеу журналында тіркеледі және SDU-ға беріледі.
Тармақ 19
19. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімі SDU-да ай сайын ағымдағы айдың 4 - күніне дейін жаңартылады.
Тармақ 20
20. МАБ-да Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі болған жағдайда, ағымдағы айдың 5-ші күні оның абоненттік құрылғысына осы Алгоритмге қосымшаға сәйкес Қызметті алуға келісім беруге немесе одан бас тартуға сұрау салуды қамтитын SMS-хабарлама жіберу жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Бастапқы SMS-хабарламаға жауап болмаған жағдайда 5 күнтізбелік күн өткеннен кейін қайта SMS-хабарлама жіберіледі. Ағымдағы айдың соңына дейін Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан жауап болмаған не қызмет көрсетуге бас тартуды алған жағдайда-тиісті айда ваучерді белсендіру мүмкіндігі жойылады.
Тармақ 22
22. Өзара SMS–хабарлама арқылы келісімді растаған Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушы болып танылады.
Тармақ 23
23. Келісімді алғаннан кейін ЭҮП Көрсетілетін қызметті алушының деректерін Әмиянға жібереді, соның негізінде ваучер ашылады. Ваучерге қол жеткізу үшін көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабарламада жіберілген дербес сілтеме бойынша өтеді немесе eGov Mobile қолданбалар дүкені арқылы дербес орнатады, авторизацияланады және әмиянның тиісті бөліміне өтеді.
Тармақ 24
24. Әмиянда Көрсетілетін қызметті алушылардың ЭҮП-дан алған деректері негізінде ваучерлер автоматты түрде қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. QR-код ұсынылғаннан және дүкенде оқығаннан (сканерлегеннен) кейін, Қызметті алушы жоба шеңберінде белгіленген арзандатылған бағамен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
Тармақ 26
26. QR-код оқығаннан (сканерлегеннен) кейін дүкен ваучердің қалдық сомасын Әмиянға сұраныс жіберу арқылы тексереді.
Тармақ 27
27. Төлегеннен кейiн дүкен төлем мәртебесi және тауар позицияларының тiзбесi туралы деректердi Әмиянға жібереді.
Тармақ 28
28. Ваучерін пайдаланғаннан кейін «Тарих» бөлімінде Әмиянда оны пайдалану мәртебесі көрсетіледі.
Тармақ 29
29. Әмияннан Көрсетілетін қызметті берушіге күн сайын ваучерлерінің жандануы туралы және Қызметті ұсыну туралы есептілік ұсынылады.
Тармақ 30
30. Көрсетілетін қызметті алушының Әмиянда көрсетілетін Қызметтің сапасын дүкенде бағалауға, шағым жіберуге пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде Әмиянда көрсетілген функциялардың іске асырылуына қарай «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы Ақмола облысының әкімдігіне жіберуге мүмкіндігі бар.
Тармақ 31
31. Қызметтерді байқаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде тараптардың келісімі бойынша Қызметтерді көрсету кезінде процестердің, тәсілдердің өзгеруі мүмкін.
Тармақ 32
32. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы Қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің үздіксіз және дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.
Тармақ 33
33. Әмиянды әзірлеуші Әмиянның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Басқа 1.1
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
алушыларға цифрлық азық-түлік
ваучерлерін ұсыну» қызметін көрсету
және пилоттық жобаны іске асыру
барысында мемлекеттік органдар мен
ұйымдардың өзара іс-қимылы
жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру
алгоритміне
қосымша
Проактивті тәсілмен қызмет көрсетуге оның келісімін алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салу
1. SMS-хабарлама – бастау:
«Құрметті пайдаланушы!
Сіздің отбасыңызға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ваучер түрінде жеңілдік бар.
Дербес деректерді өңдеуге келісім немесе бас тарту мынадай комбинациямен жүзеге асырылады: 21*1 – «ИӘ», 21*2 – «ЖОҚ» дегенді білдіреді.
Толық ақпарат алу үшін 87163820020 нөмірі бойынша хабарласу қажет».
Келісім 2025 жылдың 31 шілдесіне дейін беріледі.
2. SMS-хабарлама, Көрсетілетін қызметті алуға үміткердің келісімі кезіндегі жауабы (Көрсетілетін қызметті алуға үміткер 21*1 терген жағдайда):
«Әлеуметтік әмияннан» әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ваучер алу келісіміңіз сәтті өңделді. Ваучерді алу үшін https://egovmobile.page.link/socwallet» сілтемесі арқылы eGov mobile мобильді қосымшасына тіркелу қажет.