О состоянии пожарной безопасности общеобразовательных учреждений Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мекемелерінің өрт қауіпсіздігінің жағдайы туралы Жасалған талдау жалпы білім беретін мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы күрделі екендігін көрсетеді. Мәселен, 2003 жылы көрсетілген ғимараттар мен құрылыстарда 9 өрт, 2004 жылдың өткен мерзімінде 5 өрт болған. Келтірілген деректер ұйымдардың басшылары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне қажетті көңіл бөлмейтінін, "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын елеп-ескермейтінін көрсетті, мемлекеттік өртті қадағалау органдарының ұйғарымдары орындалмайды. Білім беретін мекемелерінде өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жеткілікті түрде жүргізілмейді. Өрт жағдайын тұрақтандыру мақсатында, "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22-қарашадағы N 48-І Заңын орындау үшін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 27-бабы 1-тармағы 12)-тармақшасының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстың қала және аудан әкімдері білім департаменті (С.И. Ферхо) және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бас басқармасымен бірге (С.Ю. Дырин) 2004 жылғы 1-қарашаға дейінгі мерзімде білім беру объектілерінде өртке қарсы іс-шаралардың тиісті бюджет есебінен орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (Г.В. Темный - келісім бойынша), облыстың Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Бас басқармасы (С.Ю. Дырин) облыстағы білім беретін мекемелерінде "Тіршілік іс-әрекеттері қауіпсіздігінің негіздері" курстарының оқытылуына тексеру жүргізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Облыстың білім департаменті (С.И. Ферхо):
Тармақша 1
1) ведомствоға қарасты барлық мекемелерде мемлекеттік өртті қадағалау органдарының өртке қарсы іс-шаралары мен ұйғарымдарының орындалуы жөнінде толық қамтылған шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2) облыстың Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Бас басқармасымен бірге (С.Ю. Дырин) 2004 жылғы 1-қарашаға дейінгі мерзімде өрт шыққан кезде көшіру және әрекет жасау, өртке қарсы қызметті шақыру тәртібі, адамдарға хабарлау және ғимараттардан көшіру, өрт сөндіру құралдарын пайдалана білу жоспарлары бойынша мекемелердің қызметкерлерімен практикалық жаттығуларды жоспарласын және өткізсін;
Тармақша 3
3) "Халықты және өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандарды хабарландыру, білімді насихаттау, оқыту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19-желтоқсандағы N 1327 қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыстың мемлекеттік өртке қарсы қызметінің бас басқармасымен (С.Ю. Дырин) бірге өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту жөніндегі әдістемелік құралдарды қайта қарастырсын және 2005 жылғы 1-қаңтардан "Тіршілік іс-әрекеттері қауіпсіздігінің негіздері" курстарының шеңберінде оқу бағдарламасына енгізсін.
Тармақ 4
4. Облыстың мемлекеттік емес білім беру мекемелерінің басшыларына өртке қарсы іс-шараларды және мемлекеттік өртті қадағалау органдарының ұйғарымдарын атқару бөлігінде "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.В. Гречухинге жүктелсін.