Об утверждении правил использования средств резерва акимата города Усть-Каменогорск Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өскемен қаласы әкімдігі резервінің қаражаттарын пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-I "Бюджет жүйесі туралы" Заңына, Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 5 мамырдағы N 455 "Шығыс Қазақстан облысы әкімияты резервінің қаражаттарын пайдалану ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласы әкімдігі резервінің қаражаттарын пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Осы Ереже Өскемен қаласы әкімдігі резервінің қаражаттарын бөлу және пайдалану тәртібін анықтайды.
Өскемен қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 27 тамыздағы N 1856 қаулысымен бекітілген Өскемен қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 27 тамыздағы N 1856 қаулысына қосымша Осы Ереже Өскемен қаласы әкімдігі резервінің қаражаттарын бөлу және пайдалану тәртібін анықтайды.
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ұғымдар
1. Жалпы ұғымдар
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Өскемен қаласы әкімдігінің резерві - тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджетте көзделген және Өскемен қаласы әкімдігінің қаулысы бойынша біржолғы сипаттағы күтпеген шығыстарды қаржыландыруға арналған қаражаттар;
Тармақша 2
2) болжанылмаған шығыстар - бюджетті қалыптастыру кезінде олар болжанылмағандықтан келмейтін және ағымдағы жылы кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін шығыстар;
Тармақша 3
3) қаланың жергілікті атқарушы органының, қалалық басқармалардың міндеттемелерін өтеуге арналған Өскемен қаласы әкімдігінің резервінің құрамындағы қаражаттар - Өскемен қаласы әкімдігі резервінің құрамында қарастырылған және соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді өтеу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне бөлінетін қаражаттар;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган - Өскемен қаласының қаржы басқармасы;
Тармақша 5
5) Өскемен қаласы әкімдігі резервінің қаражаттарын алушы - қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімгері.
Тармақ 2
2. Өскемен қаласы әкімдігі резервінің қаражаттары есебінен қаржыландырылатын біржолғы сипаттағы күтпеген шығыстарға мына іс-шаралар жатады:
Тармақша 1
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, оған жататындар: төтенше жағдайлардың пайда болуы салдарынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету; зардап шеккендер үшін тұруға және тамақтануға уақытша пункттер ашу және ұстау; шұғыл әрекет етудің апаттық-қалпына келтіру бөлімшелерін қўтқарудың техникалық құралдарымен, жабдықтармен, керек-жарақтармен қосымша жарақтау; төтенше жағдайлар аймағына күш пен құралдарды жеткізуді қамтамасыз ету; төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою жөнінде қауырт өмірлік маңызы бар және қорғау іс-шараларын жүргізу;
Тармақша 2
2) соттардың шешімдері бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Өскемен қаласы жергілікті атқарушы органдарының, қалалық басқармалардың міндеттемелерін өтеу;
Тармақша 3
3) қалалық бюджетті қалыптастыру кезінде оларды күтпегендіктен жоспарлауға келмейтін және ағымдағы жылы кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін өзге де күтпеген шығыстар.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Өскемен қаласы әкімдігі резервінің қаражаттарын бөлу және пайдалану тәртібі
2. Өскемен қаласы әкімдігі резервінің қаражаттарын бөлу және пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Өскемен қаласы әкімдігі резервінен қаражаттар бөлуді Өскемен қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде, тиісті қаржы жылына осы мақсаттарға арналған шығыстар құрамы бекітілген мөлшері шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады, онда алушы, бөлінетін қаражаттардың көлемі, оларды пайдаланудың мақсаты, сондай-ақ қайтарымды негізде қаражат бөлінетін жағдайда оларды беру шарты және қайтару мерзімі көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Өскемен қаласы әкімдігі резервінің қаражаттары қатаң мақсатқа белгіленеді және осы ережеде көзделмеген мүдделерге пайдалануға болмайды.
Тармақ 5
5. Қаражаттар бөлу туралы Өскемен қаласы әкімдігінің қаулыларын әзірлегенде мына шарттарды ескеру қажет:
Тармақша 1
1) қалалық бюджетте ағымдағы қаржыландыру жылы қаражаттың болмауы;
Тармақша 2
2) Өскемен қаласы әкімдігі резервінің қаражаттарына қажеттіліктің ағымдағы жылы туындауы және оған қажеттілік алушының жергілікті атқарушы органдар мен қалалық басқармалардың сот шешімдері бойынша міндеттемелерін өтеуден басқа бұрынғы міндеттемелеріне байланысты еместігі.
Тармақ 6
6. Қаражаттар бөлу туралы Өскемен қаласы әкімдігінің қаулылары, жыл өткен соң қаржыландыру сомасына қарамастан күшін жояды, тек қайтарымды негізде қаражаттар бөлу туралы шешімдердің қаржыландыру сомасы толық өтелгенге дейін күші сақталады.
Тармақ 7
7. Өскемен қаласы әкімдігі резервінің пайдаланылмаған немесе мақсатсыз пайдаланылған қаражаттары қалалық бюджетке қайтарылуы тиіс.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражаттар бөлу
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражаттар бөлу
Тармақ 8
8. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда Өскемен қаласы әкімдігі резервінен қаражаттар бөлу туралы қалалық басқармалардың қолдаухаттарын қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қарайды.
Тармақ 9
9. Негізделген материалдарды ұсыну тәртібі мен олардың тізбесін қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма анықтайды.
Тармақ 10
10. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жағдайда қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма белгіленген тәртіп бойынша Өскемен қаласының әкімдігіне төтенше жағдайларды жою үшін қаражаттар бөлу туралы қаулының жобасын ұсынады.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді өтеуге қаражаттар бөлу
4. Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді өтеуге қаражаттар бөлу
Тармақ 11
11. Өскемен қаласы әкімдігі резервінің есебінен соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді өтеу соттың атқару құжаттары негізінде қамтамасыз етіледі. Сот шешімдері бойынша төлемдерді жүргізуге міндетті қалалық басқармалар, қолданыстағы заңнамаларда көзделген негіздер бар болса, онда барлық соттар инстанцияларына аталған сот актілерін шағымдануға тиіс. Қалалық басқармалар уәкілетті органға шағымдалған сот актілерінің көшірмелерін ұсынуы тиіс. Қалалық басқармалар Өздерінің құқыққа сай емес қабылдаған актілері, сондай-ақ өздерінің лауазымдық тұлғаларының әкімшілік басқару саласындағы құқыққа сай емес әрекеттері үшін "Қызметті қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша бөлінген ақшалармен жауап береді.
Тармақ 12
12. Сот шешімдері бойынша қалалық басқармалардың міндеттемелерін өтеуге резервтен қаражаттар бөлу туралы Өскемен қаласы әкімдігінің жобасы заңнамалармен белгіленген тәртіпте тиісті мемлекеттік орган дайындайды.
Тарау 5
Тармақ 5. 5. Өзге де күтпеген шығыстарға қаражаттар бөлу
5. Өзге де күтпеген шығыстарға қаражаттар бөлу
Тармақ 13
13. Өзге де күтпеген шығыстарға Өскемен қаласы әкімдігі резервінен қаражаттар бөлу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері уәкілетті органға тиісті негіздемелерімен бірге қаражаттар бөлу туралы қолдаухат ўсынуы тиіс.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган ұсынылған қолдаухат негізінде Өскемен қаласы әкімдігі резервінен қаражаттарын бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды шығарады.
Тармақ 15
15. Қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің қолдаухаттары бойынша оң қорытынды шығарылған жағдайда әкімдіктің резервінен қаражаттар бөлу туралы Өскемен қаласы әкімдігі қаулысының жобасын заңнамада белгіленген тәртіпте сол қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімгері дайындайды.
Тарау 6
Тармақ 6. 6. Бақылау және есептілік
6. Бақылау және есептілік
Тармақ 16
16. Өскемен қаласы әкімдігі резервінен бөлінген қаражаттарды алушылар олардың пайдалануы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп берулері тиіс.
Тармақ 17
17. Уәкілетті орган қала әкіміне ай сайын тиісті кезеңдегі резерв қаражаттарының бағыты мен қалдығы туралы ақпарат ұсынып отырады.
Тармақ 18
18. Өскемен қаласы әкімдігі резервінен бөлінген қаражаттардың мақсатсыз пайдаланылғаны үшін алушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жауапкершілік артады. Қала әкімінің кеңесшісі