Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2025 жылғы 2 шілдедегі
№ 01-20/279 ұсынуын негізге ала отырып, Белинский ауылдық округінің әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Белинский ауылдық округі, Мақсұт ауылы Б.Т. Малаевтың жеке шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың құтыруы бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейімбет Майлин ауданының аумақтық инсрекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Бейімбет Майлин ауданының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық салауаттылыққа қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Белинский ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.