Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атағы туралы Ережеге өзгертулер енгізу туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атағы туралы Ережеге өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы № 148-ІІ Заңының 6 - бабы 1 – тармағының 8 тармақшасын басшылыққа алып және аудан әкімиятының ұсынысына сай Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 25 желтоқсандағы ХІІІ сессиясының «Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы туралы» ХІІІ- 14 шешімімен бекітілген ереже мемлекеттік тіркеудің 2002 жылдың 25 қаңтарында өтіп № 725 санды реестрге енгізілген. «Қызылқоға» газетінің № 10 8.03.2002 жылғы санында жарияланған ХІІІ-ІІ шешіміне өзгертулер енгізіліп төмендегі сөйлемдер алынып тасталсын.
Тармақша 1
1) «Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы» атағы жылына бір, не екі адамға беріледі, немесе берілмеуі де мүмкін.
Тармақша 2
2) «Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы» атағын алған адамға 50 мың (50000) теңге көлемінде бір жолдық сыйақы беріледі.