Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств для транспортного обслуживания и натуральных норм площадей для специфических помещений органов прокуратуры Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Прокуратура органдарына көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын және ерекше үй-жайларына арналған алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес прокуратура органдарына көліктік қызметті көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес прокуратура органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдарының заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Прокуратура органдарына көліктік қызметті көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 187 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ______________________ «___» ________ 2025 жыл
Басқа 1. Прокуратура органдарына көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 10 шілдедегі №93 бұйрығының 1-қосымшасы Прокуратура органдарына көліктік қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормалары Р/с № Құрылымдық (аумақтық) бөлімшенің, ведомствоның, білім беру ұйымының атауы Заттай нормалардың атауы Жеңіл автокөліктер базасында Жүк автомобильдері мен жолаушылар автобустарының шассиінде Айына 1 а/м жүріс лимиті (км) 1 2 3 4 5 Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 1 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты Бөлімшенің штат санының 8 бірлігіне бір көлік құралы 2100 2 Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімше Бөлімшенің штат санының 12 бірлігіне бір көлік құралы 2100 3 Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау жөніндегі бөлімше Бөлімшенің штат санының 13 бірлігіне бір көлік құралы 2100 4 Қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі бөлімше Бөлімшенің штат санының 12 бірлігіне бір көлік құралы 2100 5 Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бөлімшесі Бөлімшенің штат санының 7 бірлігіне бір көлік құралы 2100 6 Кадр жұмысы бөлімшесі Бөлімшенің штат санының 10 бірлігіне бір көлік құралы 2100 7 Стратегиялық даму бөлімшесі Бөлімшенің штат санының 10 бірлігіне бір көлік құралы 2100 8 Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық бөлімшесі Бөлімшенің штат санының 6 бірлігіне бір көлік құралы 2100 9 Активтерді қайтару жөніндегі бөлімше Бөлімшенің штат санының 5 бірлігіне бір көлік құралы 2100 10 Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімше Бөлімшенің штат санының 6 бірлігіне бір көлік құралы 2100 11 Қаржы бөлімшесі Бөлімшенің штат санының 6 бірлігіне бір көлік құралы 2100 12 Норма шығару қызметін үйлестіру бөлімшесі Бір көлік құралы 2100 13 Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу бөлімшесі Бөлімшенің штат санының 8 бірлігіне бір көлік құралы 2100 14 Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімше Бір көлік құралы 2100 15 Жеке қауіпсіздік бөлімшесі Бөлімшенің штат санының 6 бірлігіне бір көлік құралы 2100 16 Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы Бір көлік құралы Орта немесе шағын сыныпты алты жолаушылар автобусы; аз тонналы үш жүк автомобилі 2100 17 Шаруашылық басқармасы Бір көлік құралы Орта немесе шағын сыныпты бір жолаушылар автобусы, аз тонналы бір жүк автомобилі 2100 18 Бас прокуратураның Алматы қаласындағы өкілдігі Бір көлік құралы 2100 19 Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет Бір көлік құралы Бір аз тонналы жүк автомобилі 2000 20 Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті Бір көлік құралы Бір аз тонналы жүк автомобилі 2000 21 Құқық қорғау органдары академиясы Штат санының 35 бірлігіне бір көлік құралы Орта немесе шағын сыныпты екі жолаушылар автобусы; аз тонналы екі жүк автомобилі 2100 Бас әскери прокуратура және Бас көлік прокуратурасы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық және теңестірілген органдары, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалар мен астананың) прокуратуралар 22 Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімше Бөлімшенің штат санының 8 бірлігіне бір көлік құралы 2100 23 Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау жөніндегі бөлімше Бөлімшенің штат санының 8 бірлігіне бір көлік құралы 2100 24 Қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі бөлімше Бөлімшенің штат санының 8 бірлігіне бір көлік құралы 2100 25 Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бөлімшесі Тергеу топтарының басшыларына арналған бір көлік құралы 2100 26 Қаржы бөлімшесі Бір көлік құралы Орта немесе шағын сыныпты бір жолаушылар автобусы 2100 27 Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімше Бөлімшенің штат санының 8 бірлігіне бір көлік құралы 2100 28 Өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі Бір көлік құралы 2100 29 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің бөлімшесі Бір көлік құралы 2000 Аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралар 30 Аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралар 35 жұмыскері бар бір көлік құралы 2100 31 Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы «Река-Море» сыныпты бір катер
Басқа 2. Прокуратура органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 10 шілдедегі №93 бұйрығына 2-қосымша Прокуратура органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары № п/п Үй-жайдың атауы Өлшем бірлігі Үй-жайдың ауданы 1 2 3 4 Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 1 Қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды сақтауға арналған 1 аттестатталған қызметкерге арналған үй-жай ш.м. 0,2 2 1 аттестатталған қызметкерге арналған химиялық заттарды сақтауға арналған үй-жай ш.м. 0,2 3 Азаматтық қорғау құралдарын сақтауға арналған үй-жай ш.м. 40 4 Жедел кезекшіні орналастыруға арналған үй-жай ш.м. 36 5 Ұсталған әйел жынысты адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай ш.м. 18 6 Ұсталған еркек жынысты адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай ш.м. 18 7 Адвокаттардың қорғаушылармен кездесуіне арналған бөлме ш.м. 18 8 Тергеуге алынғандардан жауап алуды жүргізуге арналған кабинет ш.м. 36 9 «Құпиялылық» режимінде тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған кабинет ш.м. 18 10 Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай ш.м. 36 11 Тергеу тобының кабинеті ш.м. 18 12 Қылмыстық істер мен басқа да құжаттардың материалдарын сақтауға арналған бөлме ш.м. 18 13 Криминалистиканың оқу сыныбы және тергеу эксперименттерінің зертханалары ш.м. 50 14 Қызметтік және жұмылдыру дайындығының оқу сыныбы ш.м. 100 15 Тексеру және тану кабинеті ш.м. 18 16 Полиграфологиялық зерттеу жүргізуге арналған кабинет ш.м. 75 17 Психологиялық жеңілдету бөлмесі ш.м. 28 18 Сот процестерінің бейнежазбасын қарауға арналған кабинет ш.м. 18 19 ТИР ш.м. 200 20 Дене шынықтыру дайындығы үй-жайы ш.м. 900 21 Кітапхана ш.м. 50 22 Құпиялылық белгісі бар құжаттармен және картотекамен жұмыс істеуге және сақтауға арналған үй-жай ш.м. 100 23 Прокуратура органдарының мұражайы ш.м. 160 24 Call-орталығы ш.м. 50 25 Шетелдік делегацияны қабылдау залы ш.м. 160 26 Баспасөз орталығы ш.м. 100 27 Қызметкерлерді аттестаттаудан өткізуге арналған зал ш.м. 300 28 Өртке қарсы қауіпсіздік бойынша қызмет атқаруға арналған кабинет ш.м. 18 29 Орталық бақылау пункті ш.м. 50 30 Паркинг (1 машина орны) ш.м. 18 Бас әскери прокуратура және Бас көлік прокуратурасы, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) 31 Қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды сақтауға арналған үй-жай ш.м. 20 32 Азаматтық қорғау құралдарын сақтауға арналған үй-жай ш.м. 20 33 Кезекші прокурорды орналастыруға арналған үй-жай ш.м. 36 34 Ұсталған әйел жынысты адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай ш.м. 18 35 Ұсталған еркек жынысты адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай ш.м. 18 36 Адвокаттардың қорғаушылармен кездесуіне арналған кабинет ш.м. 18 37 Тергеуге алынғандардан жауап алуды жүргізуге арналған кабинет ш.м. 18 38 Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай ш.м. 36 39 Тергеу тобының кабинеті ш.м. 18 40 Криминалистиканың оқу сыныбы және тергеу эксперименттерінің зертханалары ш.м. 50 41 Қызметтік және жұмылдыру дайындығының оқу сыныбы ш.м. 100 42 Тексеру және тану кабинеті ш.м. 18 43 Куәгерлерге арналған кабинет ш.м. 18 44 Полиграфологиялық зерттеу жүргізуге арналған кабинет ш.м. 50 45 Психологиялық жеңілдету бөлмесі ш.м. 18 46 ТИР ш.м. 150 47 Дене шынықтыру дайындығы үй-жайы ш.м. 150 48 Кітапхана ш.м. 30 49 Паркинг (1 машина орны) ш.м. 18 Аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралар 50 Қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды сақтауға арналған үй-жай ш.м. 12 51 Азаматтық қорғау құралдарын сақтауға арналған үй-жай ш.м. 14 52 Кезекші прокурорды орналастыруға арналған үй-жай ш.м. 24 53 Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай ш.м. 15 54 Тергеуге алынғандардан жауап алуды жүргізуге арналған кабинет ш.м. 15 55 Заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған үй-жай ш.м. 25 56 Тергеу тобының кабинеті ш.м. 12 57 Тексеру және тану кабинеті ш.м. 15 58 Куәгерлерге арналған кабинет ш.м. 15 Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет 59 Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (тегі бойынша есепке алу) ш.м. 300 60 Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (іздестіру есебі) ш.м. 100 61 Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (дактилоскопиялық есепке алу) ш.м. 400 62 Арнайы қорлар бөлімінде архивтік ақпаратты сақтауға және беруге арналған үй-жай ш.м. 500 Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдары 63 Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (тегі бойынша есепке алу) ш.м. 60 64 Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (іздестіру есебі) ш.м. 20 65 Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (дактилоскопиялық есепке алу) ш.м. 70 66 Архивтік ақпаратты сақтауға және беруге, тоқтатылған қылмыстық істерді арнайы қорлар бөлімінде сақтауға арналған үй-жай ш.м. 500 Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті 67 Азаматтық қорғау құралдарын сақтауға арналған үй-жай ш.м. 18 68 Тергеуге алынғандардан жауап алуды жүргізуге арналған кабинет ш.м. 18 69 «Құпиялылық» режимінде тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған кабинет ш.м. 18 70 Полиграфологиялық зерттеу жүргізуге арналған кабинет ш.м. 40 71 Психологиялық жеңілдету бөлмесі ш.м. 28 Құпиялылық белгісі бар құжаттармен және картотекамен жұмыс істеуге және сақтауға арналған үй-жай ш.м. 40 72 Шетелдік делегацияларды қабылдау залы ш.м. 70 73 Қызметкерлерді компьютерлік тестілеуден өткізуге арналған кабинет ш.м. 30 74 Архив ш.м. 40 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы 75 Қаруды, оқ-дәрілерді, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған 1 аттестатталған қызметкерге арналған үй-жай ш.м. 0,2 76 Жедел кезекшіні орналастыруға арналған үй-жай ш.м. 36 77 Криминалистиканың оқу сыныбы және тергеу эксперименттерінің зертханалары ш.м. 246 78 ТИР ш.м. 412 79 Дене шынықтыру дайындығы үй-жайы ш.м. 900 80 Кітапхана ш.м. 400 81 Бір оқушыға арналған пайдалы оқу алаңы ш.м. 9 82 Құпиялылық белгісі бар құжаттармен және картотекамен жұмыс істеуге және сақтауға арналған үй-жай ш.м. 63 83 Арнайы кітапхана ш.м. 129,6 84 Академия мұражайы ш.м. 26,6 85 Шетелдік делегацияларды қабылдау залы ш.м. 77,6 86 Қызметкерлерді компьютерлік тестілеуден өткізуге арналған кабинет ш.м. 135 87 Архив ш.м. 15,1 88 Гараж (1 машина орны) ш.м. 18 ____________________