Об утверждении Правил осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками, созданными в организационно-правовой форме государственного учреждения, использования ими денег от реализации товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 102-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 1. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 10 шілдедегі № 312-НҚ бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 102-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібі
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлеріне жатады:
Тармақша 1
1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;
Тармақша 2
2) мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін материалдар дайындау;
Тармақша 3
3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуді орындау және қосымша библиография жасау;
Тармақша 4
4) қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды қалпына келтіру;
Тармақша 5
5) көшпелі ақпараттық-көрме іс-шараларын ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) білім беру және аударма қызметтерін көрсету;
Тармақша 7
7) қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасау;
Тармақша 8
8) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсыну;
Тармақша 9
9) құжаттарды электронды жеткізу, тақырыптық ақпарат іздестіру және құрастыру;
Тармақша 10
10) экскурсиялық қызмет көрсетуді, фото және бейне түсірілімдерді жүргізу;
Тармақша 10-1
10-1) кітапхана үй-жайларын ұсына отырып, білім беру іс-шаралары мен мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтерді көрсету;
Тармақша 11
11) кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізу.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлеріне жатады:
Тармақша 1
1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;
Тармақша 2
2) байланыс операторымен шарт негізінде интернет қызметтерін ұсыну;
Тармақша 3
3) фото және бейне түсірілімдер жүргізу;
Тармақша 4
4) кәдесый және полиграфия өнімдерін өткізу;
Тармақша 5
5) музейлер мен музей-қорықтар басып шығарған оқу-әдістемелік басылымдарды және басқа да әдебиетті өткізу;
Тармақша 6
6) музей қоры материалдарын өңдеуге және (немесе) музей заттары және музей коллекциялары, сондай-ақ жеке меншіктегі заттар және коллекциялар туралы ақпараттар мен анықтамалар құрастыру.
Тармақ 4
4. Ақылы негізде ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханаларға, мемлекеттік музейлерге және музей-қорықтарға бағалар мәдениет саласындағы уәкілетті органмен белгіленеді (бұдан әрі – прейскурант).
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар ақпараттық стендінде, сондай-ақ ресми сайттарында қазақ және орыс тілдерінде көрнекі қойылған мынадай ақпаратты:
Тармақша 1
1) толық көлемде (қысқартусыз) баяндалған осы Қағидаларды;
Тармақша 2
2) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесін;
Тармақша 3
3) прейскурантты орналастырады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасы мен көлемін көрсете отырып, растайтын құжаттар (шарттар, түбіртектер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, көрсетілген қызметтердің/орындалған жұмыстардың актілері, фискальдық чектер) бойынша ақылы негізде өткізеді.
Тармақ 7
7. Қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізген кезде есеп айырысулар мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың кассалары арқылы міндетті түрде фискальды жады бар бақылау-кассалық машиналар пайдаланыла отырып және клиентке бақылау түбіптегі беріле отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша ағымдағы шотқа аудару жолымен жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу күні, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрлері, саны және қоса берілген құжаттардың (оларды ұсынған жағдайда) атаулары, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуге жауапты лауазымды адамның тегі, аты-жөні тіркелетін журнал (ерікті нысанда) жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібі
Тармақ 9
9. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың негізгі қызметіне жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаны мынадай бағыттар бойынша:
Тармақша 1
1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
Тармақша 2
2) қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;
Тармақша 3
3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көлік қызметтеріне ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу);
Тармақша 4
4) кітапхана қорларын толықтыру үшін әдебиеттер, электрондық коллекциялар мен дерекқор сатып алуға;
Тармақша 5
5) ғылыми және әдістемелік әдебиет басып шығаруға;
Тармақша 6
6) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқытуды өткізу үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдарды сатып алуға;
Тармақша 7
7) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту тренингтерін, семинарлар, конференциялар өткізуге;
Тармақша 8
8) бұқаралық іс-шараларды өткізуге (әдеби кештер, көрмелер, таныстырылымдар, конкурстар, кітап күндері, фестивальдар);
Тармақша 9
9) бланк өнімдерін, брошюраларды, авторефераттарды, оқырман билеттерін, талап парақшаларын әзірлеуге және олардың таралымын көбейтуге, мұқабаны басып шығаруға, тарақты түптеуге;
Тармақша 10
10) кітапханалар басылымдарын, дыбыс жазбаларының, бейнефильмдердің, фонограммалардың көшірмелерін өткізуге;
Тармақша 11
11) кітаптарды, журналдарды жөндеуге, реставрациялауға және түптеуге;
Тармақша 12
12) фото, кино, бейне түсірімдерге, жекелеген мақалалардың және кітаптар мен мерзімді баспа басылымдарынан алынған материалдардың микрокөшірмесін алуға;
Тармақша 13
13) мәдени құндылықтар мен тарих және мәдениет ескерткіштерін реставрациялауға пайдаланылады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлердің және музей-қорықтардың негізгі қызметіне жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны мынадай бағыттар бойынша:
Тармақша 1
1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
Тармақша 2
2) ақылы қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;
Тармақша 3
3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көлік қызметтеріне ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу);
Тармақша 4
4) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқытуды өткізу үшін үй-жайды жалға алуға және оқу құралдарын, көрнекі материалдарды сатып алуға пайдаланылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарлары Кодекстің 101-бабының 8-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сай жасалады.
Басқа 2. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 10 шілдедегі № 312-НҚ бұйрығына 2-қосымша Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10331 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 392 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12611 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 304 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17695 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22045 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 462-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35300 болып тіркелген).