О некоторых вопросах Комитета национальной безопасности Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік органдары) бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) қорғау мен күзету, үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету және шифрлау жұмысын ұйымдастыру, терроризм актілерінің және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке өзге де аса қауіпті қылмыстық қол сұғушылықтардың жолын кесу, ұлттық қауіпсіздік органдары авиациясының қызметін ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру, мемлекеттік құпияларды қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі;»;
13-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;»;
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
«34-1) «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы міндеттерін орындауға қатысу;»;
210) және 211) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«210) ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйелер жұмысының қағидаларын әзірлеу және бекіту;
211) ұлттық қауіпсіздік органдарының қолданыстағы резервтегі қызметкері мен әскери қызметшісіне, штаттық жасырын қызметкеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 211-1) тармақшамен толықтырылсын:
«211-1) қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайлары жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін әзірлеу және бекіту;»;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығында:
1-тармақтың 2), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын.
Тармақ 4
4. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 14 шілдедегі
№ 944 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі – Қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Қызмет өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және халықаралық шарттарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қызмет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Қызмет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Егер Қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Қызмет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қызмет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Қызметтің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, Б блогы.
Тармақ 9
9. Қызметтің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Қызметтің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Қызметтің жұмысын қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Қызметтің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Қызметке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Қызметке кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, аталған қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Қызметтің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері
2-тарау. Қызметтің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысты ұсыныстарды тұжырымдау;
Тармақша 2
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ұсыныстарды белгіленген тәртіппен енгізу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан, сондай-ақ ақпараттық ресурстардан қажетті ақпарат пен мәліметтерді сұрату және алу;
Тармақша 3
3) қарсы барлау, жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу;
Тармақша 4
4) сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша жедел-іздестіру және тергеу қызметінің, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің, сондай-ақ қарсы барлау қызметінің практикасына талдау жүргізу;
Тармақша 5
5) іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қою немесе алуды жүргізу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;
Тармақша 8
8) мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және оның ішінде басқарушылық функцияларын атқаратын адамдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық -процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қылмыстық құқық бұзушылықтар мен басқа да құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiнде ұсынуларды енгізу;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті органдардан, лауазымды адамдардан және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді пайдалану, заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру, іс жүргізу барысында зерттеуді ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыруды және оның тактикасын айқындау, оның тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 12
12) ұстап алынған және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру;
Тармақша 13
13) өз құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;
Тармақша 14
14) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау үшін ақпараттық жүйелер мен цифрлық құралдарды енгізу және дамыту;
Тармақша 15
15) сотқа жүгіну;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 18
18) құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды, шағымдар мен өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау кезінде заңдылықты сақтау;
Тармақша 19
19) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;
Тармақша 20
20) Қызметтің құзыреті шегінде қарсы барлау және жедел-іздестіру іс-шараларын, жасырын тергеу әрекеттерін өткізу және олардың нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану үшін тіркеу арқылы қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру;
Тармақша 22
22) жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу және қарау, оларды дер кезінде тоқтату, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау және қоғамдық қауіпті әрекеттерді болдырмау жөнінде уақтылы шаралар қабылдау;
Тармақша 23
23) Қызметтің қарулануындағы қару-жарақты, оқ-дәрілерді, арнаулы құралдарды есепке алу және сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 24
24) сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген қылмыстық істерді, қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, сондай-ақ жедел есепке алу және жасырын тергеу әрекеттері істерін есепке алу және сақтау;
Тармақша 25
25) прокурорлық ден қою актілерін және сот актілерін қарау;
Тармақша 26
26) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
Тармақша 27
27) іздеуде жүрген адамдардың тұрған жерін анықтау және ұстау бойынша іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 28
28) Қызметке белгіленген құзырет шегінде іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялауды ұйымдастыру;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бөлімшелерімен, ведомстволарымен, аумақтық және өзге де органдарымен, сондай-ақ мемлекеттік органдар және ұйымдармен белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 30
30) байланыс және коммуникация желілерінің дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жүргізу;
Тармақша 31
31) Қызметтің қызметкерлері мен бөлімшелерінің, объектілері мен үй-жайларының, көлік құралдары мен жасырын жәрдемдесетін адамдардың ведомстволық тиесілілігін шифрлайтын құжаттарды, өзге де әдістер мен құралдарды пайдалану;
Тармақша 32
32) ол тұрған жерден тысқары жерлерде Қызмет функциясының бір бөлігін орындайтын және уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің болуы;
Тармақша 33
33) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу;
Тармақша 3
3) жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) байланыс желісін пайдалануға байланысты емес жасырын тергеу әрекеттерін, жалпы және арнайы жедел-іздестіру, сондай-ақ байланыс желісін пайдалануға байланысты емес қарсы барлау іс-шараларын жүргізу барысында арнайы және басқа да техникалық құралдарды қолдану;
Тармақша 5
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды қорғау және көтермелеу;
Тармақша 6
6) тергеуден, анықтаудан немесе соттан жасырынған іздестірудегі адамдардың тұрған жерін анықтау және оларды ұстау;
Тармақша 7
7) сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша тәркіленген және қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүліктің өткізілуін мониторингілеуді жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) ведомстволық статистиканы қалыптастыру;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу және қарау;
Тармақша 11
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 12
12) халықаралық шарттардың негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-кимыл жасау;
Тармақша 13
13) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру мәселелері бойынша халықаралық шарттар жобаларын дайындауға қатысу және оларды келісу;
Тармақша 14
14) мемлекеттік органдардан, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан келіп түсетін өтінішхаттар мен сұрау салуларды Қызметтің құзыреті шегінде орындау;
Тармақша 15
15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың үздік халықаралық тәжірибесін зерделеу және ұлттық деңгейде тиімді үлгілерді енгізу;
Тармақша 16
16) мемлекеттік құпиялар мен таратылуы шектелген қызметтік ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қызметтің құзыреті шегінде техникалық барлауға қарсы іс-қимыл;
Тармақша 17
17) Қызметтің қарулануындағы қару-жарақты, оқ-дәрілерді, арнайы қорғау құралдарын есепке алу және сақталуын бақылау;
Тармақша 18
18) кадр саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
Тармақша 19
19) Қызметтің жеке құрамы арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және олардың алдын алу;
Тармақша 20
20) Қызметтің құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жоспарлауды, бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыру, оның нәтижелері туралы есептілікті қалыптастыру;
Тармақша 21
21) Қызметке осы мақсатта бөлінген бюджет қаражаты шегінде жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметін қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
Тармақша 22
22) жеке және заңды тұлғаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультация беру;
Тармақша 23
23) жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және өткеру;
Тармақша 24
24) Қызметте құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 25
25) Қызмет объектілерінде күзет, өткізу және объектішілік режимдерді, жауынгерлік қызметтің ұйымдастырылуы мен өткерілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 26
26) Күзет және қорғаныс жоспарлары жөніндегі Қызметтің объектілерінде жеке құраммен теориялық және практикалық сабақтар өткізу;
Тармақша 27
27) Қызмет объектілерін тексеру, инженерлік-техникалық нығайту, қорғау және қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету және жабдықтау;
Тармақша 28
28) объектілердің инженерлік-техникалық нығаюының белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан Қызмет объектілеріне комиссиялық тексерулер ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 29
29) Қызметтің ақпараттық қауіпсіздік саясатын іске асыруға, техникалық және ақпараттық қызметін қамтамасыз етуге және жетілдіруге қатысу;
Тармақша 30
30) Қызметке жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді пайдалану, сондай-ақ оларды әзірлеуге, құруға, жаңғыртуға және сатып алуға қатысу;
Тармақша 31
31) ведомстволық байланыс желілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оларды дамыту бойынша ұсыныстар дайындау;
Тармақша 32
32) шифрлау жұмысын жүзеге асыру;
Тармақша 33
33) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функциялар.
Тарау 3. 3-тарау. Қызметтің жұмысын ұйымдастыру кезінде оның басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. Қызметтің жұмысын ұйымдастыру кезінде оның басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Қызметке басшылықты Қызметке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын Қызмет директоры жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Қызмет директоры Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Қызмет директорының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Қызмет директорының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Қызметтің жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) белгіленген тәртіппен бұйрықтар (өкімдер) шығарады және Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлері орындауға міндетті болып табылатын нұсқаулар береді;
Тармақша 3
3) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын актілерді қоспағанда, құқықтық актілерді бекітеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шет мемлекеттердің арнаулы және құқық қорғау органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қатынастарда Қызмет атынан өкілдік етеді;
Тармақша 5
5) өз өкілеттіктерін орынбасарларына және Қызметтің лауазымды адамдарына жүктейді;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 7
7) Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлерін көтермелейді және тәртіптік тұрғыдан жазалайды;
Тармақша 8
8) Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен материалдық көмек көрсетеді;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде Қызметтің қызметкерлеріне арнаулы атақтар береді;
Тармақша 10
10) Қызмет бөлімшелерін құру, тарату, қайта орналастыру және қайта құру, сондай-ақ оның құрылымы мен штаттары бойынша ҰҚК Төрағасына ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 11
11) ҰҚК Төрағасы айқындаған өкілеттіктер шегінде қызмет өткеруге, сондай-ақ Қызмет жұмыскерлерінің еңбек қатынастарына байланысты мәселелерді шешеді;
Тармақша 12
12) белгіленген тәртіппен «лейтенант» және «полковник» арнаулы атақтарын беру, Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлерін ведомстволық наградалармен марапаттау бойынша кандидатуралар бойынша ҰҚК Төрағасына ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 13
13) Қызметтің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қызмет директоры болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Қызмет директоры өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Қызметтің мүлкі
4-тарау. Қызметтің мүлкі
Тармақ 21
21. Қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін.
Қызметтің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Қызметке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Қызмет өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5- тарау. Қызметті қайта ұйымдастыру және тарату
5- тарау. Қызметті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Қызметті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
________________
Басқа 1. Қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік мекемелер
ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 14 шілдедегі
№ 944 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік мекемелер
ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 14
14. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 15
15. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 16
16. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 17
17. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 18
18. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 19
19. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
Тармақ 20
20. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.
_________________
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 14 шілдедегі
№ 944 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 447 Жарлығының 1-тармағы 2) тармақшасының жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтары.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 маусымдағы № 605 Жарлығының 3-тармағы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 шiлдедегi № 970 Жарлығының 2-тармағы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 1074 Жарлығы 2-тармағының 1), 3) және 4) тармақшалары.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 166 Жарлығы.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 286 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 853 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулары 3-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтары.
_______________