О создании районного совета по делам инвалидов Қолданыста
Басқа 0
Мүгедектердің ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республика Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысымен бекітілген мүгедектерді оңалтудың 2002 – 2005 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес (бұдан әрі кеңес) құрылсын.
Тармақ 2
2. Кеңестің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Кеңестің дербес құрамы заңнамада белгіленген тәртіпте аудандық мәслихаттың сессиясына бекітуге берілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.В. Вострейкоға жүктелсін.
Басқа 5. Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңестің
Ережесі
Качир аудан әкімдігінің
2004 жылғы 5 тамыздағы
«Мүгедектер ісі жөніндегі
аудандық кеңес құру туралы»
№ 226/7 қаулысымен бекітілген
Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңестің
Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңестің (бұдан әрі - Кеңес) аудан әкімдігі жанындағы консультативтік – кеңес беруші орган болып табылады.
Кеңесті құрудағы мақсат мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерді мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметтерін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды пысықтау болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, әкімдіктің және аудан әкімінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) қоғамда мүгедектерді оңалту үшін жағдайлар жасау және мүгедектің деңгейін төмендету;
Тармақша 2
2) мүгедектік және мүгедектер мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 3
3) мүгедек мәселелері жөнінде ұсыныстар дайындау.
Тармақ 4
4. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар:
Тармақша 1
1) мүгедектерге кешенді оңалтуды қамтамасыз ету, практикалық іс-шараларды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жергілікті мемлекеттік органдардың мүгедектердің алдын - алу, оңалту, әлеуметтік қорғалуы, білім алуы кәсіптік даярлануы, мүгедектердің жұмыспен қамтылуы мәселелері жөніндегі іс-қимылын үйлестіру үшін ұсыныстарды пысықтау;
Тармақша 3
3) білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, туризм және спорт жүйелері ұйымдарының мүгедектерді оңалту мәселелері жөнінде жұмыстың нысандары мен әдістерін жетілдіру;
Тармақша 4
4) мүгедектерді оңалтудың 2004 – 2005 жылдарға арналған аудандық бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылау.
Тарау 3. 3. Кеңестің негізгі құқықтары
3. Кеңестің негізгі құқықтары
Тармақ 5
5. Кеңес:
Тармақша 1
1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметін үйлестіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеуге;
Тармақша 2
2) мүгедектік және мүгедектер проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардан, қоғамдық ұйымдардан, кәсіподақ бірліктері мен жұмыс берушілерден (келісім бойынша) мүгедектік және мүгедектер проблемалары жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу мақсатында ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4) өз шешімдерінің орындалуына бақылау жасауға;
Тармақша 5
5) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар, кәсіподақ бірлестіктер, жұмыс берушілер, қоғамдық ұйымдар (келісім бойынша) белгіленген мерзімде қарау және жүзеге асыру үшін міндетті келісілген ұсыныстарды қабылдауға.
Тарау 4. 4. Кеңес қызметін ұйымдастыру
4. Кеңес қызметін ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Кеңесті төраға басқарады. Кеңес отырыстарын қажетіне қарай, кем дегенде тоқсанына бір рет төраға немесе оның тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасары шақырады.
Тармақ 7
7. Кеңестің жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдар мен ұсыныстарды дайындауды кеңес хатшысы қамтамасыз етеді. Кеңес өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Кеңес шешімі ашық дауыспен қабылданады және егер кеңес мүшесінің жалпы санына көбі дауыс берсе ғана қабылданады деп септеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген жақтың шешімі қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 9
9. Мәжіліс отырыстарының жүргізу нәтижесі бойынша хаттама жасалады, оған отырыста болған кеңес мүшелері қол қояды. Кеңес шешімі ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 10
10. Аудан еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі кеңестің жұмыс органы болып табылады.