О введении временного запрета на экспорт мазута Қолданыста
Басқа 0
Мазут эқспортына уақытша тыйым салуды енгiзу туралы
Ел экономикасының мұқтаждары үшiн мазуттың жеткілiкті қорын жасау қажеттігiне байланысты және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексiнiң 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2005 жылғы 1 наурызға дейiн мазутты (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 2710 19 610 0 - 2710 19 690 0) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мазутты әкетуге тыйым салуды енгiзгендiгi туралы белгiленген тәртiппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.