О корректировке генерального плана, совмещенного с проектом детальной планировки, села Заречное Костанайского района Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай ауданы Заречное ауылының егжей - тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарын түзету туралы Қостанай ауданының Заречный ауылдық округі Заречное ауылының аумағын кешенді және тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, жер ресурстарын ұтымды пайдалану, халықтың тұруы үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында, сондай - ақ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай ауданы Заречный ауылдық округінің Заречное ауылының егжей - тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарына (бұдан әрі - ЕТЖЖ БЖ) түзету ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қостанай ауданы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ЕТЖЖ БЖ әзірлеуге тапсырыс беруші болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қостанай ауданы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) ЕТЖЖ БЖ әзірлеу үшін жобалау ұйымын таңдау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) ЕТЖЖ БЖ әзірлеу процесін үйлестіруді жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) жергілікті қоғамдастықтың қатысуымен ЕТЖЖ БЖ жобалық шешімдерін талқылау бойынша қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырсын;
Тармақша 4
4) ЕТЖЖ БЖ жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітуге ұсынсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.