Об утверждении Правил использования денег со специального счета и размещения временно свободных средств Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты орналастыру ережесiн бекiту туралы Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.11.29. N 1133 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiліп отырған Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты орналастыру ережесi бекiтілсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Басқа 0. Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты орналастыру ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 17 қыркүйектегi N 973 қаулысымен бекiтілген Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты орналастыру ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес агенттің арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты орналастыру тәртiбiн pеттейді.
Тармақ 2
2. Арнайы шоттағы ақша мынадай мақсаттарға жұмсалады:
Тармақша 1
1) қолайсыз табиғат құбылыстарының нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандырушыға сақтандыру төлемiнің елу пайызын өтеуге;
Тармақша 2
2) уақытша бос ақшаны депозитке орналастыруға;
Тармақша 3
3) агенттiң қызметтерiне ақы төлеуге.
Тармақ 3
3. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) агент - өсiмдiк шаруашылығындағы мiндетті сақтандыруды қолдау үшiн республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражатты басқару үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) арнайы шот - өсiмдiк шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнетiн бюджет қаражаты есепке алынатын қазынашылықтағы шот;
Тармақша 3
3) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен өсiмдiк шаруашылығындағы міндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартпен белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде оның пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жүргiзуге міндеттi заңды тұлға;
Тармақша 4
4) бағалау кiрiсi - егiн жиналғаннан кейін және оны алуға қолайсыз табиғат құбылысы әсер еткен өсiмдiк шаруашылығы өнiмi түрінің бар көлемi сатылғанға дейiн есептелiнетін кiрiс.
Тарау 2. 2. Ақшаның арнайы шотқа түсу тәртiбi
2. Ақшаның арнайы шотқа түсу тәртiбi
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi - АШМ) агентпен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдауға республикалық бюджеттен бөлiнген бюджет қаражатын басқару шартын (бұдан әрi - басқару шарты) жасайды.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Қаржыминi) белгiленген тәртiппен басқару шартының сомасына мiндеттемелер қабылдауға АШМ-ға қазынашылық рұқсат бередi.
Тармақ 6
6. Қаржыминi басқару шарты негiзiнде заңнамада белгiленген тәртiппен агентке бюджет қаражатын басқаруды жүзеге асыру үшiн арнайы шот ашады.
Тармақ 7
7. АШМ жыл сайын, арнайы шот ашылған сәттен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей, өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдауға бөлiнген бюджет қаражатын бiрыңғай траншпен Агенттiң арнайы шотына аударады.
Тарау 3. 3. Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану тәртiбi
3. Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану тәртiбi
Тармақ 8
8. Агенттiң қызметтерiне арнайы шоттан ақы төлеу АШМ және Агент арасында өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдауға бөлiнген бюджет қаражатын басқару шарты жасалғаннан кейiн 15 күнтiзбелiк күн iшiнде жылына бiр рет жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Сақтандырушы агентпен жасалған шарттағы талаптардың мiндетті түрде сақталуымен сақтандыру төлемi жөнiндегi өзiнiң мiндеттемелерiн толық орындағаннан кейiн ғана сақтандырушы өндiрген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеудi Агент жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Агент қолайсыз табиғат құбылыстарының нәтижесiнде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерiнiң елу пайызын өтеудi соңғысы өтiнiш берген күннен бастап бiр ай мерзiмде мынадай құжаттарды қоса бере отырып, жүзеге асырады: өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының нотариалды расталған көшiрмесi; жүргiзiлген сақтандыру төлемiн растайтын құжаттар (төлем тапсырмасы - түпнұсқа, шығыс ордерi - нотариалды расталған көшiрме); комиссияның барлық мүшелерi қол қойған зерттеу актiсi; гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлетті мемлекеттік органның өз құзыретіне сәйкес қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтаманың нотариалды расталған көшiрмесi; сақтандырушы растаған бағалау кiрiсін бағалау туралы құжаттың көшiрмесi.
Тармақ 11
11. Агент арнайы шоттан сақтандырушының банктiк шотына сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлігін өтеу сомасын аудару үшiн құжаттардың осы Ереженiң талаптарына сәйкестігін тексередi және олар толық сәйкес болған жағдайда Қаржыминi қазынашылығының аумақтық органына өтеудi төлеуге арналған төлем тапсырмасын, өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарттарының көшiрмелерiн және сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемiн растайтын құжаттарды (төлем тапсырмасының түпнұсқасы, шығыс ордерiнiң нотариалды расталған көшiрмесi) бередi.
Тармақ 12
12. Сақтандырушы Агентпен бiрге арнайы шоттағы ақшаны aлғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде Агенттiң сақтандыру төлемiнiң бір бөлігін өтеу сомасы бойынша үш данадағы салыстыру актісiн ресiмдейдi.
Тармақ 13
13. Агент тоқсан сайын, есептiден кейiнгi айдың 20-күнiнен кешіктiрмей 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлігін өндiрiлген өтеу туралы есептердi АШМ-ге мынадай құжаттарды қоса берiп ұсынады: сақтандырушылармен жасалған салыстыру актiлерi; арнайы шоттан өтеулердiң өндiрiлген төлемдерi туралы үзiндi көшiрме; өтеулердi төлеуге арналған төлем құжаттарының көшiрмелерi.
Тармақ 14
14. Сақтандырушы агентке көрінеу жалған мәлiметтердi немесе өндiрiлген сақтандыру төлемiнiң бір бөлiгiн өтеуге байланысты құжаттарды хабарлаған және (немесе) берген жағдайда агент сақтандырушыға өндiрiлген сақтандыру төлемiнiң бір бөлiгiн өтеуден бас тартады.
Тармақ 15
15. Агент арнайы шоттың түсiмдерi мен қаражатын пайдалану жөнiндегі операциялардың бухгалтерлiк есебiн өз қызметiнiң нәтижелерiнен оқшау жүргiзедi.
Тармақ 16
16. Агенттің арнайы шоттағы қаражатының қаржы жылының соңындағы есептелген қалдығы бюджетке қайтарылуға жатпайды және осы Ереженің 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес пайдаланылады.
Тармақ 17
17. Агент бюджет қаражатын орынсыз пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап бередi.
Тармақ 18
18. Агенттiң арнайы шотындағы ақшаның мақсатты пайдаланылуын бақылауды уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Агент жыл сайын тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын құру кезiнде сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiн өтеу үшiн бюджет қаражатына есептелген қажеттiлiктi АШМ-ге ұсынады.
Тарау 4. 4. Уақытша бос қаражатты депозитке орналастыру тәртiбi
4. Уақытша бос қаражатты депозитке орналастыру тәртiбi
Тармақ 20
20. Агент АШМ-мен келiсiм бойынша уақытша бос қаражаттың бiр бөлiгiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде (бұдан әрi - ҰБ) депозиттік шотқа ҰБ-мен Салым операцияларын жүзеге асыру кезiнде қолданылатын стандарттық шарттар туралы тиiстi бас келiсiм (бұдан әрi - Бас келiсiм) жасасу жолымен орналастырады.
Тармақ 21
21. Салым бойынша сыйақы ставкасы Бас келiсiммен айқындалады және рынок конъюнктурасы мен ҰБ ұсынысы ескерiле отырып белгiленедi.
Тармақ 22
22. Сыйақы сомасы Бас келiсiмде көзделген ставкаға сәйкеc есептеледі.
Тармақ 23
23. Есептелген сыйақымен банк салымын қайтару мерзiмi бұзылған кезде ҰБ агентке Бас келiсiмнiң шарттарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсiмақы) төлеуге тиiс.
Тармақ 24
24. Мерзiмдi банк салымдарын бастапқы орналастыру мерзiмi үш күнтiзбелiк айдан аспауға тиiс және одан әрi мерзiмдердi ұзарту үш айдан аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi.
Тармақ 25
25. Бас келiсiм мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда, есептелген сыйақымен банк салымын қайтару мерзiмi талап түскен күндi қоса алғанда, бес банктiк күннен аспауға тиiс.
Тармақ 26
26. ҰБ Бас келiсiмнiң мерзiмi аяқталған соң Бас келiсiмге сәйкес деректемелер берудiң айтылған шарттары бойынша агентке банк салымының және сыйақының сомасын қайтарады.
Тармақ 27
27. Арнайы шоттағы уақытша бос қаражатты депозиттерге орналастырудан түскен кiрiстер арнайы шотты толтыруға пайдаланылады.
Тармақ 28
28. Агент тоқсан сайын есептiден кейiнгі айдың 20-күнiнен кешiктiрмей арнайы шоттағы уақытша бос қаражатты депозиттерге орналастыру және алынған кiрiстер туралы ақпаратты АШМ-ге бередi.
Басқа 1. 200_ жылғы __ ______ бастап 200_ жылғы __ ______ кезеңдегi Агенттiң арнайы шоты бойынша ақшаның қозғалысы туралы есеп
Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты орналастыру ережесiне 1-қосымша 200_ жылғы __ ______ бастап 200_ жылғы __ ______ кезеңдегi Агенттiң арнайы шоты бойынша ақшаның қозғалысы туралы есеп ____________________________________________________________________ Атауы                |    Тоқсандар     |    Есептi |  бойынша сомасы  |кезеңдегі ақша |                  | қозғалысының |                  |    жиыны __________________________________|__________________|______________ | 1 |  2  | 3 | 4  | __________________________________|___|_____|___|____|______________ 200_ жылғы 1 қаңтардағы ақша қалдығы Есептi кезеңдегi түсетін түсiмдер, Барлығы оның ішінде: бюджет қаражаты депозиттік шоттан түсетін сыйақы Шығыстар, барлығы оның ішінде: сақтандыру төлемдерінің өтелуi агенттiң қызметтеріне ақы төлеу депозитке орналастыру Eceпті кезеңінің соңындағы қаржының қалдығы ____________________________________________________________________ Агенттің басшысы _________________________________ (қолы, тегi, аты, әкесінің аты) мөр орны Бас бухгалтер ____________________________________ (қолы, тегi, аты, әкесiнің аты)
Басқа 2. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы 200_ жылғы ____ _______ жағдай бойынша есеп
Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты орналастыру ережесiне 2-қосымша Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы 200_ жылғы ____ _______ жағдай бойынша есеп (теңгемен) ____________________________________________________________________ P/c|Сақтандыру|Сақтанушы.|Сақтанушы. | Сақтандырушы. |  Агенттің N |ұйымының  | лармен   | лармен    |ның сақтанушы. | сақтандыру. | атауы    |жасалған  | жасалған  | ларға өндiрген|     шыға |          |шарттардың|  шарттар  |  сақтандыру   | сақтандыру |          |  саны    | бойынша   | төлемдерiнiң  | төлемдерiнiң |          |          |  жалпы    |    сомасы     | бiр бөлiгiн |          |          |сақтандыру |               |  өтеу сомасы |          |          |  сомасы   |               | ___|__________|__________|___________|_______________|______________ ____________________________________________________________________ Агенттің басшысы _________________________________ (қолы, тегi, аты, әкесінің аты) мөр орны Бас бухгалтер ____________________________________ (қолы, тегi, аты, әкесiнің аты)