О сборах за проезд автотранспортных средств по территории Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алынатын алымдар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.01.2002 № 62 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 заң күші бар Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алымдарды төлеудің ережесі мен олардың ставкалары (қоса беріліп отыр) бекітілсін.
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.26. N 1125
қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 1995 жылғы 26 сәуірдегі N 557 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 14, 169-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуі шетелдік автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына, оның ішінде үшінші мемлекеттің аумағынан белгілі бір баратын пунктіне дейін кіруін, шетелдік немесе отандық автокөлік құралының белгілі бір арнаулы пункттен Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге, оның ішінде үшінші мемлекеттің аумағына шығуын, шығу және бару пункттері Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі шетелдік автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі шетелдік автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жүріп өтуін, шығу және бару пункттері Қазақстан Республикасының аумағындағы отандық ауыр салмақты және ірі көлемді автокөлік құралдарының жол жүруін қамтиды.
Автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өту құқығын куәландыру үшін арнаулы құжат-рұқсат, ал ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының жүріп өтуі үшін арнаулы рұқсат пайдаланылады. Рұқсат (арнаулы рұқсат) өткізу пункттерінде және өзге де объектілерде беріледі және оларға Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің органдары бақылау жасайды.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуге рұқсат (арнаулы рұқсат) берілуі тасымалдаушыны кейін Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы көлік құралдары мен жүктерді тасымалдауға арналған кедендік құжаттарды ресімдеу міндетінен босатпайды.
Отандық тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасының аумағынан жүріп
өтуге (шығуға) рұқсат берудің тәртібін Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі белгілейді.";
3-тармақтағы "кіруі, шығуы", "транзитпен" деген сөздер алынып тасталсын;
4,5,6 және 7-тармақтар алынып тасталсын;
9-тармақта:
1) бірінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуге рұқсат беру кезінде заңдарға сәйкес шетелдік автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуының мерзімін белгілейді";
2) екінші абзацта:
"кіруі" деген сөз "жүріп өтуі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(оның ішінде транзитпен)" деген сөздер алынып тасталсын;
11-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы тараулармен толықтырылсын:
"N 35 маршрут - 1411 км ҚХР - Өзбекстан - ҚХР ҚХР шекарасы (Достық) - Үшарал - Талдықорған - Қапшағай - Алматы - Георгиевка - Мерке - Тараз - Шымкент - Өзбекстанның шекарасы (Жібек жолы, Ғани Мұратбаев). ҚХР шекарасы - Үшарал автожолы бойынша А-350 - Талдықорған - Қапшағай - Алматы автожолына өту, Алматы қаласын солтүстік жағынан айналып өтіп М-39 - Георгиевка автожолына өту, А-359 - Мерке автожолына өту, М-39 - Тараз - Шымкент автожолына өту, Шымкент қаласын айналып өтіп Өзбекстанның шекарасына жету. N 36 маршрут - 959 км ҚХР - Қырғызстан - ҚХР ҚХР шекарасы (Достық) - Үшарал - Талдықорған - Сарыөзек - Қапшағай - Алматы - Қырғызстанның шекарасы (Георгиевка).
ҚХР шекарасы - Үшарал автожолы бойынша А-350 - Талдықорған -
Қапшағай - Алматы автожолына өту, Алматы қаласын солтүстік жағынан айналып өтіп М-39 - Георгиевка - Қырғызстанның шекарасы автожолына өту. N 37 маршрут - 1277 км ҚХР - Ресей - ҚХР ҚХР шекарасы - (Хоргос) - Жаркент - Көктал - Сарыөзек - Талдықорған - Үшарал - Аягөз - Георгиевка - Семей - Ресейдің шекарасы (Қызыл ауыл).
А-353 ҚХР шекарасы - Жаркент - Көктал автожолы бойынша Көктал - Сарыөзек селоларын айналып өтіп, Сарыөзек қалалық үлгідегі поселкесін айналып өтіп А-350 Талдықорған - Үшарал - Аягөз - Георгиевка автожолына өту, М-38 Семей автожолына өту, А-349 Ресейдің шекарасы автожолына өту. N 38 маршрут - 1615 км ҚХР - Ресей - ҚХР ҚХР шекарасы (Хоргос) - Жаркент - Көктал - Сарыөзек - Талдықорған - Үшарал - Аягөз - Георгиевка - Семей - Павлодар - Ресейдің шекарасы (Шарбақты). А-353 ҚХР шекарасы - Жаркент - Көктал автожолы бойынша Көктал - Сарыөзек селоларын айналып өтіп, Сарыөзек қалалық үлгідегі поселкесін айналып өтіп А-350 Талдықорған - Үшарал - Аягөз - Георгиевка автожолына өту, М-38 Семей - Павлодар автожолына өту, ПВ-24 Ресейдің шекарасы автожолына өту. N 39 маршрут - 1679 км ҚХР - Ресей - ҚХР ҚХР шекарасы - Жаркент - Көктал - Сарыөзек - Талдықорған - Үшарал - Аягөз - Георгиевка - Семей - Павлодар - Ресейдің шекарасы (Прииртышское). А-353 ҚХР шекарасы - Жаркент - Көктал автожолы бойынша, Көктал - Сарыөзек селоларын айналып өтіп, Сарыөзек қалалық үлгідегі поселкесін айналып өтіп А-350 - Талдықорған - Үшарал - Аягөз - Георгиевка автожолына өту, М-38 Семей - Павлодар - Ресейдің шекарасы автожолына өту":
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
"6,0", "10,3", "15,4", "30,0" сандары тиісінше "8", "13,2", "18,8", "36" сандарымен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
1-тармақта:
а) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Достық Алматы облысы";
ә) тармақшасындағы "Достық Талдықорған облысы" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік
құралдарының жүріп өтуі үшін алымдарды төлеудің
ережесі мен олардың ставкалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
31 желтоқсандағы N 1397
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік
құралдарының жүріп өтуі үшін алымдарды төлеудің
ережесі мен олардың ставкалары
📌 Ескерту. Мәтіндегі сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің
1999.05.26. N 643 қаулысымен.
Ескерту. Мәтіндегі сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің
2000.07.26. N 1125 қаулысымен.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуіне шетел автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына кіруі, оның ішінде үшінші мемлекеттің аумағынан белгілі бір тағайындалу пунктіне дейін кіруі, шетел немесе отандық автокөлік құралының белгілі бір жөнелту пунктінен Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шығуы, оның ішінде үшінші мемлекеттің аумағына шығуы, жөнелу және тағайындалу пункттері Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болғанда шетел автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүріп өтуі, отандық ауыр салмақты және ірі көлемді автокөлік құралдарының жүріп өтуі кіреді.
2-5 абзацтар
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
1999.05.26. N 643 қаулысымен.
Ескерту. 2-5 абзацтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.07.26.
N 1125 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Мемлекеттерімен белгіленген тәртіппен заңдық күшіне енген тиісті халықаралық келісімдер жасалған шетелдік тасымалдаушылар үшін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуге рұқсаттамалардың өзара келісілген мөлшері келісімдердің шарты бойынша беріледі, ал рұқсаттамалар келісілген мөлшерден артық болған жағдайда тасымалдаушылардың жүріп өтуі осы алым төлеу ережесі мен олардың ставкаларына сәйкес жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.26. N 1125
қаулысымен.
Тарау 2. 2. Алымдардың ставкалары
2. Алымдардың ставкалары
Тармақ 3
3. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуі үшін алымдар мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) отандық автокөлік құралының кейін басқа мемлекеттің аумағына шығатын болып, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шекараға дейін жүріп өту үшін алым;
Тармақша 2
2) шетел автокөлік құралының шекарадан тағайындалу пунктіне дейін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуі үшін алым, Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасы аумағындағы жөнелту пунктiнен Қазақстан Республикасының шекарасына дейiн, не жөнелту және бару пункттерi Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан жағдайда;
Тармақша 3
3)
Тармақша 4
4) ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша жүрiп өту үшін алым;
Тармақша 5
5) шетел автокөлік құралының кейін үшінші мемлекеттің аумағындағы тағайындалу пунктіне дейін шығатын болып Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жөнелту пунктінен шекараға дейін, не үшінші мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағындағы тағайындалу пунктіне дейін жүріп өтуі үшін алым;
Тармақша 6
6) рұқсат етілген жүктелімдер мен көлемдерден асатын ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуі үшін алым.
📌 Ескерту. 3-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
1999.05.26. N 643 қаулысымен.
Тармақ 4
4. 3-тармақтың 1)-тармақшасында көрсетілген алым 10 айлық есептік көрсеткішке тең, ал автокөлік құралының тұрақты негізінде Қытай Халық Республикасына жүріп өтуі үшін алым бір күнтізбелік жылға төленетін, 55 айлық есептік көрсеткішке тең.
3-тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген алым 60 айлық есептік көрсеткішке тең;
3-тармақтың 5) тармақшасында көрсетiлген алым 200 айлық есептік көрсеткішке тең;
3-тармақтың 6-тармақшасында көрсетілген алым 4 және 5 бөлімдерде айқындалады.
📌 ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың 2,3 абзацтары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.05.26. N 643 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.26. N 1125 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүріп өтуі үшін алым қолданылып жүрген заңдарға сәйкес алынады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшін алымдардан түскен қаржы "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен есептеледi.
📌 ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.05.26. N 643 қаулысымен.
Тарау 3. 3. Рұқсат етілген салмақтар мен көлемдерден асатын ауыр салмақты және ірі көлемді автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуі үшін алым
3. Рұқсат етілген салмақтар мен көлемдерден асатын ауыр салмақты және ірі көлемді автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуі үшін алым
Тармақ 7
7. Рұқсат етілген салмақтар мен көлемдерден асатын ауыр салмақты және ірі көлемді автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуі үшін алымға ауыр салмақты және ірі көлемді автокөлік құралдарының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша және Қазақстан Республикасы қалаларының аумағы бойынша жүріп өтуі үшін алым кіреді.
Тармақ 8
8. Жолдар мен жасанды құрылыстардың ұдайы тозуына әкеп соғатын және қозғалысқа кедергі келтіретін ауыр салмақты және ірі көлемді автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым жолдар мен жасанды құрылыстарды ұстауға, жөндеуге, өткізуді ұйымдастыруға және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосымша жұмыс көлемін өтейтін шығындармен анықталады.
Тармақ 9
9. Ауыр салмақты және ірі көлемді автокөлік құралдарының жалпы пайдаланымдағы жолдармен және қалалық жолдармен және көшелермен өтуі үшін алымға мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) көлік құралының нақты жалпы салмағының рұқсат етілген жалпы салмақтан асқаны үшін есеп;
Тармақша 2
2) білікке түсетін нақты жүктемелердің рұқсат етілетін жол конструкцияларынан асқаны үшін есеп;
Тармақша 3
3) көлік құралының көлемінен асқаны үшін есеп;
Тармақша 4
4) бағытты келісу.
Тармақ 10
10. Жол қозғалысы ережелерін не арнайы рұқсаттамада айтылған
шарттарды сақтамаудан туындаған жолдар мен жол құрылыстарының бүлінуі үшін тасымалдаушы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап береді.
Тармақ 11
11. Егер жол мен жол құрылыстарының бүлінуі ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының Жол қозғалысы ережелерін және арнайы рұқсаттамада айтылған шарттарды сақтай отырып, келісілген бағыт бойынша жүріп өтуі кезінде болса, онда қозғалыс бағытын келіскен ұйым қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап береді.
Тармақ 4
4. Ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарының Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен жүріп өтуі үшін алым ставкасының есебі
Тармақ 12
12. Көлік құралының жалпы нақтылы салмағының рұқсат етілген салмақтан асуын есептеу 1-кестеде көрсетілген тарифтерді маршрут бойынша тасымалдау қашықтығына көбейту арқылы анықталады.
1-кесте
---------------------------------------------------------------------------
Жалпы нақты салмақ.
!1 км жол жүру
!Жалпы нақты салмақ.
!1 км жол жүру үшін тың рұқсат етілген
!үшін тариф,
!тың рұқсат етілген
!тариф, айлық есеп. салмақтан асуының
!айлық есептік
!салмақтан асуының
!тік көрсеткішпен шамасы, т
!көрсеткішпен
!шамасы, т
! ---------------------------------------------------------------------------
0,1-ден 5-ке дейін
0,004 26-дан 30-ға дейін
0,046 6-дан 10-ға дейін
0,006 31-ден 35-ке дейін
0,067 11-ден 15-ке дейін
0,012 36-дан 40-қа дейін
0,093 16-дан 20-ға дейін
0,020 41-ден 45-ке дейін
0,127 21-ден 25-ке дейін
0,030 46-дан 50-ге дейін
0,172
---------------------------------------------------------------------------
📌 ЕСКЕРТУ. 1-кесте жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.07.26. N 1125 қаулысымен.
Тармақ 13
13. Автомобиль жолдарымен ауыр салмақты көлік құралдары өткен кезде нақтылы білік жүктемесінің (НБ) рұқсат етілген жүктемелерден (РБ) асып кеткені үшін есеп артық тиелген әр дара, қосарланған, үш қосарлы біліктер үшін 2-кесте бойынша есептеледі және тарифтерді НБ/РБ-ға қарай маршрут бойынша тасымалдау қашықтығына көбейту арқылы анықталады.
📌 ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.26. N 643 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 2-кесте жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.07.26. N 1125 қаулысымен.
2-кесте
---------------------------------------------------------------------------
Нақты білік
!Әр білік.
! Нақты білік
!Әр біліктің жүктемесінің
!тің 1 км
! жүктемесінің
!1 км жол рұқсат етілген
!жол бойын.
! рұқсат етілген
!бойынша рұқсат жүктемеге (НБ/РБ)
!ша рұқсат
! жүктемеге (НБ/РБ)
!етілгеннен арақатынасы
!етілгеннен
! арақатынасы
!асатын жүкте.
!асатын !
!мемен жүріп
!жүктемемен!
!өтуі үшін
!жүріп өтуі!
!тариф, айлық
!үшін та. !
!есептік
!риф, айлық!
!көрсеткішпен
!есептік !
!
!көрсеткіш.!
! !пен !
! ---------------------------------------------------------------------------
1,01-ден
1,05-ке дейін
0,022 1,51-ден
1,55-ке дейін
0,111 1,06-дан 1,10-ға дейін
0,024 1,56-дан 1,60-қа дейін
0,130 1,11-ден 1,15-ке дейін
0,028 1,61-ден 1,65-ке дейін
0,148 1,16-дан 1,20-ға дейін
0,036 1,66-дан 1,70-ке дейін
0,172 1,21-ден 1,25-ке дейін
0,042 1,71-ден 1,75-ке дейін
0,192 1,26-дан 1,30-ға дейін
0,051 1,76-дан 1,80-ге дейін
0,218 1,31-ден 1,35-ке дейін
0,061 1,81-ден 1,85-ке дейін
0,247 1,36-дан 1,40-қа дейін
0,071 1,86-дан 1,90-ға дейін
0,279 1,41-ден 1,45-ке дейін
0,083 1,91-ден 1,95-ке дейін
0,311 1,46-дан 1,50-ге дейін
0,097 1,96-дан 2,00-ге дейін
0,350
--------------------------------------------------------------------------
Тармақ 14
14. Көлік құралдары көлемінің асып кеткені үшін есеп 1 км жол жүру үшін 0,03 айлық есептік көрсеткіште белгіленеді.
📌 ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.26. N 1125 қаулысымен.
Тармақ 15
15. Маршрутты келісу маршрутының әрбір 100 км үшін 2,2 айлық есептік көрсеткіште құрайтын тарифпен белгіленеді.
📌 ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.26. N 1125 қаулысымен.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы жолдары бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты отандық тасымалдаушылардың жүріп өтуі үшін алымның ставкасы 0,5 төмендету коэффициентін қолдану арқылы есептеледі.
Тарау 5. 5. Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының Қазақстан Республикасы қалаларының аумағы бойынша жүруі үшін алымның есебі
5. Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының Қазақстан Республикасы қалаларының аумағы бойынша жүруі үшін алымның есебі
Тармақ 17
17. Маршруттағы көпірлерден немесе жол өткелдерінен өткен кезде рұқсат етілген жалпы салмақтан асқаны үшін есеп әрқайсысы бойынша жалпы нақты салмақтың рұқсат етілген салмақтан асқан 1 тоннасы үшін 0,1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алынады.
📌 ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.26. N 1125 қаулысымен.
Тармақ 18
18. Қала жолдарының рұқсат етілген жол конструкцияларынан (РБ) нақтылы білік жүктемесінен (НБ) асқаны үшін есеп әрбір артық тиелген әр дара, қосарланған, үш қосарлы біліктер үшін 3-кесте бойынша алынады және тарифтерді НБ/РБ-ға қарай тасымал қашықтығына көбейту арқылы айқындалады.
📌 ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.05.26. N 643 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-кесте жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.07.26. N 1125 қаулысымен.
3-кесте
---------------------------------------------------------------------------
Нақты білік !Рұқсат ! Нақты білік !Рұқсат жүктемесінің
!етілген ! жүктемесінің !етілген рұқсат етілген !жүктемеден!
рұқсат етілген !жүктемеден жүктемеге !асатын ! жүктемеге
!асатын арақатынасы (НБ/РБ) !жүктемемен
! арақатынасы (НБ/РБ) !жүктемемен !қалалық !
!қалалық !жолдың 1 ! !жолдың 1 !км бойынша! !км бойынша !әрбір бі. !
!әрбір біліктің !ліктің жү.! !жүріп өтуі !ріп өтуі ! !үшін тариф, !үшін та. !
!айлық есептік !риф, айлық! !көрсеткішпен !есептік !
! !көрсеткіш.! ! !пен ! !
---------------------------------------------------------------------------
1,01-ден 1,05-ке дейін
0,063 1,51-ден 1,55-ке дейін
0,677 1,06-дан 1,10-ға дейін
0,083 1,56-дан 1,60-ка дейін
0,820 1,11-ден 1,15-ке дейін
0,109 1,61-ден 1,65-ке дейін
0,990 1,16-дан 1,20-ға дейін
0,141 1,66-дан 1,70-ке дейін
1,186 1,21-ден 1,25-ке дейін
0,182 1,71-ден 1,75-ке дейін
1,417 1,26-дан 1,30-ға дейін
0,230 1,76-дан 1,80-ге дейін
1,681 1,31-ден 1,35-ке дейін
0,291 1,81-ден 1,85-ке дейін
1,986 1,36-дан 1,40-қа дейін
0,364 1,86-дан 1,90-ға дейін
2,336 1,41-ден 1,45-ке дейін
0,451 1,91-ден 1,95-ке дейін
2,736 1,46-дан 1,50-ге дейін
0,554 1,96-дан 2,00-ге дейін 3,191
--------------------------------------------------------------------------
Тармақ 19
19. Көлік құралдарының көлемінен асуының есебі қалалық жолдар бойынша
1 км жол жүру үшін 0,1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алынады.
📌 ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.26. N 1125 қаулысымен.
Тармақ 20
20. Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының қалалардың аумағы бойынша жүріп өтуіне маршрутты келісу 5 айлық есептік көрсеткіш құрайтын тарифпен белгіленеді.
📌 ЕСКЕРТУ. 20-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.26. N 1125 қаулысымен.
Тармақ 21
21. Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының Қазақстан Республикасы қалаларының аумағы бойынша жүріп өтуі үшін алымның ставкасы отандық тасымалдаушылар үшін 0,5 төмендету коэффициентін қолдану арқылы есептеледі.
Тарау 6. 6. Алым төлеуді ұйымдастыру
6. Алым төлеуді ұйымдастыру
Тармақ 22
22. Тасымалдаушы алым төлегеннен кейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің органдары белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өту құқығын куәландыратын рұқсаттама, сондай-ақ ірі көлемді және ауыр салмақты автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуіне арнайы рұқсаттамаларды береді. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жол жүру құқығын куәландыратын рұқсаттама төлем жасалғаннан кейін қолма-қол беріледі.
Тармақ 23
23. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуі үшін алынатын қаражат ұлттық валюта - теңгемен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жасау күнгі бағамы бойынша алынады.
Тармақ 24
24. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуі үшін алымдардың уақтылы ұсталуы үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне жүктеледі.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүріп өтуi үшiн алымдардың дұрыс есептелуiн, республикалық бюджетке толық және уақтылы түсуiн бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне жүктеледi.
📌 ЕСКЕРТУ. 24-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.26. N 1125 қаулысымен.
Тармақ 25
25. Үкіметаралық келісімдердің, осы қаулының және автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуінің тәртібін белгілейтін өзге де нормативтік актілердің қағидаларын бұзған отандық және шетелдік тасымалдаушылар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершілікте болады.