О мерах по снижению негативного воздействия физических факторов на здоровье населения области Күшін жойған
Басқа 0
Физикалық факторлардың облыс халқының денсаулығына теріс әсер етуін төмендету жөніндегі шаралар туралы
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II Заңын, «Қазақстан Республикасынының Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 маусымдағы № 878 қаулысын орындау үшін және халықтың денсаулығын сақтау және еңбек етуге, тұрмысқа және оқуға қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының әкімдері қолайсыз физикалық факторлардың (шуылдың, дірілдің, электрлі магнит өрісінің) әсер етуінен халықты қорғаудың жай-күйі туралы мәселені қарасын және олардың халыққа теріс әсер етуін төмендету жөнінде тиісті іс-шаралар бекітсін.
Тармақ 2
2. «Облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ (Қ. Қ. Жолмұхамедов) емдеу-алдын алу ұйымдарында диагностикалық, физиотерапиялық және өзге де ем шараларды өткеру кезінде халыққа, сондай-ақ осы жабдықпен жұмыс істейтін адамдарға физикалық факторлардың зиянды әсер етуін барынша төмендету жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. «Облыстық білім басқармасы» ММ (Н. К. Мухлисов), Ақтөбе қаласы жоғары оқу орындарының басшылары санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің органдарымен және ұйымдарымен бірге санитарлық нормаларға сәйкес оларды электрлі магнит өрісінің әсерінен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында дербес компьютерлермен жұмыс істейтін оқушылардың, студенттердің және оқытушылардың жұмыс орындары мен еңбек ету жағдайларын міндетті түрде аттестаттаудан өткізуді көздесін.
Тармақ 4
4. «Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» ММ (Қ. Ә. Әлжанова), «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті” ММ (Н. Ж. Князов):
кәсіпорындар мен ұйымдардағы, оқу орындарындағы жұмыс орындарын есепке алуға және олардың санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеруге тікелей қатыссын;
алынған материалдардың негізінде, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін ескере келе, қазіргі заманға сай қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, физикалық факторлардың әсерінен қорғанудың іс-шаралар кешенін әзірлесін.
Тармақ 5
5. «Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» ММ (Қ. Ә. Әлжанова), «Облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ (Қ. Қ. Жолмұхамедов), «Облыстық білім басқармасы» ММ (Н. К. Мұхлисов):
денсаулық сақтау, білім беру мекемелерін қолайсыз факторлардың әсерінен қорғаудың құралдарымен қамтамасыз етудің сұранысын анықтасын және олардан алдын алудың 2004-2005 жылдарға арналған іс-шараларын әзірлесін;
алдағы жылға бюджеттік өтінімді енгізу кезінде жоспарды іске асыруға қажетті қаржыны облыстың бюджет комиссиясы белгілеген шекте көздесін.
Тармақ 6
6. «Ақтөбе облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау аумақтық басқармасы» ММ (Б. Р. Өтешов), «Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» ММ (Қ. Ә. Әлжанова):
объектілерді қабылдап алу кезінде халықты физикалық факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға ерекше мән берсін.
Тармақ 7
7. «Ақтөбе облыстық қаржы департаменті» ММ (С. Еңсегенұлы):
2004 жылы жоспарды іске асыру жөніндегі қызметті облыстық бюджетте «Санитарлық эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету» жөніндегі бюджеттік бағдарлама бойынша 2004 жылға арналған қаржы шегінде қаржыландырсын;
2005 жылға арналған облыстық бюджетті түзу кезінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы белгілеген қаржыны, жоспарды іске асыруға бөлу мүмкіндігін қарастырсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалу барысы туралы облыс әкімінің аппаратын жыл сайын 20 желтоқсанға хабардар етсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары I. Өмірзақовқа жүктелсін.