Об утверждении Правил патентно-правовой экспертизы научно-технических проектов, реализуемых с использованием средств (грантов) иностранных и международных организаций Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шетелдік және халықаралық ұйымдардың қаражатын (гранттарын) пайдаланып іске асырылатын ғылыми-техникалық жобаларды патенттік-құқықтық сараптау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі N 712-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 5.3.2.11-тармағын іске асыру мақсатында бұйырамыз:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шетелдік және халықаралық ұйымдардың қаражатын (гранттарын) пайдаланып іске асырылатын ғылыми-техникалық жобаларды патенттік-құқықтық сараптау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Ж.Қ.Асановқа, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі Н.Б.Оңжановқа, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Н.С.Бектұрғановқа, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Ә.Ө.Исекешевке жүктелсін.
Басқа 0. Шетелдік және халықаралық ұйымдардың қаражатын (гранттарын) пайдаланып іске асырылатын ғылыми-техникалық жобаларды патенттік-құқықтық сараптау ережесі
"Шетелдік және халықаралық ұйымдардың қаражатын (гранттарын) пайдаланып іске асырылатын ғылыми- техникалық жобаларды патенттік- құқықтық сараптау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 6 қыркүйектегі N 255 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі N 08-1/206 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі N 708 Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі N 236 бірлескен бұйрығымен бекітілген Шетелдік және халықаралық ұйымдардың қаражатын (гранттарын) пайдаланып іске асырылатын ғылыми-техникалық жобаларды патенттік-құқықтық сараптау ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жеке ережелер
1-тарау. Жеке ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шетелдік және халықаралық ұйымдардың қаражатын (гранттарын) пайдаланып іске асырылатын ғылыми-техникалық жобаларды патенттік-құқықтық сараптау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі N 712-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Ереже шетелдік және халықаралық ұйымдардың қаражатын (гранттарын) пайдаланып іске асырылатын ғылыми-техникалық жобаларға патенттік-құқықтық сараптама жүргізу тәртібін және негізгі қағидаттарын белгілейді.
Тармақ 3
3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) патенттік-құқықтық сараптама - зияткерлік қызмет нәтижелерінің құқықтық қорғалуын Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына сәйкес кешенді талдау;
Тармақша 2
2) грант - грант берушілер мен грант алуға үміткерлер арасындағы шартпен көзделген талаптар қойылып, нақты ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін тегін және қайтарусыз берілетін ақша және өзге мүлік;
Тармақша 3
3) грант туралы шарт - грант берушілер мен грант алушылар арасында нақты ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін тегін және қайтарусыз ақша және өзге мүлік беру туралы жасалған шарт (келісім);
Тармақша 4
4) грант беруші - грант туралы жасалған шартқа сәйкес грант беретін халықаралық және шетелдік ұйымдар;
Тармақша 5
5) грант алушы - грант туралы жасалған шартқа сәйкес грант алушы және оны иеленетін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары;
Тармақша 6
6) ғылыми-техникалық жоба - жоспарланатын жұмыстардың мақсаты мен міндеттерін, өзектілігін, жаңалығын, ғылыми-практикалық маңыздылығы мен тиімділігін негіздей отырып, ғылыми, ғылыми-техникалық, ғылыми-білім беру, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулер болып табылатын болжамды ғылыми-техникалық еңбектің мазмұнын қамтитын құжат;
Тармақша 7
7) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері (бұдан әрі- ҒТҚН) - ғылыми-техникалық жобаны орындау процесінде алынған зияткерлік меншікті қамтитын нәтижелер, инженерлік және жобалау-конструкторлық қызметтің нәтижелері;
Тармақша 8
8) сарапшы - бұл зияткерлік меншік саласында арнайы білімі бар тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Шетелдік және халықаралық ұйымдардың қаражатын (гранттарын) пайдаланып іске асырылатын ғылыми-техникалық жобалардың патенттік-құқықтық сараптамасын жүргізу
2-тарау. Шетелдік және халықаралық ұйымдардың қаражатын (гранттарын) пайдаланып іске асырылатын ғылыми-техникалық жобалардың патенттік-құқықтық сараптамасын жүргізу
Тармақ 4
4. Сараптаманы грант алуға үміткер жүргізеді. Грант алуға үміткер сараптама жүргізу үшін зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында уәкілетті органның сарапшылық ұйымына жолдануы мүмкін.
Тармақ 5
5. Грант берушінің қаражатын (гранттарын) пайдаланып іске асырылатын ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру барысында немесе/және нәтижесінде жасалған зияткерлік меншіктің құқықтық қорғалуы туралы қорытынды алу үшін объективті және кешенді талдау жүргізу сараптаманың негізгі міндеттері болып табылады.
Тармақ 6
6. Сараптама жасау патенттік-құқықтық сараптаманы жүйелі ұйымдастыру, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету және патенттік-құқықтық сараптама процесіне қатысушылардың тәуелсіздігі принциптеріне негізделеді.
Тармақ 7
7. Сараптама екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең - ғылыми-техникалық жобаны сараптау; екінші кезең - грант бойынша орындалған жұмыс туралы есепті сараптау және ғылыми-техникалық жоба сараптамасының қорытындысын құжаттамалық ресімдеу.
Тарау 3. 3-тарау. Сараптаманың бірінші кезеңі
3-тарау. Сараптаманың бірінші кезеңі
Тармақ 8
8. Сараптаманың бірінші кезеңі грант алар алдында жүргізіледі және мынадай үш негізгі кезеңді қамтиды:
Тармақша 1
1) ғылыми-техникалық жобаны талдау;
Тармақша 2
2) патенттік зерттеулерді жүргізу;
Тармақша 3
3) грант алуға үміткердің грант туралы шарт жасасқанға дейінгі кезеңде грант тақырыбы бойынша ұсынған алдыңғы ҒТҚН-ға құқықтары туралы қорытынды.
Тармақ 9
9. Ғылыми-техникалық жобаны талдау кезінде мыналар анықталады:
Тармақша 1
1) жобаның мақсаттары мен міндеттері;
Тармақша 2
2) жобаның негізгі бағыттары;
Тармақша 3
3) техникалық деңгейі және басқалар.
Тармақ 10
10. Егер грант алуға үміткер мемлекеттік ұйым болып табылса не ҒТҚН әзірлеуге мемлекеттік ұйым қатысса, патенттік зерттеулерді грант алушы органның уәкілетті органы бекітуі тиіс.
Тармақ 11
11. Алдыңғы ҒТҚН-ға құқықтар туралы қорытынды:
Тармақша 1
1) өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге, пайдалы модельдерге және қорғау құжаттарымен қорғалмаған ҒТҚН-ға құқықтарды қоса алғанда, өнеркәсіптік меншік объектілеріне;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғау құжаттары алынуы мүмкін болатын ҒТҚН-ға;
Тармақша 3
3) өндіріс құпиясын құрайтын техникалық, ұйымдық немесе коммерциялық ақпарат болып табылатын ҒТҚН-ға ғылыми-техникалық жобаны орындау бойынша жұмыстардың басталуы алдындағы ҒТҚН-ға құқықтардың болуы туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Тармақ 12
12. Сараптаманың бірінші кезеңі аяқталысымен сарапшы мына ақпаратты:
Тармақша 1
1) ғылыми-техникалық жобаның атауын;
Тармақша 2
2) грант алуға үміткердің атауын және деректемелерін;
Тармақша 3
3) грант берушінің атауын және деректемелерін;
Тармақша 4
4) ғылыми-техникалық жобаның талдамасын;
Тармақша 5
5) патенттік зерттеулердің нәтижелерін;
Тармақша 6
6) грант алуға үміткердің грант тақырыбы бойынша грант туралы шарт жасасқанға дейінгі кезеңде алған алдыңғы ҒТҚН-ға құқықтары туралы қорытындыны;
Тармақша 7
7) ғылыми-техникалық жобаны іске асыру мерзімі мен уақытын көрсете отырып, ұсынылған құжаттардың заңдар мен осы Ереженің талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.
Тармақ 13
13. Грант алуға үміткер, қажет болса өзінің уәкілетті органына сараптама қорытындысын бере алады.
Тарау 4. 4-тарау. Патенттік-құқықтық сараптаманың екінші кезеңі
4-тарау. Патенттік-құқықтық сараптаманың екінші кезеңі
Тармақ 14
14. Грант бойынша жоба бағдарламасын орындау аяқталғаннан кейін грант алушы ғылыми-техникалық жоба бойынша орындалған жұмыстар туралы есепке сараптама жасайды.
Тармақ 15
15. Сараптаманың екінші кезеңі мынадай төрт кезеңді қамтиды:
Тармақша 1
1) патенттік зерттеулерді талдау;
Тармақша 2
2) грант алушы грант туралы шарт жасалғанға дейінгі кезеңде алдыңғы ҒТҚН-ға грант тақырыбы бойынша алған құқықтары туралы қорытындыларды талдау;
Тармақша 3
3) Грант бойынша жұмыстарды орындау кезінде алынған ҒТҚН-ға құқықтар туралы қорытындылар;
Тармақша 4
4) ғылыми-техникалық сараптама қорытындыларын талдау.
Тармақ 16
16. Грант алушы грант туралы жасалған шартқа сәйкес ғылыми-техникалық жоба бойынша жұмыстарды орындау кезінде ҒТҚН-ға алынған құқықтары туралы қорытындыны ұсынады. Қорытынды:
Тармақша 1
1) өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге, пайдалы модельдерге және қорғау құжаттарымен қорғалмаған ҒТҚН-ға құқықтарды қоса алғанда өнеркәсіптік меншік объектілеріне;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғау құжаттары алынуы мүмкін болатын ҒТҚН-ға ғылыми-техникалық жобаны орындау кезінде алынған зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Тармақ 17
17. Қорытынды ҒТҚН-да мемлекеттік құпияны немесе өндіріс құпиясын құрайтын техникалық, ұйымдық немесе коммерциялық ақпарат болып табылатын мәліметтердің бар-жоғы туралы мәліметті қамтуы тиіс.
Тармақ 18
18. Сараптаманың нәтижелері эксперттік қорытынды түрінде құжаттамамен ресімделеді.
Тармақ 19
19. Ұсынылған материалдардың Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ереженің талаптарына сәйкестігі туралы сараптаманың қорытындысы мынадай ақпаратты:
Тармақша 1
1) ғылыми-техникалық жобаның атауын;
Тармақша 2
2) грант алушының атауын және деректемелерін;
Тармақша 3
3) грант берушінің атауын және деректемелерін;
Тармақша 4
4) грант алушы жүргізген патенттік зерттеулердің талдамасын;
Тармақша 5
5) грант алушының грант тақырыбы бойынша грант туралы шарт жасасқанға дейінгі кезеңде алған алдыңғы ҒТҚН-ға құқықтары туралы қорытындының талдамасын;
Тармақша 6
6) грант бойынша жұмыстарды орындау кезінде ҒТҚН-ға алынған құқықтар туралы қорытындыны;
Тармақша 7
7) ғылыми-техникалық жобаны іске асыру мерзімі мен уақытын;
Тармақша 8
8) ғылыми-техникалық жобаны орындау процесінде алынған ҒТҚН-ны құқықтық қорғау туралы мәліметтерді;
Тармақша 9
9) ҒТҚН-да мемлекеттік құпияны немесе грант алушының уәкілетті органының өндіріс құпиясын құрайтын техникалық, ұйымдық немесе коммерциялық ақпарат болып табылатын мәліметтердің бар-жоғы туралы мәліметтерді қамтиды.