Об утверждении Правил ведения Национального каталога товаров, а также регистрации товаров в нем Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу қағидалары бекітітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Цифрлық трансформация және тауарларды таңбалау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Басқа 0. Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 232-НҚ бұйрығымен бекітілген Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлға (филиал және өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
Тармақша 2
2) жаһандық сәйкестендіру нөмірі (Global Trade Item Number, бұдан әрі – GTIN) – тауар тобын әлемдік экономикалық кеңістікте бір мәнді сәйкестендіру мақсатында оған GS1 логистикалық бірліктерді есепке алуды стандарттау және штрихтық кодтау саласындағы халықаралық ұйымның ұлттық (өңірлік) бөлімшесі осы ұйымның GS1 стандарттарына сәйкес беретін және Тауарлардың ұлттық каталогында тауар коды ретінде пайдаланылатын нөмір;
Тармақша 3
3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
Тармақша 4
4) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет болып табылатын мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;
Тармақша 5
5) өлшем бірліктері мен шоттардың мемлекетаралық сыныптауышының өлшем бірлігінің коды (бұдан әрі – ӨБМС коды) – өлшем бірліктерінің әрбір тобында кодтар резервін бөле отырып, сериялық-реттік кодтау жүйесі бойынша берілген үш таңбалы цифрлық ондық код;
Тармақша 6
6) сәйкестендіру коды – сауда қызметінде бір мәнді сәйкестендіру мақсатында тауарлардың түрлеріне берілетін және Тауарлардың ұлттық каталогында қамтылатын штрих-код түрінде ұсынылған машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей реттілігі;
Тармақша 7
7) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнімі;
Тармақша 8
8) Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы – Тауарлардың ұлттық каталогын әзірлеуді, жүргізуді және өзектілендіруді қоса алғанда, тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, сүйемелдеуді және пайдалануда қолдауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
Тармақша 9
9) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы – техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің сыныптау топтарының кодтары мен атауларының жиынтығын жүйелеу жолымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сыныптаудағы біріздендірудің бірыңғай жүйесін қамтамасыз ететін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауышы;
Тармақша 10
10) Тауарлардың ұлттық каталогы – тауарлар туралы деректердің ұлттық тіркелімі, сондай-ақ тауарлар номенклатурасының бірыңғай көзі болып табылатын және сауда қызметінде тауарлардың анықтамалығы ретінде пайдалануға міндетті «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісі;
Тармақша 11
11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
Тармақша 12
12) GS1 – логистикалық бірліктерді есепке алуды стандарттау және штрих-кодтау саласындағы халықаралық ұйым.
Тармақ 3
3. Тауарлардың ұлттық каталогын сауда қызметі субъектілері сәйкестендіру коды арқылы тауарды сәйкестендіру үшін тауарлардың бірыңғай анықтамалығы ретінде пайдаланады. Сәйкестендіру коды Қазақстан Республикасының аумағында тауар айналымының барлық кезеңдерінде (өндіру, әкелу, сақтау, орнын ауыстыру, өткізу, тұтыну), ақпараттық жүйелерде тауарлардың есебін жүргізу, бақылау-кассалық машиналарды қолдана отырып тауарлардың айналымы мен өткізілуін жүзеге асыру кезінде, өнімнің сәйкестігін бағалау, электрондық шот-фактураларды, кедендік декларацияларды ресімдеу кезінде және тауарлардың қадағалануын қамтамасыз ету талап етілетін барлық процестер кезінде қолданылады.
Тармақ 4
4. Тауарларды тіркеу, тауардың бірыңғай атауы мен сәйкестендіру кодының болуын қамтамасыз ету мақсатында сауда қызметі субъектілеріне және өзге де тұлғаларға Тауарлардың ұлттық каталогының интернет-ресурсында электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі ұсынылады. Тауарлардың ұлттық каталогын тауарлардың анықтамалығы ретінде пайдалану үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерін Тауарлардың ұлттық каталогымен интеграциялайды.
Тарау 2. 2-тарау. Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу тәртібі
2-тарау. Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу тәртібі
Тармақ 5
5. Тауарлардың ұлттық каталогы мыналар:
Тармақша 1
1) тауарларды импорттаушылар мен өндірушілер;
Тармақша 2
2) өз бастамасы бойынша сауда қызметінің басқа да субъектілері;
Тармақша 3
3) 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және айналыста болған тауарларға қатысты Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы ұсынатын тауарлар туралы мәліметтер негізінде қалыптастырылады.
Тармақ 6
6. Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу мынадай іс-шараларды қамтиды:
Тармақша 1
1) тауарды осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мәліметтерді ескере отырып тіркеу;
Тармақша 2
2) тауар туралы мәліметтерді модерациялау (верификациялау), оң нәтиже болған жағдайда тауарға біріздендірілген атау мен бірегей сәйкестендіру кодын беру орындалады;
Тармақша 3
3) тауарлар (өнімдер) және оның тұтыну сипаттамалары туралы мәліметтерді өзектілендіру.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор Тауарлардың ұлттық каталогын өзектілендіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін технологиялық үзілістер жағдайларын қоспағанда, Тауарлардың ұлттық каталогының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Тауарлардың ұлттық каталогы электрондық нысанда, қазақ және орыс тілдерінде және тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышын ескере отырып жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Тауарлардың ұлттық каталогында тіркелуге жататын тауар туралы мәліметтер мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) тауар туралы жалпы ақпарат (атауы, сыныпталуы, тауар белгісі, шыққан елі, өндірушісі);
Тармақша 2
2) өлшенетін параметрлер (сызықтық өлшемдер, масса, құрам) ;
Тармақша 3
3) тауар дайындалған стандарттау жөніндегі құжаттар туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) сәйкестікті міндетті бағалауға жататын тауарларға қатысты сәйкестікті бағалау туралы құжаттар (сауда айналымындағы тауарлар үшін);
Тармақша 5
5) тауардың сыртқы түрін (суретін) бейнелеуге арналған графикалық материалдар. Тауарлардың ұлттық каталогында тіркелуге жататын тауар туралы қосымша мәліметтер Қазақстан Республикасының СТ ҚР 3833-2023 «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сәйкестендіру және кодтау тәртібі. Негізгі ережелер» ұлттық стандартымен, сондай-ақ өнімге арналған техникалық регламенттермен және стандарттау құжаттарымен айқындалады.
Тармақ 9
9. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген және айналыста болған тауарлар туралы мәліметтерді жинауды, тауарлар туралы жаңа карточкаларды тіркеуді, тауар карточкасында қамтылған және Тауарлардың ұлттық каталогында жарияланған мәліметтердің өзектілігін, тауар туралы мәліметтерді модерациялауды (верификациялауды), сондай-ақ сауда қызметі субъектілеріне техникалық қолдау көрсетуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор сауда қызметі субъектілеріне Тауарлардың ұлттық каталогында тіркелген тауарлар туралы мәліметтерге, оның ішінде:
Тармақша 1
1) тауардың қазақ және орыс тілдеріндегі толық атауы;
Тармақша 2
2) тауардың қазақ және орыс тілдеріндегі біріздендірілген атауы;
Тармақша 3
3) тауардың сәйкестендіру коды;
Тармақша 4
4) өлшем бірлігі (ӨБМС коды);
Тармақша 5
5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының белгісі;
Тармақша 6
6) таңбалау белгісі;
Тармақша 7
7) шыққан елі;
Тармақша 8
8) өндіруші туралы мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығымен бекітілген «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларында, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерде белгіленген тәртіппен тауарлардың Ұлттық каталогын сүйемелдеуді, дамытуды жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13282 тіркелген). Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың Тауарлардың ұлттық каталогын толтыруы Тауарлардың ұлттық каталогында тіркелген тауарлар туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін талап етілетін ақпаратпен толықтыру жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор сауда қызметі субъектілеріне Тауарлардың ұлттық каталогында тауарлардың тіркелуінің болуын тексеру жөніндегі Тауарлардың ұлттық каталогы сервисіне қолжетімділікті ұсынады.
Тармақ 13
13. Егер тауар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда сауда айналымынан алынса, онда тауар карточкасы осы мәртебеге ауыстырудың себебі мен күнін белгілей отырып, мұрағаттық күйге өтеді. Тауар карточкасын мұрағаттық күйге ауыстыруды мемлекеттік органның тиісті хабарламасы не тауар өндірушінің немесе тауарды белгілеген тауар белгісі иесінің өтініші негізінде, Тауарлардың ұлттық каталогына мұрағаттау белгісін міндетті түрде бере отырып, Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы орындайды.
Тарау 3. 3-тарау. Тауарлардың ұлттық каталогында тауарларды тіркеу тәртібі
3-тарау. Тауарлардың ұлттық каталогында тауарларды тіркеу тәртібі
Тармақ 14
14. Тауарлардың ұлттық каталогында тауарларды тіркеу Тауарлардың ұлттық каталогының интернет-ресурсында немесе Тауарлардың ұлттық каталогымен интеграцияланған сауда қызметі субъектісінің ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Егер Тауарлардың ұлттық каталогында тауар туралы мәлімет болмаса, ол Тауарлардың ұлттық каталогында тіркеледі.
Тармақ 16
16. Тауарлардың ұлттық каталогында тауарларды тіркеу үшін сауда қызметі субъектілері алдымен заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің бірінші басшысының ЭЦҚ қойылған мынадай мәліметтерді ұсыну арқылы Тауарлардың ұлттық каталогында өздерін тіркеу рәсімінен өтеді:
Тармақша 1
1) сауда қызметі субъектісінің ЖСН немесе БСН. Қазақстан Республикасының бейрезидентінде ЖСН немесе БСН болмаған жағдайда – бейрезидент инкорпорациясының елінде салықтық тіркеу нөмірі немесе оның баламасы (бар болған жағдайда);
Тармақша 2
2) сауда қызметі субъектісінің атауы;
Тармақша 3
3) жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
Тармақша 4
4) сауда қызметі субъектісінің электрондық поштасының мекенжайы;
Тармақша 5
5) байланыс телефон нөмірі;
Тармақша 6
6) сауда қызметі субъектісінің типі. Шетелдік тауар өндірушілер шетелдік өндірушіні Тауарлардың ұлттық каталогында тіркеуге нотариалды куәландырылған сенімхаты бар Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының өтінімдері негізінде Тауарлардың ұлттық каталогында тіркеледі.
Тармақ 17
17. Сауда қызметі субъектілері өздерінің атынан Тауарлардың ұлттық каталогында тауарлар туралы мәліметтерді ұсынуға, сұратуға немесе редакциялауға құқығы бар уәкілетті тұлғалар туралы ақпаратты көрсетеді. Мұндай құқық берілген уәкілетті тұлғалар Тауарлардың ұлттық каталогының жеке кабинетінде өздерінің ЭЦҚ арқылы тіркеледі және авторландырудан өтеді.
Тармақ 18
18. Тауарлардың ұлттық каталогында тауарларды тіркеу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) стандартты өтінім;
Тармақша 2
2) шаблон-файл (топтама жүктеу).
Тармақ 19
19. Стандартты өтінім арқылы тауарды тіркеу үшін сауда қызметі субъектісі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы бойынша тауар санатын таңдайды, тауар туралы міндетті мәліметтерді толтырады, Тауарлардың ұлттық каталогына кірістірілген жасанды интеллектті пайдалана отырып өтінімді алдын ала тексеруден өткізеді және өтінімді модерацияға жібереді.
Тармақ 20
20. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы Тауарлардың ұлттық каталогында тауарды тіркеуге өтінімді модерациялау процесінде осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тауар туралы мәліметтердің толықтығын мына мерзімдерде:
Тармақша 1
1) тауарды саудада қолдану үшін – өтінім берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
Тармақша 2
2) тауарды реттелетін мемлекеттік сатып алуларда қолдану үшін – өтінім берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тексереді.
Тармақ 21
21. Егер тауар Тауарлардың ұлттық каталогында тіркелген болса немесе осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тауар туралы толық емес немесе анық емес мәліметтер ұсынылған кезде тауарларды ұлттық каталогта тіркеуден бас тартылады.
Тармақ 22
22. Тауарды тіркеуден бас тартуға негіз болмаған жағдайда, осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін Тауарлардың ұлттық каталогында тауарды тіркеуге өтінім тауарға одан әрі қолдану үшін қолжетімді біріздендірілген атау мен сәйкестендіру коды беріле отырып, Тауарлардың ұлттық каталогында жарияланады. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тауар туралы толық емес немесе анық емес мәліметтерді ұсыну себебінен Тауарлардың ұлттық каталогында тауарды тіркеуден бас тартқан кезде тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы саудада қолдануға арналған тауарларға қатысты анықталған сәйкессіздіктерді жою мерзімдерін белгілей отырып, тауар туралы мәліметтер қандай талаптарға сәйкес келмейтінін субъектіге хабарлайды – 3 (үш) жұмыс күні және Мемлекеттік сатып алуда қолдануға арналған тауарларға қатысты-10 (он) жұмыс күні.
Тармақ 23
23. Сауда қызметінің субъектісі тауар туралы жетіспейтін мәліметтерді енгізеді немесе модерация кезеңінде туындаған өтінімге басқа ескертулерді жояды және Тауарлардың ұлттық каталогында тауарды тіркеуге өтінімді қайта жібереді. Ескертулер жойылмаған жағдайда, тауарды тіркеуге өтінім қабылданбайды. Ескертулер жойылғаннан кейін, тауарды тіркеуге өтінім тауарлардың ұлттық каталогында жарияланады, одан әрі қолдану үшін қол жетімді тауардың бірыңғай атауы мен сәйкестендіру коды беріледі. Тауарды тіркеуден бас тартумен келіспеген жағдайда сауда қызметінің субъектісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексының 91-бабына сәйкес Тауарларды таңабалау мен қадағалаудың бірыңғай операторының шешіміне шағымдануына құқылы.
Тармақ 24
24. Тауарлардың ұлттық каталогында тауарды шаблон-файл (топтама жүктеу) арқылы тіркеу үшін сауда қызметі субъектісі Тауарлардың ұлттық каталогының жеке кабинетінде шаблон-файлды жүктеп алады, шаблон-файлда тауар туралы міндетті мәліметтерді толтырады және толтыру аяқталғаннан кейін шаблон-файл автоматты режимде модерацияға жіберіледі. Тауарлардың ұлттық каталогында тауарды тіркеуге өтінімді модерациялау және тексеру нәтижелерін беру шаблон-файл (топтама жүктеу) пайдаланылған жағдайда осы Қағидалардың 20 және 22-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Бір тауарға бір уақытта екі немесе одан көп сәйкестендіру кодын беруге жол берілмейді.
Тармақ 26
26. Тауарлардың ұлттық каталогында тіркелген тауардың сапасы мен қауіпсіздігіне әсер ететін сипаттамалары мен қасиеттеріне қатысты болмаса, олардың атауын, қаптама дизайнын, кескінін өзгертуге, грамматикалық қателерін түзетуге және тауар туралы өзге де мәліметтерді өзгертуге жол беріледі. Мұндай жағдайда көрсетілген өзгерістерді Тауарлардың ұлттық каталогында жарияланған тауар карточкасына тауарды өндіруші немесе тауар белгіленген тауар белгісінің иесі енгізеді.
Тармақ 27
27. Тауарлардың ұлттық каталогында тіркелген тауардың сапасы мен (немесе) қауіпсіздігіне әсер ететін құрамды және (немесе) сипаттамаларды қозғайтын өзгерістер жаңа сәйкестендіру коды беріле отырып, тауарды жаңадан тіркеуді талап етеді.
Тармақ 28
28. Егер Тауарлардың ұлттық каталогында тіркелген отандық тауар экспортқа арналған болса, онда өндіруші алынған GTIN ескере отырып, Тауарлардың ұлттық каталогында тауар туралы мәліметтердің құрамына өзгерістер енгізеді.