Об образовании консультативно-совещательного органа «Координационно-методический Совет по правовому всеобучу» Күшін жойған
Басқа 0
«Құқыктык жалпы оку жөніндер үйлестіру-әдістемелік Кеңесі» консультативтік-кеңестік органды құру туралы
Қазақстан Рсспубликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» №148-ІІ Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстап Республикасындағы құқықтық жалпы оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» №2347 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құқықтық жалпы оқу туралы Ережесі, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 05 мамырдағы №625 қаулысымен бекітілген мемлекеттік басқару оргаңдарының және оларға қарасты кәсіпорындардың, мекемелердің заң қызметі туралы Ережесі негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Құқықтық білімді насихаттау, заңды құрметтеу дәстүрлерін калыптастыру, халықтың құқықтық ақпараттандырылуы мен құқықтық мәдениетін арттыру және экономикалық бағдарламаларды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін күшейту мақсаттарында «Құқықтық жалпы оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік Кеңесі» аудандық консультативтік-кеңестік органы құрылсын.
Тармақ 2
2. «Құқықтық жалпы оқу жөніңдегі үйлестіру-әдістемелік Кеңесі туралы Ереже» бекітілсін (Қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Ахметжановқа жүктелсін.
Басқа 4. «Құқықтық жалпы оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік Кеңесі» туралы Ереже
«Құкықтық жалпы оқу жөніндегі
үйлестіру-әдістемелік Кеңесі»
консультативтік-кеңестік
органды құру туралы»
аудан әкімдігінің
2004 жылғы «12» тамыздағы
№ 181 қаулысымен бекітілді
«Құқықтық жалпы оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік Кеңесі» туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 4
Осы ереже құқықтық жалпы оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік Кеңесі қызметінің міндеттерін, құзыретін және ережелерін белгілейді және аудан әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
Құқықтық жалпы оқу жөніндегі Үйлестіру-әдістемелік Кеңес (одан әрі - Кеңес) консультативтік-кеңестік орган болып табылады, заңды құрметтеу дәстүрлерін қалыптастыру, азаматттардың құқықтық мәдениетін арттыру және құқықтық білімді насихаттау оның құрылу және қызметінің мақсаттары болып табылады.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттері және функциялары
2. Негізгі міндеттері және функциялары
Тармақ 1
1. Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін Кеңеске мынадай міндеттер жүктеледі:
құқықтық білім мектептерін ұйымдастыру арқылы мемлекеттік органдардың және оларға қарасты ұйымдардың басшыларын және мамандарын құқықтық оқуын қамтамасыз ету;
азаматтардың құқықтық тәрбиесі және бұқаралық құқықтық насихатты ұйымдастыру жөніндегі жұмысты кеңінен ашуға барлық күшпен жәрдемдесу жолымен құқықтық жалпы оқуды ұйымдастыру;
азаматтардың құқықтық тәрбиесі және құқықтық жалпы оқуы, құқықтық насихат жөнінде мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру;
құқықтық жалпы оқу, құқықтық тәрбие және құқықтық насихатты жүзеге асыруда бұқаралык ақпарат құралдарын кеңінен пайдалануды ұйымдастыру;
ауданның жалпы білім беретін мектептерінде құқык негізінен сабак, беруге әдістемелік, консулътативтік және дәрістік көмек көрсету;
құқықтық білім мектептердің жұмысына әдістемелік жетекшілікті жүзеге асыру жәпе әдістемелік, консультативтік жәпе дәрістік көмск көрсету;
Тармақ 2
2. Өзіне жүктелгсп міндеттерді іске асыру мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
жергілікті атқару органдардың және оларға қарасты кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің құқықтық жалпы оқуды өткізу жөнінде бірлескен іс-шаралар жоспарларын әзірлейді;
құқықтық білім мектептеріне жетекшілік жасайды және олардың жұмыстарын зерттейді, құқықтық білім мектептердің жұмыс жоспарларын бекітеді;
аудан, қала, селолық округтер әкімдері аппараттарында және оларға қарасты мемлекеттік ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда құқықтық жалпы оқу жағдайын зерттейді. Құқықтық білім мектептерінің жұмысы туралы басшылараның мәліметтерін тыңдайды;
құқыктық жалпы оқуды жақсарту жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлейді;
баспасөзде құқықтык насихаттың жағдайын зерттейді, аудандық газеттің редакциясымен келісіп, құқықтық тақырыптарға жарияланымдар жоспарларын әзірлейді;
халықтың құқықтық тәрбиесін жақсартуға бағытталған ұйымдық іс-шараларды (онкүндіктерді, білім насихаттау айлықтарды, конкурстарды, т.б.) әзірлейді және олардың дайындығын тікелей Кеңеспен немесе мемлекеттік атқару органдары, құқықтық білім мектептері арқылы жүзеге асырады;
қолданыстағы заңнаманы түсіндіру және насихаттау жөнінде іс-шаралар әзірлейді;
аудандағы құқықтық тәрбие жағдайын, оқу мекемелерінде құқық негізінен сабақ берудің саналық деңгейін зерттейді және осы жұмысты жетілдіру бойынша ұсынымдар береді;
құқықтық жалпы оқу, тәжірибе алмастыру және аттестациялау жөніндегі кеңестерді, ғылыми техникалық конференцияларды откізудің жоспарларын әзірлеуге қатысады;
Кеңес мүшелерінің өздерінің ведомстволары бойынша откізіліп жатқан құқықтык тәрбие және құқықтық білімді тарату жөніндегі іс-шаралар туралы және жүргізілген құқықты түсіндіру жұмысы туралы және Кеңесін ұсыныстары мен ұсынымдарының орындалуы туралы ақпараттарын тыңдайды;
кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде дәрістік жұмыс жүргізеді;
жүктелген міндеттерді тікелей Кеңестің күшімен қажетті іс-шаралар өткізу жолымен де, құқықтық білім мектептері арқылы да орындайды.
Тарау 3. 3. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
3. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 3
3. Кеңес мәжілістері қажетіне қарай откізіледі, бірақ кем дегенде құрамының жартысының қатысуымен тоқсанда бір реттен кем емес. Кеңес мәжілістерінде өз қызметінің негізгі міндеттерін қарастырады, құқықтық білім мектептері басшыларының құқықтык жалпы оқу жағдайы туралы мәліметтерін тыңдайды, әдістемелік ұсынымдар береді, Кеңестің және құқықтық білім мектептерінің жұмыс жоспарларын бекітеді, Кеңес мүшелері арасында міндет атқаруды бөледі.
Тармақ 4
4. Кеңеске жетекшілік жасау аудан әкіміне жүктеледі және ол Кеңестің төрағасы болып табылады. Кеңес төрғасының уақытша жоқ кезінде оның міндеттерін Кеңес төрғасының орынбасары атқарады.
Тармақ 5
5. Дербес құрамы аудан әкімінің ұсынысы негізінде мәслихат сессиясында тағайындалады.
Тармақ 6
6. Кеңес төрағасы Кеңестің жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеге сәйкес Кеңестің мәжілістеріне жетешілік жасайды, мәжілісте қаралуға жататын мәселелер шегін белгілейді, Кеңес мушелері мен хатшыға тапсырыстар береді, Кеңес ұсынымдарын әзірлеу және іске асыру тәртібін орнатады, оларды іске асыруға шаралар қабылдайды және оның ұсынымы бойынша қабылданған шешімдер туралы Кеңесті хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Кеңес хатшысы Кеңес мәжілістеріне құжаттардың дайындалуын қамтамасыз етеді, Кеңестің жұмыс жоспарын орындалуына және Кеңес шешімдерінің іске асырылуына бақылау жасайды, мәжілістердің хаттамасын жүргізеді.
Тармақ 8
8. Кеңес мушелері тиісті ұсынымдар талқылауға және әзірлеуге, іс-шараларды іске асыруға қатысады, кейбір мәселелерді қарастыруға тиісті мамандықтары бар Кеңестің мүшелерінен жұмыс топтары, секциялар құрылады, Кеңес торағасының тапсырысы бойынша Кеңес мүшелері жеке мәселелер бойынша жазбаша түрде қорытындылар береді.
Тармақ 9
9. Кеңес жұмысы Кеңес мәжілісінде бекітілген жылдық жоспарларға сәйкес жүргізіледі. Жоспарда Кеңес мәжілісінде қарастырылуға жататын мәселелер, олардың дайындығына жауапты тұлғалар, әдістемелік және үйлестіру сипаттағы іс-шаралар белгіленеді.
Тармақ 10
10. Кеңес мәжілістерінде талқыланатын мәселелер көрсетілген хаттама жүргізіледі. Хаттамаға Кеңес төрағасы, хатшысы қол қояды.
Тармақ 11
11. Кеңес мәжілістеріне қатысу үшін Кеңес мүшесі болып табылмайтын құкық жүргізу маманы және білімнің басқа салаларының мамандары шақырылу мүмкін.