Об учреждении грантов «Лучший учитель казахского языка и литературы» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақ тілі мен әдебиеттің үздік мұғалімі» гранттарын тағайындау туралы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 07 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген 2001-2010 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамытудаң Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Қазақ тілі мен әдебиеттің үздік мұғалімдеріне гранттар тағайындау туралы» 2004 жылғы 26 қаңтардағы №14 қаулысын орындау үшін, қазақ тілі мен әдебиеттің мұғалімдерін материалдық ынталандыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақ тілі мен әдебиеттің үздік мұғалімі» гранты тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Бекітілсін: «Қазақ тілі мен әдебиеттің үздік мұғалімі» гранттарын беру тәртібі туралы Ереже (әрі қарай – «гранттар»); гранттарды беру жөніндегі комиссияның құрамы.
Тармақ 3
3. Аудандық қаржы басқармасы (К.Қ.Ғабдуллин) гранттарды төлеуге қаражат бөлсін. Қоса берілген есеп бойынша тоқсан сайын төлеу жүргізіліп отырсын.
Тармақ 4
4. Аудандық білім бөлімі (Р.Ж.Кәкпенов) гранттарды беру тәртібі туралы Ережеге сәйкес гранттардың төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.С.Қалиевқа жүктелсін. Келісілді Аудандық қаржы басқармасының бастығы К.Ғабдуллин 11 тамыз 2004 ж.
Басқа 6. «Қазақ тілі мен әдебиеттің үздік мұғалім» гранттар беру тәртібі туралы Ереже
«Қазақ тілі мен әдебиеттің үздік мұғалімі» гранттарын тағайындау туралы» аудан әкімдігінің 2004 жылгы «12» тамыздағы № 179 қаулысымен бекітілді «Қазақ тілі мен әдебиеттің үздік мұғалім» гранттар беру тәртібі туралы Ереже
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 07 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекеттік тілдің басымды дамуының қажеттігі есепке алына отырьш, «Қазақ тілі мен әдебиеттің уздік мұгалімі» гранттар беру тәртібі туралы осы Ереже (әрі қарай - гранттар) әзірленді.
Тармақ 2
2. Білім жүйесіндс мемлекеттік тілдің мұғалімдерін материалдық ынталандыру жәнс ауданның жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен мемлекеттік тілді игерудің және білімдерінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету гранттардың мақсаты болып табылады.
Тармақ 3
3. «Қазақ тілі мен әдебиеттің үздік мұғалімі» гранттарды жоғары кәсіби білімі бар, оқу-тәрбиелік жұмысының сапасып және тиімділігін көтеруде аса жоғары нәтижелерге жеткен мұғалімдер алады.
Тармақ 4
4. Гранттарды беру үшін кандидаттарды іріктеуде басты өлшемдер болып мыналар табылады: оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеттен білімдерінің сапасы, олардың мектеп, аудандық, облыстық олимпиадаларға, интелектуалды және шығармашылық конкурстарға қатысуы, жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуларын жалғастырулары; ұстаз шеберлігін жетілдіруі, оқу-тәрбиелік үрдісте оқытудың заманға сай технологиясын, сонымен бірге ақпараттық технологиясын да пайдалануы; мемлекеттік тілдің пайдалану аясын кеңейтуге бағытталған іс-шараларға катысуы.
Тармақ 5
5. Гранттарды табыс ету аудандық білім бөлімі бастығының ұсынысы негізінде аудан әкімдігімен жүзеге асырылады. Жұмысы бойынша ескертпелер мен жаза алған мұгалімдер жөніндс берілген ұсыныс қарастырылмайды.
Тармақ 6
6. Гранттар әр тоқсан сайынғы жұмыстың қорытындысы бойынша бір айда 4 мың теңге деген есеннен тағайындалады.
Тармақ 7
7. «Қазақ тілі мен әдебиеіттің үздіқ мұғалімі» гранттар беру тәртібі туралы осы Ереже 2004 жылдың қаңтарынан енгізіледі.
Басқа 14. Гранттар төлеудің есебі
«Қазақ тілі мен әдебиеттің үздік мұғалімі» гранттарын тағайындау туралы» аудан әкімдігінің 2004 жылғы «12» тамыздағы № 179 қаулысына берілген қосымша Гранттар төлеудің есебі Мұғалімдердің саны Жоғары кәсіби білімі бар мұғалімдердің саны Сыйақы алатын мұғалімдердің саны Сыйақының мөлшері (теңгемен) Шығыстар сомасы бір (мың т.) Шығыстар сомасы бір жылда 150 85 68 4000 272 3264
Басқа 15. «Қазак тілі мен әдебиеттің үздік мұғалімі» гранттарын беру жөніндегі комиссияның құрамы
«Қазақ тілі мен әдебиеттің үздік мұғалімі» гранттарын тағайындау туралы» аудан әкімдігінің 2004 жылғы «12» тамыздағы № 179 қаулысына берілген қосымша «Қазак тілі мен әдебиеттің үздік мұғалімі» гранттарын беру жөніндегі комиссияның құрамы Кәкпенов Ризабек Жазитұлы - аудандық білім бөлімінің бастығы, комиссияның төрағасы Жанқарашева Жібек Ұқманқызы - білім қызметкерлерінің кәсіби одағының аудандық комитетінің әдіскері Исина Ырысты Олжабайқызы - аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Науанова Мафруза Тасболатқызы - аудандық әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы Тлеубаева Раушан Райымжанқызы - аудандық білім бөлімінің бас маманы