Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Курмангазинского района Күшін жойған
Басқа 0
Құрманғазы ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 48 бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) белгіленген Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың Сыныптамасына, Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс мәжілісінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 3 хаттамасына сәйкес Құрманғазы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Құрманғазы ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Құрманғазы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын және оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.