О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 «Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18034 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептіліктің нысанын толтыру қағидаларында: 4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Егер халықаралық топтың қатысушысы қаржылық есептілікті осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген валютадан өзгеше валютада жасайтын болса, онда халықаралық топтың осындай қатысушысының қаржылық көрсеткіштері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 21-бабының 3) тармақшасында айқындалған валютаның орташа арифметикалық ресми бағамын қолдана отырып шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау валютасында қайта есептеледі.».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.