О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам минимальных резервных требований
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам минимальных резервных требований
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ең төмен резервтік талаптар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 44
- Қабылданған күні
- 25.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 06.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 25.07.2025 213084_778310.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036581
- ЭКБ идентификаторы
- 213084
- Редакция идентификаторы
- 213084_778310
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:06
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
кейбір қаулыларына ең төмен резервтік талаптар мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 118 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19012 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2026 жылғы 13 сәуірге дейін (қоса алғанда) резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен бейрезидент банктерінің филиалдарына (бұдан әрі – банк):
1) банктің ұлттық валютадағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;
2) банктің ұлттық валютадағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;
3) банктің шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз;
4) банктің шетел валютасындағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз мөлшерінде ең төмен резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін.»;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2 тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. 2026 жылғы 14 сәуір – 2026 жылғы 31 тамыз (қоса алғанда) аралығында резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінде банктерге:
1) банктің ұлттық валютадағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 5 (бес) пайыз;
2) банктің ұлттық валютадағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;
3) бірінші топтағы банктің шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 12 (он екі) пайыз;
4) екінші топтағы банктің шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 15 (он бес) пайыз;
5) банктің шетел валютасындағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз мөлшерінде ең төмен резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін.
Осы қаулының мақсаттары үшін бірінші топтағы банктерге 2025 жылдың қорытындысы бойынша мынадай активтер үшін кемінде 20 (жиырма) пайыз жиынтық өсімді қамтамасыз еткен банктер жатады:
кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер (кәсіпкерлік мақсаттарға кредит алған Қазақстан Республикасының резидент – қаржылық емес ұйымдары, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздары;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің корпоративтік бағалы қағаздары («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы, «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және олардың еншілес ұйымдары, «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы);
қаржы ұйымдарына жатпайтын Қазақстан Республикасының өзге де резидент-эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары.
Қалған банктер екінші топтағы банктерге жатады.
1-2. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінде бастап банктерге:
1) банктің ұлттық валютадағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 5 (бес) пайыз;
2) банктің ұлттық валютадағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 3,5 (үш бүтін оннан бес) пайыз;
3) банктің шетел валютасындағы бірінші және екінші санаттағы міндеттемелері үшін 15 (он бес) пайыз;
4) банктің шетел валютасындағы үшінші санаттағы міндеттемелері үшін 10 (он) пайыз мөлшерінде ең төмен резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін.».
2 2. «Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19679 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (бұдан әрі – банк) ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптарды орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің құрылымы банктің ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы мынадай міндеттемелерінен тұрады:
міндеттемелердің бірінші санаты;
міндеттемелердің екінші санаты;
міндеттемелердің үшінші санаты.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ең төмен резервтік талаптар көлемінің есебіне «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген) бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының (бұдан әрі – Үлгі шот жоспары) баланстық шоттарында есепке алынатын банктің міндеттемелері қабылданады.
Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің әрбір санатына арналған ең төмен резервтік талаптардың көлемін айқындау кезінде банктің тиісті міндеттемелерінің айқындау кезеңіндегі орташа алынған шамасы (арифметикалық орташа мәні) есептеледі.
Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің бірінші санаты Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалған.
Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің екінші санаты Қағидаларға 2-қосымшаға және Қағидалардың 7-1-тармағына сәйкес айқындалған.
Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің үшінші санаты Қағидаларға 3-қосымшаға және Қағидалардың 7-3-тармағына сәйкес айқындалған.»;
мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2 және 7-3-тармақтармен толықтырылсын:
«7-1. Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің екінші санаты кері репо операциялары бойынша және ақша нарығының банкаралық операциялары бойынша банктің талаптарын ескере отырып, Қағидалардың 7-2-тармағына сәйкес айқындалатын репо операциялары бойынша түзету коэффициентіне көбейтілген репо операциялары бойынша банк міндеттемелерінің есептік сомасы (бұдан әрі – репо операциялары бойынша есептік сома) ретінде айқындалады.
Репо операциялары бойынша есептік сома айқындау кезеңіндегі орташа алынған банктің репо операциялары бойынша міндеттемелерінің сомасы мен банктің кері репо операциялары бойынша және ақша нарығының банкаралық операциялары бойынша талаптарының сомасы арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
7-2. Мәні үтірден кейін 2 (екі) белгіге дейінгі дәлдікпен 0-ден 1-ге дейінгі аралықта болатын түзету коэффициенті Қазақстан қор биржасында (бұдан әрі – ҚҚБ) ұлттық валютада жасалатын репо операциялары бойынша ашық позициялардың жалпы көлемінде репо операциялары бойынша банктік емес сатып алушылардың күнделікті ашық позицияларының күнтізбелік жылдағы орташа үлес салмағы ретінде айқындалады. Репо операциялары бойынша банктік емес сатып алушыларға репо операцияларын өз атынан және меншікті активтер есебінен жасайтын банктер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, репо операциялары бойынша барлық сатып алушылар жатады.
Ұлттық валютадағы репо операциялары бойынша түзету коэффициентін ҚҚБ өткен күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша есептейді, ҚҚБ-ның ресми интернет-ресурсында ағымдағы жылғы бірінші айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей жарияланады және ағымдағы жылғы алғашқы айқындау кезеңінен бастап ағымдағы жылы қолданылады.
Шетел валютасындағы репо операциялары бойынша түзету коэффициенті 1-ге (бір) тең деп қабылданады.
7-3. Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің үшінші санатына мынадай шарттар сақталған кезде банк шығарған облигациялар бойынша банктің міндеттемелері жатады:
облигациялардың айналыс мерзімі – кемінде 3 (үш) жыл;
облигацияларды мерзімінен бұрын (толығымен) немесе ішінара өтеуге (сатып алуға) облигация ұстаушысының опционы жоқ;
облигациялар клиенттердің өтімділігін басқару үшін пайдаланылмайды, оның ішінде олардың эмитенті жекелеген ұстаушылардың бастамасы немесе сұратуы бойынша сатып алмайды;
облигациялар жекелеген клиенттердің қаражатын орналастыруға (мысалы, клиенттердің үлкен салымдары әкетілген кезде) балама ретінде пайдаланылмайды.
Банк Қағидалардың 3-1-қосымшасына сәйкес банктің арнайы міндеттемелерінің құрамына енгізілген облигациялар туралы хабарламаны (бұдан әрі – Хабарлама) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жібереді, ол арқылы осындай облигациялар шығарылымының осы тармақта көрсетілген шарттарға сәйкестігін растайды. Хабарлама «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі.
Банктің шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелері Хабарлама жіберілген күннен кейінгі айқындау кезеңінен бастап ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің үшінші санатына енгізіледі.
Банк осы тармақта көрсетілген шартты (шарттарды) орындамаған жағдайда, Хабарламада жіберілген облигациялар бойынша міндеттемелер осындай орындамау анықталған айқындау кезеңінен бастап ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің бірінші санатына енгізіледі.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ең төмен резервтік талаптар ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің әрбір санаты бойынша ең төмен резервтік талаптардың көрсеткіштерін қосу жолымен есептеледі.
Мемлекеттік қолдау қаражаты міндеттемелерінде ескерілген банктер үшін ең төмен резервтік талаптар қайтарылуға тиіс мемлекеттік қолдау қаражаты сомасының (айқындау кезеңінің соңғы күніндегі жағдай бойынша сыйақыны есептемегенде негізгі борыш сомасы) 10 (он) пайызы болатын шамаға ұлғайтылады.
Қағидалардың мақсаты үшін мемлекеттік қолдау қаражаты деп банктің қаржылық орнықтылығын және (немесе) қалыпқа келтірілуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражатын пайдалана отырып 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін орналастырылған, сатып алынған немесе банкке берілген және салымдардың, облигациялардың, қарыздардың (бұдан әрі – борыштық құралдар) пайыздық мөлшерлемесін, сомасын, түрін және (немесе) мерзімін өзгертуді қоса алғанда, олар бойынша міндеттемелердің шарттарын бастапқы танудан және (немесе) өзгертуден түсетін табысы бар борыштық құралдар бойынша банктің міндеттемелері түсініледі.
Мемлекеттік қолдау қаражатына мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражатын, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың субъектілері арқылы экономиканың әртүрлі салаларындағы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және (немесе) ипотекалық кредиттеу және (немесе) ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру мақсатында пайдалана отырып орналастырылған, сатып алынған немесе банкке берілген борыштық құралдар бойынша банктің міндеттемелері енгізілмейді.
10. Ең төмен резервтік талаптар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын мынадай күн сайынғы және ай сайынғы есептер негізінде есептеледі:
«Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 54 қаулы) 2-қосымшаға сәйкес баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп;
№ 54 қаулыға 3-қосымшаға сәйкес банк қызметінің жекелеген көрсеткіштері туралы есеп;
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 2 наурыздағы № 22 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22323 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есеп.»;
13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) айқындау кезеңіндегі ең төмен резервтік талаптардың 25 (жиырма бес) пайызынан аспайтын көлемдегі банктің кассасындағы ұлттық валютамен қолма-қол ақшаның орташа мәнінің сомасы ретінде қалыптастыру кезеңінде есептелетін резервтік активтерге ақшаны орналастырады.»;
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда 3-1-қосымшамен толықтырылсын;
4-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы осы қаулыны қолданысқа енгізген күннен бастап резервтік активтерді қалыптастыру кезеңдеріне және оларға сәйкес келетін ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңдеріне қолданылады.
6 6. Осы қаулы қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс
7 7. Осы қаулының 2-тармағының жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарының қолданылуы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, осы абзацтар тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7-2. Ұлттық валютадағы репо операциялары бойынша түзету коэффициенті 0,7-ге (нөл бүтін оннан жеті) тең деп қабылданады.
Шетел валютасындағы репо операциялары бойынша түзету коэффициенті 1 (бірге) тең деп қабылданады.».
1 Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің бірінші санаты
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк Төрағасының
міндетін атқарушы
2025 жылғы 25 шілдедегі
№ 44
Қаулыға 1 қосымша
Ең төмен резервтік талаптар
туралы қағидаларға
1-қосымша
Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің бірінші санаты
Баланстық шоттың нөмірі
Баланстық шоттың аты
2014
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары
2064
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді қарыздар
2066
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді қарыздар
2067
Алынған қаржы лизингі
2068
Қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек
2144
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары
2147
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2201
Мемлекеттік бюджеттің ақшасы
2202
Клиенттердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы инвестицияланбаған қалдық
2203
Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары
2204
Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары
2205
Жеке тұлғалардың талап етілгенге дейінгі салымдары
2206
Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары
2207
Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары
2208
Жеке тұлғалардың шартты салымдары
2210
Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері
2211
Заңды тұлғалардың талап етілгенге дейінгі салымдары
2212
Клиенттердің аффинирленген бағалы металдардағы металл шоттары
2213
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымы
2214
Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын)
2215
Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары
2216
Клиенттердің аффинирленген бағалы металдардағы мерзімді салымдары
2217
Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары
2218
Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан асатын)
2219
Заңды тұлғалардың шартты салымдары
2220
Заңды тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан аспайтын)
2222
Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары
2223
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын заңды тұлғалардың салымы
2224
Клиенттердің талап етілгенге дейінгі салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2225
Клиенттермен басқа да операциялар бойынша мерзімі өткен берешек
2226
Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2227
Жалдау бойынша міндеттемелер
2228
Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар
2229
Жеке тұлғалардың жинақ салымдары (бір жылдан асатын)
2230
Жалдау бойынша міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек
2231
Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2232
Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2237
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шоты
2240
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілақы) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты
2241
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымы
2242
Номиналды ұстаушы функцияларын, оның ішінде көрсетілетін қаржы қызметтерін реттеу бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығы комитетінің тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған, банктер ашқан банктік шоттардағы инвестицияланбаған қалдық
2243
Клиенттердің жинақ салымдары бойынша мерзімі өткен берешек
2245
Инвестициялық депозиттер
2301
Айналысқа шығарылған облигациялар
2303
Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар
2306
Сатып алынған облигациялар
2401
Өтеу мерзімі бес жылдан аз, реттелген борыш
2402
Өтеу мерзімі бес жылдан астам, реттелген борыш
2405
Сатып алынған реттелген облигациялар
2406
Реттелген облигациялар
2552
Клиенттермен есеп айырысу
2706
Қарыздар мен қаржы лизингі бойынша есептелген шығыс
2707
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеуге байланысты есептелген шығыс
2717
Клиенттердің аффинирленген бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыс
2718
Клиенттердің ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыс
2719
Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыс
2720
Клиенттердің талап етілгенге дейінгі салымдары бойынша есептелген шығыс
2721
Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыс
2722
Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша есептелген шығыс
2723
Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыс
2724
Клиенттердің жинақ салымдары бойынша есептелген шығыс
2727
Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыс
2728
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыс
2729
Инвестициялық депозиттер бойынша кірістің бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелер
2730
Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыс
2731
Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыс
2740
Реттелген борыш бойынша есептелген шығыс
2741
Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы
2742
Талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2743
Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2744
Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2745
Жалдау міндеттемелері бойынша есептелген пайыздық шығыс
2746
Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2747
Басқа банктердің және клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы
2748
Ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы
2749
Басқа да мерзімі өткен сыйақы
2755
Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері бойынша есептелген шығыс
2756
Реттелген облигациялар бойынша есептелген шығыс
2855
Құжаттамалық есеп айырысулар бойынша кредиторлар
2865
Шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелер
2891
Фьючерс операциялары бойынша міндеттемелер
2892
Форвард операциялары бойынша міндеттемелер
2893
Опцион операциялары бойынша міндеттемелер
2894
Спот операциялары бойынша міндеттемелер
2895
Своп операциялары бойынша міндеттемелер
2899
Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер
Ескертпе:
1) 2203, 2210, 2222, 2225, 2227, 2237, 2240, 2245, 2707, 2722, 2727, 2729, 2731, 2741, 2742, 2743, 2745, 2746, 2747, 2749, 2755, 2855, 2865, 2891, 2892, 2893, 2894, 2895 және 2899-баланстық шоттарда көрсетілген міндеттемелерден Қазақстан Республикасының басқа резидент банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, шетелдік орталық банк, халықаралық қаржы ұйымы алдындағы міндеттемелер алып тасталады;
2) 2212, 2216 және 2717-баланстық шоттарда көрсетілген міндеттемелер шетел валютасындағы міндеттемелерге енгізіледі;
3) 2301, 2306, 2405 және 2406-баланстық шоттарда көрсетілген міндеттемелерден Қағидалардың 7-3-тармағына сәйкес ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің үшінші санатына жатқызылған міндеттемелер және Қағидалардың 9-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес мемлекеттік қолдау қаражаты сомасының міндеттемелері (сыйақыны есептемегенде негізгі борыш) алып тасталады.
2 Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің екінші санаты
Қаулыға
2-қосымша
Ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға
2-қосымша
Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын
банк міндеттемелерінің екінші санаты
Баланстық шоттың нөмірі
Баланстық шоттың аты
1. Репо операциялары бойынша міндеттемелер
2255
Бағалы қағаздармен репо операциялары
2256
Кері репо операциялары бойынша қабылданған бағалы қағаздар бойынша алынған сыйақы түріндегі міндеттеме
2257
Кері репо операциялары бойынша қабылданған бағалы қағаздарды қайтару бойынша міндеттеме
2725
Бағалы қағаздармен репо операциялары бойынша есептелген шығыс
2. Кері репо операциялары бойынша талаптар
1461
Бағалы қағаздармен кері репо операциялары
1748
Бағалы қағаздармен репо операциялары бойынша есептелген кіріс
3. Ақша нарығының банкаралық операциялары бойынша талаптар
1101
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар (бір түнге)
1102
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі талап етілгенге дейінгі салымдар
1103
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі мерзімді салымдар
1201
Әділ құны бойынша пайда немесе шығын арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар
1251
Басқа банктерде орналастырылған (бір түнге) салымдар
1252
Басқа банктерде орналастырылған талап етілгенге дейінгі салымдар
1253
Басқа банктерде орналастырылған қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдар
1258
Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір айдан аспайтын)
1301
Басқа банктердің корреспонденттік шоттары бойынша овердрафт қарыздары
1302
Басқа банктерге берілген қысқа мерзімді қарыздар
1303
Басқа банктерге берілген овернайт қарыздары
1452
Әділ құны бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар
1481
Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар
1891
Фьючерс операциялары бойынша талаптар
1892
Форвард операциялары бойынша талаптар
1894
Спот операциялары бойынша талаптар
1895
Своп операциялары бойынша талаптар
Ескертпе:
1) репо операциялары бойынша міндеттемелерден Қазақстан Республикасының басқа резидент банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, шетелдік орталық банк, халықаралық қаржы ұйымы алдындағы міндеттемелер алып тасталады;
2) 1201, 1452 және 1481-баланстық шоттарда көрсетілген ақша нарығының банкаралық операциялары бойынша талаптарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары ғана енгізіледі;
3) 1891, 1892, 1894 және 1895-баланстық шоттарда көрсетілген ақша нарығының банкаралық операциялары бойынша талаптарға Қазақстан Республикасының басқа резидент банкіне, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, шетелдік орталық банкке, халықаралық қаржы ұйымына қойылатын талаптар ғана енгізіледі;
4) ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің екінші санаты Қағидалардың 7-1-тармағына сәйкес есептеледі.
3 Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің үшінші санаты
Қаулыға
3-қосымша
Ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға
3-қосымша
Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің үшінші санаты
Баланстық шоттың нөмірі
Баланстық шоттың аты
2301
Айналысқа шығарылған облигациялар
2306
Сатып алынған облигациялар
2405
Сатып алынған реттелген облигациялар
2406
Реттелген облигациялар
Ескертпе: ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің үшінші санатына енгізу Қағидалардың 7-3-тармағына сәйкес жүргізіледі.
4 Банк міндеттемелерінің үшінші санатына енгізілген облигациялар туралы хабарлама
Қаулыға
4-қосымша
Ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға
3-1-қосымша
Банк міндеттемелерінің үшінші санатына енгізілген
облигациялар туралы хабарлама
Осы хабарламамен банк ________________________________ (банктің атауы), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________ (бұдан әрі – Банк) міндеттемелері ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелердің үшінші санатына жататын облигацияларды шығару шарттары туралы хабарлайды және олардың «Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидалардың 7-3-тармағының талаптарына сәйкестігін растайды.
1. Ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің үшінші санатына енгізілген облигацияларды шығару шарттары:
Эмиссияның халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) ____________.
Шығарылымның тіркелген күні____________.
Айналыстың басталу күні __________.
Өтеу күні_____________.
Айналыс мерзімі _____ жыл _____ ай.
Эмиссия валютасы __________.
Шығарылымның көлемі ____________ эмиссия валютасының бірліктері.
Облигациялар бойынша негізгі борыштың қалдығы (банк сатып алған облигацияларды шегергенде) _________ теңге (есепті күн _____________).
Банк сатып алған облигациялардың көлемі ______ теңге (есепті күн _____________).
облигациялар бойынша негізгі борыш ______,
сатып алынған облигациялар _____
есепке алынатын баланстық шоттардың нөмірлері.
Сыйақы мөлшерлемесі _____жылдық пайыз.
Опциондардың болуы: ( ) Иә ( ) Жоқ.
Опционның шарттары (эмиссия проспектісінде көрсетілген
мәліметтер)_________________________________________________________
___________________________________________________________________
_____________(эмиссия проспектісінің __ бетінде көрсетілген).
Қосымша ақпарат ______________________.
…
2. Облигациялар эмиссиясының проспектісі жарияланды (сілтеме көрсетілсін)
___________________________________________________________.
3. Осы хабарламамен хабарламаның 1-тармағында көрсетілген облигациялар үшін мыналарды растаймыз:
1) облигациялардың айналыс мерзімі – кемінде 3 (үш) жыл;
2) облигацияларды мерзімінен бұрын (толығымен) немесе ішінара өтеуге (сатып алуға) облигация ұстаушының опционы жоқ;
3) Банк клиенттердің өтімділігін басқару үшін облигацияларды пайдаланбайды, оның ішінде оларды жекелеген облигация ұстаушылардың бастамасы немесе сұрау салуы бойынша сатып алмайды;
4) Банк облигацияларды жекелеген клиенттердің қаражатын орналастыруға балама ретінде пайдаланбайды (мысалы, клиенттердің ірі салымдары әкетілген кезде).
Банк хабарламаның 3-тармағында көрсетілген (көрсетілген) шартты (шарттарды) орындамаған жағдайда, жоғарыда көрсетілген облигацияларды сыныптау осындай орындамау анықталған ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңінен бастап ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын Банктің стандартты міндеттемелері үшін белгіленген нормативтер бойынша жүргізіледі.
Хабарлама күні _______________
Банктің бірінші басшысының қолы ______________________
5 Ең төмен резервтік талаптарды (бұдан әрі – ЕРТ) орындау туралы ақпарат
Қаулыға
5-қосымша
Ең төмен резервтік
талаптар туралы қағидаларға
4-қосымша
Ең төмен резервтік талаптарды (бұдан әрі – ЕРТ) орындау туралы
ақпарат
ЕРТ айқындау кезеңі: ______ бастап _______ аралығы
Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі: ______ бастап _______ аралығы
БСН ______________________________________
Банктің атауы ________________________
Репо операциялары бойынша түзету коэффициенті:
ұлттық валютада ___
шетел валютасында ____
1-кесте. ЕРТ есебіне қабылданатын банк міндеттемелерінің мөлшері туралы күн сайынғы деректер (мың теңгемен)
ЕРТ айқындау кезеңі
Ұлттық валютадағы
Міндеттемелердің бірінші санаты
Міндеттемелердің екінші санаты
Міндеттемелердің үшінші санаты
репо операциялары бойынша міндеттемелер
кері репо операциялары бойынша талаптар
ақша нарығындағы банкаралық операциялар бойынша талаптар
Күні
Датасы
1
2
3
4
5
6
7
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
Орташа алынған мәні
1-кестенің жалғасы
Шетел валютасындағы
Міндеттемелердің бірінші санаты
Міндеттемелердің екінші санаты
Міндеттемелердің үшінші санаты
репо операциялары бойынша міндеттемелер
кері репо операциялары бойынша талаптар
ақша нарығындағы банкаралық операциялар бойынша талаптар
8
9
10
11
12
Ескертпе: демалыс немесе мереке күндері үшін алдыңғы жұмыс күнінің мәндері толтырылады.
2-кесте. Резервтік активтерді есептеуге арналған күн сайынғы деректер
(мың теңгемен)
Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспонденттік шоттарындағы ұлттық валютамен ақша қалдығы
Банк кассасындағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша
Күні
Датасы
1
2
3
4
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
Орташа алынған мәні
Ескертпе: демалыс және мереке күндері үшін алдыңғы жұмыс күнінің мәндері толтырылады.
3-кесте. ЕРТ есептеу
Жолдың коды
Жолдың аты
Міндеттемелер бойынша орташа мән (мың теңгемен)
ЕРТ нормативі
ЕРТ
(мың теңгемен)
1
2
3
4
5
1
Ұлттық валютадағы міндеттемелердің бірінші санаты
2
Ұлттық валютадағы міндеттемелердің екінші санаты
3
Ұлттық валютадағы міндеттемелердің үшінші санаты
4
Шетел валютасындағы міндеттемелердің бірінші санаты
5
Шетел валютасындағы міндеттемелердің екінші санаты
6
Шетел валютасындағы міндеттемелердің үшінші санаты
7
Мемлекеттік қолдау қаражаты (сыйақыны есептемегенде негізгі борыш) сомасының ___ (______) пайызы
х
х
8
Жиыны ЕРТ
х
х
Ескертпе: 7-жол Қағидалардың 9-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес есептеледі.
4-кесте. Резервтік активтерді есептеу
Жолдың коды
Жолдың аты
Сомасы
(мың теңгемен)
1
2
3
1
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоттағы ұлттық валютадағы ақша қалдығының орташа алынған мәні
2
Банк кассасындағы айқындау кезеңіндегі ЕРТ-нің 25 (жиырма бес) пайызынан аспайтын көлемдегі ұлттық валютадағы қолма-қол ақшаның орташа алынған мәні
3
Резервтік активтер
Банктің ең төмен резервтік талаптарды орындауы:
( ) Иә ( ) Жоқ