О состоянии и мерах по развитию животноводства, переработке сельскохозяйственной продукции в области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстағы мал шаруашылығының, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің жағдайы және дамыту шаралары туралы 2004 жылдың 1 шілдесіне шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық нысандарында 196,3 мың бас мүйізді ірі қара, 750,4 мың майда мал, 54,7 мың жылқы, 23,1 мың түйе, 3,6 мың шошқа, 437,7 мың құс болды. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал басы 5,5, майда мал 3,8, жылқы мен түйе тиісінше 1,5 және 3,6 пайызға өсті. Сондай-ақ ет, сүт, жүн өндіру де өсе түсуде. Асыл тұқымды мал өсіру жұмысы қайта қолға алынып, қазіргі кезде асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын 14 асыл тұқымды шаруашылық қалыптасты. Мүйізді ірі қара малын қолдан ұрықтандыратын 18 пункт ашылып, 14 пункт тұрақты жұмыс жүргізуде. Дегенмен, мал шаруашылығының даму қарқыны әлі төмен. 1992 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал басы 25,3 пайызға, оның ішінде аналығы 24,3, майда мал 63,7, жылқы 36,9, түйе 23,1 пайызға кем. Ет 36,8, сүт - 45,4, жүн - 71,9, жұмыртқа 48,7 пайызға аз өндіріліп облыс тұрғындарының сұранысы тек жартылай ғана қанағаттандырылып отыр. Негізгі себебі - мал басының аздығы, оның өнімділігінің төмендігі. Өткен жылы әр сиырдан 851 кг. ғана сүт сауылып, 1992 жылмен салыстырғанда сүт өнімділігі екі еседен астам төмендеп кеткен. Асыл тұқымды малдың үлес салмағы өте аз, ірі қарада ол 0,2, қойда 3,4, жылқыда 4,0, түйеде 10,0 пайызды құрайды. Ағымдағы жылдың 6 айында небәрі 1560 бас сиыр қолдан ұрықтандырылған. Бұл бүкіл аналық малдың 2,1 пайызы ғана. Облыстағы малдың түлік түрлері бойынша 97,7 - 84,0 пайызы жеке қожалықтар үлесінде. Ал, ірі шаруашылықтар мал шаруашылығымен іс жүзінде айналысып отырған жоқ. Мал азығының тұрақты қоры жасалмаған. Жоңышқа өсіруге, оның өнімділігін арттыруға тиісті мән берілмеуде, әр гектардан 25-30 центнерден пішен жиналуда. Дайындалып жүрген ірі мал азығының құрамында оның үлес салмағы 12 пайыздан аспайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және өңдеудің инфрақұрылымы қалыптаспаған. Облыста күріштен басқа өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері түрлерінің өңделу деңгейі өте төмен. Облыста экспорттық әлеуеті жоғары ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері жеткілікті бола тұра оларды үқсату, сыртқы саудаға шығару қолға алынбаған. Шиелі ауданындағы жеміс-жидек, көкөніс өңдеу, Жаңақорған ауданындағы шарап цехтары, Қызылорда қаласындағы бақша өнімдерін өңдейтін «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізінен айналым қорларының тапшылығынан жұмыс істемейді. Сондай-ақ тәулігіне 20 тоннаға дейін өсімдік майын шығаратын «Аман-Ер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің цехы шикізат тапшылығынан тоқтап қалған. Өңдеуші кәсіпорындарды қалпына келтіруге, жұмыстарын жолға қоюға бағытталған ұйымдастыру шаралары баяу жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытуға республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін қаражаттарға шаруашылық жүргізуші субъектілер қол жеткізе алмауда. Мал шаруашылығын дамыту, оның өнімділігін арттыру және өңдеу кәсіпорындарының жұмысын жолға қою мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстағы мал шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін дамытудағы елеулі кемшіліктерге аудандар және Қызылорда қаласы әкімдерінің, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының назарлары аударылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (¥.Оралбай) аудандар және Қызылорда қаласының әкімдерімен және басқа мүдделі органдармен (келісім бойынша) бірлесіп:
Тармақша 1
1)мал шаруашылығын дамытудың, оның ішінде мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының, жұқпалы ауруларға қарсы шаралардың және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің негізгі бағыттарын айқындап, «Қызылорда облысының 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық азық-түлік бағдарламасына» және «2004-2005 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өткізудің аймақтық бағдарламасына» тиісті өзгерістер енгізу жөнінде үстіміздегі жылдың тамыз айында облыс әкімиятына ұсыныстар енгізсін;
Тармақша 2
2)мал шаруашылығын, өңдеу кәсіпорындарын дамытуға облыстық бюджеттен бөлінетін қаржыны молайту және тауар өндірушілерді қаржыландыру тетігі жөнінде ұсыныс енгізсін ;
Тармақша 3
3)жер заңнамасына сәйкес ауыспалы егіс жүйесінің қатаң сақталуын қамтамасыз етсін, қырдағы мал жайылымдарының жағдайын зерттеп, оларды тиімді пайдалану жөнінде жыл аяғына дейін ұсыныстар әзірлесін.
Тармақ 3
3. Аудандар және Қызылорда қаласының әкімдері:
Тармақша 1
1)барлық ауылшаруашылық құрылымдарда мал басын бірдейлендіру, паспорттау жұмыстарының сапалы аяқталуына және олардың ветеринарлық шаралармен толық қамтылуына ықпал жасау тапсырылсын;
Тармақша 2
2)аудандық, қалалық ветеринарлық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар негізінде мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылық субъектілеріне кешенді қызмет көрсетуді ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3)ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сатып алуды ұйымдастыруға бағытталған шараларды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Еламановқа жүктелсін.