Об утверждении Правил размещения временно свободных бюджетных денег с единого казначейского счета Қолданыста
Басқа 0
Бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 113-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Бірыңғай қазынашылық шоттан
уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Бірыңғай қазынашылық шоттан
уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 113-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік қазынашылығының бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі (бұдан әрі – Ұлттық Банк), Ұлттық пошта операторындағы және (немесе) екінші деңгейдегі банктердегі (бұдан әрі – банктер) депозиттерге орналастыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру үшін банктерді таңдау
2-тарау. Бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру үшін банктерді таңдау
Тармақ 2
2. Бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыруды мемлекеттік қазынашылық пен банктер арасында жасалатын бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру туралы келісімнің (бұдан әрі – орналастыру туралы келісім) негізінде оларды ұтымды пайдалану және республикалық бюджетке кіріс алу мақсатында мемлекеттік қазынашылық жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастырудан пайыздық кіріс түрінде алынған сыйақы республикалық бюджеттің кірісіне аударылады және салық салынбайды.
Тармақ 4
4. Уақытша бос бюджет ақшасы банктерде мынадай шарттармен орналастырылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге орналастыру валютасы болып табылады;
Тармақша 2
2) уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру мерзімі он екі айға дейін, бірақ ағымдағы қаржы жылының аяқталу мерзімінен аспайды;
Тармақша 3
3) пайыздық кірісті төлеу ай сайын, ал бір айға дейінгі мерзімге орналастырылған ақша бойынша орналастыру мерзімі аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Уақытша бос бюджет ақшасын банктерге орналастыру осы Қағидаларда белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін банктерді таңдау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Банктерге қойылатын тиісті талаптар туралы ақпарат мемлекеттік қазынашылықтың ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Тармақ 7
7. Уақытша бос бюджет ақшасын орналастыруға мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін банктер жіберіледі:
Тармақша 1
1) банк операцияларын жүргізу құқығына тиісті лицензиясының болуы;
Тармақша 2
2) жиынтық активтерінің бір триллион теңгеден кем болмауы;
Тармақша 3
3) меншікті капиталының бес жүз миллиард теңгеден кем болмауы;
Тармақша 4
4) халықаралық рейтингі «Standard&Poor's» немесе «FitchRatings» рейтингтік агенттіктерінің шәкілі бойынша «ВВ-» деңгейінен төмен болмауы немесе «Moody' s Investors Service» ұқсас рейтингінің шәкілі бойынша «Ba3» төмен болмауы не мемлекеттік қатысу үлесінің жүз пайыз болуы;
Тармақша 5
5) бұған дейін қатысушыда орналастырылған уақытша бос бюджет ақшасы бойынша оның мерзімі өткен берешегінің болмауы және қатысушының пруденциялық нормативтерді сақтауы;
Тармақша 6
6) депозиттерге міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне (Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры) қатысу.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қазынашылық осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін банктермен орналастыру туралы келісімдерді он екі айға дейінгі, бірақ ағымдағы қаржы жылының аяқталу мерзімінен аспайтын мерзімге жасасады.
Тармақ 9
9. Орналастыру туралы келісімдер жасалған банктер туралы ақпаратты мемлекеттік қазынашылық орналастыру туралы келісім жасалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қазынашылықтың ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 10
10. Орналастыру туралы келісімдер банктер айқындаған және мемлекеттік қазынашылықпен келісілген нысан бойынша жасалады.
Тарау 3. 3-тарау. Бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібі, тетігі мен параметрлері
3-тарау. Бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібі, тетігі мен параметрлері
Тармақ 11
11. Банктерде уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру лимиттері мен мерзімдерін, сыйақының ең төмен шекті мөлшерлемесін және орналастыру санын уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – орналастыру жөніндегі комиссия) белгілейді.
Тармақ 12
12. Орналастыру жөніндегі комиссияның құрамы, оның өкілеттіктері мен отырыс өткізу мерзімдері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.
Тармақ 13
13. Комиссияның шешімдері оның барлық мүшелерінің, оның ішінде Ұлттық Банк өкілінің бірауыздан келісімі болған кезде ғана қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 14
14. Банктермен жасалған орналастыру туралы келісімнің шеңберінде қаражатты орналастыруды мемлекеттік қазынашылық осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын банктерде орналастыруға сұраным негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік қазынашылық уақытша бос бюджет ақшасын орналастырудың әрқайсысына жеке-жеке сұраным ресімдеп, орналастыру жоспарланатын ақша сомалары мен мерзімдерін, сондай-ақ сыйақының ең төмен шекті пайыздық мөлшерлемесін міндетті түрде көрсетеді.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік қазынашылық уақытша бос бюджет ақшасын банктерге орналастыруды орналастыру жөніндегі комиссия айқындаған лимит шегінде жүзеге асырады. Лимит бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасының жалпы қалдығынан айқындалады. Бір банкте орналастырудың жалпы сомасы бірыңғай қазынашылық шоттағы қаражаттың жалпы қалдығының жиырма пайызынан аспауға, бірақ орналастыруға сұраным берілген кездегі банктің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан аспауға тиіс.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдеріне (бұдан әрі – № 328 рәсімдер) сәйкес мемлекеттік қазынашылық:
Тармақша 1
1) Ұлттық Банкке – бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын банктерде орналастыру нәтижелері, сондай-ақ банктер тарапынан міндеттемелерді орындамау фактілері туралы ақпаратты;
Тармақша 2
2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға – банктерде орналастырылған бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасы туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік қазынашылық уақытша бос бюджет ақшасын банктерде орналастыру туралы жасалған келісімдер негізінде орналастыру туралы келісімде көрсетілген шоттарға ақша аудару арқылы және орналастыруға сұранымда көрсетілген мерзімдерде орналастырады.
Тармақ 19
19. Банктер орналастырылған ақшалай қаражатты уақтылы қайтармаған жағдайда олар орналастыру туралы келісімдерде айқындалған мөлшерде мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен берешек сомасынан өсімпұл төлейді.
Тармақ 20
20. Өсімпұл түсімдерінің сомасы республикалық бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
Тармақ 21
21. Банктерде орналастырылған бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын есепке алу № 328 рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет
ақшасын банктерде орналастыруға сұраным
Бірыңғай қазынашылық
шоттан уақытша бос бюджет
ақшасын орналастыру
қағидаларына
қосымша
Бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет
ақшасын банктерде орналастыруға сұраным
Сомасы
(мың теңге)
Мерзімі
Орналастыру күні
Қайтару күні
Орналастыру бойынша ең төмен сыйақы мөлшерлемесі (пайызбен)
_______________________