Об утверждении натуральных норм положенности специального автотранспорта и натуральных норм площадей для специфических помещений ведомств Министерства финансов Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 1025 бұйрығының күшi жойылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 12 тамыздағы
№ 441 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары
№
Атауы
Әрбір заңды тұлғаға арналған арнайы автокөліктің заттай нормалары
Жүру лимиті айына 1 автомобильдің (километр)
салықтық тексерулер үшін
кедендік бақылау үшін
жеңіл авто негізінде
жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіне
жеңіл авто негізінде
жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіне
1
2
3
4
5
6
7
1.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
3
0
3
0
2500
2.
Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері
4
0
3*
1
2500
3.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы
0
0
2
1
2500
4.
Кеден бекеттері
0
0
2
0
2500
5.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандандырылған мемлекеттік мекемелері
0
0
2
1
2500
Ескертпе:
арнайы автокөлік – салық заңнамасының және кедендік реттеудің сақталуын, Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерімен шекара арқылы шетелдік тауарларды заңсыз әкелуді бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, ЕАЭО елдерімен шекаралас аймақтарда көлік құралдарын тоқтату, кедендік бақылау және тексеру жүргізу құқығымен мобильді топтарды енгізуге арналған жеңіл не жүк автомобилі, автобус, шағын автобус;
жеңіл автомобильдер базасында қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден аспауы тиіс;
жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіндегі қозғалтқыш көлемі автомобиль моделіне байланысты.
* – Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шектесетін өңірлердегі мемлекеттік кірістер департаменттері үшін мынадай қосымша заттай нормалар белгіленсін:
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 1 бірлік;
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 2 бірлік;
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 1 бірлік;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 1 бірлік;
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 3 бірлік;
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 2 бірлік;
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 2 бірлік;
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 2 бірлік;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 1 бірлік.
Басқа 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 12 тамыздағы
№ 441 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормалары
№
Үй-жайлардың атауы
Өлшем бірлігі
Үй-жайдың алаңы
1
2
3
4
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы:
1.
Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Атырау, Өскемен, Тараз, Орал, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Петропавл қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары
шаршы метр
900
Степногорск, Қапшағай, Текелі, Жезқазған, Сарань, Теміртау, Шахтинск, Балхаш, Приозерск, Қаражал, Сәтпаев, Лисаковск, Рудный, Арқалық, Жаңаөзен, Арыс, Кентау, Түркістан, Ақсу, Екібастұз, Риддер, Курчатов, Семей қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары
шаршы метр
200
Қалалардағы аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары
шаршы метр
500
Аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары
шаршы метр
100
Мемлекеттік қазынашылық органдарына арналған ерекше үй-жайлар
2.
Мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған зал:
Аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармалары
шаршы метр
30
Қалалық мемлекеттік қазынашылық басқармалары
шаршы метр
45
Облыстар бойынша мемлекеттік қазынашылық департаменттері
шаршы метр
60
Астана, республикалық маңызы бар қалалар бойынша мемлекеттік қазынашылық департаменттері
шаршы метр
90