Об установлении публичного сервитута Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жария сервитутты белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Каскырказган Mineral resources» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 27,6824 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2050 жылдың 19 мамырына дейін жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Каскырказган Mineral resources» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 65,2455 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2050 жылдың 19 мамырына дейін жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Каскырказган Mineral resources» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
Тармақ 4
4. «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Каскырказган Mineral resources» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 51/02 қаулысына 1-қосымша «Каскырказган Mineral resources» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі р/с № Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы Кадастрлық нөмірі Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар 1 Искакова Людмила Омуровна 09-102-040-1518 12,4522 2 Қуатбекова Рымкүл Нұрымханқызы 09-102-040-136 0,5074 3 Акбаев Таскын Темиркулович 09-102-040-1519 12,5319 4 Толетаев Амангазы Кабдирахымович 09-102-040-1524 2,1909
Басқа 2. «Каскырказган Mineral resources» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 51/02 қаулысына 2-қосымша «Каскырказган Mineral resources» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі р/с № Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы Кадастрлық нөмірі Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар 1 Мергембаев Азанбай Торекулович 09-102-040-362 0,6429 2 Мергембаев Азанбай Торекулович 09-102-040-1569 12,9411 3 Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ақтоғай шаруашылығы» комуналдық мемлекеттік мекемесі 09-102-040-812 7,1362 4 Жумабеков Руслан Карибайулы 09-102-040-1624 9,726 5 Түсүпбек Бейбіт Рахманұлы 09-102-040-1609 10,6174 6 Дюсенбеков Базаралы Омиргалинович 09-102-040-1674 8,7178 7 Султанбеков Балкыбек Умитбекулы 09-102-040-164 12,6346 8 Мухажанов Мурат Мусаханулы 09-102-040-1741 2,8295