Об эпидемиологической ситуации по бруцеллезу в Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысында сарып ауруының эпидемиологиялық ахуалы туралы Шығыс Қазақстан облысы, Республика көлемінде, соңғы 3 жыл ішінде сарып аурушаңдығынан Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан кейін алдыңғы бестікке енді. Аурушаңдық жылдан - жылға өсуде: 2000 жылы - 2,6; 2001 жылы - 6,6; 2002 жылы - 9,2; 2003 жылы - 14,3; 2004 жылдың жеті айында сарып ауруының 150 жағдайы тіркелген. 100 мың халыққа шаққанда көрсеткіш -10,05 болып отыр. Барлық аурушаңдықтың үлес салмағы Ұржар, Бесқарағай, Тарбағатай, Үлан аудандары мен Семей қаласына келеді, ол облыстық орта көрсеткіштен 2 ден 8 есеге дейін артық. Облыстағы ауырған адамдардың санының 87 пайызы осы аудандарға келеді,оның ішінде Ұржар ауданында 52 пайыз. Эпизоотологиялық жағдай облыстың әрбір елді мекенінде тұрақсыз. Облыс аумағында жалпы сарып ауруының ахуалы қолайлы болғанымен, ол ұсақ мал арасында 0,25 пайыз, ірі қара мал арасында 0,22 пайызды құрап, Ұржар ауданының қолайсыз елді мекендерінде - Алтыншоқыда ауырған ірі қара 11,8 пайыз, Аксаковка ауылында 22,2 пайыз және ұсақ мал 33,3 пайызды құраса, Таскескен ауылында ұсақ малдың 11,3 пайызы, Қызыл Жұлдыз ауылында 23 пайызын құрайды. Малдың аурушаңдығын азайту жөніндегі іс-шараларды уақытында және толық жүргізуге кедергі болып отырған малды диагностикалау мен егуге қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі. Алайда, 2004 жылдың бірінші тоқсанында бағдарлама бойынша егуге қажетті екпе уақытында жеткізілмеуіне байланысты, малды сарып ауруына қарсы егу жұмыстары 0,2 -10 пайыз шегінде жүзеге асырылған. Ауруларды және оң талдама берген малды анықтау мақсатында 76-84 пайыз жүргізілген. (2004 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша). Зерттеу және iндет ошағы көздерiн оңтайлауды кешеуiлдету жұқпаның тез таралуына жол ашады да, жаңадан iндеттiк аумақтар тудырады. Облыста санитарлық сою орындарының жоқтығы жағдайды күрделендiре түседi. Негiзiнде ауру мал тұрғын үй аулаларында сойылып жатыр. Облыс көлемiнде 413 өлексе көметiн орын қажет болса, бары 322 ғана. Жергiлiктi бюджет есебiнен 2003 жылы Жарма, Катонқарағай аудандарында 7 өлексе көметiн орын салынды, 2004 жылы тағы да үшеуінiң құрылысы басталды. Өскемен, Риддер қалалары, Шемонаиха, Жарма, Ұржар аудандарында тағы да төрт өлексе көметiн орын құрылысы қарастырылуда. Көпшiлiгiнде, шаруашылықтан iндетке шалдыққан малды, iндетке бейiм малды оңтайлау орындалмағандықтан, жайылымдағы бiрге жүрген малдың қайталап жұқпа жұқтыруына әкелiп соғады. Осындай деректер Ұржар, Бесқарағай аудандарында, Семей қаласының аумақтық округтерінде кездеседi. Аумақтарда, елдi мекендерде, отарларда, мал жайылымдарында, табындарда, шаруашылықтарда шектеу іс-шаралары өз дәрежесiнде орындалмайды. Мысалы, 2003 жылы карантин тиiстi 11 елді мекеннің тек 3-де ғана жарияланған, 2004 жылы 24-тен - 9-да ғана. Қаржылық тапшылықтан барып, ресми түрде карантин жариялау белгiлi бiр мақсатты қаржыны талап етеді. Осындай жағдайлардан барып,iндетке қарсы іс-шараларды кешiктiру жаңа ошақтардың пайда болуына әкелiп соғады. Жалпы облыс көлемiнде топтық аурушаңдық 40 пайызды құрайды. Мал шаруашылығында сарыпқа оңсыз елдi мекендерде жұмыс атқаратын жұмысшылар iндетiн тез арада анықтау үшiн емдеу - алдын алу мекемелерінің мамандарымен жұмыс жандандырылды. 2004 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша өткен 2003 жылдың осы мерзiмiмен салыстырғанда 2,2 есе көп сарыпқа күдiктi адам анықталды, осыдан ауыр және орташа ауыр аурушаңдық түрлерi ара салмағы 57,6 пайыздан 43,3 пайызға дейiн төмендедi, асқыну және мүгедек болып қалу қаупi де төмендетiлдi. Сарып аурушаңдығына эпидемиологиялық зерттеу жүргiзу кезiнде анықталғаны: сырқаттың 63,3 пайызы ауру малмен жанасудан, 8,1 пайызы ауладағы сыртқы ортадан жұқтыру, 6 пайыз қайнатпай шикi сүт iшуден болған, олардан зертханалық зерттеуден өткiзген кезде сарып қоздырғышы табылған. Аудандық санитарлық эпидемиологиялық сараптама орталығының қондырғылары сырқаттан, қоршаған ортадан талдама алып, зерттеменi тез арада жасап беруге мүмкiншiлiгi жетпейдi. Аудандық қалалық әкiмдіктер көлемiнде, мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы қызметі тарапынан ұйымдастырылған, іс-шаралар мөлшерi 2003 жылдың осы мерзiмiмен салыстырғанда 3 есе көбейген, оның iшiнде бiрiншi кезекте сарыпқа оңсыз аумақтарда, бiрақ эпидемиологиялық. жағдайға қарағанда бұл іс-шаралар әлi де жеткiлiксiз, негiзгi қабылданған шешiмдердiң көпшiлiк бөлiгi орындалмай қалады. Ветеринарлық, санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау органдары өз құзырындағы санитарлық - эпидемиологиялық, ветеринарлық заңнамалық құқықтарын тәртiп бұзушыларға толық пайдаланбайды. Облыс тұрғындарының арасында сарып аурушаңдығы әрi қарай таралып, өсiп кетпес үшiн Шығыс Қазақстан облысының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкiмдерi:
Тармақша 1
1) сарыптың және басқа да адам мен малға ортақ аурушаңдықтарының алдын алу үшiн орындалатындай кешендi мынадай іс - шаралар дайындап, бекiтсiн: ауру малды жеке оңашалайтын оңтайлауға арналған бар орындарды қосымша жөндеуден өткiзiп, сою пункттерiн және қажет болған жағдайда жергілікті бюджеттен қаржы бөле отырып, өлексе мал мүрделерiн көметiн орындарды ошақ пайда болған ұйымдардан қаржы алып, құрылыстарын қайта ұйымдастырсын; сарыппен ауырған көп адам тiркелiп, көп малдың сарыпқа бейiмдiлiгi байқалған елдi мекендерде шектеу, тыйым салу, оңсыз аумақ деп жариялау жөнiнен шаралар қабылдасын; ошақтарда жұқпасыздандыру шараларын ұйымдастырсын; сарыптан оңсыз шаруашылық,табын, аумақтарда сау малға жеке арнайы жайылым қор бөлудi ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Ұржар ауданының әкiмi (Селиханов Д.М.), Тарбағатай ауданының әкiмi (Каримов А.М), Бесқарағай ауданының әкiмi (Баймолдинов О.Д.), Үлан ауданының әкiмi (Белихин И.В.) Семей қаласының әкiмi (Омаров Н.С.):
Тармақша 1
1) індеттiк және эпизоотикалық жағдайға толық кешендi талдау жүргiзiп, сарыпқа шалдығушылардың және ауру малдың санын кемiту үшiн іс- шаралар белгiлеп,оны әкiмдік отырысында қарап бекіту үшiн комиссия құрып, ол комиссияның құрамына санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аумақтық ветеринарлық қадағалау басқармасының мамандары кiргiзiлсiн;
Тармақша 2
2) ауру малды анықтау, оны сою, ауруға бейiм мал санын анықтап есеп жүргiзу жөнiнен іс - шаралар ветеринарлық талаптарға сай болатындай жұмыстар белгiленсiн;
Тармақша 3
3) сарып бойынша эпизоотикалық және эпидемиологиялық жағдайдың шиеленесуiне жол берген, ешқандай шектеу іс-шараларын қамтамасыз етпеген ауылдық округтерінің әкiмдерiне жауапкершiлiк іс- шараларын анықтасын.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы министрлiгi Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы бастығы (келiсiм бойынша) Ж.К. Құндызбаев:
Тармақша 1
1) аумақтық әкiмдерге елдi мекендерде (шаруашылықтарда, аумақтарда) қай жерде сарып бойынша мал, адам сырқаты тiркелсе, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен бiрлесе отырып сауықтыру жоспарына ұсыныстар берiп, толық және дер кезінде шектеу қою немесе карантин жариялау материалдарын ұсынып отырсын;
Тармақша 2
2) ауру малды көшiру тәртiбiн, сарып ошағынан малды шығару, мал өнiмдерiн, шикiзатын сатумен айналысуда сертификаттау тәртiбiн бұзушыларға әкiмшiлiк шара қолданылып, бақылау күшейтiлсiн;
Тармақша 3
3) дер кезiнде, толық, жоспарлы түрде, iндеттiк көрсеткiштер бойынша малға зерттеу жүргiзiлiп, сарып көздерiн анықтайтын шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Облыстық мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы В. Якупов:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Заңнамаларына сәйкес сарып дертiнiң алдын-алу, сарып ошақтарын жоюға арналған шаралардың орындалуына, тәртiп бұзушыларға әкiмшiлiк шаралар қолдана отырып, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды күшейтсiн;
Тармақша 2
2) облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мен оның филиалдарының материалдық базасын жақсартуға, жаңа заманғы қондырғылар алып, сарып және басқа да зооантропоноздық жұқпалар бойынша экспресс диагностика әдiстерiн игерту жөнiнен іс- шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.В.Гречухинге жүктелсiн.