Об утверждении Инструкции определения статуса оралмана и включения их в квоту иммиграции оралманов Күшін жойған
Басқа 0
Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығын бекіту туралы
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасы міндетін атқарушының "Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығын бекіту туралы" 2003 жылғы 08 тамыздағы N 60-Б бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасының көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Құртаев Әлімжан Сейітжанұлына жүктелсін.
Басқа 0. Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығы
Қазақстан Республикасының
Көші-қон және демография
жөніндегі агенттігі төрағасының
"Оралман мәртебесін айқындау және
оларды оралмандардың көшіп келу
квотасына енгізу нұсқаулығын
бекіту туралы"
2004 жылғы 17 тамыздағы
N 70-ө бұйрығымен
Бекітілген
Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін айқындауды және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді көздейді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) оралмандар - ұлты қазақ шетелдіктер немесе Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген азаматтығы жоқ адамдар;
Тармақша 2
2) оралмандардың көшіп келу квотасы - Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударуға жыл сайын жол берілетін, Заңға сәйкес жеңілдіктер мен өтем берілетін оралмандар отбасыларының саны;
Тармақша 3
3) аумақтық орган - Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің оралмандар отбасыларын іріктеуді және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді жүзеге асыратын аумақтық органы (бұдан әрі - аумақтық орган);
Тармақша 4
4) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - халықтың көші-қоны саласындағы саясатты іске асырушы және жұмысты үйлестіруші орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган).
Тармақ 3
3. Осы Нұсқаулықтың күші ұлты қазақ шетелдіктер немесе Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған және мақсаты Қазақстан Республикасында тұрақты тұру болып табылатын азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Бұл кезең 1991 жылғы 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні деп белгіленсін.
Тарау 2. 2. Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу үшін қажетті құжаттар
2. Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу үшін қажетті құжаттар
Тармақ 4
4. Оралман мәртебесін беру туралы өтініш беруші адамдар мына құжаттарды табыс етеді:
Тармақша 1
1) оралман мәртебесін беру туралы өтініш;
Тармақша 2
2) қысқаша өмірбаян;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорттарының, жеке куәліктерінің, туу туралы куәліктерінің, аттестаттарының, дипломдарының, әскери билеттерінің көшірмесі).
Тармақ 5
5. Көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш беруші оралмандар әрбір күнтізбелік жылға мына құжаттарды табыс етеді:
Тармақша 1
1) көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш;
Тармақша 2
2) қысқаша өмірбаян;
Тармақша 3
3) өтініш берушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорттарының, жеке куәліктерінің, туу туралы куәліктерінің, аттестаттарының, дипломдарының, әскери билеттерінің көшірмесі);
Тармақша 4
4) Қазақстандағы тұрғылықты жерінен отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) Үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама.
Тарау 3. 3. Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу шарттары
3. Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу шарттары
Тармақ 6
6. Оралман мәртебесін беру және өздерін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті отбасының кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің бірі өз қолымен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе тікелей уәкілетті органға тапсырады.
Тармақ 7
7. Оралмандардың отбасыларын көшіп келу квотасына енгізу тәртібі:
Тармақша 1
1) өтініш берушілердің құжаттарын мәліметтерінің дұрыстығын тексеру (бағалау) мақсатымен зерделеуді;
Тармақша 2
2) оралман мәртебесін беруді;
Тармақша 3
3) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді көздейді.
Тармақ 8
8. Оралман мәртебесін беру және отбасын оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті қарау, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешімді ол тіркелген күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органның аумақтық қызметтері қабылдайды (Қосымша NN 1, 2).
Тармақ 9
9. Оралман мәртебесін беру және көшіп келу квотасына енгізу туралы шешімді аумақтық органның басшысы құрған комиссия шешеді.
Тармақ 10
10. Адамның оралман мәртебесін беру туралы өтініші және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу уәкілетті органда тіркелген күннен бастап кезектілік тәртібімен қаралады.
Тармақ 11
11. Оралман деп танылған және жыл сайынғы оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі және оралмандардың есеп карточкасы толтырылады (Қосымша N 3).
Тармақ 12
12. Адамды оралман деп танудан немесе көшіп келу квотасына енгізуден бас тартылған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзім ішінде өтініш берушіге шешімнің көшірмесі түрінде жазбаша хабарлама беріледі.
Тармақ 13
13. Аумақтық қызметтердің шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға болады.
Тармақ 14
14. Оралман мәртебесін беру және отбасын оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы аумақтық қызметтердің шешімдерін, сонымен қатар оралмандардың арыз шағымдарымен талап-тілектерін қарау үшін уәкілетті органның басшысымен комиссия құрылады.
Басқа 1. Көші-қон және демография жөніндегі басқарманың Шешімі ___________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Көші-қон және демография
жөніндегі Агенттігі төрағасының
2004 жылғы 17 тамыздағы
N 70-ө бекітілген
Оралман мәртебесін айқындау
және оларды оралмандардың
көшіп келу квотасына енгізу
нұсқаулығына
N 1 Қосымша
Көші-қон және демография жөніндегі басқарманың Шешімі ___________________________________________________________
N ___ 200 ж. "__ "________
Көші-қон және демография жөніндегі басқарма "Халықтың
көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оралман
деп тану туралы ___________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
______________________________________________өтінішін қарап,
Шешім қабылдады:___________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Ескерту: Оралман деп танудан бас тартылған жағдайда шешімге,
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес, шешім алынған күннен бастап 30 күн ішінде жоғары тұрған
уәкілетті органға немесе сот тәртібімен шағымдануға болады.
Бастық ____________ М. О
Басқа 2. Көші-қон және демография жөніндегі басқарманың Шешімі
Қазақстан Республикасының
Көші-қон және демография
жөніндегі Агенттігі төрағасының
2004 жылғы 17 тамыздағы
N 70-ө бекітілген
Оралман мәртебесін айқындау
және оларды оралмандардың
көшіп келу квотасына енгізу
нұсқаулығына
N 2 Қосымша
Көші-қон және демография жөніндегі басқарманың Шешімі
___________________________________________________________
N ____ 200 ж. "__ "________
Көші-қон және демография жөніндегі басқарма "Халықтың
көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көшіп
келу квотасына енгізу туралы ______________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
______________________________________________өтінішін қарап,
Шешім қабылдады:___________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Ескерту: Оралмандардың көшіп келу квотасына оралманды
енгізуден бас тартылған жағдайда шешімге, "Халықтың көші-қоны
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, шешім алынған
күннен бастап 30 күн ішінде жоғары тұрған уәкілетті органға немесе
сот тәртібімен шағымдануға болады.
Бастық _____________ М. О
Басқа 3
Қазақстан Республикасының
Көші-қон және демография
жөніндегі Агенттігі төрағасының
2004 жылғы 17 тамыздағы
N 70-ө бекітілген
Оралман мәртебесін айқындау
және оларды оралмандардың
көшіп келу квотасына енгізу
нұсқаулығына
N 3 Қосымша
Қазақстан Республикасының Туған жері: Өзбекстан Республикасы
көші-қон және демография
жөніндегі Азаматтығы: Өзбекстан Республикасы
АГЕНТТІГІ
Тұрғылықты жері: Астана қаласы
ОРАЛМАН КУӘЛІГІ N 0000
Қолданыс мерзімі: 1 жыл
Фото Тегі: Бургумбаев
Куәлік берген мекеме: Астана қаласы
көші-қон және демография басқармасы
Аты: Бургумбай
М.П. Басқарма бастығы ________________
Әкесінің (қолы)
аты: Бургумбаевич
Туған күні, айы, жылы 01.01.0001 Берілген күні: 01.01.0001