Об утверждении Порядка включения в (электротехнического происхождения), черного (рельсов, элементов железнодорожного полотна и подвижного состава, бывших в употреблении) лома Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түсті (электротехникалық текті), қара (рельстер, темір ол төсеніштері мен жылжымалы құрамның қолданыстан шыққан элементтері) металдардың сынықтарын тапсыруды жүзеге асыратын мамандандырылған қызмет ұйымдары Тізбесіне енгізу Тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 наурыз № 383 қаулысымен бекітілген қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату бойынша қызметті лицензиялау Ережесiнің 4 қосымшасын орындау үшін және 2004 жылғы 29 шілдедегі қайталама қара және т'сті металдар рыногын тәртіпке келтіру мәселелері жөніндегі кеңестің хаттамалық шешімінің 5 тармағы негізінде, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған түсті (электротехникалық текті), қара (рельстер, темір ол төсеніштері мен жылжымалы құрамның қолданыстан шыққан элементтері) металдардың сынықтарын тапсыруды жүзеге асыратын мамандандырылған қызмет ұйымдары Тізбесіне енгізудің Тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Қасабековке жүктелсін.
Басқа 3
Маңғыстау облысы әкімінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 54 шешіміне қосымша Түсті (электротехникалық текті), қара (рельстер, темір ол төсеніштері мен жылжымалы құрамның қолданыстан шыққан элементтері) металдардың сынықтарын тапсыруды жүзеге асыратын мамандандырылған қызмет ұйымдары Тізбесіне енгізу Тәртібі (одан әрі - Тізбе)
Тарау i. I Тарау. Ұсынылатын құжаттар тізбесі
I Тарау. Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Тармақ 1
1. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері (одан әрі - өтініш беруші) облыстық экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасына (одан әрі - Жұмысшы орган) арызымен бірге нотариалды куәландырылған мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі немесе филиалдың есептік тіркелуі туралы куәлігі;
Тармақша 2
2) статистикалық карта;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаның жарғысы немесе ережесі (филиалдар үшін);
Тармақша 4
4) салық төлеушінің куәлігі;
Тармақша 5
5) кәсіпорында жыл бойы жинақталған металдар сынықтарының жағдайы мен көлемін растайтын құжаттар (металдар сынығының санын көрсете отырып жабдықтардың істеп шығару акті, жабдықтар паспорты, металдар сынығының жинақталуының жыл сайынғы жоспарлы көлемі);
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрлігінің немесе Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің ұсынысы;
Тармақша 7
7) кәсіпорын жүргізетін, металдар сынығын жинақтаушы факторы болып табылатын машиналар мен құжаттардың растайтын құжаттары.
Тармақ 2
2. Ұсынылған құжаттар бет санын көрсете отырып тігілген, мөрмен бекітілген бірінші басшысының қолы қоюлы болуы тиіс.
Тарау ii. II Тарау. Арызды қарау мерзімі
II Тарау. Арызды қарау мерзімі
Тармақ 3
3. Жұмысшы орган құжаттарды қабылдауды, қажетті құжаттар қосымшаларымен қоса арызды тіркеген күннен 30 күн ішінде оларға талдау жасауды және сараптауды жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Құжаттарды толық көлемде ұсынбау немесе өтініш берушінің сенімсіз мәліметтер ұсыну себептері бойынша Тізбеге енгізуге бас тартқан жағдайда Жұмысшы орган қайтару себебін көрсете отырып, құжаттарды өтініш берушіге кейін қайтарады. Өтініш беруші көрсетілген ескертулерді жойған соң, оны Тізбеге енгізу туралы арызымен қайтадан хабарласуға құқықты.
Тармақ 5
5. Тізбе Жұмысшы орган жетекшілік жасайтын облыс әкімінің орынбасарымен бекітіледі.
Тармақ 6
6. Тізбе, оған жаңа субъект енгізу туралы шешім қабылданған шаралар бойынша жаңаланады.
Тарау iii. III Тарау. Есептілік
III Тарау. Есептілік
Тармақ 7
7. Тізімге енгізілген ұйымдардың міндеттері: Жұмысшы органға тоқсан сайын кәсіпорынның металдар сынығын тапсыру жағдайы және көлемі туралы есеп тапсыру; жыл сайын 1 сәуірге дейін Тізбедегі жағдайды растау мақсатында өткен жылғы есепті және металдар сынығын тапсырудың жоспарланған көлемін ұсына отырып, арыз тапсыру.
Тармақ 8
8. Түсті (электротехникалық текті), қара (рельстер, темір ол төсеніштері мен жылжымалы құрамның қолданыстан шыққан элементтері) металдардың сынықтарын тапсыруды жүзеге асыратын мамандандырылған қызмет ұйымдары Тізбесіне енген ұйымдар аталған Тізбеден мынадай жағдайда шығарылады: оны Тізбеден шығару туралы арыз бергенде; Тізбедегі жағдайды растау мақсатында өткен жылғы есебіне қоса берілген арызды өз уақытында тапсырмағанда.
Тарау iv. IV Тарау. Жауапкершілігі
IV Тарау. Жауапкершілігі
Тармақ 9
9. Ұсынылған мәліметтер мен материалдардың дұрыстығын өтінім беруші-кәсіпорын толық көлемде жауапкершілігіне алады.
Тармақ 10
10. Жұмысшы орган белгіленген заң ретімен сұраным бойынша тиісті мемлекеттік органдарды Тізбеге енген кәсіпорындар тізімі туралы хабардар етеді.