Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына сәйкес, Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 7-04/177 хаты негізінде, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдансын; осы қаулы Ақтоғай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
Тармақ 3
3. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 17 мамырдағы «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 121 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «02» маусым № 103 қаулысымен бекітілді «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі) Ақтоғай ауданының аумағында ішкі саясат және тілдерді дамыту саласына басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Ақтоғай ауданның ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Алин көшесі, 97.
Тармақ 10
10. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі толық атауы: государственное учреждение «Отдел внутренней политики и развития языков Актогайского района».
Тармақ 12
12. Ақтоғай ауданы әкімдігі атынаң «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ құрылтайшысы болып табылады.
Тармақ 13
13. Осы Ереже «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 14
14. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-не кәсіпкерлік субъекті лерімен «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тарау 2. 2-тарау. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 16
16. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Ақтоғай ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының қызметін үйлестіру жолымен әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салаларда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің құзыретіне жататын мәселелері бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарын, Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру және насихаттау;
Тармақша 4
4) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ауданның атқарушы органдарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен, саяси партияларымен әрекеттесу;
Тармақша 5
5) мемлекеттік тілді және ауданда тұратын халықтардың тілдерін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
Тармақша 6
6) аудан деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру, оның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңдарын, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) санкцияланбаған наразылық акцияларының алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) Ақтоғай ауданындағы қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: - аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдардың қарауына ішкі саясат және тілдерді дамыту проблемаларды жедел шешу, дамудың негізгі бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізу; - заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу; - «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер өткізу; - мемлекеттік органдарда, сотта «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мүдделерін білдіру.
Тармақша 2
2) Міндеттері: - «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де көмек көрсетеді; - бөлімнің құзыретіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасау; - тіл саясаты саласындағы қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша аудан әкімдігінің атқарушы органдары мен өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіру; - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі өкілеттіліктерді орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және қарамағындағы ұйымдармен өзара әрекеттеседі.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру және насихаттау;
Тармақша 2
2) аймақта болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістерді және олардың даму тенденцияларын жан-жақты және нақты зерделеу, қорыту және талдау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және жүзеге асырылуын бақылау;
Тармақша 4
4) Көрнекі үгіт-насихат құралдары мазмұнының қолданыстағы заңнамаға және Республиканың саяси бағытына сәйкестігін бақылауды іске асыру;
Тармақша 5
5) ауданда болып жатқан қоғамдық үдерістерді талдау және реттеу, әлеуметтік зерттеулерді, қоғамдық пікір сауалнамасын жүргізу, әлеуметтік шиеленісу ошақтарын анықтау, Республика, облыс, аудан өмірінің маңызды мәселелері жөніндегі қоғамдық пікірді қалыптастыру;
Тармақша 6
6) ауданның жастар саясатын іске асыру жөніндегі жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 7
7) Ақтоғай ауданының аумағында дінге қатысты мемлекеттің саясатын өз кезігімен жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қарым-қатынасын реттеу саласындағы заңнаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) ауданның қоғамдық-саяси, діни, жастар, үкіметтік емес бірлестерінің ақпараттық деректер қорын қалыптастыру, жинау, қорыту және жіктеу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этно-мәдени, діни бірлестіктермен, кәсіптік одақтармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) халықта Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтарды әзірлеу;
Тармақша 11
11) аудандағы отбасы-демографиялық жағдайының мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында гендерлік және отбасы-демографиялық саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтарды әзірлеу;
Тармақша 12
12) әкімдіктің отырыстарына және аудан әкімі жанындағы мәжілістерге «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің құзыретіне жататын мәселелері бойынша материалдарды, талдамалы жазбахаттарды, әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелерін, ауданда болып жатқан әлеуметтік-саяси үдерістер дамуының динамикасы мен тенденциялары туралы ақпаратты дайындау;
Тармақша 13
13) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдау;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабар алмасуын қарауды қамтамасыз ету;
Тармақша 15
15) аудандық деңгейде сыбайлас жемкорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізу;
Тармақша 16
16) тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) мемлекеттік және өзге де тілдерді дамытуға бағытталған аудандық маңызы бар іс-шараларды өткізеді;
Тармақша 18
18) «Рұқсаттар мен хабарламала туралы» ҚР заңына сәйкес ауданның елді мекендерінде мандайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қаруды жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сін басқару «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-не жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшымен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
Тармақ 18
18. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі басшысының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі туралы Ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 4
4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 8
8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің мүддесін білдіреді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4-тарау. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
4-тарау. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 20
20. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
Тармақ 21
21. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-не бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады. «Ақтоғай ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) «Ақтоғай ауданы ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Жас Қанат» жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.