Об оказании социальной помощи на проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген санаттарына қала ішінде қоғамдық көліктердегі (таксиден басқа) жолақыға әлеуметтік көмек көрсету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы №148 Заңына сәйкес және облыстық Мәслихаттың ІІІ сессиясының «2004 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2003 жылға 25 желтоқсандағы №36 шешімін (тіркеу №1365) орындау үшін Қарағанды облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Зейнетақы және жәрдемақы мөлшерлері айына 6600 теңге төмен зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы алушыларға қала ішінде қоғамдық көліктердегі (таксиден басқа) жолақыға әлеуметтік көмек көрсету 2004 жылғы 1 кантардан бастап қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. 2004 жылға әлеуметтік көмектің мөлшері айына 500 теңге мөлшерінде анықталсын.
Тармақ 3
3. «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» бюджет бағдарламасының әкімшісі болып облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы белгіленсін.
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (С.М.Бүркеева):
Тармақша 1
1) еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері арқылы 190 нысандағы банк тапсырмалары, зейнетақы және жәрдемақы алушылардың есеп шоттарының нөмірін көрсетумен жолақыға әлеуметтік көмек көрсету туралы бұрын және жаңадан берілген өтініштер негізінде әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді қамтамасыз етсін. Жолақыға әлеуметтік көмекті төлеу осы көмекті беруге құқық берілген сәттен бастап, алайда 2004 жылғы 1 қаңтардан бұрын емес, жүргізілсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы ұлттық Банкінің лицензиясы бар мекемелермен немесе екінші деңгейдегі банктермен 190 нысандағы банк тапсырмаларына сәйкес азаматтардың бұрында және жаңадан ашылған есеп шоттарына жолақыға әлеуметтік көмек сомасын есептеу және оларды есептен шығару бойынша осы операция түрін жүзеге асыруға агенттік келісім жасасын;
Тармақша 3
3) ағымдағы айдың 28-не дейін ай сайын әлеуметтік көмек алушыларға жолақыға құжаттар беру ведомстары бойынша автотасымалдаушылармен еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің тапсырыс актілері негізінде азаматтарға әлеуметтік көмекті төлеуге сұраныстарын қалыптастырсын және облыстық қаржы басқамасына тапсырсын;
Тармақша 4
4) ағымдағы айдың 25-не дейін еңбек халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсетудің тиісті бөлімінің есеп шотына қаржыны қайтару және тізімнен шығаруды тоқтату үшін осы операцияны жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар мекемелерге немеске екінші деңгейдегі банктерге әлеуметтік көмек алатындар санынан қайтыс болғандар және шыққан тұлғалар тізімдерін ай сайын тапсыруға қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталықтың облыстық филиалы (Р.Д.Ақашев – келісім бойынша) жолақыға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін зейнетақы және жәрдемақы алушылардың мәліметтер базасын еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына ай сайын тапсыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы (А.К.Молотовник) міндеттеме бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес және облыстық бюджетте қарастырылған төлемдер шегінде жолақыға әлеуметтік көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мен қаржылық негізділігіне облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының жауапкершілігі белгіленсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа жүктелсін.