Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 8 сәуiрдегi "Мүгедектер iсi жөнiндегi облыстық кеңес құру туралы" № 99/4 қаулысына сәйкес және 3 шақырылған Павлодар облыстық мәслихатының 4 сессиясының 2004 жылғы 23 сәуiрдегi "Мүгедектердi оңалтудың 2004 - 2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы туралы" № 25/4 шешiмiн iске асыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: Мүгедектер iсi жөнiндегi аудандық кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
Тармақ 2
2. Кеңестiң қоса берiлiп отырған Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Кеңестiң дербес құрамы заңнамада белгiленген тәртiпте аудандық Мәслихаттың бекiтуiне ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р.Ш. Шәмкеноваға жүктелсiн.
Басқа 4. Мүгедектер iсi жөнiндегi аудандық кеңестiң ережесi
Павлодар аудан әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 8 қыркүйектегі "Мүгедектер iсi жөнiндегi аудандық Кеңес құру туралы" № 313/9 қаулысымен бекiтiлдi Мүгедектер iсi жөнiндегi аудандық кеңестiң ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Мүгедектер iсi жөнiндегi Кеңес (бұдан әрi - Кеңес) аудан әкiмдiгi жанындағы консультативтiк - Кеңес берушi орган болып табылады. Кеңес мақсат мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерiнде мемлекеттiк органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметтерiн үйлестiру жөнiндегi ұсыныстарды пысықтау үшiн құрылды. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi, аудан әкiмдiгi және әкiм актiлерiн, басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Қағиданы басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары
2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) қоғамда мүгедектердi оңалту үшiн жағдайлар жасау;
Тармақша 2
2) мүгедектiк және мүгедектер мәселелерiмен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;
Тармақша 3
3) мүгедектер мәселелерi жөнiнде ұсыныстар дайындау Кеңестiң негiзгi мiндеттерi болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) мүгедектердi кешендi оңалтуды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жергiлiктi мемлекеттiк органдардың мүгедектiктiң алдын алу, оңалту, әлеуметтiк қорғалуы, бiлiм алуы кәсiптiк даярлануы, мүгедектердiң жұмыспен қамтылуы мәселелерi жөнiндегi iс-қимылын үйлестiру үшiн ұсыныстарды пысықтау;
Тармақша 3
3) бiлiм, денсаулық сақтау, еңбек және халықты қорғау, дене- шынықтыру мен спорт жүйелерi ұйымдардың мүгедектердi оңалту мәселелерi жөнiндегi жұмыстың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру;
Тармақша 4
4) мүгедектердi оңалтудың 2004 - 2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасың жүзеге асырылуына бақылау жасау Кеңестiң негiзгi функциялары болып табылады.
Тарау 3. 3. Кеңестiң құқықтары
3. Кеңестiң құқықтары
Тармақ 3
3. Кеңес:
Тармақша 1
1) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерiнде аудандық бюджеттiң қаржыландырылатын атқарушы органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеуге;
Тармақша 2
2) мүгедектiк және мүгедектер проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға;
Тармақша 3
3) аудандық бюджеттiң қаржыландырылатын атқарушы органдардан, қоғамдық ұйымдардан, кәсiподақ бiрлестiктерi мен жұмыс берушiлерден (келiсiм бойынша) мүгедектiк және мүгедектер проблемалары жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар әзiрлеу мақсатында ақпарат сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4) өз шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жасауға;
Тармақша 5
5) аудандық бюджеттiң қаржыландырылатын атқарушы органдар, кәсiподақ бiрлестiктер, жұмыс берушiлер, қоғамдық ұйымдар (келiсiм бойынша) белгiленген мерзiмде қарау және жүзеге асыру үшiн мiндеттi келiсiлген ұсыныстарды қабылдауға;
Тармақша 6
6) мүгедектiк және мүгедектер проблемаларына байланысты мәселелердi қарайтын жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар, кәсiподақ бiрлестiктерi мен жұмыс берушiлер (келiсiм бойынша) өткiзетiн мәжiлiстерге қатысуға құқылы.
Тарау 4. 4. Кеңес қызметiн ұйымдастыру
4. Кеңес қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 4
4. Кеңестi төраға басқарады. Кеңес отырыстарын қажетiне қарай, кем дегенде тоқсанына бiр рет төраға немесе оның тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасары шақырады.
Тармақ 5
5. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдар мен ұсыныстарды дайындауды Кеңес хатшысы қамтамасыз етедi. Кеңес өз қызметiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Кеңес шешiмi ашық дауыспен қабылданады және егер Кеңес мүшелерi жалпы санынан көбi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген жақтың шешiмi қабылданған болып есептеледi.
Тармақ 7
7. Мәжiлiс отырыстарының жүргiзiлу нәтижесi бойынша хаттама жасалады, оған отырыста болған Кеңес мүшелерi қол қояды. Кеңес шешiмi ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 8
8. Аудан халықты әлеуметтiк қорғау және қамту бөлiмi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 5. 5. Кеңестiң қызметiн тоқтату
5. Кеңестiң қызметiн тоқтату
Тармақ 9
9. Кеңес өз қызметiн әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес тоқтатады.