Об утверждении положении самостоятельных отделов Сарыагашского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сарыағаш ауданының дербес бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы қаулының 1–қосымшасына сәйкес «Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 2
2) осы қаулының 2–қосымшасына сәйкес «Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 3
3) осы қаулының 3–қосымшасына сәйкес «Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 4
4) осы қаулының 4–қосымшасына сәйкес «Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 5
5) осы қаулының 5–қосымшасына сәйкес «Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 6
6) осы қаулының 6–қосымшасына сәйкес «Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
Тармақша 7
7) осы қаулының 7–қосымшасына сәйкес «Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже (одан әрі – Ережелер) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының бірінші тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 0
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 15. «Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Сарыағаш ауданы әкімдігінің «19» тамыздағы 2025 жылғы №282 қаулысына 1-қосымша «Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі) экономика және қаржы саласындағы басшылықты жүзеге асырататын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, С.Исмайлов көшесі, №33 үй, индекс 160900.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) аудандық бюджеттің атқарылуын, мемлекеттік меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) ауданның бюджеттік қаражаттарын және аудан әкімдігінің коммуналдық меншік объектілерін басқару;
Тармақша 3
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру;
Тармақша 4
4) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара әрекеттестікте бюджеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар.
Тармақша 2
2) міндеттері: - ауданның мемлекеттік бюджет саясатын іске асыруға қатысу; - ауданның тиісті қаржы жылына арналған бюджетін бекіту туралы аудандық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу; - ауданның тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетін бекіту туралы мәслихат шешімін іске асыру жөніндегі аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу; - қаржыландырудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту; - жергілікті бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және орындалуы туралы есепті әзірлеу; - ауданның үш жылға арналған бюджет жобасын әзірлеу; - басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру; - республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жасау және оны тиісті органдарға ұсыну; - коммуналдық меншікті басқару, жалға беру, сату, жекешелендіру, жекешелендіруден кейінгі қызмет және дауларды реттеу, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау;
Тармақша 2
2) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жоспарлы кезеңге аудан бюджетін әзірлеу;
Тармақша 3
3) аудандық бюджет туралы мәслихат шешімін жүзеге асыру жөнінде қаулының жобасын әзірлеу;
Тармақша 4
4) аудан бюджетінің жобасын аудандық мәслихатының қарауына және бекітуіне енгізу;
Тармақша 5
5) аудан бюджетін нақтылау бойынша ұсыныстар дайындап, аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
Тармақша 6
6) аудандық бюджеттің түсімдері мен шығындарының жиынтық жоспарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 7
7) түсімдердің болжамды көлемдерін ескере отырып, бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын және мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке жоспарларын тексеру;
Тармақша 8
8) салық төлеушінің тіркеуге алынған жеріндегі салық органының, толық көлемде жергілікті бюджетке түсетін салық міндеттемелерін орындау мерзімін өзгерту туралы шешіміне келісім беру және салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу;
Тармақша 9
9) бюджет қаржысын басқаруды, алдағы кезеңде бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемін анықтауды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) бюджеттік бағдарламаларды, бюджеттік инвестицияларды іске асырудың тиімділігін (нәтижелілігін) бағалауға талдау жүргізу;
Тармақша 11
11) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың штаттық кестелеріне мониторинг жүзеге асару;
Тармақша 12
12) инвестициялық жобалардың және даму бюджетінің игерілуіне мониторинг жүргізу;
Тармақша 13
13) аудандық жергілікті атқарушы орган резервінің пайдалануы жөнінде мәліметті жинақтау;
Тармақша 14
14) жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізімдерінің үш жылдық мерзімге арналған жобасын түзіп, оны аудандық бюджет комиссиясының қарауына ұсыну;
Тармақша 15
15) бюджеттік бағдарламалар әкімдіктерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын оларды қаржылай қамтамасыз етуді, дәлелді құжаттарының түгелдігін қарап, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің жобасын әзірлеп, оны бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
Тармақша 16
16) жергілікті бюджет есебінен, сондай-ақ мақсатты трансферттер есебінен қаржыландыруға жоспарланған бюджеттік инвестициялық есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджет инвестицияларын жүзеге асыруды бағалау жөніндегі ақпаратты орталық өкілетті органға тапсыру;
Тармақша 17
17) инвестицияларды жүзеге асыру туралы және олардың ҚЭН (қаржылық экономикалық негіздеме) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігіне бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын қарап, олар бойынша экономикалық қорытынды дайындау;
Тармақша 18
18) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығындары, бюджеттік тапсырыс жобаларын қарау қорытындылары бойынша, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларына қорытынды жасап, аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
Тармақша 19
19) бюджеттің атқарылу принциптерін сақтау, бюджет қаражатын нысаналы пайдалану және бюджетті бірқалыпты атқару;
Тармақша 20
20) бюджет қаржысының игерілуіне, жылдық соманың айға бөлінуіне, қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізудің негізділігіне, қаржыландыру жоспарының орындалмау себебін анықтауына, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебінің жасалуына талдау және бағалау арқылы мониторинг жүргізу;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес, жергілікті бюджеттің атқарылуына айлық, тоқсандық, жылдық және басқа да есептерді талдау жасап ұсыну;
Тармақша 22
22) облыс, аудан әкімінің және жоғары тұрған органдарының тапсырмаларының орындалуын осы Ережеде және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, берілген уәкілеттік негізінде қамтамасыз ету;
Тармақша 23
23) жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша әдістемелік басшылық жасау;
Тармақша 24
24) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын әзірлеп, аудандық бюджет комиссиясының қарауына ұсыну;
Тармақша 25
25) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын аудандық әкімдіктің қарауына және мақұлдауына ұсынып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
Тармақша 26
26) ауданды дамыту бағдарламасын облыстық мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органмен келісу;
Тармақша 27
27) ауданды дамыту бағдарламасын жергілікті өкілетті органның қарап, бекітуіне ұсыну;
Тармақша 28
28) ауданды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі облыстық өкілетті органмен келісу;
Тармақша 29
29) ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
Тармақша 30
30) аудан әкімдігі атынан коммуналдық меншіктегі мүліктерге иелік етеді, билік ету және коммуналдық меншіктің пайдалануы мен сақталуы бойынша тексеруді жүзеге асыру;
Тармақша 31
31) коммуналдық меншіктегі мүліктік сенімді басқаруға және жалға беру жөніндегі келісім шартын түзеді, мүліктік жалға берілген объектілерді жалдау ақысы мөлшерінің есебін шығаруды және мүліктік жалға беру бойынша өткізілетін тендерлер жөнінде құжаттарды дайындайды және жалға берудің заңдылығы және жалға берудің шарттары орындалуының мәселелері бойынша бірлескен тексерулер жүргізу;
Тармақша 32
32) мемлекеттік мекемелердің, коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және мемлекетке тиесілі үлесі бар шаруашылық серіктестіктерінің реестрін жүргізу;
Тармақша 33
33) аудан әкімдігінің коммуналдық меншігіне айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудан әкімдігінің коммуналдық мүлкін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткiзiлген иесіз қалған мүлiктiң, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұрмайтын қазына үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
Тармақша 34
34) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді:
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 95. «Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Сарыағаш ауданы әкімдігінің «19» тамыздағы 2025 жылғы №282 қаулысына 2-қосымша «Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтық–құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, С.Исмайлов көшесі, №19 үй, индекс 160900.
Тармақ 10
10. Осы ереже Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекетік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекетік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: - мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мекеме мүдделерін білдіру; - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу; - қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
Тармақша 2
2) Міндеттері: - әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу; - «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, психологиялық көмектер және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жергілікті уәкілетті орган шешімі негізінде бір реттік жәрдемақыларды төлеу.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) аудан аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отырады;
Тармақша 2
2) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк және қайырымдылық көмек көрсетудi ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдеседі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;
Тармақша 5
5) мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 7
7) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 9
9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
Тармақша 13
13) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;
Тармақша 14
14) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 16
16) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
Тармақша 17
17) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;
Тармақша 18
18) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;
Тармақша 19
19) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қарамағындағы ұйымдарға басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек көрсетеді;
Тармақша 22
22) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады;
Тармақша 23
23) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алуды жүзеге асырады;
Тармақша 24
24) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 25
25) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етеді;
Тармақша 26
26) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз етеді;
Тармақша 27
27) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
Тармақша 28
28) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады.
Тармақ 18
18. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың директорларын тағайындайды және қызметінен босатады. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Аялы алақан» және «Қамқор» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Сарыағаш мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 171. «Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Сарыағаш ауданы әкімдігінің «19» тамыздағы 2025 жылғы №282 қаулысына 3-қосымша «Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ведомостволары жоқ.
Тармақ 3
3. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Сарыағаш ауданық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері. Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, С.Исмайлов көшесі, №37 үй, индекс 160900.
Тармақ 10
10. Осы ереже Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу және жолаушылар көлігі мен тасымалдауды ұйымдастыру, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: - аудандық атқарушы органдардан қажетті құжаттарды, ақпаратты, жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты түсініктемелерді сұратуға және алуға, сондай-ақ мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуге ауданның атқарушы органдарының қызметкерлерін қатыстыруға; - мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіруге; - мемлекеттік мекемелерден, мемлекеттің қатысуындағы заңды тұлғалардан және басқа да мемлекеттік мекемелерден, өзінің құзіреті шеңберінде қажетті мәліметтерді сұрауға; - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақша 2
2) міндеттері: - жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың актілерін жасауға қатысу, жолаушылар көлігі мен тасымалдауды ұйымдастыру және автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; - мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу; - мекеменің құзыреті шегінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары кәсіпорындарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; - жолаушылар көлігі саласында бағаның қалыптасуына талдау жүргізу; - халыққа және бюджеттік сала объектілеріне кәсіпорындар ұсынатын жолаушыларды тасымалдауға бағалар мен тарифтердің дәлелділігін келісу және тексеру, олар бойынша қорытындылар беру және баға мен монополияға қарсы саясат бойынша облыстық мемлекеттік комитетке келісуге ұсыныстар енгізу; - жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарымен айналысатын барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар үшін өз құзыреті шегінде нұсқау, кеңес беретін және өзге де сипаттағы құжаттар шығару; - жолаушылар көлігі жүйесін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және аудан әкімдігінің қарауына енгізеді; - автобустарды, шағын автобустарды және таксилерді қолдану арқылы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру; - аудан ішінде жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстарды ұйымдастыру; - автомобиль жолдарын дамытудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және оны іске асыру; - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ауданның көше-жол желілеріндегі автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымын дамыту;
Тармақша 3
3) ауданының жолаушылар көлігі мен таксидің тұрақты бағыттарына жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының, аудан көшелерінің және өзге де елді мекендер көшелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) көлік инфроқұрылымын дамыту, барлық меншік нысандарындағы жолаушыларды тасымалдаушыларды жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігінің, қауіпсіздік техникасымен санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес келетін диспетчерлік қызметпен және аялдау павильондарымен (аялдамалармен) қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына;
Тармақша 7
7) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады.
Тармақ 18
18. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бірінші басшысының өкілеттілігі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 220. «Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Сарыағаш ауданы әкімдігінің «19» тамыздағы 2025 жылғы №282 қаулысына 4-қосымша «Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі) ауданның ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, уәкілеттілік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, С.Исмайлов көшесі №37 үй, индекс 160900.
Тармақ 10
10. Осы ереже Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: - ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; - Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді іске асыруға құқылы.
Тармақша 2
2) міндеттері: - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; - қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; - ауданда Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, әкімдіктің, облыстың және аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларын орындауына бақылау жасайды; - қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға, Қазақстанды дамытудың 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады; - ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады; - ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздемелер және тәжірибелік ұсынбалар, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; - ауданда болып жатқан қоғамдық–саяси процестерге және оның даму барысына жан–жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды; - аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөнінде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отырады; - аудандағы қоғамдық–саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік-саяси зерттеулер жүргізеді; - қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды; - әлеуметтік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, білім беру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік емес құрылымдардың қызметіндегі өзара келісілген іс-әрекетті қамтамасыз етеді; - аудан әкімі орынбасары жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын іске асырады; - Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау; - мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету; - мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру; - қарамағындағы мекеменің қызметін үйлестіру; - өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады; - ішкі саясат саласында Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді, Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөліміне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады; - Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай–ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады; - аудандық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізуге арналған жастар саясаты мен мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі аудандық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады; - Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін ішкі саясат, азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді; - Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді; - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аймақтағы қоғамдық–саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, Қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөніндегі ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының облыс пен аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады;
Тармақша 4
4) аудан туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі аудан әкімдігінің жұмысына қатысады;
Тармақша 5
5) Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің құзырына кіретін мәселелер бойынша Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасымен, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі атқарған жұмыстары жөнінде Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасына үнемі есеп беріп отырады;
Тармақша 7
7) Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер жөнінде бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамыз етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) облыстық және аудандық қоғамдық –саяси, мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) ауылдық округтер әкімдерінің, ауданның мемлекеттік мекемелерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды;
Тармақша 11
11) ауданның ішкі саяси өміріндегі маңызды мәселелері бойынша аудандық әкімдіктің мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысады;
Тармақша 12
12) кіші Ассамблеяға және оның хатшылығына ұйымдастырушылық және әдістемелік, ақпараттық көмектер көрсетеді;
Тармақша 13
13) ішкі саясат саласында, этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты белгілейтін, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Тармақша 14
14) Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің құзырына қатысты мәселелер жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және қорыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) саяси партиялармен, этно– мәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми–практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;
Тармақша 17
17) аудан әкімі аппаратының бөлімшелерімен бірлесе отырып, Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды;
Тармақша 18
18) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 18
18. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары жоқ.
Тармақ 19
19. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
Тармақ 23
23. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақ 1
1. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 281. «Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Сарыағаш ауданы әкімдігінің «19» тамыздағы 2025 жылғы №282 қаулысына 5-қосымша «Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі) жер қатынастары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Исмаилов көшесі, №37 үй, индекс 160900.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) белгiлеген жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн; жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
Тармақша 3
3) шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: - мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіру; - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
Тармақша 2
2) Міндеттері: - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; - Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау; - мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету; - мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 4
4) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 5
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 6
6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
Тармақша 7
7) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
Тармақша 8
8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
Тармақша 9
9) ауданның жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын ауданының маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
Тармақша 13
13) ауданның жер балансын жасау;
Тармақша 14
14) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
Тармақша 15
15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
Тармақша 16
16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) Жер кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 18
18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 19
19) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
Тармақша 20
20) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
Тармақша 21
21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
Тармақша 22
22) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 23
23) Жер кодексінің 147-бабының 2-2-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға қатысты жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі,өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі,өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады.
Тармақ 18
18. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда ) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 349. «Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Сарыағаш ауданы әкімдігінің «19» тамыздағы 2025 жылғы №282 қаулысына 6-қосымша «Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Басқа 350. «Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Сарыағаш ауданы әкімдігінің «19» тамыздағы 2025 жылғы №282 қаулысына 7-қосымша «Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Шораұлы көшесі н/с, индекс 160900.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) аудандағы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) мәдениеттік қызмет көрсетуде, мәдени құндылықтарды құру, қолдану және тарату шеңберінде аудан азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қазақ және өзге де ұлттық мәдениеттің таралуын, дамытылуын, сақталуын және жандандырылуларын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) тарихи-мәдени мұраны сақтау және оның сақталуы үшін жағдай жасау;
Тармақша 5
5) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
Тармақша 6
6) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
Тармақша 7
7) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
Тармақша 8
8) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;
Тармақша 9
9) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: - Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзуға жол берілгендігі анықталған жағдайда бұзушыларға белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығару; - нұсқаманың талаптарын орындамаған жағдайда азаматтық және әкімшілік ic жүргізу тәртібінде нұсқаманың талабын мәжбүрлеп орындау туралы; - Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және анықталған заң бұзушылық бойынша әкімшілік жазалауды колдану туралы қаулыны шығару; - мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіру; - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу; - қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру; - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. - ақпараттандыру саласындағы бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру мақсатында жоспарлауға, қалыптастыруға қатысады, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалары және бағдарламаларын талдауға және дамытуға қатысуға құқылы;
Тармақша 2
2) Міндеттері: - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; - Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау; - мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету; - мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру; - өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады. Мемлекеттік органның құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады; - мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты дамыту саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді. Мемлекеттік органға қатысты мәселелер бойынша ақпараттык талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады; - Мемлекеттік органның қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалауды, сондай -ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады; - аудандық деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асырады; - Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық- әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді; - қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру; - жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады; - мемлекеттік орган қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді; - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) ауданның мемлекеттік мәдениет, спорт ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
Тармақша 8
8) ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін беру жөнінде ұсыныс дайындайды;
Тармақша 9
9) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;
Тармақша 10
10) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 11
11) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
Тармақша 13
13) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;
Тармақша 14
14) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 15
15) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 16
16) аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
Тармақша 17
17) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
Тармақша 18
18) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
Тармақша 19
19) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;
Тармақша 20
20) аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
Тармақша 21
21) аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
Тармақша 22
22) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 23
23) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 24
24) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 25
25) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 26
26) ақпараттық–коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
Тармақша 28
28) маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаны қабылдау және қарау;
Тармақша 29
29) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады.
Тармақ 18
18. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде банктерде есеп-шоттар ашады, мемлекеттік органның барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Сарыағаш аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.