Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ акимата города Костаная» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қостанай қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын деп танылсын: - «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 751 қаулысы; - Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 75 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 31 тамыздағы № 1751 қаулысы.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Әкімдіктің 2025 жылғы «15» шілде № 1041 қаулысымен бекітілген «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлім мынадай ведомстволық бағынысты мекемелері бар:
Тармақша 1
1) «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Белгіленген тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қиын өмірлік жағдайдағы тұлғаларға (отбасыларға) арналған бейімделу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, А. Қасымқанов көшесі, 36.
Тармақ 10
10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Бөлімге заңмен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) Бөлімнің қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: Бөлім мүдделерін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда білдіру; өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау; мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ведомствоға бағынысты мекемелердің қызметін үйлестіру;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдарың (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар шығаратын арнайы комиссиясы жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға, көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;
Тармақша 4
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражаты қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
Тармақша 5
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу;
Тармақша 7
7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және қажетті шаралар қолдану;
Тармақша 8
8) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара әрекет ету;
Тармақша 9
9) адамға (отбасыға) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы шешім шығару;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толған азаматтарға қатысты қамқорлық пен қорғаншылық бойынша функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі мерзімде кемінде алты ай жұмыс істеген адамдардың еңбек өтілін белгілеу үшін арнайы комиссиясы жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу үшін арнайы комиссиясы жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) консультативтік-кеңесші органның жұмыс органының қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Бөлімді басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Бөлім басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) ведомстволық бағынысты мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімнің жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 4
4) бұйрықтарды шығарады және Бөлімнің барлық жұмыскерлері үшін орындалуға міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 5
5) Бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
Тармақша 6
6) белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде Бөлім мен ведомстволық бағынысты Бөлімдері жұмыскерлерінің штат кестесін бекітеді;
Тармақша 7
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және Бөлімнің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
Тармақша 8
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауап береді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бөлімнің басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.