Об утверждении Правил закрепления участков рыбохозяйственных водоемов международного и (или) республиканского значения для осуществления садковой хозяйственной деятельности Қолданыста
Басқа 0
Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидаларын бекіту туралы
«Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру қағидаларын және инвесторға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 21 тамыздағы № 283 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34968 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Мыналар былайша белгіленсін:
1) Қағидалардың 10-тармағы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады:
«10. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның және тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының келісімі алынған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тізім уәкілетті орган басшысының шешімімен бекітіледі және аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесі, уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстары арқылы ашық қолжетімділікте орналастырылады.»;
2) Қағидалардың 33 және 34-тармақтары 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады:
«33. Конкурс өткізбей жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру туралы оң шешім болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізеді.
Жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
N= 5 АЕК * S,
мұндағы:
N – жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері;
5 АЕК – жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемесі;
S – балық шаруашылығы учаскесінің ауданы, гектар.
34. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Заңның 11-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады.».
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 28 тамыздағы
№ 266
бұйрығымен бекітілген
Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме (бұдан әрі – биологиялық негіздеме) – зерттеулер мен ғылыми деректер, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің, балық өсіру тоғандарының, балық өсіру бассейндерінің ағымдағы жай-күйі мен әлеуетін бағалау, сондай-ақ аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты технологияларды қолдану нәтижесінде әзірленген ғылыми негізделген ұсынымдар кешені;
Тармақша 2
2) аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – аквашаруашылық саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 3
3) инвестициялар – лизинг шартын жасасқан сәттен бастап қаржы лизингi нысанасын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа);
Тармақша 4
4) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган – су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 5
5) тор қоршама шаруашылық қызметі – балықтарды балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің акваториясында орналасқан арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызмет.
Тармақ 3
3. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыр үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті органның шешімімен Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Заңның 11-бабының 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келгенде Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына конкурс өткізбей бекітіп беріледі.
Тармақ 4
4. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері мынадай жобаларды іске асыру мақсатында бекітіп беріледі:
Тармақша 1
1) жаңа өндірістерді құру жөніндегі және қайта өңдеу қуаттарын іске қосуды қоса алғанда, өндірістік объектілер құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз елу мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін жобалар;
Тармақша 2
2) жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту, оның ішінде өндірістік және қайта өңдеу қуаттарын реконструкциялау мен жаңғырту жөніндегі және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін жобалар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларға жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беруге өтінім (бұдан әрі – өтінім) жіберген кезде мынадай талаптарға сәйкес болуы керек:
Тармақша 1
1) жобаның бизнес-жоспары мен жұмыс бағдарламасының болуы;
Тармақша 2
2) екінші деңгейдегі банкте және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мөлшерден кем емес көлемдегі қаражаттың немесе жобаның бизнес-жоспарында көрсетілген қаражаттың болуы;
Тармақша 3
3) салықтық берешектің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болмауы;
Тармақша 4
4) орындалмаған шарттық міндеттемелердің болмауы (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген тұлғалар үшін).
Тармақ 6
6. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін бекітіп беру мерзімі Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау негізінде айқындалатын он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімді құрайды.
Тарау 2. 2-тарау. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерін бекітіп беру тәртібі
2-тарау. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерін бекітіп беру тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімін қалыптастыру
1-параграф. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімін қалыптастыру
Тармақ 7
7. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімін (бұдан әрі – тізім) уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жыл сайын 1 сәуірден кешіктірмей қалыптастырады және су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органға және тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына келісу үшін жолдайды.
Тармақ 8
8. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган және тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тізімді келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және келіседі не бас тарту себептерін көрсете отырып, келісуден бас тартады.
Тармақ 9
9. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган және (немесе) тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тізімді келісуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бас тартудың себептерін жояды және оны қайта келісуге жолдайды.
Тармақ 10
10. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның және тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының келісімін алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тізім уәкілетті орган басшысының шешімімен бекітіледі және уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстары арқылы ашық қолжетімділікте орналастырылады.
Тармақ 11
11. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері тізімге енгізілген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа (бұдан әрі – конкурс) шығарылмайды.
Тармақ 12
12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларынан өтінімдер келіп түспеген жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін конкурс қағидаларына және қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа шығарылады.
Тармақ 13
13. Өтінімдердің келіп түсуіне қарай уәкілетті органның ведомствосы тізімге енгізілген балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің мәртебесін өзектендіруді жүргізеді.
Тізімге енгізілген балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің мәртебелері:
Тармақша 1
1) «бос»;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының заңды тұлғасынан белсенді өтінім бар»;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бекітіп берілді» деп бөлінеді.
«Қазақстан Республикасының заңды тұлғасынан белсенді өтінім бар» мәртебесі болғанда, өтінімдер ағымдағы өтінім бойынша шешім қабылдағанға дейін қабылданбайды.
Тармақ 2. 2-параграф. Инвестициялық комиссия құру, оның функциялары
және ұйымдастыру жұмыстары
2-параграф. Инвестициялық комиссия құру, оның функциялары
және ұйымдастыру жұмыстары
Тармақ 14
14. Инвестициялық комиссия уәкілетті орган ведомствосының шешімі бойынша құрылады.
Инвестициялық комиссияның құрамына мыналардың өкілдері енгізіледі:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган ведомствосы (басшының орынбасарынан төмен емес, комиссия төрағасы);
Тармақша 2
2) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (басшыдан төмен емес);
Тармақша 3
3) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы (аквашаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес);
Тармақша 4
4) «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
Тармақша 5
5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар және (немесе) дербес білім беру ұйымдары;
Тармақша 6
6) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның бассейндік су инспекциялары (басшының орынбасарынан төмен емес).
Инвестициялық комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде бес адамнан тұрады, тақ санды құрайды.
Тармақ 15
15. Инвестициялық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер дауыс беруге инвестициялық комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 бөлігі қатысса және оған инвестициялық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, онда қабылданған болып табылады.
Тармақ 16
16. Инвестициялық комиссияның функцияларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы ұсынған өтінімді және құжаттарды қарау;
Тармақша 2
2) конкурс өткізбей тор қоршама шаруашылық қызметтін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру мақсатында жобаларды айқындау.
Тармақ 17
17. Инвестициялық комиссияның хатшысы уәкілетті орган ведомствосы қызметкерлерінің арасынан айқындалады және оның мүшесі болып табылмайды. Инвестициялық комиссияның хатшысы инвестициялық комиссия мүшелерін қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, инвестициялық комиссияның отырысын ұйымдастырады.
Тармақ 18
18. Инвестициялық комиссияның әрбір отырысы барысында аудио -, бейнежазба үздіксіз жүргізіледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беруге өтінім беру тәртібі
3-параграф. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беруге өтінім беру тәртібі
Тармақ 19
19. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жобаларды іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері болған кезде Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдыны учаскесін бекітіп беруге өтінім жібереді.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның бизнес-жоспары (бұдан әрі – бизнес-жоспар);
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның жұмыс бағдарламасы;
Тармақша 3
3) өтінім берілген күнге дейін он жұмыс күні ішінде берілген, уәкілетті адамның қолы және мөрі (бар болса) қойылған, екінші деңгейдегі банктен және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан заңды тұлғаның шотында осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мөлшерден кем емес көлемдегі (жобаның мақсатына байланысты) ақшалай қаражаттың немесе жобаның бизнес-жоспарында көзделген ақшалай қаражаттың болуы туралы анықтама (лар);
Тармақша 4
4) есепке алынуы салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.
Тармақ 20
20. Уәкілетті орган ведомствосы кеңсесінің қызметкері өтінім және қоса берілген құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыны тағайындайтын уәкілетті орган ведомствосының басшысына жібереді.
Жауапты орындаушы құжаттар тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және толықтығын тексереді. Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған кезде Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын қайтару себептерін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы қайтару себептерін жойғаннан кейін құжаттарды уәкілетті органның ведомствосына қайта енгізеді.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның ведомствосы тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру мақсатында инвестициялық комиссияға жобаларды қарауға және айқындауға береді.
Тармақ 4. 4-параграф. Инвестициялық комиссияның тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру мақсатында жобаларды қарау және айқындау тәртібі
4-параграф. Инвестициялық комиссияның тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру мақсатында жобаларды қарау және айқындау тәртібі
Тармақ 22
22. Инвестициялық комиссия 15 (он бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес уәкілетті органның ведомствосы ұсынған құжаттарды қарайды.
Тармақ 23
23. Инвестициялық комиссияның төрағасы инвестициялық комиссия отырысының күнін осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей белгілейді.
Тармақ 24
24. Инвестициялық комиссияның хатшысы инвестициялық комиссия мүшелерін белгіленген күн туралы хабардар етеді және инвестициялық комиссияның отырысын ұйымдастырады.
Тармақ 25
25. Егер инвестициялық комиссия мүшесінің тікелей немесе жанама қызығушылығы болса, онда ол отырысқа қатыспайды және оған қарсылық білдірілуі (өзі бас тартуы) тиіс.
Өздігінен бас тарту және қарсылық білдіру инвестициялық комиссия отырысы басталғанға дейін де, отырыс барысында да уәжделеді және мәлімделеді.
Инвестициялық комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіру) туралы шешімді инвестициялық комиссия отырыстарға қатысатын мүшелерінің көпшілік даусымен жазбаша нысанда қабылдайды және инвестициялық комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі.
Тармақ 26
26. Инвестициялық комиссияның тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін конкурс өткізбей бекітіп беру жөніндегі жобалар бойынша шешімі ұсынылған құжаттар мен инвестициялық комиссия мүшелерінің қорытындылары негізінде ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
Тармақ 27
27. Инвестициялық комиссия мынадай негіздер бойынша бас тартады:
Тармақша 1
1) жобаның құны осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген мөлшерден аз болуы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) бизнес-жоспардың осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес келмеуі;
Тармақша 4
4) жұмыс бағдарламасының осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес келмеуі;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы.
Тармақ 28
28. Отырыс қорытындысы бойынша инвестициялық комиссияның хатшысы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін конкурс өткізбей бекітіп беру мақсатында инвестициялық комиссияның жобаны айқындау жөніндегі хаттамасын (бұдан әрі – инвестициялық комиссияның хаттамасы) жасайды және оны инвестициялық комиссия мүшелеріне қол қоюға жолдайды.
Тармақ 29
29. Инвестициялық комиссия инвестициялық комиссияның хаттамасына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолдайды.
Тармақ 30
30. Инвестициялық комиссияның хаттамасы коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Тарау 3. 3-тарау. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру туралы шешім қабылдау тәртібі
3-тарау. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру туралы шешім қабылдау тәртібі
Тармақ 31
31. Уәкілетті орган инвестициялық комиссияның хаттамасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мына шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) инвестициялық комиссияның оң шешімі болған жағдайда - жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру туралы –;
Тармақша 2
2) инвестициялық комиссияның теріс шешімі болған жағдайда - жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беруден бас тарту туралы.
Тармақ 32
32. Шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ведомствосы қабылданған шешім туралы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын хабардар етеді.
Тармақ 33
33. Конкурс өткізбей жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру туралы оң шешім болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізеді.
Жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
N= 5 АЕК * S,
мұндағы:
N – жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері;
5 АЕК – жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемесі;
S – балық шаруашылығы учаскесінің ауданы, гектар.
Тармақ 34
34. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Заңның 11-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады.
Тармақ 35
35. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімі
Тор қоршама шаруашылық қызметін
жүзеге асыру үшін халықаралық және
(немесе) республикалық маңызы
бар балық шаруашылығы
су айдындарының учаскелерін
бекітіп беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімі
№
Балық шаруашылығы су айдыны учаскесінің атауы
Орналасқан жері (координаттарын көрсете отырып)
Физикалық сипаттамасы (ауданы, ұзындығы, ені, тереңдігі)
Биологиялық сипаттамасы
Шаруашылық қызметтің ұсынылатын түрі, бекіту мерзімі
Мәртебесі («бос», «Қазақстан Республикасының заңды тұлғасынан белсенді өтінім бар», «Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бекітіліп берілген»)
1
2
3
4
5
6
7
Басқа 2. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдыны учаскесін бекітіп беруге арналған өтінім
Тор қоршама шаруашылық қызметін
жүзеге асыру үшін халықаралық және
(немесе) республикалық маңызы
бар балық шаруашылығы
су айдындарының учаскелерін
бекітіп беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
____________________________
(аквашаруашылық саласындағы
уәкілетті органның атауы)
____________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
______________________________
______________________ (заңды
тұлғаның толық атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
______________________________
____________________________
____________________________
(байланыс телефоны, мекенжайы)
Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдыны учаскесін бекітіп беруге арналған өтінім
жобасын іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдынының учаскесін бекітіп беру мүмкіндігін қарауды сұраймын.
Жобаның түрі:
Жобаның мақсаты:
Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімінен жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдынының қажетті учаскесі:
_______________________________________________________________
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1) ______________________________________________;
2) ______________________________________________;
3) ______________________________________________;
4) ______________________________________________;
5) ______________________________________________;
6) ______________________________________________.
Күні _____________ Қолы ___________
Басқа 3. Жобаның бизнес-жоспары
Тор қоршама шаруашылық
қызметін жүзеге асыру үшін
халықаралық және (немесе)
республикалық маңызы
бар балық шаруашылығы
су айдындарының учаскелерін
бекітіп беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Жобаның бизнес-жоспары
1. Бизнес-жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:
1) жобаның түйіндемесі;
2) технологиялық бөлім;
3) коммерциялық бөлім.
2. Жобаның түйіндемесі мыналарды қамтиды:
1) заңды тұлға туралы ақпарат:
елді көрсете отырып, шетелдік қатысу үлесі;
2) жоба бойынша ақпарат:
жобаның атауы;
жобаның мақсаты;
болжамды жобаның сипаты (жаңа өндірістер құру);
құрылатын жұмыс орындарының саны (уақытша және тұрақты);
өңірдің бағдарламалық құжаттарына сәйкестігі.
3. Технологиялық бөлім мыналарды қамтиды:
сатып алынатын және пайдаланылатын тіркелген активтерді, сондай-ақ технологиялық процесте импортталатын шикізат пен материалдарды көрсете отырып, жоба технологиясының сипаттамасы;
жобада заманауи технологияларды қолдану.
4. Коммерциялық бөлім мыналарды қамтиды:
шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу:
пайдаланылатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;
қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесі;
технологиялық жабдықтың жаңалығы (шығарылған күні және жабдық моделі);
өтініш берушімен шарттық қатынастардың болуын көрсете отырып, технологиялық жабдықтар мен шикізатты жеткізушілер;
маркетинг:
өнімді өткізу - қай өңірлерге;
төлемге қабілетті сұраныстың болуы, нарықтағы бәсекелестік дәрежесі.
Басқа 4. Жобаның жұмыс бағдарламасы
Тор қоршама шаруашылық қызметін
жүзеге асыру үшін халықаралық және
(немесе) республикалық маңызы
бар балық шаруашылығы
су айдындарының учаскелерін
бекітіп беру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Жобаның жұмыс бағдарламасы
№
Жұмыс түрлері
Өлшем бірлігі
Құрылысжайларды салу және (немесе) пайдалану кезеңінде барлығы
Жылдар бойынша бөлу (бірінші, екінші және кейінгі жылдар)
1.
Инвестициялар, барлығы
мың теңге
2.
Құрылысжайларды салу және/немесе пайдалану, барлығы
мың теңге
3.
Күрделі шығындар, барлығы
мың теңге
4.
Пайдалану шығындары, барлығы
мың теңге
5.
Жанама шығындар, барлығы
мың теңге
6.
Өзге де пайдалану шығыстары (негізгі баптардың толық жаза отырып)
мың теңге
7.
Өндірістік және инфрақұрылымдық объектілер және оларды салу (құрылысжайлар) мерзімдері, қажет болған жағдайда (егер бар болса)
нысандар саны
8.
Жоба бойынша және өнім түрлері бойынша жалпы жиынтық табыс
мың теңге
9.
Салық салынатын табыс
мың теңге
10.
Салық төлегеннен кейін кәсіпорынның иелігінде қалған таза табыс
мың теңге
11.
Тәуекелдерді сақтандыру, барлығы
мың теңге
12.
Жылдық өнімділік
Қолданылатын өлшем бірлігі/жыл
Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі_________________
Күні _____________ Қолы ___________
Басқа 5. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін конкурс өткізбей бекітіп беру мақсатында инвестициялық комиссияның жобаны айқындау жөніндегі хаттамасы
Тор қоршама шаруашылық
қызметін жүзеге асыру үшін
халықаралық және (немесе)
республикалық маңызы
бар балық шаруашылығы
су айдындарының учаскелерін
бекітіп беру қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін конкурс өткізбей бекітіп беру мақсатында инвестициялық комиссияның жобаны айқындау жөніндегі хаттамасы
_____________________________________ 20__ жылғы «___» ________
(елді мекен)
1. Комиссия құрамында:
_______________________________________ ‒ комиссия төрағасы;
_______________________________________ ‒ комиссия хатшысы;
комиссия мүшелері:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
______________________________________________________ құрылған
(инвестициялық комиссия құру туралы шешімді, құжаттың нөмірі мен нөмірін көрсету)
2. Инвестициялық комиссия жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру жөніндегі ұсынылған құжаттарды қарап, мынадай шешім қабылдады:
1) жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру келісілсін (балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімі қоса беріледі);
2) жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беруден бас тартылсын (бас тарту себептерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының тізімі қоса беріледі).
3. Хаттаманың бір данасы шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жіберілсін.
Қолдары:
Комиссия төрағасы: ______________________________________
Комиссия мүшелері:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Хатшы: __________________________________________________