Об определении перечня финансовых агентств, бюджетные кредиты из республиканского бюджета которым могут выделяться без обеспечения исполнения обязательств Қолданыста
Басқа 0
Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 154-бабының 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.
Тармақ 2
2. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 3
3. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы.
Тармақ 4
4. «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы.
___________________________________
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысы.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 86 қаулысы.
Тармақ 3
3. «Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 708 қаулысы.
Тармақ 4
4. «Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 146 қаулысы.
Тармақ 5
5. «Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 324 қаулысы.
Тармақ 6
6. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 952 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы.
___________________________________