О проведении иностранного охотничье-рыболовного туризма в Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысында шетелдік аң-балық аулау туризмін өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 31 шешімімен. "Қазақстан Республикасында аумақтық құрылымды одан әрi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 3 мамырдағы N 3482 Жарлығына сәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамына, облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасына Шығыс Қазақстан облысының аумағында шетелдiк аң аулау туризмiн ұйымдастыруға рұқсат етiлсiн.
Тармақ 2
2. Өсiмдiк, жануарлар дүниесiн қорғауды, ұдемелi өсiрудi және пайдалануды, ерекше қорғалатын табиғат аумағын мемлекеттiк бақылаудың облыстық мемлекеттiк инспекциясы (Черенев В.Г.) облыс Әкiмiнiң аппаратымен келiсiм бойынша Шығыс Қазақстан облысының алқаптарында жабайы жануарларды атып алуға жыл сайын жалпы квота белгiлесiн.
Тармақ 3
3. Облыстық Әкiмшiлiктiң 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 132 шешiмi күшiн жойды деп саналсын.