Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории поселка Индербор Күшін жойған
Басқа 0
Индербор кенті аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағы 9) тармақшасына, 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына, 15-бабының 3-тармағының 17) тармақшасына және 48-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) сәйкес, Индер ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 5 және № 6 хаттамаларын, «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 24-05-5/516 санды хатын және «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Атырау өндірістік филиалының Индер газ шаруашылығының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 47 хатын басшылыққа ала отырып, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Индербор кенті аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.