Об утверждении Перечня закрытых и обособленных военных городков, иных закрытых объектов, содержание служебных жилищ и централизованное отопление в которых обеспечиваются за счет бюджетных средств, а также в которых служебное жилище не подлежит приватизации Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызметтік тұрғынжайларды ұстау жəне орталықтандырылған жылыту жүйесі бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық жəне оқшауланған əскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 101-1-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қызметтік тұрғынжайларды ұстау жəне орталықтандырылған жылыту жүйесі бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық жəне оқшауланған əскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қызметтік тұрғынжайларды ұстау жəне орталықтандырылған жылыту жүйесі бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық жəне оқшауланған əскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы «____»________ № ____ бұйрығымен бекітілген Қызметтік тұрғынжайларды ұстау жəне орталықтандырылған жылыту жүйесі бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық жəне оқшауланған əскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесі Р/с № Гарнизон (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) Әскери қалашықтың орналасқан жері Санаты (жабық, оқшауланған) Орналасқан әскери бөлiм (бөлімше) 1 2 3 4 5 1-бөлім. Астана қаласы 1. Ақмола Астана қаласы, Железнодорожный тұрғын алабы Жабық 68665 2. Ақмола Астана қаласы Жабық Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті 2-бөлім. Ақмола облысы 3. Ақмола Аршалы ауданы, Арнасай ауылы Жабық 68665, 44813 4. Щучинск Щучинск қаласы Жабық ҚР ҚМ Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледж 3-бөлім. Алматы облысы 5. Алматы Қарасай ауданы, Шамалған ауылы Оқшауланған 73652 6. Қонаев Қонаев қаласы Жабық 32363 7. Шеңгелді Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы Оқшауланған 86621 4-бөлім. Жетісу облысы 8. Жаркент Жаркент қаласы Оқшауланған 74261 9. Сарыөзек Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы Жабық 12740, 29108 10. Үшарал Алакөл ауданы, Достық ауылы Жабық 31767 «Д» 11. Жетісу Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы Оқшауланған 18386 12. Жетісу Талдықорған қаласы Жабық Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі, 54380 5-бөлім. Шығыс Қазақстан облысы 13. Өскемен Өскемен қаласы, Жаңа Ахмиров ауылы Оқшауланған 27943, 64471 14. Өскемен Күршім ауданы, Күршім ауылы Жабық 31767 «В» 6-бөлім. Батыс Қазақстан облысы 15. Орал Жаңғалы ауданы Жаңадол ауылы Оқшауланған 51809 «В» 7-бөлім. Абай облысы 16. Өскемен Жарма ауданы, Жаңғызтөбе кенті Оқшауланған 47007 17. Аягөз Аягөз қаласы Оқшауланған 10810 18. Аягөз Аягөз қаласы, Мамырсу ауылы Оқшауланған 97616 8-бөлім. Жамбыл облысы 19. Гвардейск Қордай ауданы, Гвардейск қала үлгісіндегі кенті Жабық 30212, 21450 20. Тараз Жуалы ауданы, Қызыларық ауылы Жабық 91678 21. Луговой Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Луговая станциясы Жабық 42062 22. Луговой Меркі ауданы, Меркі ауылы Жабық 11971 23. Тараз Байзақ ауданы, Қайнар разъезді, Сарыкемер ауылы Оқшауланған 28349 24. Тараз Байзақ ауданы, Ақжар ауылы Жабық 40336 25. Тараз Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылы Оқшауланған 10216 «Г» 9-бөлім. Қарағанды облысы 26. Қарағанды Абай ауданы, Спасск ауылы Оқшауланған 36352 27. Қарағанды Саран қаласы, Ақтас кенті Жабық 22750 28. Балқаш Ақтоғай ауданы, Орта Дересін ауылы Жабық 03876 10-бөлім. Маңғыстау облысы 29. Ақтау Ақтау қаласы Оқшауланған 25744, 51809 30. Ақтау Форт-Шевченко қаласы Жабық 51809 31. Атырау Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы Оқшауланған 99116 11-бөлім. Түркістан облысы 32. Арыс Арыс қаласы Оқшауланған 44859 33. Шымкент Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылы Оқшауланған 35748 12-бөлім. Шымкент қаласы 34. Шымкент Шымкент қаласы Жабық 35748 13-бөлім. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің, байланыс тораптарының бөлімшелері мен әскери қоймалары 35. Әуе қорғанысы күштерi бөлiмшелерiнiң өз тұрғын үй қоры бар және елдi мекендерден тыс орналасқан әскери қалашықтары Оқшауланған 36. Байланыс тораптары мен әскери қоймалардың өз тұрғын үй қоры бар және елдi мекендерден тыс орналасқан әскери қалашықтары Оқшауланған 📌 Ескертпе. Әскери қалашық деп бір жер учаскесінде орналасқан және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, қызметкерлерін орналастыру үшін белгілі бір нысаналы мақсаты бар ғимарат пен құрылысжай кешені түсіндіріледі.