Об утверждении правил содержания кошек, собак и других животных на территории Карасуского района Күшін жойған
Басқа 0
Қарасу ауданының аумағында мысықтарды, иттерді және басқа жануарларды күтіп ұстау ережесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 557, 559-баптарына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қарасу ауданының аумағында мысықтарды, иттерді және басқа жануарларды күтіп ұстау ережесі бекітілсін (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. Осы ереженің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдық, құқық тәртібі және қоғамдық ұйымдардың қызметін қалыптастыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. "Қарасу ауданының аумағында мысықтарды, иттерді және басқа жануарларды күтіп ұстау ережесін бекіту туралы" Қарасу аудандық мәслихатының 2003 жылғы 30 шілдедегі № 141 шешімінің күші жойылсын, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2432; " За изобилие" аудандық газетінде 2003 жылғы 29 тамыздағы № 16 жарияланды.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет департаментінде мемлекеттік тіркеу сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Қарасу ауданының аумағында мысықтарды, иттерді және басқа жануарларды күтіп ұстау
"Қарасу ауданының аумағында
мысықтарды, иттерді және басқа
жануарларды күтіп ұстау ережесін
бекіту туралы" Қарасу аудандық
мәслихатының
2004 жылғы 1 қыркүйектегі № 56
шешіміне қосымша
Қарасу ауданының аумағында мысықтарды, иттерді және басқа жануарларды күтіп ұстау
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже Қарасу ауданының аумағындағы үй жануарларың, атап айтқанда мысықтарды, иттерді, басқа жануарларды және құстарды күтіп ұстауды регламенттеу мақсатымен әзірленді және осы Ережені бұзған заңды тұлғалар мен жеке адамдарға жауапкершілік белгіленеді.
Тармақ 2
2. Меншік нысанына қарамастан мысықтарды, иттерді, басқа жануарларды және құстарды асырайтын заңды тұлғаларға және жеке адамдарға барлықтарына шығарусыз ереже таратылады.
Тармақ 3
3. Осы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің жөне "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 4
4. Осы Ереженің сақталуына бақылау жасау уәкілетті органдарымен, жүзеге асырылады, олар Ережені сақтамаған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту сауалдарын шешеді.
Тарау 2. 2. Мысықтар мен иттерді күтіп ұстау
2. Мысықтар мен иттерді күтіп ұстау
Тармақ 5
5. Жануарларды ұстайтын қожайындарымен санитарлық - гигиеналық, үй жануарларды ұстау ветеринарлық ережесін сақталуы тиіс.
Тармақ 6
6. Иттерді аулада ұстаған кезде олардың қашып кетуін және көршілердің аулаларынан қашықтықта ұстауына қожайындары міндетті. Аулаға кірерде қақпада иттері бар болуы туралы сақтық жазбасы болуы тиіс.
Иттер мен мысықтарды ұстау саны шектеусіз, бірақ көршілерге қолайлылықсыз келтірмеу тиіс.
Тармақ 7
7. Көшелерде және басқа қоғамдық жерлерде еріп жүрген адамсыз жүрген иттер ұстап алынады. Сондай-ақ қараусыз үй жануарлары ұстап алынады.
Тармақ 8
8. Жануарлар қожайындарға оларды күту төлемі жөнінде түбіртек ұсынысы бойынша беріледі.
Тармақ 9
9. Иттер, мысықтар, басқа жануарлар қоғамдық жерлерде еріп жүрген адамсыз болғандар дүкендердің, ауруханалардың жанында қожайындармен уақытша байлауда қалғандардан басқа қараусыз болып саналады.
Тарау 3. 3. Жануарлар қожайындарының міндеттері
3. Жануарлар қожайындарының міндеттері
Тармақ 10
10. Жануарлардың қожайындары міндетті:
Тармақша 1
1) Жануарларды олардың биологиялық ерекшеліктерімен сәйкес ұстау, адамгершілікпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауырып қалған жағдайда уақытында ветеринарлық жәрдемін пайдалану;
Тармақша 2
2) Осы Ереженің талаптарына сәйкес жануарлардың тиісті ұстауын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қоршағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тыныштықты, санитарлық ережені сақтауға қажетті шараларды қолдану;
Тармақша 4
4) жалпы пайдалану орындардың және басқа қоғамдық орындардың ластануын жою;
Тармақша 5
5) адамды немесе жануарды жануар қауып алған кезде қожайындары тез уақытта жақын манайдағы медициналық жөне ветеринарлық мекемесіне бүл туралы хабарлау, жануарларды мемлекеттік ветеринарлық қызметке тексеру мен уақытша тыйым үшін апарып салуға міндетті.
Тармақша 6
6) жануарлардың мәйіттерін қоқыстар үйіндісіне тастамау. Өлген жануарлардың мәйіттері кәдеге жаратуға жатады.
Тармақ 11
11. Малдар мен құстардың қожайындары жануарлардың және құстардың көңдерін үздіксіз тазарту, оларды қоқыстар үйіндісіне шығару немесе пайдаға асырауға міндетті.
Тармақ 12
12. Жануарлардың қожайындары паразит тасымалдаушы жөндіктердің және кеміргештердің пайда болуын келтірмеуге шара қолдану, жануарларды жөне құстарды қараусыз қалдырмау, олардың кезбелік жібермеуін міндетті.
Тармақ 13
13. Жануарлардың қожайындары орнатылған уақытта міндетті ветеринарлық шараларды қолдану, жануарлардың уақытша тыйым тәртібін сақтау, жануарлардың жұқпалы ауруларын жою жөнінде шараларды қолдану міндетті.
Тарау 4. 4. Ауылшаруашылықтық үй жануарларын күту
4. Ауылшаруашылықтық үй жануарларын күту
Тармақ 14
14. Үй жануарлары мен құстар аулада арнайы салынған және бейімделінген орындарда, көршілерге ыңғайсыз келтірмеу үшін ұстау.
Тармақ 15
15. Ауылшаруашылықтық жануарлар мен құстардың қожайымдары зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық жануарлардың күту талаптарын сақтау, қоршаған ортаны ластануды келтірмеуге міндетті.
Тармақ 16
16. Қораларды тоқсан сайын әк таспен ақтау және кемінде жылына 1 рет дезинфекциялау. Көңді, қалдықтарды, қоқыстарды кезінде бүл үшін арнайы берілген орындарға шығару.
Тармақ 17
17. Малдарды көшелерде, алаңдарда, тынымбақтарда, серуентоғайларда және басқа жалпы пайдалану жерлерде жүруге тыйым салынады.
Тарау 5. 5. Ережені бұзған үшін жануарлар иелерінің жауапкершілігі
5. Ережені бұзған үшін жануарлар иелерінің жауапкершілігі
Тармақ 18
18. Осы ережені сақтамаған үшін иттер мен мысықтардың иелері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылынады.
Тармақ 19
19. Материалдық залалы бар болуы кезде зәбірленуші өтем үшін "моральдық залалды алу есебімен" Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 9-бабы тәртібімен сотқа баруға құқығы бар.