Об утверждении Положения о порядке приобретения, учета и выдачи путевок на санаторно-курортное лечение и организованный отдых детей за счет средств Фонда государственного социального страхования Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен санаторий-курорттық емдеуге және балалардың ұйымдастырылған демалысына жолдамалар сатып алу, оларды есепке алу және беру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.02.2000 № 323 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен санаторий-курорттық емдеуге және балалардың ұйымдастырылған демалысына жолдамалар сатып алу, оларды есепке алу және беру тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен санаторий-курорттық емдеуге және балалардың ұйымдастырылған демалысына жолдамалар сатып алу, оларды есепке алу және беру тәртiбi туралы ереженi беру тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 26 желтоқсандағы N 1624 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен санаторий-курорттық емдеуге және балалардың ұйымдастырылған демалысына жолдамалар сатып алу, оларды есепке алу және беру тәртiбi туралы ереженi беру тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Сырқаттанудан кейiн сауығуға мұқтаж болған сақтандырылған азаматтар Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен санаторий-курорттық емдеуге жiберiледi, сондай-ақ ауқатсыз, толымсыз және көп балалы отбасыларының балаларын сауықтыру, олардың ұйымдастырылған демалысы жүзеге асырылады.
Тарау ii. II. Жолдамаларды сатып алу және бөлу тәртiбi
II. Жолдамаларды сатып алу және бөлу тәртiбi
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi және облыстардың, республикалық бағыныстағы қалалардың және астананың еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары санаторий-курорттық емдеуге және балаларды сауықтыруға жолдамаларды Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының бюджетiнде көзделген сома шегiнде сатып алады.
Тармақ 3
3. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары сатып алған жолдамалар ұйымдарға және сақтандыру жарналарын басқа да төлеушiлерге оларда жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң санына сайма-сай түрде бөлiнедi.
Тарау iii. III. Жолдамаларды беру тәртiбi
III. Жолдамаларды беру тәртiбi
Тармақ 4
4. Санаторий-курорттық емдеуге жолдамалар азаматтарға олардың жұмыс орны бойынша берiледi. Балалардың жазғы сауықтыру мекемелерiне жолдамалар ата-аналардың бiрiнiң жұмыс орны бойынша берiледi.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры қаражатының есебiнен сатып алынатын жолдамалар олардың құнының 50 процентiн өндiрiп алу жолымен көп дегенде жылына 1 рет берiледi.
Тармақ 6
6. Ұйымдарда белгiленген тәртiппен құрылатын әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi комиссиялар немесе оларға уәкiлеттi адамдар балаларды санаторий-курорттық емдеуге және сауықтыруға жолдамаларды тек осы емделуге қажеттiлiк туралы медициналық қорытындының негiзiнде ғана және берiлген арыздарға сәйкес олардың кезектiлiгi тәртiбiмен бередi. Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысушы азаматтарға, сондай-ақ әлеуметтiк сақтандыру комиссиялары жоқ ұйымдарға санаторий-курорттық емделуге жолдамаларды олардың тiркелген жерiндегi еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары бередi.
Тармақ 7
7. Алушылар жолдаманың iшiнара құнының сомасын оларды берген жердегi ұйымның кассасына тiкелей төлейдi.
Тармақ 8
8. Берiлетiн жолдамада деректемелер: жолдаманы алушы адамның әулетесiмi, әкесiнiң есiмi, оның жұмыс орны, қызметi көрсетiлуге тиiс.
Тармақ 9
9. Жолдамаға әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi комиссияның төрағасы (уәкiлеттi адам) қол қойып, мөр басылады.
Тармақ 10
10. Санаторий-курорттық емдеу мен демалысқа жолдамалар олардың қолданылатын мерзiмi басталардан 20 күннен кешiктiрiлмей берiледi.
Тарау iv. IY. Жолдамалардың есепке алынуы және олардың берiлгенi туралы есептiлiк
IY. Жолдамалардың есепке алынуы және олардың берiлгенi туралы есептiлiк
Тармақ 11
11. Жолдамалар ақшалай қаражатпен бiрдей есепке алынуға және сақталуға тиiс. Жолдамалар бойынша кiрiс және шығыс құжаттары, шарттар, үстеме төлемдер, шоттар, олар үшiн ақша төленгенi туралы квитанциялар, есеп кiтаптары ұйымдар мен еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарында ақшалай кiрiс-шығыс құжаттарын сақтау үшiн белгiленген тәртiппен сақталады.
Тармақ 12
12. Ұйымдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-нан кешiктiрмей қалалық (аудандық) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне жолдамалардың пайдаланылғаны туралы белгiленген нысанда есептер табыс етедi.
Тармақ 13
13. Облыстардың, республикалық бағыныстағы қалалардың және астананың еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 26-нан кешiктiрмей Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жолдамалардың пайдаланылғаны туралы белгiленген нысандағы есептердi табыс етедi.
Тарау v. Y. Жолдамаларды пайдалану ережелерiнiң бұзылғаны үшiн жауапкершiлiк және олардың бөлiнуiн бақылау
Y. Жолдамаларды пайдалану ережелерiнiң бұзылғаны үшiн жауапкершiлiк және олардың бөлiнуiн бақылау
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшылары, әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi комиссиясының төрағалары (уәкiлеттi адамдар) осы Ереженiң сақталуы үшiн жеке жауапкершiлiкте болады.
Тармақ 15
15. Жолдамалар пайдаланылмай қалған (берiлмей қалған) немесе олар бөгде адамдарға, сондай-ақ денсаулығы бойынша санаторийлiк емделуге тиiс емес адамдарға берiлген жағдайда, кiнәлiлер заңдарға сәйкес тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке тартылады.
Тармақ 16
16. Сауықтыру орны беретiн "Жолдамаға керi талон" санаторий-курорттық емдеуге жолдамалардың пайдаланылғанын қуаттайтын құжат болып табылады.
Тармақ 17
17. Жолдамаларды берген еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары жолдамалардың дұрыс пайдаланылуын бақылайды.