Об объявлении на территории города Алатау чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алатау қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 48, 50-баптарына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 15 қыркүйекте қала аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында орын алған өрт салдарын жою мақсатында Алатау қаласының әкімі, ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы Алатау қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Алатау қаласы әкімінің орынбасары Ғ. Сағитұлы тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.