Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг Күшін жойған
Басқа 0
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына, Премьер – Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру қағидалары мен әдістемелерін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртібі бойынша бекітілген бюджеттің аясында қызметтердің уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің бақылаушы орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Бір көрсетілетін қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді арналған
Сандықтау ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қыркүйек № А-7/187
қаулысына қосымша
Бір көрсетілетін қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді арналған
№
Мекеме түрлері
Айына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің бірлігінің құны, теңгемен
1.
Үйде қызмет көрсету жағдайында
46194,13