Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы № 504 бұйрығының 4-тармағына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35569 болып тіркелген), Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген), жан басына шаққандағы тарифтің есептеулерін жүргізсін.
Тармақ 2
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
Ерейментау ауданының әкімдігінің қаулысына қосымша «____»____________2025 жыл №_________________ Бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф № Мекеме түрлері Көрсетілетін қызметті алушының түрлері 1 қызмет алушыға 1 күнгі тариф (тенге) Кіші түрі Көрсетілетін қызметті алушының жағдайы 1 2 3 4 5 1. Үйде қызмет көрсету Қарттар, мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар 130 адам 2168,29