Об утверждении Правил осуществления закупок работ и услуг, отбора проектов и поставщиков, заключения договоров, в рамках реализации национального проекта по модернизации энергетического и коммунального секторов Қолданыста
Басқа 0
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-12-бабының 4 тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тиісті вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Басқа 5. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2025 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 374
бұйрығына қосымша
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң)10-12-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Әкімші – Заңның 10-11-бабының 3-тармағына сәйкес тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган электрондық сатып алу платформасының әкімшісі ретінде айқындаған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы – шешiмдерiн айқындауға және (немесе) осы әлеуеттi өнiм берушi қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ оған қатысты осы әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) сатып алу туралы шарт – осы Қағидаларға сәйкес жасалған энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту немесе қызметтер көрсету жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде «толық аяқталған» құрылыс бойынша жұмыстарды орындау туралы азаматтық-құқықтық шарт;
Тармақша 4
4) ұзақ мерзімді сатып алу – орындау (көрсету) мерзімі 12 (он екі) айдан асатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
Тармақша 5
5) ұзақ мерзімді шарт - 12 (он екі) айдан астам мерзімге жасалатын сатып алу туралы шарт;
Тармақша 6
6) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополия субъектісі;
Тармақша 7
7) сатып алу – тапсырыс берушілердің осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ақылы негізде сатып алуы;
Тармақша 8
8) біліктілік талаптары – бұл сатып алу нысанасы бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін қажетті, осы Қағидаларда және конкурстық құжаттамада белгіленген әлеуетті өнім берушілерге қойылатын талаптар;
Тармақша 9
9) білікті әлеуетті өнім беруші – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес алдын ала біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті өнім беруші;
Тармақша 10
10) офтейк-келісімшарт – бір тарап тауар өндіруді ұйымдастыруға және оны болашақта жеткізуге міндеттенетін, ал екінші тарап алдын ала келісілген көлем мен бағаны ұзақ мерзім бойы сатып алуға кепілдік беретін келісім;
11) өнім беруші – Тапсырыс берушiмен жасасқан сатып алу туралы шартта оның контрагенті ретiнде әрекет ететiн, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
12) әлеуетті өнім беруші – сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
Тармақша 13
13) жобаны іске асырудың шекті құны – жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ), техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) немесе «толық аяқталған» құрылыстың есептік құны (ҚЕҚ) негізінде айқындалатын сома;
Тармақша 14
14) «толық аяқталған» құрылыс – жобалау, іздестіру, құрылыс-монтаждау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу) және басқа да жұмыстарды орындауды, сондай-ақ жобалар мен көрсетілетін техникалық қадағалау қызметтеріне ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қоспағанда, көрсетілген жұмыстарға ілеспе тауарларды жеткізуді және қызметтерді көрсетуді қамтитын объектіні салу және оны пайдалануға беру жөніндегі кешенді жұмыстар;
Тармақша 15
15) техникалық оператор –энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы техникалық операторы ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
Тармақша 16
16) қаржылық оператор - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы;
Тармақша 17
17) сатып алулың электрондық платформасы – жұмыс істеу тәртібі тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен электрондық платформаның жұмыс істеу Қағидаларымен айқындалатын энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны сатып алудың электрондық платформасы )
18) жүктеме көрсеткіші – ағымдағы қаржы жылы орындалуы тиіс, сатып алу нысанасына сәйкес жұмыстарды (жобалау, салу және жөндеу) немесе көрсетілетін қызметтерді (техникалық қадағалау) орындауға арналған қолданыстағы шарттар бойынша әлеуетті өнім берушінің міндеттемелерінің жиынтық көлемінің шарттарды орындау кезінде әлеуетті өнім берушінің өндірістік жұмыспен қамтылуының жол берілетін деңгейін бағалау үшін пайдаланылатын соңғы аяқталған 3 (үш) қаржы жылының бірінде әлеуетті өнім берушінің негізгі қызметінен түскен жылдық кірісінің ең жоғары мәніне қатынасын айқындайтын есептік көрсеткіш.
19) тұйық цикл объектісі — бұл өндірістік, энергетикалық немесе коммуналдық-инфрақұрылымдық объект, оның шегінде ресурсты негізгі технологиялық процестің аралық кезеңдерін бөгде объектілерге (кәріздік тазарту құрылыстары, су тазарту құрылыстары, электр станциялары, жылу-энергия орталықтары, қазандықтар) бермей түпкілікті өнімге немесе нәтижеге айналдырудың толық, технологиялық өзара байланысты және функционалдық аяқталған процесі жүзеге асырылады.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тармақ 4
4. Сатып алу екі кезеңдік конкурс рәсімдерді өткізуді көздейді:
1 кезең - алдын ала біліктілік іріктеуін өткізу;
2 кезең - баға мен баға емес ұсыныстарын салыстыру.
Сатып алуды жүргізу процесі конкурсты дайындау және жариялауды, бiлiктiлiк талаптарын белгiлеуді және алдын ала бiлiктiлiк iрiктеуді жүргізуді, бағалық және бағалық емес өлшемдер бойынша өтінімдерді қарау және бағалауды, ұсыныстарды салыстыру және өнім берушіні іріктеуді, сатып алу туралы шарт жасасуды, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу тәртiбiн реттейтiн ережелердi, мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi, шарттарды бұзу және аяқтау тәртiбiн қамтиды.
Тармақ 4-1
4-1. Тапсырыс беруші сатып алу қорытындыларын шығарғанға дейін мынадай жағдайларда сатып алуды жүзеге асырудан бас тартады:
Тармақша 1
1) жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстарды қысқарту;
Тармақша 2
2) Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылуға жататын жобалардың тізбесіне жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттілігін болдырмайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда бюджетті қайта бөлу, сол сияқты ағымдағы жылы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтыру енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 4-2
4-2. Тапсырыс беруші сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өткізілетін сатып алуға қатысатын тұлғаларға қабылданған шешім туралы хабарлайды.
Тарау 2. 2-тарау. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу тәртібі
2-тарау. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары
1-параграф. Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары
Тармақ 5
5. Сатып алуды конкурс тәсілімен өткізу кезінде мынадай біліктілік талаптары белгіленеді:
Тармақша 1
1) құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) ие болуы.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) сәйкес айналысуға рұқсат алу, хабарлама жіберу қажет жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған жағдайда тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілерге тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы талапты белгілейді;
Тармақша 2
2) қаржылық тұрғыдан орнықты болуға және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі болмауға, оның ішінде қызметкерлер алдында жалақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешегі болмауға;
Тармақша 3
3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатпауы;
Тармақша 4
4) осы тармақтың 1) тармақшасының талаптары шеңберінде рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірінші немесе екінші санаттағы рұқсаттарда көзделген жұмыс түрлеріне жатпайтын, «кілтпен тапсыру» құрылысы туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті еңбек ресурстарына (тұйық цикл объектілері бойынша жұмыстарға қолданылатын) ие болуға;
Бұл талап сатып алу алдын ала біліктілік іріктеу тәсілімен жүзеге асырылған жағдайда қолданылады.
Тармақша 5
5) кем дегенде 1 ұқсас объект бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іске асыру тәжірибесі болуы тиіс.
Бұл талап мынадай шарттар сақталған кезде тұйық цикл объектілері бойынша тапсырыс берушінің қалауы бойынша белгіленеді:
Тармақша 1
1) жұмыстар үшін сатып алу құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 250 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметтер үшін сатып алу құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 12 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын жағдайлар сақталғанда белгілейді;
Тармақша 6
6) осы Қағидалардың 12-параграфына сәйкес рұқсат етілген жүктеме көрсеткішінің болуы;
Объектіні одан әрі сенімгерлік басқарумен өз қаражаты есебінен жобаны іске асыруды таңдау кезінде осы тармақтың 3), 4), 6) тармақшаларының талаптары қолданылмайды.
Тармақ 6
6. Жұмыстардың, жекелеген түрлерін орындау үшін қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар олар орындайтын жұмыстардың, түрлеріне ұсынылады.
Қаржылық тұрақтылық бөлігінде 2) тармақшаларда және 5-тармақтың 4) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптары тартылатын қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қолданылмайды.
Тармақ 7
7. Ұқсас жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іске асыру тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талабы осы Қағидалардың 13-параграфына сәйкес расталады.
Тармақ 2
2-параграф. Әлеуетті өнім берушінің өтініміне қолданылатын баға және баға емес өлшемшарттар
Тармақ 8
8. Конкурс құжаттамада баға өлшемі - әлеуетті өнім берушінің ұсынған бағасына негізделген «толық аяқталған» жобасын іске асыру құны белгіленеді.
Тармақ 9
9. Конкурстық құжаттамада өнім берушіні таңдау бойынша конкурс жеңімпазын айқындау үшін қолданылатын мынадай бағалық емес өлшемшарттар белгіленеді:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушінің орындалған шарттар бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы;
Тармақша 2
2) жергілікті қамту үлесін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме;
Тармақша 3
3) құрылыс нысаны бойынша сапа кепілдігі;
Тармақша 4
4) объектінің энергия тиімділігі сыныбын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) әлеуетті өнім берушінің жобаны іске асыру орны бойынша тіркелуі;
Тармақша 6
6) объектіні пайдалануға бергенге дейін аванс беруден, аралық төлемдерден бас тарту шарттары;
Тармақша 7
7) жобаны әрі қарай сенімгерлік басқарумен өз қаражаты есебінен іске асыру (тұйық цикл объектілеріне қолданылады);
Тармақша 8
8) құрылыс-монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімнен бұрын орындау;
Тармақша 9
9) техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жататын бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілер үшін конкурсқа қатысу үшін (ағымдағы жылды қоспағанда) өтінім беру жылынан алдыңғы қатарынан соңғы 3 (үш) жыл ішінде әрбір күнтізбелік жыл үшін кемінде үш жүз миллион теңге мөлшерінде төленген салықтары үшін қолданылатын бағалық емес өлшемшарттар белгіленеді.
Тармақ 10
10. Сатып алулар Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 297 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілері реестрінде № 36606 болып тіркелген).энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процесін мониторингтеу қағидаларына сәйкес ұлттық жоба шеңберінде іске асырылуға жататын жобалар тізбесіне енгізілген жобалар бойынша электрондық сатып алу платформасында жүзеге асырылады..
Тармақ 11
11. Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылуға жататын жобалар тізбесіне жоба енгізілгеннен кейін, тапсырыс беруші:
Тармақша 1
1) осы Қағиданың 3-параграфына сәйкес біліктілік органын қалыптастырады;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 4-параграфына сәйкес конкурстық құжаттаманы бекітеді;
Тармақша 3
3) бекітілген конкурстық құжаттаманың негізінде осы Қағидалардың 5-параграфына сәйкес сатып алуларды өткізу туралы хабарландыруды электрондық сатып алу платформасында орналастырады.
Тармақ 2-1. 2-1-параграф Сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер
2-1-параграф Сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер
Тармақ 11-1
11-1. Әлеуетті өнім берушіге, егер:
Тармақша 1
1) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы, құрылтайшысы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміндегі және (немесе) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесіндегі заңды тұлғаларды басқарумен, құрумен, жарғылық капиталына қатысумен байланысты болса;
Тармақша 2
2) сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы, құрылтайшысы мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне және (немесе) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесіне енгiзiлген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болса;
Тармақша 3
3) сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне және (немесе) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесіне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiнің басшысы, құрылтайшысы болса;
Тармақша 4
4) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде және (немесе) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесінде тұрса, өткiзiлетiн сатып алуға қатысуға рұқсат берілмейді;
Тармақ 11-2
11-2. Осы Қағидалардың 11-1-тармағының 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген шектеулер Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнде және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесінде тұрған әлеуетті өнім берушілерге де қолданылады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын сатып алу бойынша конкурстың жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушіге сол бір құрылыс объектісінде инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысуына рұқсат берілмейді.
Инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша конкурстың жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушіге сол бір құрылыс объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын сатып алуға қатысуға рұқсат берілмейді.
Тармақ 11-3
11-3. Өз мүддесінде сатып алу жүзеге асырылатын тапсырыс берушінің осындай сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуына рұқсат берілмейді.
Тармақ 3
3-параграф. Біліктілік органы
Тармақ 12
12. Алдын ала біліктілік іріктеуді жүргізу рәсімін орындау үшін Тапсырыс беруші біліктілік органын қалыптастырады.
Тармақ 13
13. Біліктілік органы төрағадан және төрт мүшеден аспайтын, оның ішінде жоба іске асырылатын тиісті қаланың не ауданның салалық жергілікті атқарушы органының лауазымды тұлғасынан (құрылымдық бөлімшенің басшысынан немесе оның орынбасарынан төмен емес) тұрады.
Тармақ 14
14. Біліктілік органының төрағасы болып өкілеттігіне біліктілік органының жұмысын жоспарлау және қызметіне басшылық ету, сондай-ақ алдын ала біліктілік іріктеуін жүргізу шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асыру кіретін тапсырыс берушінің бірінші басшысы не бірінші басшысының орынбасары айқындалады.
Тармақ 15
15. Біліктілік органының құрамы Тапсырыс берушінің шешімімен сатып алудың электрондық платформасында бекітіледі.
Тармақ 16
16. Біліктілік органының ұйымдастырушылық қызметін Тапсырыс беруші айқындайтын оның хатшысы оның лауазымды адамдарының арасынан қамтамасыз етеді. Хатшы біліктілік органының мүшесі болып табылмайды және осы орган шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.
Тармақ 17
17. Біліктілік органы мүшелерінің қайсыбірінде мүдделер қақтығысы болған кезде осы адам бұл туралы біліктілік органының хатшысын хабардар етеді, бұл туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес алдын ала біліктілік іріктеу хаттамасына жазба жасалады. Бұл ретте осы адам біліктілік органының шешім қабылдауына қатыспайды. Егер мүдделер қақтығысы бiлiктiлiк органының төрағасында анықталса, тапсырыс берушi бiлiктiлiк органын қайта бекiтедi.
Тармақ 18
18. Біліктілік органының жұмысына байқаушылар ретінде тұрақты негізде саны екі өкілден аспайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысады.
Тармақ 4
4-параграф. Конкурстық құжаттама
Тармақ 19
19. Конкурсқа қатысуға өтінімге қойылатын талаптарды, конкурс өткізу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді қамтитын конкурстық құжаттама осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде электрондық құжат түрінде қалыптастырылады.
Тармақ 20
Тармақ 21
21. Конкурстық құжаттама жобаны іске асырудың шекті құнын ескере отырып қалыптастырылады және шарт құнының 5% аспайтын көлемде жобалау-іздестіру жұмыстарына аванс беру шарттарын қамтиды.
Тармақ 4-1. 4-1-параграф. Конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
4-1-параграф. Конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 21-1
21-1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу мынадай:
Тармақша 1
1) біліктілік органының құрамын айқындау және бекіту, біліктілік органының хатшысын айқындау;
Тармақша 2
2) конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту;
Тармақша 3
3) электрондық платформада конкурсты жүзеге асыру туралы хабарландыруды, сондай-ақ конкурстық құжаттама жобасының мәтінін орналастыру;
Тармақша 4
4) конкурстық құжаттаманың жобасын электрондық платформа арқылы алдын ала талқылау және конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттама мәтінін электрондық платформада орналастыру;
Тармақша 5
5) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық құжат нысанында ұсынуы және оларды электрондық платформада автоматты түрде тіркеу;
Тармақша 6
6) өтінімдерді автоматты түрде ашу;
Тармақша 7
7) біліктілік органының әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-1-параграфында көзделген шектеулердің болмауы тұрғысынан электрондық платформа арқылы қарауы;
Тармақша 8
8) біліктілік органының жұмыс тәжірибесін және жүктеудің рұқсат етілген көрсеткішін айқындай отырып, алдын ала біліктілік іріктеу хаттамасын қалыптастыру және оны электрондық платформада орналастыру;
Тармақша 9
9) электрондық платформаның конкурсқа қатысушылардың бағалық және бағалық емес өлшемдерін автоматты түрде салыстыру, конкурс жеңімпазын, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні айқындау және электрондық платформада конкурс тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы орналастыру.
Тармақ 5
5-параграф. Сатып алуды өткізу туралы хабарландыру
Тармақ 22
22. Тапсырыс беруші конкурстық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық платформада конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың жобасын орналастырады.
Тармақ 22-1
22-1. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынуының соңғы күнінің мерзімі конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына шағымдану мерзімі аяқталған күннен бастап кемінде 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 22-2
22-2. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін өз бастамасы бойынша конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізе алады. Мұндай жағдайларда конкурстық құжаттама осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен алдын ала талқылануы тиіс.
Тармақ 22-3
22-3. Конкурс тәсілімен сатып алу қайтадан жүзеге асырылған жағдайда, сатып алуды қайтадан өткізуге байланысты шартты орындау мерзімінің ұлғаюын қоспағанда, тапсырыс беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын өткізілмеген конкурстың конкурстық құжаттамасы өзгертілмеген жағдайда конкурс тәсілімен сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін электрондық платформада орналастырады.
Тармақ 23
23. Конкурс тәсілімен сатып алу өткізу туралы хабарландыруда, мынадай:
Тармақша 1
1) қолда бар жабдықпен толық жинақтау, жете жарақтандыру, біріздендіру немесе үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ негізгі (орнатылған) жабдықты одан әрі техникалық сүйемелдеу, оған сервистік қызмет көрсету және жөндеу, оның ішінде жоспарлы жөндеу (қажет болған кезде) үшін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
Тармақша 2
2) лицензиялық келісімдерге сәйкес технологиялық қондырғыларды пайдалану кезінде тауарларды сатып алу жағдайларын қоспағанда, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларды, патенттерді, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, тауардың шыққан жерін, өндірушінің атауын, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушілеріне тиесілігін көрсететін өзге де мәліметтерді және (немесе) құжаттарды көрсетуге жол берілмейді.
Тармақ 24
24. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда конкурстық құжаттамадан басқа Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 297 бұйрығымен бекітілген Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процесін мониторингтеу қағидаларына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 тамызда № 36606 болып тіркелді) 1-қосымшаға сәйкес инвестициялық жоба бойынша табиғи монополиялар субъектісінің өтінімі қамтылуға тиіс.
Тармақ 25
25. Конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруға, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға ашық қолжетімділікті сатып алудың электрондық платформасында әкімші қамтамасыз етеді.
Тармақ 5-1. 5-1-параграф. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау
5-1-параграф. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау
Тармақ 25-1
25-1. Конкурстық құжаттаманы бекітудің міндетті шарты әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауы болып табылады.
Тармақ 25-2
25-2. Әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге электрондық платформа арқылы жібереді.
Тармақ 25-3
25-3. Сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болмаған кезде конкурстық құжаттама бекітілген болып есептеледі.
Тармақ 25-4
25-4. Ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде тапсырыс беруші конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мынадай шешімдер қабылдайды:
Тармақша 1
1) конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
Тармақша 2
2) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамаудың негіздемелері мен себептерін көрсете отырып, оларды қабылдамайды;
Тармақша 3
3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсініктеме береді.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап конкурстық құжаттама бекітілген болып есептеледі.
Тармақ 25-5
25-5. Тапсырыс беруші конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастырады.
Конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау хаттамасы жұмыс күндері жұмыс уақытында (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін) орналастырылады. Бұл ретте өтінімдерді қабылдау конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау хаттамасына шағымдану мерзімі өткеннен кейін келесі жұмыс күні (Астана қаласының уақыты бойынша 09.00-ден бастап) жүзеге асырылады.
Тармақ 25-6
25-6. Осы Қағидалардың 25-4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда тапсырыс беруші конкурстық құжаттаманың жобасын алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау хаттамасымен бірге конкурстық құжаттаманың бекітілген мәтінін орналастырады.
Тармақ 25-7
25-7. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 25-8
25-8. Осы Қағидалардың 25-4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда, оларды қабылдамау себептерінің толық негіздемесі конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
Тармақ 25-9
25-9. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулары электрондық платформа арқылы келіп түскен кезде тапсырыс берушілер конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндірмелерін көрсетеді.
Тармақ 25-10
25-10. Конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында техникалық өзіндік ерекшеліктің (бар болса), шарттың және біліктілік талаптарының (бар болса) жобалары ережелерін түсіндіру мәтіні көрсетіледі.»;
Тармақ 6
6-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінім және конкурсқа қатысуға қамтамасыз етуді енгізу
Тармақ 26
26. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады және конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық сатып алу платформасы арқылы беріледі. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген оны ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін беріледі және әлеуетті өнім берушінің конкурс құжаттамасында белгіленген талаптар мен шарттарға келісім беру нысаны болып табылады. Әлеуетті өнім берушілер өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін берілген өтінімдерді кері қайтарып алуға құқылы. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя отырып, әлеуетті өнім беруші өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге және тексеруге келісім береді.
Тармақ 27
27. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші ұсынатын конкурсқа қатысу өтінімі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес конкурс құжаттамасында санамаланған құжаттарды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 35 тармағында көзделген шектеулердің жоқтығы туралы растауын қамтиды.
Тармақ 28
28. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім және оған қоса берілетін құжаттар әлеуетті өнім берушінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде ресімделуі тиіс. Егер құжат шет тілінде ресімделген жағдайда, құжаттың түпнұсқасымен бірге оның қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырған аудармасы қоса ұсынылады.
Тармақ 29
29. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қолданылу мерзімі алты және одан да көп айды құрауы мүмкін емес құжаттарды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінімге қоса берілетін құжаттар берілген күнінен бастап 6 (алты) ай ішінде жарамды болуға тиіс, мұндай жағдайларда қолданылу мерзімі 6 (алты) айдан кем қабылданады.
Тармақ 30
30. Өтінімге қоса берілетін құжаттар мәтінді, барлық деректемелерді, күндерді, визаларды, бұрыштамаларды, өзге де жазуларды, мөрлерді, мөртабандар мен белгілерді еркін оқу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Құжаттар автоматтандырылған тексеру және ақпаратты көзбен шолып оқу мүмкіндігін қамтамасыз ететін машинада оқылатын форматта электрондық сатып алу платформасы арқылы электрондық түрде жүктеледі. Электрондық құжаттардың рұқсат етілген форматтары: PDF, DOC, DOCX, XLS, XLSX, PNG, JPG (JPEG).
31.Әлеуетті өнім беруші өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда ұсынылатын мәліметтердің толықтығы, өзектілігі және дұрыстығы үшін жауапты болады.
Тармақ 32
32. Алдын ала біліктілік іріктеуден өтуге өтінім берген кезде Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденттерімен бірдей құжаттарды не мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған (куәландырылған) ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады.
Тармақ 33
33. Электрондық сатып алу платформасы конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге тиісті хабарламаны автоматты түрде жіберген сәтте конкурсқа қатысуға өтінім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 34
34. Өтінім берілген сәттен бастап және конкурс қорытындыларына қол қойылғанға дейін берілген өтінімдердің саны, әлеуетті өнім берушілердің атаулары туралы ақпарат, сондай-ақ қатысушыларды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін кез келген деректер басқа әлеуетті өнім берушілерге қолжетімді емес және жабық қолжетімділікте болады.
Тармақ 35
35. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай жағдайларда электрондық сатып алу платформасынан бас тартуға жатады:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген;
Тармақша 2
2) нәтижесінде өтінім уақтылы ұсынылмаған техникалық іркіліс туындаған жағдайларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін сатып алудың электрондық платформасына келіп түскен;
Тармақша 3
3) конкурстың бағалық ұсынысы осы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомадан асып кетсе;
Тармақша 4
4) Осы Қағидалардың 53-тармағында көзделген;
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы демпингтік деп танылды - әлеуетті жеткізуші ұсынған құн конкурстық құжаттамада мәлімделгеннен 7% -ға төмен.
Тармақша 5
5) әлеуетті өнім берушінің жұмыстар мен қызметтерге арналған баға ұсынысы демпингтік деп танылады – әлеуетті өнім беруші ұсынған құн конкурстық құжаттамада мәлімделгеннен 7%-ға төмен.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген ерекше жағдайларда, өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімін электрондық сатып алу платформасының әкімшісі тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен электрондық платформаның жұмыс істеу қағидаларында көзделген тәртіппен ұзартады.
Тармақ 36
36. Егер әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бірде-бір өтінім түспесе, өтінімдерді беру мерзімі 5 (бес) жұмыс күніне, бірақ бір реттен артық емес ұзартылады.
Тармақ 37
37. Алдын ала біліктілік іріктеу конкурсы болған жағдайда, осы Қағидалардың 36-тармағында көзделген мерзім аяқталғаннан кейін өтінімі қабылданбаған әлеуетті өнім берушіге алдын ала біліктілік іріктеуге қатысуға рұқсат беріледі.
Тармақ 38
38. Егер осы Қағидалардың 36-тармағында көзделген мерзім аяқталғаннан кейін бір де бір өтінім берілмеген жағдайда, конкурс өткізілмеген болып танылады.
Тармақ 39
39. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысу үшін өтінімнің кепілдік ретінде өтінімді қамтамасыз етуді ұсынады, ол төмендегі кепілдіктерді білдіреді:
Тармақша 1
1) ол өтінімді конкурсқа баға ұсыныстарын беру соңғы мерзімі өткеннен кейін қайтарып алмайды немесе өзгеріс енгізбейді;
Тармақша 2
2) егер конкурстық құжаттаманың талаптарында осындай қамтамасыз етуді енгізу көзделген жағдайда,оны конкурстың жеңімпазы деп айқындаған жағдайда, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес конкурс қорытындылары туралы хаттамада белгіленген мерзімдерде Тапсырыс берушімен шарт жасасады және сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
Тармақ 40
40. 30.06.2026 дейін қолданыста болды -
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
м.а. 05.06.2026 № 288 (қолданысқа
енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
Тармақ 41
41. Тапсырыс берушінің электрондық әмияндағы ақшаланы пайдалануына жол берілмейді.
Тармақ 42
42. Өтінімді қамтамасыз ету осы конкурсты сатып алу үшін көрсетілген соманың 1% -ы мөлшерінде енгізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің тиынмен есептелген сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Тармақ 43
43. Әлеуетті өнім беруші енгізген өтінімді қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарылады:
Тармақша 1
1) осы әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын ашудың соңғы мерзімі өткенге дейін баға ұсынысын кері қайтарып алған;
Тармақша 2
2) сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойғанда және Қағидалардың 170-тармағында көзделген шағымдану мерзімдері аяқталғанда қайтарылады
Бұл талап конкурс жеңімпазына және конкурс қорытындысы бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге қолданылмайды;
Тармақша 3
3) сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;
Тармақша 4
4) сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурстың қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз еткен жағдайда енгізген;
Тармақша 5
5) сатып алудың күшін жою және (немесе) оны жүзеге асырудан бас тарту.
Тармақ 44
44. Әлеуетті өнім беруші енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз ету мына жағдайлардың бірінде орын алған кезде қайтарылмайды:
Тармақша 1
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайда;
Тармақша 2
2) конкурс жеңімпазы сатып алу туралы шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талапты орындамаған не уақтылы орындамаған (олар болған жағдайда авансты немесе кепілдікті қамтамасыз ету жағдайда);
Тармақша 3
3) салыстыру және бағалау қорытындылары бойынша осы Қағидаларда көзделген жағдайда айқындалған екінші орын алған әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса немесе сатып алу туралы шарт жасаса, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу (олар болған жағдайда авансты немесе кепілдікті қамтамасыз ету).туралы талапты орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайда.
Тармақ 7
7-параграф. Алдын ала біліктілік іріктеу
Тармақ 45
45. Біліктілік органы электрондық сатып алу платформасында әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурс құжаттамасының талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында алдын ала біліктілік іріктеу жүргізеді.
Тармақ 46
46. Өтінімдер ашылғанға дейін берілген өтінімдер саны және оларды тапсырған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат қолжетімсіз болып табылады.
Тармақ 47
47. Алдын ала біліктілік іріктеу кезеңінде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері электрондық сатып алу порталында ашылғаннан кейін тек ұқсас жобалар бойынша жұмыс тәжірибесіне бағалау жүргізу, жүктеме көрсеткішін есептеу және еңбек ресурстарының бар екендігін растау, сондай-ақ салықтар бойынша берешектің және еңбекақы бойынша мерзімі өткен берешектің болуы/болмауы, сондай-ақ жобаны іске асыру орны бойынша әлеуетті өнім берушіні тіркеу бойынша бағалық емес өлшемшарттар үшін қажетті бөлігінде ғана біліктілік органы, бақылаушылар және хатшыға қолжетімді болады. Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарауға толық қолжетімділік конкурс қорытындыларына қол қойылғаннан кейін беріледі.
Тармақ 47-1
47-1. Сатып алу сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2 (екі) миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын конкурсқа қатысқан кезде, әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысу үшін өтінім берілген жылдың алдындағы соңғы 3 (үш) жыл ішінде әрбір күнтізбелік жыл үшін жыл сайын кемінде үш жүз миллион теңге мөлшерінде төленген салықтар болған кезде 1 (бір) балл беріледі (ағымдағы жылды қоспағанда).
Әр түрлі жылдары төленген салықтарды жинақтауға жол берілмейді. Егер көрсетілген жылдардың бірінде төленген салықтардың сомасы белгіленген мөлшерден аз болған жағдайда балл берілмейді.
Тармақ 48
48. Алдын ала біліктілік іріктеу жүргізу кезінде біліктілік органы:
Тармақша 1
1) қажет болған жағдайда, электрондық сатып алу платформасы арқылы әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне қатысты материалдар мен түсініктемелер сұралады, бұл өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру процесін жеңілдету үшін жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға арналған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін біліктілік талаптарына және конкурс құжаттамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарастырады;
Тармақша 3
3) біліктілік талаптары мен конкурс құжаттамасының талаптарына сәйкес келетін және (немесе) сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды;
Тармақша 4
4) әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін осы Қағидалардың 13-параграфына сәйкес айқындайды.
Тармақ 49
49. Конкурсқа қатысуға өтінімді толықтыру үшін жетіспейтін құжаттарды сұрату, өтінімдегі құжаттарды ауыстыру немесе дұрыс рәсімделмеген құжаттарды түзету мақсатында біліктілік органы тарапынан сұраныс жіберу және басқа да әрекеттер жасауға жол берілмейді.
Тармақ 50
50. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына, соның ішінде банкроттық немесе ликвидация процедураларына қатысушылықтарының болмауына сәйкестігін нақтылау мақсатында, біліктілік органы банкроттық немесе ликвидация процедураларын қадағалайтын уәкілетті органның интернет-ресурсындағы ақпаратты қарастырады.
Тармақ 51
51. Берілген құжаттарда сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, құжаттар растайтын ретінде қабылданбайды.
Тармақ 52
52. Егер әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 35-тармағында көзделген негіздер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмеген жағдайда, сатып алу қорытындылары туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурс ға қатысуға арналған өтінімін қабылдамаудың негіздемелері, сондай-ақ қабылдамауға негіз болған растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіледі.
Тармақ 53
53. Бірінші абзац 30.06.2026 дейін қолданыста болды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 05.06.2026 № 288 бұйрығымен.
Тармақша 1
1) мынадай негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалған:
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын рұқсаттардың (хабарламалардың) болмауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауы әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін не электрондық құжат түрінде ұсынбау;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде салық берешегінің болуы, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықтың сәйкессіздігі әлеуетті өнім берушінің өтінім берілген күнге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен ерте қалыптастырылмаған мәліметтерді салық төлеушінің жеке кабинетінен ұсынуы арқылы айқындалады;
қызметкерлер алдында жалақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешектің болуы;
конкурстық құжаттамаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді ұсынбау, сол сияқты толық ұсынбау;
конкурстық құжаттамада болуы белгіленген сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарығында жеткілікті жұмыс тәжірибесінің болмауы;
әлеуетті өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті еңбек ресурстарын иелену бөлігінде (қолдану кезінде) біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпарат беру фактісі анықталса. Мұндай факт сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында белгіленеді;
банкроттық не таратылу рәсіміне жатады;
Тармақша 2
2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтіндігі мынадай негіздер бойынша айқындалса:
конкурсқа сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді, сондай-ақ жұмыс түрлерін ұсынбау (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерге (бірлесіп орындауға) жиынтығында орындалатын жұмыстардың жалпы көлемінің елу пайызынан астамын бере отырып, қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер ұсынуы;
конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбау;
тиеу көрсеткіші 1,5 мәнінен асады;
конкурстық өтінімде ұсынылған баға емес өлшемшарттарға немесе конкурстың қорытындыларына әсер ететін құжаттар бойынша дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісі анықталғанда. Бұл ретте мұндай факт сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында белгіленеді.
Тармақша 3
3) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және (немесе) "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ-ның Сенімсіз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесінде тұрады. Егер әлеуетті өнім беруші консорциум болып табылған жағдайда, осы тармақшаның талабы оның әрбір қатысушысына қолданылады.
Тармақ 54
54. Электрондық сатып алу платформасы:
өтінімдерді беру кезінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және (немесе) «Самрұқ-Қазына «ҰӘҚ» АҚ сенімсіз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесінде әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде тексеруді;
осы Қағидаларда көзделген негіздер орын алған жағдайда өнім берушілер туралы мәліметтердің мемлекеттік сатып алулардың адал емес қатысушылары Реестріне автоматты түрде жіберілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 55
55. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін негіздер болып табылады:
Тармақша 1
1) құжаттарды жалғандау (сот шешімі бойынша);
Тармақша 2
2) сатып алу жеңімпазының келісімшарт жасаудан бас тартуы (автоматты түрде);
Тармақша 3
3) келісімнің орындалуын қамтамасыз етуді белгіленген мерзімде енгізбеу (автоматты түрде);
Тармақша 4
4) келісімшарттың орындалмауы немесе дұрыс орындалмауы (сот шешімі бойынша).
Электрондық платформаның жұмыс істеу қағидаларында көзделген тәртіппен әлеуетті өнім берушіні Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімнің осындай шешім қабылдауға әсер еткен техникалық іркіліс анықталған жағдайда күші жойылады.
Тармақ 56
56. Мемлекеттік сатып алулардың адал емес қатысушылары Реестріне енгізбес бұрын әлеуетті өнім берушіге электрондық сатып алу платформасы арқылы кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын түсініктеме беру немесе бұзушылықтарды жою үшін хабарлама жіберіледі.
Тармақ 57
57. Конкурсқа қатысуға өтінімдегі грамматикалық немесе арифметикалық қателер өтінімнің мәнін бұзбай түзетілуге болатын жағдайда, ол конкурс құжаттамасының талаптарына сәйкес деп танылады.
Тармақ 58
58. Алдын ала біліктілік іріктеу барысында әлеуетті өнім берушінің өтінімі мен оған қоса берілген құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігі осы бөлімнің 8-13-параграфтарында көзделген тәртіппен тексеріледі.
Тармақ 59
59. Алдын ала біліктілік іріктеуін өткізу мерзімі – өтінімдер қабылдау аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күніне дейін.
Тармақ 8
8-параграф. Әлеуетті өнім берушінің құқық қабілеттілігіне ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау
Тармақ 60
60. Рұқсат алу немесе хабарлама жіберу қажет қызмет түрлерін жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушінің құқық қабілеттілігі Қазақстан Республикасының информатизация туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталады.
Тармақ 61
61. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариалды куәландырылған немесе электрондық көшірмесін ұсынады.
Тармақ 62
62. Келісім бойынша міндеттемелерді орындау қажеттілігінен тікелей шықпайтын рұқсаттың (хабарлама жіберудің) және (немесе) осындай рұқсат құжатының түрінің болуы туралы талаптар қойылмайды.
Тармақ 9
9-параграф. Әлеуетті өнім берушінің олардың банкроттық не тарату рәсіміне қатыстылығы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау
63.Әлеуетті өнім берушінің банкроттық не тарату рәсіміне оның қатысы жоқтығы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкестігі банкроттық не тарату рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпарат арқылы айқындалады..
Тармақ 10
10-параграф. Еңбек ресурстарын иелену бөлігінде әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау
Тармақ 64
64. Сатып алу шеңберінде шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті еңбек ресурстары осы Қағидаларға сәйкес біліктілік талаптарында көрсетіледі.
Тармақ 65
65. Еңбек ресурстарына ие болу бойынша біліктілік талаптарын қоюға жол берілмейді, олар:
Тармақша 1
1) сатып алуларға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз қиындататын;
Тармақша 2
2) шарт, техникалық ерекшелік бойынша міндеттемелерді орындау қажеттілігінен тікелей туындамайды;
Тармақ 66
66. Егер конкурстық құжаттамада еңбек ресурстарының болуы жөніндегі талап қамтылған жағдайда, онда еңбек ресурстарының болуы еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесімен расталады.
Тармақ 67
67. Әлеуетті өнім берушінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеудегі мерзімі өткен берешегі еңбек бойынша уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде автоматты түрде анықталады.
Тармақ 11
11-параграф. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы түріндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау
Тармақ 68
68. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы мемлекеттік кірістер органдарының төленген салықтар туралы мәліметтері негізінде сатып алудың электрондық платформасымен автоматты түрде айқындалады.
Тармақ 69
69. Егер Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде ол төлеген салықтардың сомасы сатып алу сомасының (лоттың) кемінде бір жарым пайызын (1,5%) құраса, әлеуетті өнім беруші қаржылық тұрақты деп танылады.
Тармақ 70
70. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның (құқық мирасқорының) қаржылық орнықтылығы көрсеткішін бірігу, қосылу жолымен сатып алудың электрондық порталында біріктіру жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері үш жылдық кезеңнің соңғы есептелген жылы үшін электрондық сатып алу порталында күнтізбелік жыл ішінде осы мәліметтер қолданылған жылдың алдындағы 1 қазаннан кешіктірілмей бір рет жаңартылады.
Бұл ретте, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның (құқықтық мирасқорының) қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерін жаңарту экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші құрылымының бірінші деңгейінде (секциясында) өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде (үздіксіз) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалар қызметінің негізгі түрі сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.
Осындай қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның (құқықтық мирасқордың) Мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері әлеуетті өнім берушінің өтініші негізінде сатып алудың электрондық порталында жаңартылады.
Тармақ 12
12-параграф. Жүктеудің рұқсат етілген көрсеткіші бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау
Тармақ 71
71. Жүктеменің рұқсат етілген көрсеткіші 1,5 мөлшерінде белгіленеді. Жүктеу көрсеткіші асып кеткен кезде әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен сатып алуға қатысудан ауытқуға жатады.
Тармақ 72
72. Жүктеменің рұқсат етілген көрсеткішін (бұдан әрі – ЖРК) есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
ЖРК
= қолданыстағы міндеттемелердің жалпы сомасы / Әлеуетті өнім берушінің ең көп жылдық табысы,
мұндағы:
Қолданыстағы міндеттемелердің жалпы сомасы – әлеуетті өнім берушінің қолданыстағы шарттар және энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сатып алудың электрондық платформасында, мемлекеттік сатып алу веб-порталында және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ электрондық сатып алу порталында орналастырылған қорытынды хаттамалар бойынша әлі шарттар жасалмаған, сатып алу (жұмыс немесе көрсетілетін қызметтер) нысанасына жататын, ағымдағы қаржы жылы орындалуы тиіс міндеттемелерінің жиынтық сомасы
Әлеуетті өнім берушінің ең көп жылдық табысы – аяқталған кезең бойынша салық декларациялары не мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы анықтама түрінде растайтын құжаттардың негізінде айқындалатын соңғы аяқталған 3 (үш) қаржы жылының біріндегі негізгі қызметтен түскен табыстың ең жоғарғы жылдық мәні.
Жүктеу көрсеткішін есептеуді Электрондық платформа конкурсқа өтінім берген кезде жүзеге асырады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен деректермен автоматтандырылған алмасуды енгізгенге дейін тиеу көрсеткішін есептеуді біліктілік органы «Тиеу көрсеткішін есептеуге арналған әлеуетті өнім берушінің мәліметтері» Конкурстық құжаттамаға 2-2-қосымша және әлеуетті өнім беруші конкурсқа өтінім құрамында ұсынған салық декларациясы не мемлекеттік сатып алу веб-порталынан анықтама негізінде жүзеге асырады.
Аяқталған кезең бойынша салық декларациясы не мемлекеттік сатып алу веб-порталынан анықтама ұсынылмаған жағдайда әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбауға жатады.
Тармақ 13
13-параграф. Әлеуетті өнім берушінің ұқсас жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іске асыру тәжірибесін айқындау
Тармақ 73
73. Ұқсас жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді іске асыру тәжірибесі жиынтығында мынадай:
Тармақша 1
1) ҚР ҚНБҚ «Құрылысқа арналған құн индекстері» кестесіне сәйкес өткен кезеңдерден ағымдағы жылдың бағасына келтірілген объектінің құны сатып алу нысанасы орындалатын объект құнының кемінде 30% құраған;
Тармақша 3
3) объект бойынша жұмыстарды орындау үшін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алу нысанасы бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті рұқсаттардың және (немесе) олардың кіші түрлерінің болуы талап етілсе;
Тармақша 5
5) бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсаушылығы, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, конкурс нысанасы Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңның бірінші санатындағы рұқсаттардың (лицензиялардың) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің тиісті кіші түрінің бір тармақшасында болған жағдайда ескерілетін;
Тармақша 6
6) егер сатып алу нысанасы тұйық цикл объектілері бойынша жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер болып табылған жағдайда, ұқсас жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді іске асыру тәжірибесі әлеуетті өнім берушіде ұқсас мақсаттағы тұйық цикл объектілерінде жұмыстарды орындаудың немесе қызметтерді көрсетудің расталған тәжірибесі болған кезде ғана ескерілетін жағдайларға сәйкес келгенде ескеріледі.
Бұл ретте жекелеген элементтерді, сатыларды не оқшауланған технологиялық процестерді (оның ішінде жекелеген құрылысжайларды, инженерлік желілерді немесе жабдықты) іске асыру тәжірибесі, егер мұндай тәжірибе әлеуетті өнім берушінің объектінің жалпы ұқсас технологиялық процесін іске асыруға қатысуын растамаса, ұқсас деп танылмайды.
Тармақ 74
74. Егер күрделі жөндеу кезінде сатып алу нысанасы болып жұмыстар немесе қызметтер табылса, ұқсас объектілерді салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу объектілеріндегі әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі ескеріледі.
Тармақ 75
75. Егер қайта құру кезіндегі сатып алу нысанасы болып жұмыстар немесе қызметтер табылса, ұқсас объектілерді салу және қайта құру нысандарындағы әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі ескеріледі.
Тармақ 76
76. Егер құрылыс кезінде сатып алу нысанасы болып жұмыстар немесе қызметтер табылса, ұқсас объектілердің құрылыс объектілеріндегі әлеуетті өнім берушінің тәжірибесі ескеріледі.
Тармақ 77
77. Қазақстан Республикасының аумағында іске асырылған объектілердегі жұмыс тәжірибесі бойынша мәліметтерді біліктілік органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 35143 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен қалыптастырылатын «расталған» мәртебесі бар әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тізілімінен ғана қарайды.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан, сатылған объектілерде жұмыс тәжірибесін растау үшін мынадай құжаттардың:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушімен (ҚМЖ немесе сатып алу нысанасына байланысты техникалық қадағалау) жасалған шарттардың;
Тармақша 2
2) объектілерді пайдалануға беру актілерінің және жобалау-сметалық құжаттамаға не объект орналасқан елдің заңнамасында көзделген ұқсас құжаттарға оң сараптамалық қорытындылардың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері ұсынылғанда алдын ала іріктеу біліктілік іріктеу конкурстарына рұқсат беріледі.
Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (қосылу, бірігу) жағдайында қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінің ең көп жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Осы Қағидалардың мақсаттары үшін қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның жұмыс тәжірибесі мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
Тармақша 1
1) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі басқа заңды тұлғадан бөліну немесе шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған болса;
Тармақша 2
2) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі қайта ұйымдастырудың бірнеше дәйекті түрлері (бөліну, шығу, бірігу, қосылу, қайта құру) нәтижесінде алынған болса;
Тармақша 3
3) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінде осы Қағидалардың 53-тармағында көзделген шектеулер болатын заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (бірігу, қосылу, қайта құру) нәтижесінде алынған болса;
Тармақша 4
4) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірі сатып алу нысанасына сәйкес келетін қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиясынан (рұқсатынан) айырылған заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (бірігу, қосылу, қайта құру) нәтижесінде алынған болса, бағалық емес өлшемшарттарды есептеу кезінде ескерілмейді.
Тармақ 78
78. Ұқсас жұмыстар мен қызметтерді іске асыру тәжірибесі соңғы 10 жылда ескеріледі.
Тармақ 14
14-параграф. Консорциумға қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау ерекшеліктері
Тармақ 79
79. Консорциумның барлық қатысушылары осы Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген талаптарды қоспағанда, осы Қағидалардың 9 және 12-тарауларында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі қажет, оған сәйкес консорциумның негізгі қатысушысы талапқа сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 80
80. Консорциумның бір немесе бірнеше қатысушысы көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, консорциум осы тараудың 8 және 10-параграфтарында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп танылады.
Тармақ 81
81. Консорциум осы тараудың 13-параграфына сәйкес тәжірибесі болған, сондай-ақ консорциумның негізгі қатысушысында ұқсас құрылыс-монтаж жұмыстарын іске асыру тәжірибесі болған жағдайда ұқсас жұмыстарды іске асыру тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес деп танылады.
Тармақ 82
82. Консорциумның негiзгi қатысушысында құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензияның болуы мiндеттi.
Тармақ 82-1
82-1. Консорциумның техникалық қадағалау қызметтерін сатып алуға қатысуына жол берілмейді.
Тармақ 15
15-параграф. Алдын ала біліктілік іріктеудің қорытындыларын шығару
Тармақ 83
83. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша біліктілік органы:
Тармақша 1
1) біліктілік талаптарына және конкурс құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді (әлеуетті өнім берушіні) айқындайды және оларды алдын ала біліктілік іріктеуінен өтті деп таниды;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес алдын ала біліктілік іріктеуінің қорытынды хаттамасын ресімдейді және бекітеді.
Тармақ 84
84. Алдын ала біліктілікті іріктеу қорытындыларының хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы, олардың қабылданбау себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде олардың біліктілік талаптары мен конкурс құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып;
Тармақша 2
2) байқаушылардың біліктілік органының дәлелді ұстанымы бар ескертулері мен ұсыныстары (олар болған кезде);
Тармақша 3
3) алдын ала біліктілікті іріктеуден өтті деп танылған әлеуетті өнім берушілер туралы.
Тармақ 85
85. Егер алдын ала біліктілікті іріктеудің қорытындылары бойынша бір әлеуетті өнім беруші алдын ала біліктілік іріктеуден өткен болып танылған жағдайда, көрсетілген әлеуетті өнім беруші конкурстың жеңімпазы болып танылады.
Тармақ 86
86. Конкурстың жеңімпазымен осы Қағидаларға 5 немесе 6-қосымшаларға сәйкес сатып алу туралы шарт жасалады, онда өтінімде ұсынылған баға және баға емес ұсыныстар көрсетіледі.
Тармақ 87
87. Алдын ала біліктілік іріктеу хаттамасына біліктілік органының барлық мүшелері қол қояды және хатшы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидалардың 59-тармағында көзделген мерзімде электрондық сатып алу платформасында орналастырады.
Тармақ 88
88.
Алып тасталды -
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 05.06.2026 № 288 (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
Тармақ 16
16-параграф. Әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарындағы баға және баға емес өлшемшарттарды бағалау
Тармақ 89
89. Егер әлеуетті өнім берушінің өтінімінің бағасы шекті құннан төмен болса, жобаны іске асырудың ұсынылған құны бойынша баға өлшемін бағалау жүргізіледі. Бұл ретте оған шекті құнынан 1% - ға төмендегені үшін - 0,5 балл беріледі, бірақ жиынтығында 3,5 баллдан аспайды.
Тармақ 90
90. Әлеуетті өнім берушіде орындалған шарттар бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша бағалық емес өлшем осы Қағидалардың 13-параграфына сәйкес бағаланады.
Әрбір расталған іске асырылған нысан үшін әлеуетті өнім берушіге 1 балл беріледі. Осы өлшем бойынша ең жоғары балл саны — 5 балл. Қосалқы мердігер ретіндегі жұмыс тәжірибесі ескерілмейді.
Тармақ 91
91. Жергілікті қамтудың үлесін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеменің болуы бойынша бағалық емес өлшемшарт әлеуетті өнім беруші жергілікті қамтудың техникалық өзіндік ерекшелікте белгіленгеннен көп %-ын ұсынған жағдайда жұмыстарға қолданылады. Жергілікті қамтуды арттыруды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелердің әрбір қосымша 1%-ы үшін әлеуетті өнім берушіге 0,2 (нөл бүтін оннан екі) балл беріледі. Балдардың ең көп саны – 10 (он).
Жергілікті қамтудың үлесін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеменің болуы бойынша бағалық емес өлшемшарттың базалық көрсеткіштерін тапсырыс берушілер:
инженерлік желілер үшін - 70%;
көтергіш конструкциялар үшін - 60%.
Тармақ 92
92. Сапа кепілдігі бойынша бағалық емес өлшемшарт әлеуетті өнім беруші техникалық өзіндік ерекшелікте белгіленген мерзімге қарағанда кепілдіктің неғұрлым ұзақ мерзімін ұсынған жағдайда жұмыстарға қолданылады және тірек конструкцияларға, инженерлік желілерге, сондай-ақ жабдыққа бөлек бағаланады. Бұл ретте қосымша кепілдік үшін әлеуетті өнім берушіге:
Тармақша 1
1) тірек конструкцияға кепілдіктің әрбір жылы үшін 0,1 (нөл бүтін оннан бір) балл беріледі, осы өлшемшарт бойынша конкурстағы балдардың жиынтық саны 1 (бір) балдан аспайды;
Тармақша 2
2) инженерлік желілерге кепілдіктің әрбір жылы үшін 0,1 (нөл бүтін оннан бір) балл беріледі, осы өлшемшарт бойынша конкурстағы балдардың жиынтық саны 0,5 (нөл бүтін оннан бес) балдан аспайды;
Тармақша 3
3) жабдыққа кепілдіктің әрбір жылы үшін 0,1 (нөл бүтін оннан бір) балл беріледі, осы өлшемшарт бойынша конкурстағы балдың жиынтық саны 0,5 (нөл бүтін оннан бес) балдан аспайды.
Осы өлшемшарт бойынша Тапсырыс берушінің ең төменгі талаптары туралы деректер болмаған кезде Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы заңнамасында және Азаматтық кодексте көзделген мерзімнен төмен емес базалық мән қолданылады.
Тармақ 93
93. Құрылыс объектісі бойынша сапа кепілдігі түріндегі бағалық емес өлшемшартты қолдану үшін әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімнің құрамында объектіні пайдалануға бергеннен кейін кепілдік міндеттемелер бойынша жауапкершілікті сақтандыру бойынша не банк кепілдігін беру не тиісті қамтамасыз етуді енгізу бойынша міндеттеме қабылдайды.
Тармақ 94
94. Ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын қамтамасыз ету жөніндегі бағалық емес өлшемшарт жұмыстарға қолданылады және тұйық цикл объектілері бойынша реконструкциялау мен жаңа құрылыс объектілеріне жатады. Әлеуетті өнім беруші техникалық өзіндік ерекшелікте белгіленгенге қарағанда неғұрлым энергия тиімді сыныпты ұсынған жағдайда.
Бұл ретте энергия тиімділігі сыныбын арттырудың әрбір тармағына 1 балл беріледі. Энергия тиімділігі сыныбы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңға, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 399 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11312 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11312 болып тіркелген) сәйкес айқындалады. Ең жоғары балл саны – 5 (бес).
Тапсырыс берушінің ең төменгі талаптары туралы деректер болмаған кезде есептеу үшін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңға, Сыныптарды айқындау және қайта қарау қағидаларына сәйкес «С» (қалыптыдан жоғары) тең базалық мән қолданылады.
Тармақ 95
95.
Бірінші абзац 30.06.2026 дейін қолданыста болды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 05.06.2026 № 288 бұйрығымен.
Осы бағалық емес өлшемшарт құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір миллион айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерінен аспайтын сатып алуға қолданылады.
Тармақ 95-1
95-1. Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімдерден бұрын құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын орындау бойынша міндеттеме үшін балл беру бойынша бағалық емес өлшемшарт құрылыстың нормативтік мерзімінен төмендеген әрбір пайызы үшін 0,2 (нөл бүтін оннан екі) балл мөлшерінде беріледі.
Бұл ретте осы өлшемшарт конкурсында балдардың жиынтық саны 2 (екі) балдан аспайды.
Осы өлшемшартты таңдау кезінде Мердігер мәлімделген аяқталу мерзімі күні орындалмаған жұмыстар құнының 0,1% мөлшерінде, бірақ көрсеткішке қол жеткізілмеген әрбір күнтізбелік күн үшін шарт бағасының 10%-нан аспайтын мөлшерде мәлімделген көрсеткішке қол жеткізбегені үшін өсімпұл төлейді.
Тармақ 96
96. Егер әлеуетті өнім беруші аванстық төлемдерді толық не ішінара алудан бас тарту туралы міндеттеме қабылдаған жағдайда, аванстан бас тарту шарттары бойынша бағалық емес критерий қолданылады.
Аванстық төлемдерден толық бас тартылған жағдайда оған 3 (үш) балл есептеледі.
Аванстық төлемдерден ішінара бас тартылған жағдайда:
- 20% аванс кезінде 1 (бір) балл есептеледі;
- 10% аванс кезінде 2 (екі) балл есептеледі.97. Объектіні сенімгерлік басқаруға қабылдай отырып, жобаны өз қаражаты есебінен іске асыру бойынша бағалық емес өлшемшарт коммуналдық және энергетикалық мақсаттағы тұйық цикл объектілеріне қолданылады.
Тармақ 97
97. Объектіні сенімгерлік басқаруға қабылдай отырып, жобаны меншікті қаражат есебінен іске асыру бойынша бағаға жатпайтын критерий тек тұйық циклді объектілерге қолданылады, бұл ретте Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде "толық бітіріп берілетін" туралы үлгілік шартқа 1-қосымшаға сәйкес Тапсырыс беруші толтырған және бекіткен объектіні сенімгерлік басқаруға беру шарттары туралы келісім болуы қажет.
Тармақ 98
98. Бұл ретте мұндай әлеуетті өнім берушіге осы тараудың 16-параграфына сәйкес есептелетін баға, тәжірибе, жергілікті үлес, сапа кепілдігі, энергия тиімділігінің сыныбы және жобаны іске асыру орны бойынша тіркеу критерийлері бойынша балдар қосымша есептеледі.
Тармақ 17
17-параграф Конкурс қорытындысын шығару
Тармақ 99
99. Сатып алудың электрондық платформасы бағалық және бағалық емес критерийлерді автоматты түрде салыстырады әлеуетті өнім берушілердің жиналған ұпайларын есептейді және өтінімдерде көрсетілген ақпараттар негізінде жеңімпазды және екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні анықтайды.
Тармақ 100
100. Жалпы балл саны тең болған жағдайда жұмыс тәжірибесі бойынша ең көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады
Тармақ 101
101. Жұмыс тәжірибесі бойынша жалпы балл саны тең болған жағдайда, жүктеме көрсеткіші төмен (үтірден кейін екі белгіге дейін дөңгелектенген) әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
Тармақ 102
102. Жалпы балл және жұмыс тәжірибесі бойынша балл, сондай-ақ қаржылық тұрақтылық көрсеткіші тең болған кезде, конкурсқа қатысуға өтінімді басқалардан бұрын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
Тармақ 103
103. Конкурс жеңімпазы шарт жасасудан бас тартқан, шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған болып танылады. Бұл жағдайда шарт жасасу құқығы конкурс нәтижелері бойынша екінші орын алған қатысушыға ауысады. Мұндай қатысушымен шарт жасасу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Тармақ 104
104. Конкурс мынадай жағдайларда өтпеді деп танылады:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 38-тармағында қарастырылған;
Тармақша 2
2) егер әлеуетті өнім берушілердің барлық өтінімдері қабылданбаған жағдайда.
Тармақ 105
105. сатып алудың электрондық платформасы автоматты түрде қалыптастырған конкурстың қорытындылары, конкурстың қорытындыларына техникалық іркілістің әсер ету фактілері анықталған жағдайларды қоспағанда, шағымдануға жатпайды.
Тармақ 106
106. Егер конкурс тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылса, Тапсырыс беруші конкурс тәсілімен сатып алуды қайта жүргізуге құқылы.
Тармақ 18
18-параграф. Сатып алу туралы шарт жасасу
Тармақ 107
107. Сатып алу туралы шартты жасасу және орындау Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 108
108. Сатып алу туралы шарт осы Қағидаларға 5 немесе 6-қосымшаларда көзделген нысан бойынша жеңімпаздың конкурстық өтінімі шарттарында жасалады. Жеңімпаздың оның жеңіске жетуіне әсер еткен барлық міндеттемелері мен ұсыныстары шарт мәтініне енгізілуге тиіс. Объектіні одан әрі сенімгерлік басқаруға қабылдай отырып, өнім берушінің есебінен жобаны қаржыландыру жағдайында өнім берушімен осы Қағидаларға 5-қосымшада көзделген энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде «толық аяқталған» құрылыс туралы үлгілік шартқа 1-қосымшаға сәйкес объектіні сенімгерлік басқаруға беру шарттары туралы келісімге қосымша қол қойылады.
Тармақ 109
109. Сатып алу туралы шарт конкурс қорытындысы туралы хаттамада көрсетілген сомаға ҚҚС есептеле отырып (сатып алу жеңімпазы ҚҚС төлеуші болып табылмайтын немесе сатып алу нысанасына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚҚС салынбайтын жағдайларды қоспағанда), сатып алудың электрондық платформасында жасалады.
Тапсырыс беруші осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарттарға сәйкес электрондық платформа арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жеңімпазға сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға шағымдану мерзімі өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.
Конкурс жеңімпазы шарттың жобасына Тапсырыс берушіден алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық платформа арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен, Қазақстан Республикасының бейрезидентімен шарт жасасқан жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қояды.
Тармақ 110
110. Егер сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасалған жағдайда, тараптардың әрқайсысы үшін шартқа қол қою мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 111
111. Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғамен сатып алу туралы шарт жасалған жағдайларда шартқа қағаз жеткізгіште қол қойылады.
Бұл ретте, шарттың электрондық көшірмесі сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сатып алудың электрондық платформасына жүктелуге тиіс.
Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғамен сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда сатып алу туралы шартты ресімдеуге жол беріледі.
Тармақ 112
112. Консорциум атынан шарт жобасына құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге лицензиясы бар және консорциум атынан конкурс өтінім берген консорциум басшысы қол қояды.
Тармақ 113
113. Егер конкурс қорытындысы бойынша екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні қоспағанда, әлеуетті өнім беруші шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда, онда мұндай әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған болып танылады.
Әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда, Тапсырыс беруші әлеуетті өнім беруші енгізген конкурс өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады.
Тапсырыс берушінің өз тарапынан қол қойылған шартты әлеуетті өнім берушінің атына уақытылы жолдамауына байланысты әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт (ұзақ мерзімді шартқа) жасасудан бас тартқан жағдайда, әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарды деп танылмайды.
Тармақ 114
114. Әлеуетті өнім берушінің нысанды сенімгерлік басқаруға берудің үлгілік шарты талаптарында нысанды сенімгерлік басқаруға қабылдай отырып, өз қаражаты есебінен өткізу міндеттемелерін қабылдай отырып жасалған шартта тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (KPI) белгіленеді.
Тармақ 115
115. Осы Қағидалардың 114-тармағымен көзделген жағдайда нысанды пайдалану сенімгерлік басқару нысанында жүзеге асырылуы мүмкін. Сенімгерлік басқару шарты сатып алу туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Шартта өнім берушінің инвестицияларын қайтару туралы ережелер, оның ішінде оларды кезең-кезеңімен өтеу тетігі қамтылуға тиіс. Инвестицияларды қайтару тетігі және шығындарды өтеу нысаны табиғи монополияларды реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.
Тармақ 116
116. Белгіленген тәртіппен бекітілген сметалық, жобалау алдындағы, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бар энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде «толық аяқталған» құрылыс туралы шартта өнім берушінің сметалық, жобалау алдындағы, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкес монтаждауға, салынып жатқан нысанды жарақтандыруға және (немесе) құрылыс кезінде тұтынуға жататын тауарларды сатып алу жөніндегі міндеттемесі қамтылуға тиіс сатып алынатын тауардың тауар өндірушілерінен және коммерциялық ұсыныстар негізінде сатып алынатын тауар бойынша жаңа өндірістер құру жөніндегі жобаны іске асыратын ұйымдардан, қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу Қағидаларына сәйкес электрондық платформада ұсынылған.
Өнім берушінің, қосалқы мердігердің осы тармақта көзделген міндеттемені орындағанын растау өнім беруші мен қосалқы мердігердің тараптардың орындалған жұмыстардың қабылданғанын-берілгенін растайтын тиісті (түпкілікті) актіге, тауарларды тауар өндірушілерден сатып алынатын тауарларды/оларды өткізетін ұйымдарды сатып алу туралы шарттардың көшірмелеріне қол қойған күніне дейін беруі болып табылады) Сатып алынатын тауар бойынша жаңа өндірістер құру жөніндегі жоба (офтейк-келісімшарт), тауарларды қабылдау-беру актілері.
Тармақ 117
117. Жобалау алдындағы, жобалау жұмыстарын сатып алу туралы шарттардың жобаларында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган қалыптастыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің (бар болса) дерекқорына енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды (бар болса) өнім берушінің жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында басым пайдалануы туралы талаптар қамтылуға тиіс.
Тармақ 118
118. Сатып алу туралы шарттың жобасы тараптардың жұмыстардың орындалуын, қызметтер көрсетуді растайтын актілерге қол қойған күнінен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірілмейтін мерзімде есептеуді, оның ішінде шарт бойынша түпкілікті есептеуді жүзеге асыру туралы талапты қамтуға тиіс.
Тармақ 119
119. Тапсырыс беруші сатып алу туралы шартта шарт бойынша міндеттемелерді уақтылы орындамағаны үшін екі тараптың жауапкершілігін, оның ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім берушіге уақтылы төлемегені және қайтарғаны үшін Тапсырыс берушінің жауапкершілігін көздеуге міндетті.
Тармақ 120
120. конкурс жеңімпазымен жасалатын сатып алу туралы шартта өнім берушінің конкурс өтінімнің құрамында мәлімделген жабдықпен, техникамен (техникалық құрылғылармен), ғимараттармен (құрылыстармен), үй-жайлармен, бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету туралы міндеттемесі қамтылуға тиіс.
Бұл ретте өнім беруші Тапсырыс берушімен келісу бойынша конкурстық өтінімнің құрамында мәлімделген мамандарды, жабдықты, техниканы (техникалық құрылғыларды), үй-жайларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді балама мамандарға ауыстыруға құқылы.
Тармақ 19
19-параграф. Сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету
Тармақ 121
121. Сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарт жасасудың міндетті талабын білдіреді және өнім берушінің нысанды жобалау және салу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындауының қаржылық кепілі ретінде қызмет етеді.
Қамтамасыз ету сатып алу туралы шартты іске асырудың барлық кезеңдері үшін талап етіледі, оның ішінде: жобалау, сатып алу, құрылыс, қаржыландыру (бар болса), пайдалануға беру (бар болса), ұзақ мерзімді пайдалану (бар болса), кепілдік кезеңі (бар болса).
Тармақ 122
122. Сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мынадай нысандардың бірінде ұсынылады:
өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
не:
осы Қағидаларға конкурстық құжаттаманың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылатын банк кепілдігі;
не:
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.
Қамтамасыз ету мөлшері шарттың жалпы құнының 3%-ын құрайды.
Конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етудің нақты мөлшері мен рұқсат берілетін нысандары көрсетіледі.
Тармақ 123
123. Қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі пайдалануға беруді қоса алғанда, шарт бойынша барлық жұмыстарды аяқтау мерзімінен кемінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге артық болуға тиіс.
Тармақ 124
124. Қамтамасыз етуді қайтару және ұстап қалу шарттары:
Тармақша 1
1) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтару мердігердің барлық міндеттемелері орындалғаннан кейін, объектіні пайдалануға беру актілеріне қол қойылғаннан кейін, егер Тапсырыс берушіден негізді талаптар болмаса жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) өнім берушінің кінәсінен шарт бұзылған, мерзімдер немесе өзге де шарттар бұзылған жағдайларда, тапсырыс беруші қамтамасыз етуді толық көлемде ұстап қалуға құқылы.
Тармақша 3
3)Тапсырыс беруші сатып алу шарты бойынша өз міндеттемелерін толық әрі тиісті орындағаннан кейін енгізілген шартты орындауды камтамасыз ету сомасын жеткізушіге 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарады.
Тармақ 125
125. Шартты орындау мерзімдері тараптардың келісімі бойынша ұзартылған жағдайда, мердігер қосымша келісімге қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қамтамасыз етудің қолданылуын тиісті мерзімге ұзартуға міндетті.
Шарттың ұзартылған қамтамасыз етілуі 5 жұмыс күні ішінде ұсынылмаған жағдайда, қосымша келісім бұзылуға жатады.
Тармақ 126
126. Жобаны халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуымен іске асыру кезінде қаржыландыру туралы келісімнің талаптарында көзделген қамтамасыз ету нысаны мен мөлшеріне қосымша шарттар қолданылуы мүмкін.
Халықаралық қаржы ұйымдары арқылы тартылатын қаржыландыру олардың ішкі талаптарына сәйкес жобаларды сатып алу және қарау (іріктеу және бекіту) рәсімдері бөлігінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл ретте Ұлттық жобаның барлық қалған ережесі мен талабы орындалуға міндетті болып қала береді.
Тармақ 127
127. Сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұзақ мерзімді Шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне беріледі. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі ұзақ мерзімді шарттың орындалуын қамтамасыз ету сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес тиісті жылға не ұзақ мерзімді Шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне ұсынылады.
Тармақ 128
128. Өнім берушінің қаражаты есебінен іске асырылатын, кейіннен объектіні сенімгерлік басқару жүзеге асырылатын жобалар шеңберінде жасалатын шарттар бойынша қамтамасыз етуді беру шарттары Үлгілік шартқа қосымшаға сәйкес айқындалады.
Тармақ 129
129. Тапсырыс беруші қамтамасыз етудің қолданылу мерзімдерін, қамтамасыз ету сомасын және қамтамасыз етуді уақтылы ұзартуды немесе қайтаруды бақылауды міндетті түрде белгілей отырып, электрондық сатып алу платформасының көмегімен ұсынылған қамтамасыз етулердің есебін жүргізеді.
Тармақ 20
20-параграф. Авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз ету
Тармақ 130
130. Егер сатып алу туралы шартта аванс (алдын ала төлем) төлеу көзделсе, конкурс жеңімпазы шарттың орындалуын қамтамасыз етумен бірге сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде аванс (алдын ала төлем) сомасы көлемінде қайтаруды (алдын ала төлемді) қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті.
Авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз ету мынадай тәсілдердің бірімен ұсынылады:
өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
не:
осы Қағидаларға конкурстық құжаттаманың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылатын банк кепілдігі;
не:
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.
Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын сақтандыру (сақтандыру кепілдігі) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шарт жасасу арқылы ресімделеді.
Шарт бойынша аванстық төлемнің шекті мөлшері жасалған шарт сомасының отыз пайызынан аспайды.
Тармақ 131
131. Тапсырыс беруші конкурс жеңімпазы авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды тиісінше қамтамасыз етуді ұсынған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде аванс (алдын ала төлем) төлейді.
Тапсырыс беруші қамтамасыз ету сомасын, қолданылу мерзімін, қамтамасыз ету түрін және кепілгердің деректемелерін көрсете отырып, сатып алудың электрондық платформасы арқылы авансты қайтаруды ұсынылған қамтамасыз етуді есепке алуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 132
Тармақ 21
21-параграф. Кепілдік міндеттемелерін қамтамасыз ету
Тармақ 133
133. Егер әлеуетті өнім беруші «құрылыс нысаны бойынша сапа кепілдігі» бағалық емес критерийі бойынша балл алған жағдайда, ол кепілдік міндеттемелердің орындалуын қосымша қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.
Тармақ 134
134. «Сапа кепілдігі» критерийі бойынша алынған әрбір балл үшін шарт құнының 0,5% мөлшерінде кепілдік міндеттемелердің орындалуын қосымша қамтамасыз ету мынадай нысандардың біріне енгізіледі:
Тармақша 1
1) осы Ережеге
осы Ережеге конкурстық құжаттаманың 8-қосымшасы;
Тармақша 2
2) мердігердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес үлгі нысан бойынша электрондық құжатты.
Тармақ 135
135. Көрсетілген қамтамасыз ету шарттың орындалуын қамтамасыз етумен бірге, шарт жасалғаннан кейін 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде енгізіледі.
Тармақ 136
136. Кепілдік міндеттемелерді орындауды қосымша қамтамасыз етуді қайтару кепілдік міндеттемелер бойынша жауапкершілікті сақтандыру не Қағидалардың 93-тармағында көзделген басқа қамтамасыз ету ұсынылғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тармақ 137
137. Тиісті қамтамасыз етуді енгізбеу немесе қолданыстағы сақтандыру полисін ұсынбау шарт талаптарын бұзу болып саналады және шарт жасасудан бас тартуға әкеп соғады.
Тармақ 22
22-параграф. Сатып алу туралы шарттың жобасын өзгерту
Тармақ 138
138. Сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге тараптардың өзара келісімі бойынша, сатып алу туралы шартқа оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім түрінде өзгерістерді міндетті түрде ресімдей отырып, мынадай жағдайларда жол беріледі:
Тармақша 1
1) өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және өзге де талаптардың өзгермеуі жағдайында шарт сомасын азайту бөлігінде;
Тармақша 2
2) аванстан (алдын ала төлеуден) бас тартқан не оны төлеу шарттары өзгерген жағдайда;
Тармақша 3
3) мынадай жағдайларда өнім берушінің міндеттемелерді орындау мерзімін ұзарту бөлігінде ұзарту күндерін есептеуді қоса бере отырып, мерзімдерді ұзарту туралы шешімді міндетті Құжаттамалық ресімдей отырып:
конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған деп танылған не конкурстың қорытындылары бекітілген күннен бастап жалтарған деп танылған күнге дейін мерзімін ұзарта отырып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді орындамаған;;
өнім берушінің кінәсінен шартты бұзу мерзімін шарт жасалған күннен бастап оны бұзу күніне дейінгі күндер санына ұзарта отырып;
конкурс қорытындыларының күшін жоюға немесе қайта қарауға жұмсалған күндер санына мерзімін ұзарта отырып, конкурс қорытындыларының күшін жою немесе қайта қарау;
төтенше жағдай енгізу салдарынан шартты орындау мерзімдерін ұзарту — төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне.
Тармақ 139
139. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сатып алу шарттары мен ұсыныстардың өзгеруіне әкеп соғатын өзгерістер не осы параграфтың 138-тармағында көзделмеген өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 23
23-параграф. Сатып алу туралы шартты өзгерту мен бұзу
Тармақ 140
140. Сатып алу туралы жасалған шартқа (ұзақ мерзімді) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге тараптардың өзара келісімі бойынша мынадай жағдайларда жол беріледі:
Тармақша 1
1) Егер сатып алу туралы шартты орындау процесінде сатып алынатындарға ұқсас жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағасы төмендеу жағына қарай өзгерсе, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны және тиісінше сатып алу туралы шарттың сомасын төмендету бөлігінде;
Тармақша 2
2) жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасынан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға және жобалар тізіліміне тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда, сатып алу туралы шарттың сомасын азайту бөлігінде, сондай-ақ шартты орындау мерзімдерінің тиісті өзгеруі бөлігінде;
Тармақша 3
3) Егер өнім беруші онымен жасасқан жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шартты орындау процесінде бірлік үшін баға өзгермеген жағдайда, онымен жасасқан жұмыстарды сатып алу туралы шарттың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мерзімдері және (немесе) шарттары неғұрлым сапалы және (немесе) техникалық сипаттамаларын не мерзімдерін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда, қызметтер;
Тармақша 4
4) салық, кеден және басқа да салалардағы заңнаманың өзгеруінен туындаған қызметтерді көрсетуге, жұмыстарды орындауға арналған сатып алу туралы шарттың сомасын азайту бөлігінде, сондай-ақ жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда ұзақ мерзімді шартты орындау мерзімдерін тиісті өзгерту бөлігінде;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалардың, тарифтердің, алымдар мен төлемдердің өзгеруіне байланысты, сондай-ақ Тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген орындау үшін міндетті талаптарды орындау қажеттілігінен туындаған сатып алу туралы шарттың сомасын азайту және (немесе) өзге де талаптарын өзгерту бөлігінде.
Тармақ 141
141. Сатып алу туралы шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын шартқа қосымша келісім түрінде ресімделеді.
Тармақ 142
142. Жасалған сатып алу туралы шартқа өткізілетін (өткізілген) сатып алу шарттарының мазмұнын және (немесе) осы параграфтың 136-тармағында көзделмеген өзге де негіздер бойынша өнім берушіні таңдау үшін негіз болған ұсынысты өзгертуі мүмкін өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 143
143. Жасалған сатып алу туралы шартта Тапсырыс берушінің атауын және деректемелерін өзгертуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттемедегі адамдарды ауыстыру туралы тиісті келісім жасалған жағдайда жол беріледі.
Тармақ 144
144. Шартқа қосымша келісім жасалған шартпен бірдей нысанда жасалады.
Тармақ 145
145. Негізді орынсыздық себебінен сатып алу туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде Тапсырыс беруші шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өнім берушіге бас тарту себебін, растайтын құжаттарды (уәкілетті органның шешімін) және өтемақы үшін нақты келтірілген шығындардың есебін көрсете отырып, ресми хабарлама жіберуге міндетті.
Тармақ 145-1
145-1. Тапсырыс беруші жобаны іске асырудың шекті құны дұрыс көрсетілмеген жағдайда, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органға электрондық платформа арқылы сатып алудың күшін жоюды келісу туралы сұрау салу жібереді.
Тармақ 146
146. Бұл ретте шартты біржақты тәртіппен орындаудан бас тартуға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 404-бабпен көзделген жағдайда;
Тармақша 2
2) өнім беруші өз міндеттемелерін бұзған кезде жол беріледі;
Тармақ 24
24-параграф. Сатып алу туралы шарттар бойынша наразылық жұмыстарын жүргізу
Тармақ 147
147. Өнім беруші тарапынан сатып алу туралы шарттың талаптары орындалмаған жағдайда, Тапсырыс беруші сатып алу туралы шарттың талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, наразылық жұмысын ұйымдастыруға міндетті.
Наразылық жұмысын Тапсырыс беруші анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар) және (немесе) шығындар сомасын есептей отырып, құжатпен ресімдейді.
Шағымдар өнім берушіге бұзушылық анықталған сәттен бастап не шартта белгіленген міндеттемелерді орындау мерзімі өткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Тармақ 148
148. Сатып алу туралы шарттың орындалмау немесе тиісінше орындалмау фактісін анықтаған заңды күшіне енген сот шешімі (қаулысы) болған жағдайда, өнім беруші бір мезгілде мынадай шарттар сақталатын жағдайларды қоспағанда, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі:
өнім беруші шарт міндеттемелерін орындауды бұзғаны үшін есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсімпұлдардың) барлық сомасын төлеген немесе Өнім берушіден толық көлемде өндіріп алынған (ұсталған);
өнім беруші барлық бұзушылықтарды жоюды және орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметтерді қабылдаудың қорытынды актілеріне қол қоюды қоса алғанда, сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған;
Тапсырыс беруші келтірілген залалдың жоқтығын құжатпен растады не өнім беруші барлық келтірілген залалды (ұстап қалуларды не ерікті өтемақыны қоса алғанда) толық көлемде өтеді, бұл тиісті өзара есеп айырысу актілерімен, төлем тапсырмаларымен және өзге де қаржылық құжаттармен тіркелген.
Тармақ 149
149. Өнім беруші шарттық міндеттемелерді орындауды бұзған жағдайда Тапсырыс беруші шарттық міндеттемелерді орындауды бұзғаны үшін өнім берушіге есептелген тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын және осыған байланысты туындаған залал сомасын енгізілген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасынан ұстап қалуға құқылы. Сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің қалған сомасы өнім берушіге ол шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтарылады.
Тармақ 25
25-параграф. Өнім берушілердің сатып алу шарттарына және жасалған сатып алу туралы шартқа сәйкестігі мониторингі
Тармақ 150
150. Тапсырыс беруші өнім берушінің қызметіне араласпай, өнім берушілердің өткізілген конкурстың талаптарына және (немесе) сатып алу туралы шарттың талаптарына және (немесе) материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының болуына сәйкестігіне мониторинг жүргізуге құқылы.
Тармақ 151
151. Өнім берушілердің өткізілген конкурс талаптарына сәйкестігін тексеру жылына 1 (бір) реттен артық емес жүргізіледі.
Тармақ 152
152. Өнім берушінің объектісіне шығу үшін Тапсырыс беруші көшпелі комиссия құрады.
Тармақ 153
153. Көшпелі комиссия Тапсырыс берушінің өкілдерінен және конкурс шылар ретінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен тұрады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көшпелі комиссияға кандидаттарды жіберуден бас тартқан жағдайда, мониторинг Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуынсыз жүргізіледі.
Тармақ 154
154. Шығу нәтижелері бойынша Тапсырыс беруші ол аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде фото- және бейнематериалдарды (олар болған кезде) қоса бере отырып, тиісті есепті қалыптастырады, қол қояды және электрондық сатып алу платформасында орналастырады.
Электрондық сатып алу платформасында орналастырумен бір мезгілде Тапсырыс беруші осы есепті электрондық сатып алу платформасы немесе шартта көзделген өзге де байланыс тәсілі арқылы әлеуетті өнім берушіге жібереді.
Әлеуетті өнім беруші есепті алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық сатып алу платформасы арқылы анықталған ескертулер бойынша дәлелді қарсылықтарды және (немесе) түсініктемелерді ұсынуға құқылы.
Тапсырыс беруші ұсынылған қарсылықтарды оларды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарауға және қарсылықтардың негізділігі расталған жағдайда, түзетілген нұсқасын электрондық сатып алу платформасында жариялай отырып, есепке тиісті өзгерістер енгізуге міндетті.
Өнім берушінің қарсылықтары қабылданбаған жағдайда Тапсырыс беруші қорытынды есепте бас тартудың негіздемесін көрсетуге міндетті.
Тармақ 155
155. Сондай-ақ өнім берушінің объектіге шығуы өнім берушінің конкурс , сатып алу туралы шарт талаптарына сәйкес еместігі туралы үшінші тұлғалардың өтініштері (шағымдары) келіп түскен жағдайда, өнім беруші бекітілген Жұмыс жоспар-кестесін күнтізбелік 30 күннен артық сақтамаған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 156
156. Өнім берушінің сәйкестігін мониторингілеу кезеңінде жұмыстарды жүргізу тоқтатылмайды.
Тармақ 26
26-параграф. Сатып алу туралы шартты жабу
Тармақ 157
157. Тараптар сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындағаннан кейін Тапсырыс беруші өнім берушімен сатып алу туралы шарт бойынша өзара есеп айырысулар мен міндеттемелерді салыстыру актісіне қол қою арқылы шартты жабуды жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 158
158. Салыстырып тексеру актісі орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдаудың соңғы актісіне не сатып алу туралы шарттың толық орындалуын растайтын өзге де құжатқа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
Тармақ 159
159. Салыстырып тексеру актісіне сатып алудың электрондық платформасы арқылы екі тарап та қол қоюға тиіс.
Тармақ 160
160. Тапсырыс беруші салыстырып тексеру актісінің жобасын оны ресімдеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей Электрондық сатып алу платформасы арқылы өнім берушіге жібереді.
Тармақ 161
161. Өнім беруші салыстырып тексеру актісіне қол қоюға не актінің жобасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дәлелді қарсылықтарын ұсынуға міндетті.
Тармақ 162
162. Уәжді қарсылықтар мерзімінде ұсынылған жағдайда, Тапсырыс беруші оларды 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарауға және нақтыланған салыстыру актісіне қол қоюға не тараптардың ұстанымдарын көрсете отырып, уәжді бас тартуды беруге міндетті.
Тармақ 163
163. Егер өнім беруші салыстыру актісіне қол қоймаған және белгіленген мерзімде дәлелді қарсылықтар ұсынбаған жағдайда, салыстыру актісіне өнім беруші әдепкі бойынша қол қойған болып есептеледі.
Тармақ 164
164. Салыстырып тексеру актісі бойынша реттелмеген келіспеушіліктер болған кезде сатып алу туралы шарт бойынша түпкілікті төлем даулы мәселелер бар сомаларды қоспағанда, нақты қабылданған және төленген міндеттемелердің көлемі шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27-параграф. Сатып алуға шағымдану
Тармақ 165
Тармақ 166
166. Әлеуетті өнім берушінің шағымы табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органға электрондық сатып алу платформасы арқылы:
Тармақша 1
1) конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын;
Тармақша 2
2) конкурс қорытындыларының хаттамасы.
Тармақ 166-1
166-1. Тапсырыс берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне шағым электрондық сатып алу платформасы арқылы беріледі.
Тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымда:
Тармақша 1
1) шешімдеріне шағым жасалған заңды тұлғаның, әрекетінің (әрекетсіздігінің) атауы, орналасқан жері;
Тармақша 2
2) шағым берген адамның атауы, орналасқан жері;
Тармақша 3
3) шеңберінде бұзушылықтар жасалған сатып алу туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтардың нақты фактілерін көрсету қамтылады.
Тармақ 166-2
166-2. Шағымды табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен оның келіп түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 166-3
166-3. Осы Қағидалардың 166-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шағымдалмаған конкурстық құжаттаманың ережелеріне және (немесе) алдын ала талқылау хаттамасындағы талаптарға қатысты дәлелдер осы Қағидалардың 166-тармағының 2) тармақшасына сәйкес берілген шағымды қарау кезінде уәкілетті органның қарауына жатпайды.
Тармақ 166-4
166-4. Сатып алуға тапсырыс берушінің әрекетіне табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті органға шағымданған жағдайда шағым мәлімделген талаптар (дәлелдер) шегінде қаралады.
Тармақ 166-5
166-5. Осы Қағидалардың 166-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін берілген шағым қарауға жатпайды.
Тармақ 167
167. Табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган алдын ала біліктілік іріктеу конкурстарында шағымды қарау нәтижесі бойынша мыналарды:
Тармақша 1
1) сатып алу қорытындыларының күшін жою туралы;
Тармақша 2
2) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
Тармақша 3
3) қорытындыны қайта қарауды көрсете отырып, оны тапсыру (алу) күнінен кейінгі күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы тапсырыс берушіні хабардар етеді.
Тармақ 168
168. Электрондық сатып алу платформасының жұмысындағы техникалық іркілістердің сатып алу рәсімдеріне әсер ету фактісі анықталған жағдайда, табиғи монополиялар саласындағы органының шешімі қалыптастырылады.
Тармақ 169
169. Шешімнің дәлелді негіздемесін қамтитын электрондық сатып алудың платформасы жұмысындағы техникалық іркіліс әсер еткен алдын ала біліктілік іріктеу қорытындысының күшін жою және (немесе) қайта қарау туралы шешім тапсырыс берушіге, өтініш берушіге, әлеуетті өнім берушілерге (өнім берушіге) осындай шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде жіберіледі.
Тармақ 170
170. Сатып алу туралы шартты жасасу мерзімі қорытындылар хаттамасы жарияланған күннен бастап шағымдану мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Конкурс қорытындыларына шағымдар келіп түскен жағдайда, сатып алу туралы шартты жасасу мерзімі шағымды қарау нәтижелері шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.
Басқа 1. КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен қызметтерді сатып алу, жобаларды және өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларына
1-қосымша
Бекітемін:
(тапсырыс берушінің (бірлескен ұйымдастырушының) толық атауы)
(конкурс құжаттамасын бекіткен тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса)
Шешім № ___ Күні ____
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
_____________________________________________________________________
(жұмыс пен қызмет түрі)
_____________________________________________________________________
(конкурстың атауы)
Тапсырыс беруші:
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН көрсетіледі)
Тапсырыс беруші өкілі:
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail)
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Конкурс электрондық сатып алу платформасында жобалар тізбесіне сәйкес өнім берушіні (өнім берушілерді) таңдау мақсатында өткізіледі.
Тармақ 2
2. Осы конкурс құжаттамасы (бұдан әрі – КҚ) мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) осы КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы келісім;
Тармақша 2
2) осы КҚ-ға 2, 2-1-қосымшаларға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім нысанын;
Тармақша 2-1
2-1) осы КҚ-ға 2-2-қосымшаға сәйкес жүктеменің рұқсат етілген көрсеткішін есептеу үшін әлеуетті өнім берушінің мәліметтерін.
Тармақша 3
3) осы КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес бенефициарлық иелік туралы ақпарат;
Тармақша 4
4) осы КҚ 4-1 немесе 4-2-қосымшаларына сәйкес сатып алу туралы шарт бойынша жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету бойынша әлеуетті өнім берушінің келісімі (міндеттемелері);
Тармақша 5
5) осы КҚ-ға 5-қосымшаға сәйкес сатып алынатын құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жұмыстарының техникалық ерекшелігі;
Тармақша 6
6) осы КҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігі;
Тармақша 7
7) осы КҚ 7-қосымшаға сәйкес бірлескен қызмет туралы үлгілік шарт (үлгілік консорциалдық келісім);
Тармақша 8
8) осы КҚ-ға 8-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу өтінімін қамтамасыз етуге арналған банктік кепілдік нысаны.
Тармақ 3
3. Осы конкурс бойынша жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға бөлінген сома __ теңге.
Тармақ 4
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші өтініммен бірге бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде өтінімді қамтамасыз етуді мына нысандардың бірінде енгізеді:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
Тармақша 2
2) осы КҚ-ның 8-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.
Жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету бойынша конкурстық әдіспен сатып алуды жүзеге асыру кезінде өтінімді қамтамасыз ету мөлшері бір пайызды құрайды.
Әлеуетті өнім беруші электрондық әмияндағы ақшаның бір бөлігіне немесе барлығына үшінші тұлғаларға талап ету құқығын беретін әрекеттер жасауға жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Өтінімді қамтамасыз ету мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімнің өз мерзімінен кем болмауы тиіс.
Тарау 2. 2. Әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді ресімдеу және ұсыну талаптары
2. Әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді ресімдеу және ұсыну талаптары
Тармақ 6
6. Конкурсқа қатысу өтінімі электрондық сатып алу платформасы арқылы электрондық құжат түрінде беріледі және онда әлеуетті өнім берушінің осы КҚ-да көрсетілген талаптар мен шарттарға сәйкес жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге келісімі, сондай-ақ белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулерге сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісімі көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Өтінім жібермес бұрын әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысу келісімін қабылдайды.
Тармақ 8
8. Консорциум ретінде қатысуды жоспарлаған заңды тұлғалар өтінім бермес бұрын бірлескен қызмет туралы шартты (консорциумдық келісімді) электрондық сатып алу платформасында рәсімдейді және жасайды.
Тармақ 9
9. Конкурсқа қатысу туралы өтінім мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар көшірмелері немесе электрондық құжаттар:
рұқсаттар (хабарламалар) және/немесе патенттер, куәліктер, сертификаттар, сатып алынатын тауарларды өндіруге, өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге құқық беретін өзге де құжаттар;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама. Егер заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген үлгі жарғы негізінде қызметін жүзеге асырса, мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді мынадай түрде қамтамасыз ету:
электрондық құжат түріндегі банктік кепілдік;
әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
Тармақша 3
3) осы КҚ-ға сәйкес электрондық құжат нысанындағы конкурстық баға және бағалық емес ұсыныстар;
Тармақша 4
4) өтінім жеңімпаз деп танылған жағдайда конкурс қорытындылары туралы хаттамада ашылуға жататын бенефициарлық иелік туралы ақпарат;
Тармақша 5
5) конкурсқа қатысу туралы келісім;
Тармақша 6
6) әлеуетті өнім берушінің сатып алу туралы шарт бойынша жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету жөніндегі келісімі (міндеттемелері).
Тармақша 7
7)әлеуетті жеткізушінің жұмыстарды орындау немесе көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу шарты бойынша міндеттемелері туралы келісім
8) жүктеменің рұқсат етілген көрсеткішін есептеу үшін әлеуетті өнім берушінің мәліметтерін қамтиды.
Тармақ 10
10. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдерді ашу күнінен бастап кемінде алпыс күнтізбелік күн.
Тармақ 11
11. Өтінімдегі құжаттардың электрондық көшірмелері, түсі қандай болса да, анық және оқылатын болуы тиіс.
Тармақ 12
12. Өтінім мен конкурсқа қатысты барлық хат-хабарлар мен құжаттар әлеуетті өнім берушінің таңдауына қарай қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады.
Басқа тілде ұсынылған жағдайда нотариалды куәландырылған дәл аудармасы қоса беріледі.
Басқа 1-1. Конкурсқа қатысу туралы келісім
Конкурстық
құжаттамаға
1-қосымша
Конкурсқа қатысу туралы келісім
Осы сатып алуға конкурс тәсілімен әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға және осы КҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) келісім береміз, сондай-ақ осы Қағидалармен белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулерге сәйкестікті растайтын мәліметтерді алуға келісеміз.
Егер КҚ техникалық сипаттама орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жоба-сметалық құжаттаманы қамтыса, біз осы құжаттамаға сәйкес жұмыстарды орындауға да келісеміз.
Осымен біз осы Қағидаларда көзделген шектеулердің бұзылмауын, сондай-ақ мен (әлеуетті өнім беруші) және тапсырыс беруші арасында осы Қағидаларда жол берілмейтін қатынастардың болмауын растаймыз және Қағидаларда көрсетілген фактілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен сатып алу туралы шартты бұзуға келісім береміз.
Конкурс құжаттамасымен таныс екенімізді, комиссияға өз құқығымыз, біліктілігіміз, сапалық және өзге де сипаттамаларымыз туралы шынайы мәліметтер ұсынатынымызды, авторлық және сабақтас құқықтарды, сондай-ақ қолданыстағы заңнамамен белгіленген өзге де шектеулерді сақтайтынымызды растаймыз.
Өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда жалған мәліметтер бергеніміз үшін толық жауапкершілік аламыз.
Белгілі болған тапсырыс берушінің лауазымды адамдарының немесе конкурсқа қатысушылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары фактілері туралы уәкілетті органды жедел хабардар етуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзуға әкелетін іс-әрекеттер үшін толық жауапкершілік аламыз.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғатын әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны үшін, сондай-ақ осы Қағидаларды бұзғаны үшін толық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз.
Өтініміміз жеңімпаз деп танылған жағдайда барлық бенефициарлық меншік иелері туралы ақпаратты қорытынды хаттамада ашуға келісеміз.
Өтініміміз жеңіп, сатып алу шарты жасалған жағдайда, сатып алу шартын орындауды қамтамасыз ету сомасын және кепілдік міндеттемелерін қамтамасыз ету сомасын (егер көзделсе) осы КҚ-да көрсетілген мөлшерде енгіземіз және шартты орындауға қатысты ақпаратты ашуға келісеміз.
Басқа 2. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «толық аяқталған» құрылыс бойынша жұмыстарды сатып алу кезінде конкурсқа қатысуға өтінім (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып толтырады)
Конкурстық құжаттамаға
2-қосымша
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «толық аяқталған» құрылыс бойынша жұмыстарды сатып алу кезінде конкурсқа қатысуға өтінім (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып толтырады)
Конкурс № ________________________________________________
Конкурс атауы ___________________________________________
Тапсырыс берушінің атауы _____________________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер
Әлеуетті өнім берушінің атауы ____________
БСН/ЖСН/ ССН/ТТН_________________
Заңдық мекенжайы_____________________________
Нақты мекенжайы _______________________________________
Байланысатын адам (ТАӘ, телефон, e-mail)
2. Біліктілік талаптарына сәйкестігі:
1) Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, рұқсаттардың (хабарламалардың) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы мәліметтер
№
Рұқсаттың (хабарламаның) атауы
Қызмет түрі
Конкурс нысанасына сәйкес келетін, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі
Ерекше талаптар (санаты)
Құжаттың берілген күні мен нөмірі
Рұқсаттың (хабарламаның) электрондық көшірмесі
(алдын ала біліктілік іріктеп сатып алу үшін))
1.
2) Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқтығы туралы, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді электрондық платформа мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері (мемлекеттік ақпараттық жүйелермен автоматтандырылған деректер алмасу енгізілгенге дейін әлеуетті өнім беруші салық төлеушінің жеке кабинетінен өтінім берілген күнге дейін бір жұмыс күні бұрын қалыптастырылған мәліметтерді ұсыну жолымен салық берешегінің жоқтығын растайды) негізінде автоматты түрде айқындайды
3) Банкроттық немесе таратылу рәсімі туралы мәліметтер
4) Еңбек ресурстарына ие болуы бойынша талап (Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес бірінші немесе екінші санаттағы рұқсаттармен қамтамасыз етілмейтін, сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті тұйық цикл объектілеріне қатысты)
№ р/с
Тегі, аты, әкесінің аты
Жеке басын куәландыратын құжат
Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада талап етілетін саладағы жұмыс өтілі
Құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, білімі туралы диплом, куәлік және басқа да құжаттар бойынша біліктілігі немесе мамандығы
Байланыс деректері
1.
5) Ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатын жұмыстарға ұқсас (бірдей) орындалған жұмыс тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер
№
Жұмыс атауы
Әлеуетті өнім берушінің құрылыс объектісі бойынша мәртебесі (бас мердігер, жобалаушы)
Құрылыс түрі (жаңаларды тұрғызу, реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қолданыстағы объектілерді (ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) күрделі жөндеу
Ғимараттар мен құрылысжайлардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмен)
Объектілердің (техникалық күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылысжайлар және техникалық күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылысжайлар) техникалық күрделілігі
1.
Бас мердігер тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер:
.......
2.
Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер:
…...
1
2
3
4
5
6
Кестенің жалғасы
Функционалдық мақсаты (өндірістік ғимараттар, құрылысжайлар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар)
Орындалған жұмыстарға сәйкес келетін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі
Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан жері)
Тапсырыс берушінің атауы
Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы
Құны
(ҚҚС есепке алғанда)
Қуаты
(тізбектік емес объектілер үшін)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен қалыптастырылатын, «расталған» мәртебесі бар әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тізілімінен орындалған жұмыстар жөніндегі мәліметтердің нөмірі
(тізілім жолына сілтеме)
7
8
9
10
11
12
13
14
Біліктілік туралы барлық мәліметтің дұрыстығын растаймын.
6) Әлеуетті өнім берушінің жүктемесінің рұқсат етілген көрсеткіші мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері, ЭКСЖ бойынша ұлттық жобаның электрондық сатып алу платформасы, мемлекеттік сатып алу веб-порталы және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алу (жұмыс, қызмет көрсету) нысанасына қатысты сатып алудың электрондық порталы (мемлекеттік ақпараттық жүйелермен автоматтандырылған деректер алмасу енгізілгенге дейін әлеуетті өнім беруші 2-2-қосымшаға сәйкес мәліметтермен жүктеменің рұқсат етілген көрсеткішін растайды) негізінде электрондық платформа автоматты түрде айқындайды.
3. Бағалық емес ұсыныстар
Өлшемшарттардың атауы
Әлеуетті өнім беруші ұсынатын талаптар
Әлеуетті өнім берушіде жұмыс тәжірибесінің болуы
Жергілікті қамту үлесі (%)
Сапа кепілдігі: (жылдар)
- тірек конструкцияларға
- инженерлік желілерге
- жабдыққа
Энергия тиімділігі сыныбы
Әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы
Объектіні сенімгерлік басқаруға қабылдай отырып, жобаны өз қаражаты есебінен іске асыру (тұйық цикл объектілеріне қолданылады)*
Құрылыс-монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарын конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімдерден бұрын орындау, %
Қаржыландыру шарттары:
Аванстық төлемдерден бас тарту:
- аванстан толық бас тарту
- аванстан ішінара бас тарту, 10% аванс кезінде
- аванстан ішінара бас тарту, 20% аванс кезінде
Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жататын бірінші (жоғарылатылған) және екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі объектілер үшін конкурсқа қатысу үшін өтінім берілген жылдың (ағымдағы жылды қоспағанда) алдындағы қатарынан соңғы 3 (үш) жыл ішінде әрбір күнтізбелік жыл үшін кемінде үш жүз миллион теңге мөлшерінде төленген салықтар үшін.
* жоба өнім беруші есебінен қаржыландырылған жағдайда, объектіні одан әрі сенімгерлік басқаруға қабылдай отырып, өнім берушімен энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде «толық аяқталған» құрылыс туралы үлгілік шартқа 1-қосымшаға сәйкес объектіні сенімгерлік басқаруға беру шарттары туралы келісімге қосымша қол қойылады.
4. Баға ұсынысы
Әлеуетті өнім беруші ұсынған баға, ҚҚС есепке алмағанда
Сатып алуға бөлінген сомадан төмендету, %
5. Эскроу-шоттың болуы _________________________________
Қол қою (ЭЦҚ): Барлық берілген мәліметтің дұрыстығын, конкурс шарттарымен және конкурстық құжаттаманың талаптарымен келісетінімді растаймын, сондай-ақ талап етілетін қамтамасыз етуді белгіленген мерзімде ұсынуға міндеттенемін.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТТН – төлеушінің тіркеу нөмірі;
Басқа 1.2-1. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде конкурсқа қатысуға өтінім (әлеуетті өнім беруші толтырады)
Конкурстық құжаттамаға
2-1-қосымша
Көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде конкурсқа қатысуға өтінім (әлеуетті өнім беруші толтырады)
Конкурс № ________________________________________________
Конкурс атауы ___________________________________________
Тапсырыс берушінің атауы_____________________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:
Әлеуетті өнім берушінің атауы _____________________
БСН/ЖСН/ ССН/ТТН _______________
Заңдық мекенжайы_____________________________
Нақты мекенжайы _____________
Байланысатын адам (ТАӘ, телефон, e-mail)
2. Біліктілік талаптарына сәйкестігі:
1) Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайларда рұқсаттардың (хабарламаның) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы мәліметтер.
№
Рұқсаттың (хабарламаның) атауы
Қызмет түрі
Ерекше талаптар (санаты)
Құжаттың берілген күні мен нөмірі
Рұқсаттың (хабарламаның) электрондық көшірмесі
(алдын ала біліктілік іріктеп сатып алу үшін)
1.
2) Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқтығы туралы, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтерді электрондық платформа мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері (мемлекеттік ақпараттық жүйелермен деректерді автоматтандырылған алмасу енгізілгенге дейін әлеуетті өнім беруші салық төлеушінің жеке кабинетінен өтінім берілген күнге дейін бір жұмыс күні бұрын қалыптастырылған мәліметтерді ұсыну жолымен салық берешегінің жоқтығын растайды) негізінде автоматты түрде айқындайды.
3) Банкроттық немесе таратылу рәсімі туралы мәліметтер ______________________________________________________
3. Ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатын жұмыстарға ұқсас орындалған жұмыстар тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер.
№
Көрсетілетін қызмет атауы
Құрылыс объектісі бойынша әлеуетті өнім берушінің мәртебесі (орындаушы/бірлесіп орындаушы)
Құрылыс түрі (жаңаларды тұрғызу, реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, қолданыстағы объектілерді (ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) күрделі жөндеу
Ғимараттар мен құрылысжайлардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмен
Объектілердің (техникалық күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылысжайлар және техникалық күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылысжайлар) техникалық күрделілігі
1.
Әлеуетті өнім берушінің тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер:
……
2
Бірлесіп орындаушының тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер: ……
1
2
3
4
5
6
Кестенің жалғасы
Функционалдық мақсаты (өндірістік ғимараттар, құрылысжайлар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар)
Орындалған жұмыстарға сәйкес келетін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі
Қызмет көрсету орны (объектінің орналасқан жері)
Тапсырыс берушінің атауы
Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы
Құны
(ҚҚС есепке алғанда)
Қуаты
(тізбектік емес объектілер үшін)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен қалыптастырылатын, "расталған" мәртебесі бар әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тізілімінен орындалған жұмыстар жөніндегі мәліметтердің нөмірі (тізілім жолына сілтеме)
7
8
9
10
11
12
13
14
Біліктілік туралы барлық мәліметтің дұрыстығын растаймын.
4. Әлеуетті өнім берушінің жүктемесінің рұқсат етілген көрсеткіші мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері, ЭКСЖ бойынша ұлттық жобаның электрондық сатып алу платформасы, мемлекеттік сатып алу веб-порталы және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алу (жұмыс, қызмет көрсету) нысанасына қатысты сатып алудың электрондық порталы (мемлекеттік ақпараттық жүйелермен автоматтандырылған деректер алмасу енгізілгенге дейін (2026 жылғы 30 маусымға дейін) әлеуетті өнім беруші 2-2-қосымшаға сәйкес мәліметтермен жүктеменің рұқсат етілген көрсеткішін растайды) негізінде электрондық платформа автоматты түрде айқындайды.
5. Бағалық емес ұсыныстар
Өлшемшарттардың атауы
Әлеуетті өнім беруші ұсынатын талаптар
Әлеуетті өнім берушіде жұмыс тәжірибесінің болуы
Әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы
Қаржыландыру талаптары:
- аванстан толық бас тарту
- аванстан ішінара бас тарту, 10% мөлшердегі аванс кезінде
- аванстан ішінара бас тарту, 20% мөлшердегі аванс кезінде
Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жататын бірінші (жоғарылатылған) және екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі объектілер үшін конкурсқа қатысу үшін өтінім берілген жылдың (ағымдағы жылды қоспағанда) алдындағы қатарынан соңғы 3 (үш) жыл ішінде әрбір күнтізбелік жыл үшін кемінде үш жүз миллион теңге мөлшерінде төленген салықтар үшін.
6. Баға ұсынысы
Әлеуетті өнім беруші ұсынған баға, ҚҚС есепке алмағанда
Сатып алуға бөлінген сомадан төмендету, %
Қол қою (ЭЦҚ): Барлық берілген мәліметтің дұрыстығын, конкурс шарттарымен және конкурстық құжаттаманың талаптарымен келісетінімді растаймын, сондай-ақ талап етілетін қамтамасыз етуді белгіленген мерзімде ұсынуға міндеттенемін.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТТН – төлеушінің тіркеу нөмірі.
Басқа 1.2-2. Жүктеменің көрсеткішін есептеу үшін әлеуетті өнім берушінің мәліметтері
Конкурстық құжаттамаға
2-2-қосымша
Жүктеменің көрсеткішін есептеу үшін әлеуетті өнім берушінің мәліметтері
Конкурс № ________________
Конкурс атауы _________________
Әлеуетті өнім берушінің атауы _________________
Әлеуетті өнім берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі _____________
1. Әлеуетті өнім берушінің ағымдағы қаржы жылы қолданыстағы міндеттемелері бойынша мәліметтер:
№
Міндеттемелер
Қолданыстағы шарттың жүйелік нөмірі
Ағымдағы қаржы жылы орындалуы тиіс қолданыстағы міндеттемелерінің сомасы
Қолданыстағы шартты көрсететін сілтеме
1
2
…
Жиыны, қолданыстағы міндеттемелердің жалпы сомасы:
х
2. Әлеуетті өнім берушінің аяқталған үш қаржы жылы ішінде негізгі қызметінен түскен жылдық кірісінің мәліметтері:
№
Жылдық кіріс
Бірінші жылы
Екінші жылы
Үшінші жылы
1
мұндағы:
Қолданыстағы міндеттемелердің жалпы сомасы – әлеуетті өнім берушінің қолданыстағы шарттар және энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сатып алудың электрондық платформасында, мемлекеттік сатып алу веб-порталында және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ электрондық сатып алу порталында орналастырылған қорытынды хаттамалар бойынша әлі шарттар жасалмаған, сатып алу (құрылыс-монтаждау жұмыстары немесе техникалық қадағалау) нысанасына жататын, ағымдағы қаржы жылы орындалуы тиіс міндеттемелерінің жиынтық сомасы, ол:
1) есеп айырысу күні және ағымдағы қаржы жылы орындалуы тиіс қолданыстағы және жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді;
2) алдыңғы кезеңдерден өткен және ағымдағы қаржы жылы орындалуы тиіс міндеттемелерді қамтиды.
Әлеуетті өнім берушінің ең көп жылдық табысы – аяқталған кезең бойынша салық декларациялары не мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы анықтама түрінде растайтын құжаттардың негізінде Біліктілік органы айқындайтын соңғы аяқталған 3 (үш) қаржы жылының біріндегі негізгі қызметтен түскен табыстың ең жоғарғы жылдық мәні.
* Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен деректерді автоматтандырылған алмасу енгізілгенге дейін жүктеменің көрсеткішін есептеу әлеуетті өнім беруші конкурсқа өтінім құрамында ұсынған растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
* Аяқталған кезең бойынша салық декларациясы не мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы анықтама ұсынылмаған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің өтінімін біліктілік органы алдын ала біліктілік іріктеу сатысында сатып алуға қатысудан қайтаруы тиіс.
Қол қою (ЭЦҚ): Барлық мәліметтің дұрыстығын, конкурс шарттарымен келісетінімді және белгіленген қамтамасыз етуді талап етілетін мерзімде және нысанда ұсыну міндеттемесін растаймын. Өтінім бір рет берілетінін және түзетуге жатпайтынын түсінемін.
Басқа 1-3. Әлеуетті өнім берушінің бенефициарлық меншік иелігі туралы ақпарат
(әлеуетті өнім беруші толтырады)
Конкурстық құжаттамаға
3-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің бенефициарлық меншік иелігі туралы ақпарат
(әлеуетті өнім беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы: __________________________________________
Конкурс №: ______________________________________________________
Конкурстың атауы: ________________________________________________
Потенциалды өнім берушінің БСН/ЖСН/ СТСН/ СТТН және атауы: __________
№
Бенефициарлық меншік иесінің ТАӘ (болған жағдайда)
Бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаты (нөмірі, берілген күні, азаматтығы, тұратын елі)
Акциялардың 25% немесе одан көп бөлігін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иелену
Дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 25% немесе одан көбін тікелей немесе жанама иелену
Директорлар кеңесінің немесе соған ұқсас басқарушы органның көптеген мүшелерін тағайындауға тікелей немесе жанама құқық
Бірде-бір бенефициарлық меншік иесі алдыңғы шарттардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келмейді
Бенефициарлық меншік иесін анықтау мүмкін еместігі туралы ақпарат (құжат қоса беріледі)
Иә/Жоқ
Иә/Жоқ
Иә/Жоқ
Иә
Ескерту:
Бенефициарлық меншік иесі деп төмендегі бір немесе бірнеше шарттарға сәйкес, өнім берушінің акцияларына (жарғылық капиталдағы үлесіне) иелік ететін немесе оның қызметін бақылайтын жеке тұлға танылады:
тікелей немесе жанама түрде 25% және одан көп акцияларға (үлеске) иелік ету;
тікелей немесе жанама түрде 25% және одан көп дауыс беретін акцияларға (үлеске) иелік ету;
директорлар кеңесінің немесе оған балама басқару органының мүшелерінің көпшілігін тағайындауға құқығы болуы.
БСН – Бизнес сәйкестендіру нөмірі
ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі
СНТН – Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі
ТТН – Төлеушінің тіркеу нөмірі
ТАӘ – Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Басқа 4. Жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар түрлері (қосалқы мердігердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен электрондық платформада куәландырылады)
Конкурстық құжаттамаға
4-қосымша
Жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар түрлері (қосалқы мердігердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен электрондық платформада куәландырылады)
Конкурс № __________
Конкурс атауы ___
№
Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) – заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) Т. А. Ә. (болған кезде)
Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) БСН (ЖСН) /ССН/ТТН, оның толық заңдық және пошталық мекенжайы, байланыс телефоны
Техникалық өзіндік ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың атауы
Техникалық өзіндік ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың ақшалай мәндегі көлемі, теңге
Техникалық өзіндік ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың пайыздық мәндегі көлемі, %
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы
Барлық қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша жиыны
Жүктеу
Осымен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін әлеуетті
өнім берушінің қосалқы мердігері (лері) (бірлесіп орындаушысы (лары)
сатып алуға қатысу шарттары туралы хабардар екенін білдіреді
және конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлеріне
(бірлесіп орындаушыларына) қатысты көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті өзіне алады.
Қосалқы
мердігердің
(бірлесіп
орындаушының)
– заңды тұлғаның
атауы не жеке тұлға
болып табылатын
қосалқы мердігердің
(бірлесіп
орындаушының)
Т. А. Ә. (болған кезде)
Қосалқы
мердігердің
(бірлесіп
орындаушының)
уәкілетті өкілінің
Т. А. Ә. (болған кезде)
Электрондық
цифрлық
қолтаңбасы
Әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге
(бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердің көлемі
Қағидалардың 53-тармағына
сәйкес орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін
қызметтердің жалпы көлемі жиынтығында елу пайыздан аспайды.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТТН – төлеушінің тіркеу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде).
Басқа 4-1. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «толық аяқталған» құрылыс туралы шарт бойынша жұмыстарды орындау бойынша әлеуетті өнім берушінің келісімі (міндеттемелері)
Конкурстық құжаттамаға
4-1-қосымша
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «толық аяқталған» құрылыс туралы шарт бойынша жұмыстарды орындау бойынша әлеуетті өнім берушінің келісімі (міндеттемелері)
Конкурс №: ______________________________________________________
Конкурстың атауы: ________________________________________________
Тапсырыс берушінің атауы: ________________________________________
Тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі: __________________________________________
Әлеуетті өнім берушінің атауы: _____________________________________
Әлеуетті өнім берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі: _______________________________________
№
Атауы
Иә
Жоқ
Ескертпе
1
Жергілікті қамту үлесі (%)
2
Сапа кепілдігі: (жылдар)
-
- тірек конструкцияларға
-
- инженерлік желілерге
-
- жабдыққа
3
Энергия тиімділігі сыныбы
4
Аванстық төлемдерден бас тарту:
- аванстан толық бас тарту
- аванстан ішінара бас тарту, 10% мөлшеріндегі аванс кезінде
- аванстан ішінара бас тарту, 20% мөлшеріндегі аванс кезінде
5
Объектіні сенімгерлік басқаруға қабылдай отырып, жобаны өз қаражаты есебінен іске асыру (тұйық цикл объектілеріне қолданылады)
6
Құрылыс-монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарын конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімдерден бұрын орындау
Ескертпе:
Біздің конкурсқа қатысуға өтініміміз жеңімпаз деп танылған және бізбен шарт жасалған жағдайда, жоғарыда көрсетілген барлық талап пен міндеттемелерді орындау бойынша міндеттемені өзімізге қабылдаймыз.
Басқа 1-4-2. Әлеуетті өнім берушінің сатып алу туралы шарт бойынша қызметтерді көрсетуге келісімі (міндеттемелер)
Конкурстық құжаттамаға
4-2-қосымша
Әлеуетті өнім берушінің сатып алу туралы шарт бойынша қызметтерді көрсетуге келісімі (міндеттемелер)
Конкурс №: ___________________________________________
Тапсырыс берушінің атауы: ___________________________________________
Конкурстың атауы: ___________________________________________
Тапсырыс берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі __________________________
Әлеуетті өнім берушінің атауы __________________________________________
Әлеуетті өнім берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі __________________
№
Атауы
Иә
Жоқ
Ескертпе
1
Әлеуетті өнім берушіде жұмыс тәжірибесінің болуы
2
Әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы
3
Қаржыландыру көздері:
-
- аванстан толық бас тарту
-
- аванстан ішінара бас тарту, 10% мөлшеріндегі аванс кезінде
-
- аванстан ішінара бас тарту, 20% мөлшеріндегі аванс кезінде
4
Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жататын бірінші (жоғарылатылған) және екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі объектілер үшін конкурсқа қатысу үшін өтінім берілген жылдың (ағымдағы жылды қоспағанда) алдындағы қатарынан соңғы 3 (үш) жыл ішінде әрбір күнтізбелік жыл үшін кемінде үш жүз миллион теңге мөлшерінде төленген салықтар үшін.
Ескертпе: Егер конкурсқа қатысуға өтініміміз жеңімпаз деп танылса және бізбен шарт жасалса, жоғарыда көрсетілген барлық шарт пен міндеттемелерді орындауға міндеттенеміз
Басқа 5. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде «толық аяқталған» құрылыс бойынша сатып алынатын жұмыстардың техникалық өзіндік ерекшелігі (тапсырыс беруші толтырады)
Конкурстық құжаттамаға
5-қосымша
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде «толық аяқталған» құрылыс бойынша сатып алынатын жұмыстардың техникалық өзіндік ерекшелігі (тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы: _____________________________________________
Конкурс №: ___________________________________________________________
Конкурстың атауы: ____________________________________________________
Бірыңғай номенклатуралық тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер анықтамалығының коды *
Жұмыстың атауы *
Өлшем бірлігі*
Саны (көлемі) *
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бірлік үшін бағасы *
Қосылған құн салығын есепке алмағанда, сатып алу үшін бөлінген жалпы сома *
Жұмысты орындау мерзімі *
Аванстық төлем мөлшері *
Кепілдік мерзімі (айлармен):
Тірек конструкциялар
Инженерлік желілер
Жабдық
Жергілікті қамту үлесі
Энергиялық тиімділік сыныбы
Әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы деп танылған және онымен сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда қойылатын талаптар (қажет болған жағдайда көрсетіледі): (Көрсетілмеген немесе ұсынылмаған мәліметтер үшін әлеуетті өнім берушіні қабылдамауға жол берілмейді)
* мәліметтер жобалар тізбесінен, оның ішінде шекті құн, объектінің қуаты қалыптастырылады (автоматты түрде көрсетіледі).
Ескертпе: Осы техникалық өзіндік ерекшелікте әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарды белгілеуге жол берілмейді.
Басқа 1-6. Сатып алынатын қызметтердің техникалық сипаттамасы
(тапсырыс беруші толтырады)
Конкурстық құжаттамаға
6-қосымша
Сатып алынатын қызметтердің техникалық сипаттамасы
(тапсырыс беруші толтырады)
Тапсырыс берушінің атауы: _________________________________________
Конкурс №: ___________________________________________________________
Конкурстың атауы:_____________________________________________________
Бірыңғай номенклатуралық тауарлар, жұмыстар, қызметтер анықтамалығының коды
Қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
Саны (көлемі)
ҚҚС-сыз бір бірліктің бағасы
Сатып алуға бөлінген жалпы сома (ҚҚС-сыз)
Қызмет көрсету мерзімі
Алдын ала төлемнің мөлшері
Талап етілетін сипаттамалар, параметрлер мен өзге де бастапқы мәліметтердің сипаттамасы:
Ықтимал өнім беруші конкурс жеңімпазы деп танылған және онымен сатып алу шарты жасалған жағдайда қойылатын талаптар (қажет болған жағдайда көрсетіледі):
(Көрсетілмеген немесе ұсынылмаған мәліметтер бойынша ықтимал өнім берушінің бас тартуына жол берілмейді)
* мәліметтер Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар тізбесінің деректері негізінде құрылады (автоматты түрде көрсетіледі).
Ескерту:
1. Әрбір сипаттамалар, параметрлер, бастапқы деректер және Орындаушыға қосымша шарттар жеке жолмен көрсетіледі.
2. Техникалық сипаттамада ықтимал өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
3. Осы Қағидалардың талаптарын қоспағанда, өзге құжаттарда техникалық сипаттама талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Басқа 1-7. Бірлескен қызмет туралы үлігілік шарт
(үлгілік консорциалдық келісім)
«_»___________20__жыл
Конкурстық құжаттамаға
7-қосымша
Бірлескен қызмет туралы үлігілік шарт
(үлгілік консорциалдық келісім)
«_»___________20__жыл
_________________________________________________________________
_______________________________________,
(заңды тұлғаның атауы, БСН, заңды мекенжайы)
бұдан әрі – «Негізгі қатысушы» деп аталады,
өкілдігі __________________________________________________________,
әрекет ететін _________ негізінде ___________________________________,
(лауазымы, толық аты-жөні (бар болса), ЖСН) (жарғы, куәлік)
_________________________________________________________________,
бұдан әрі – «2-Қатысушы» деп аталады, (заңды тұлғаның атауы, БСН, заңды
мекенжайы)
атынан ______________________, негізінде ___ әрекет ететін ___________,
(лауазымы, толық аты-жөні (бар болса), ЖСН) (жарғы, куәлік) ___________,
бұдан әрі – «3-Қатысушы» деп аталады, (заңды тұлғаның атауы, БСН, заңды
мекенжайы)
атынан ____________________________, негізінде ___ әрекет ететін
_____________________________________,
(лауазымы, толық аты-жөні (бар болса), ЖСН) (жарғы, куәлік) бірлесіп
«Қатысушылар» деп аталады, осы Консорциалдық келісімді (бұдан әрі – Келісім)
келесі шарттарда жасады:
Тармақ 1. 1. Терминдер, олардың анықтамалары мен түсіндірмелері
1. Терминдер, олардың анықтамалары мен түсіндірмелері
Тармақ 1.1
1.1. Қатысушылар осы Келісімде көрсетілген терминдер мен ұғымдардың келесі бір мағыналы түсіндірмесімен келісті:
«Тапсырыс беруші» - (тапсырыс берушінің атауы).
Үшінші абзац алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 05.06.2026 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Конкурс» - (конкурстың нөмірі мен атауы).
«Консорциум» – осы Келісім негізінде қатысушылардың уақытша ерікті тең құқықты одағы (бірлестігі), онда қатысушылар белгілі бір ресурстарды біріктіреді және жобаны табысты іске асыруды шешу үшін күш-жігерді үйлестіреді;
«Сатып алу туралы шарт» – Тапсырыс берушімен байқау қорытындысы бойынша жасалатын сатып алу туралы шарты;
«Жоба» - (нөмірі және атауы).
«Жобаны жүзеге асыру» – консорциумның Сатып алу туралы шарты бойынша міндеттемелерін орындауы;
«Құпия ақпарат» – қатысушылар туралы, оның ішінде олардың қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты, құрылтайшылар, еншілес компаниялар, қызметкерлер мен агенттер туралы ақпаратты, қатысушылардың контрагенттері туралы ақпаратты, жарамды немесе әлеуетті ақпараты бар өзге де ақпаратты қамтитын немесе өзге де түрде көрсететін құжаттарды қоса алғанда, кез келген ғылыми-техникалық, технологиялық, шаруашылық, қаржы-экономикалық немесе өзге де ақпарат мұндай ақпарат «құпия» деп белгіленгеніне қарамастан, оның үшінші тұлғаларға белгісіз болуына байланысты коммерциялық құндылық.
Тармақ 1.2
1.2. Келісімнің осы тармағында тікелей көрсетілмеген ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.
Тармақ 2. 2. Келісімнің мәні
2. Келісімнің мәні
Тармақ 2.1
2.1. Осы Келісімге қатысушылар конкурсқа қатысу мақсаты болып табылатын консорциумды құрады және Консорциум конкурстың жеңімпазы деп танылған және кейіннен сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда – жобаны табысты іске асыру болады.
Тармақ 2.2
2.2. Осы Келісім жеткілікті тәжірибесі, материалдық және техникалық әлеуеті, еңбек ресурстары, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге, тауарларды жеткізуге өкілеттіктері мен рұқсаттары және конкурс шарттарында көзделген өзге де міндеттемелері бар қатысушылардың ерікті бірлестігі болып табылады.
Тармақ 2.3
2.3. Қатысушылар осы Келісімді консорциум қызметінің жалпы мақсаттарына және коммерциялық мүдделерге сүйене отырып, ынтымақтастық қағидаттарына негізделе отырып жасайды.
Тармақ 3. 3. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
3. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 3.1
3.1. Қатысушылар міндетті:
Тармақ 3.1.1
3.1.1. Осы Келісімді орындау кезінде адал ниетпен өзара әрекеттесу.
Тармақ 3.1.2
3.1.2. Осы Келісімнің шарттарына сәйкес Консорциум қызметіне қатысу.
Тармақ 3.1.3
3.1.3. Осы Келісімде белгіленген тәртіппен үлестер енгізу.
Тармақ 3.1.4
3.1.4. Консорциумның және әрбір қатысушының атап айтқанда, құпия ақпаратын жарияламау.
Тармақ 3.2
3.2. Қатысушылар құқылы:
Тармақ 3.2.1
3.2.1. Осы Келісімде белгіленген тәртіппен Консорциум істерін басқаруға қатысу.
Тармақ 3.2.2
3.2.2. Консорциум қызметі туралы ақпарат алу, соның ішінде Консорциум істерін жүргізу жөніндегі кез келген құжаттамамен танысу.
Тармақ 3.2.3
3.2.3. Консорциум қызметінен түскен пайданы бөлуге қатысу.
Тармақ 3.2.4
3.2.4. Барлық қатысушылардың ортақ келісімі болған жағдайда ортақ мүлікті пайдалану.
Тармақ 4. 4. Қатысушылардың үлестері
4. Қатысушылардың үлестері
Тармақ 4.1
4.1. Негізгі Қатысушының үлесі:
Тармақ 4.1.1
4.1.1. ________________________
Тармақ 4.1.2
4.1.2. ________________________
Тармақ 4.1.3
4.1.3. ________________________
Тармақ 4.2
4.2. «2-Қатысушының» үлесі:
Тармақ 4.2.1
4.2.1. ________________________
Тармақ 4.2.2
4.2.2. ________________________
Тармақ 4.2.3
4.2.3. ________________________
Тармақ 4.3
4.3. «3-Қатысушының» үлесі:
Тармақ 4.3.1
4.3.1. ________________________
Тармақ 4.3.2
4.3.2. ________________________
Тармақ 4.3.3
4.3.3. ________________________
Тармақ 4.4
4.4. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету, сондай-ақ Консорциум жеңімпаз деп танылған жағдайда және онымен Шарт жасалған кезде, Сатып алу туралы Шарттың орындалуын қамтамасыз ету және (немесе) Заңның 13-бабына сәйкес сома (бар болған жағдайда) Негізгі қатысушы тарапынан енгізіледі.
Тармақ 5. 5. Басқару тәртібі
5. Басқару тәртібі
Тармақ 5.1
5.1. Қатысушылардың жалпы істерін жүргізу, Конкурсқа қатысуға өтінім беру және Консорциум қызметіне байланысты өзге де іс-әрекеттер Негізгі қатысушылар арқылы, қосымшаға сәйкес нысан бойынша Консорциум қатысушыларының сенімхаттары негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5.2
5.2. Консорциум Конкурста жеңімпаз деп танылған жағдайда, Сатып алу туралы Шарт Негізгі қатысушымен жасалады.
Тармақ 5.3
5.3. Консорциум жеңімпаз деп танылып, онымен Сатып алу туралы Шарт жасалған жағдайда, осы Келісім аталған Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 6. 6. Қатысушылардың жауапкершілігі
6. Қатысушылардың жауапкершілігі
Тармақ 6.1
6.1. Сатып алу туралы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау, сондай-ақ біліктілік талаптарына және (немесе) конкурсқа баға ұсынысына әсер ететін құжаттарға қатысты жалған ақпарат беру үшін Учаскерлер ортақ (солидарлық) жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 6.2
6.2. Осы Келісім шеңберінде Консорциум қызметіне байланысты емес қатысушының жеке міндеттемелері бойынша басқа қатысушылар жауапты болмайды.
Тармақ 7. 7. Дауларды шешу
7. Дауларды шешу
Тармақ 7.1
7.1. Осы Келісімнің шарттарын орындау барысында туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктерді қатысушылар келіссөздер арқылы шешуге ұмтылады.
Тармақ 7.2
7.2. Келіссөздер арқылы реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешіледі.
Тармақ 8. 8. Келісімнің әрекет ету мерзімі
8. Келісімнің әрекет ету мерзімі
Тармақ 8.1
8.1. Осы Келісім барлық Қатысушылар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 8.2
8.2. Егер Консорциум Конкурстың жеңімпазы деп танылмаса, Келісім Сатып алу туралы Шарт жасалғанға дейін қолданылады.
Тармақ 8.3
8.3. Консорциум Конкурстың жеңімпазы деп танылып, онымен Сатып алу туралы Шарт жасалған жағдайда, Келісім Сатып алу туралы Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданылады.
Тармақ 9. 9. Өзге шарттар
9. Өзге шарттар
Тармақ 9.1
9.1. Осы Келісім консорциум қатысушыларының электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған электрондық сатып алу платформасы арқылы ресімделді және жасалды.
Тармақ 9.2
9.2. Осы Келісім ____________________ тілінде құрастырылған.
Тармақ 9.3
9.3. Осы Келісіммен реттелмеген барлық басқа жағдайларда қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
Тармақ 10. 10. Қатысушылардың реквизиттері және қолдары
10. Қатысушылардың реквизиттері және қолдары
«Негізгі Қатысушы»
Толық атауы
Толық заңды мекенжайы
БСН, банктік реквизиттер
Телефон Лауазымы, толық аты-жөні
(бар болған кезде)
«2-Қатысушы» Толық атауы
Толық заңды мекенжайы
БСН, банктік реквизиттер
Телефон Лауазымы, толық аты-жөні
(бар болған кезде)
«3-Қатысушы»
Толық атауы
Толық заңды мекенжайы
БСН, банктік реквизиттер
Телефон
Лауазымы, толық аты-жөні
(бар болған кезде)
Қысқартулардың толық жазылуы:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Толық аты-жөні – фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса).
Басқа 1.7.1. Сенімхат
Бірлескен қызмет туралы шартқа
(консорциалдық келісімге)
қосымша
Сенімхат
20__жылғы"___"______________ (күні)
Осы сенімхатпен ______________________________________ атынан
(консорциум қатысушысы) (басшының тегі, аты, әкесінің аты)
____ атынан _________________ мүдделерін білдіруді
_____________________________________________
(Негізгі қатысушы) (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________ сеніп тапсырады.
(консорциум қатысушысы)
(тапсырыс берушінің атауы)
Сол үшін өтінім беруге және Сатып алу туралы шарт жасауға құқық береді.
Конкурстың № _____________
Конкурстың атауы ______________
Сенімхат №
____________________________________________________________________
(конкурстың нөмірі мен атауы)
конкурс бойынша Консорциалдық келісім қолданылатын мерзімге берілді.
Осы сенімхатты мен _____________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
сатып алудың электрондық платформасы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен куәландырдым.
___________________________________________________________________
(Қатысушы) Басшының қолы
Басқа 1-8. Банк кепілдігі
Конкурстық құжаттамаға
8 қосымша
нысан
Банк кепілдігі
Банк атауы ____________________________________________________________
Банк реквизиттері ______________________________________________________
Кімге ________________________________________________________________
Тапсырыс берушінің атауы ______________________________________________
Тапсырыс берушінің реквизиттері ________________________________________
Кепілдік міндеттемесі № ________________________________________________
Қала (орналасқан жері) _________________________________________________
Бізге ___________ туралы хабарланды
(ықтимал өнім берушінің атауы), бұдан әрі – «Өнім беруші», ол мынадай сатып
алу конкурсына қатысады:
Конкурстың атауы _____________________________________________________
Конкурстың № ________________________________________________________
____________________________, ұйымдастырушы _________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
және жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге дайын)
_____________________________________________________________________
(Тапсырыс берушінің атауы).
«___» _______ ____ ж. конкурс құжаттамасында жоғарыда көрсетілген конкурсты өткізуге ықтимал өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімін қамтамасыз етуі ретінде банктік кепілдік енгізу көзделген.
Осыған байланысты біз _________________________________________________
(банктің атауы)
осы арқылы Сізге Сіздің талабыңыз бойынша тең келетін сомаға
_____________________________________________________________________
(сома цифрмен және жазбаша түрде)
төлем жасауға қайтарып алынбайтын міндеттемені өз мойнымызға аламыз, ол үшін Сіздің төлем жасау туралы жазбаша талабыңызды және Конкурстың жеңімпазы болып танылған Өнім берушінің:
сатып алу шартына қол қоюдан жалтарғанын;
сатып алу шартына қол қойып, оны орындамағанын немесе тиісінше орындамағанын, оның ішінде шартта көзделген талаптарға сәйкес орындауды қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдерін бұзғанын, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес соманы (бар болған жағдайда) жазбаша түрде растағаныңызды алғаннан кейін.
Осы кепілдік міндеттемесі конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
Осы кепілдік міндеттемесі Сіздің жазбаша талабыңыз бізге (белгілі бір мерзім) _______ соңына дейін келіп түспесе, бұл құжат бізге қайтарылғанына, қайтарылмағанына қарамастан Өнім берушінің конкурсқа қатысуға берген өтінімінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады және толық әрі автоматты түрде тоқтатылады.
Егер конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі ұзартылса, онда осы кепілдік міндеттемесі де сол мерзімге ұзартылған болып саналады.
Осы кепілдік міндеттемесіне байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепіл берушінің қолы мен мөрі
Күні мен мекенжайы
Басқа 2. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы
Энергетикалық және коммуналдық
секторларды жаңғырту жөніндегі
ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді
сатып алуды жүзеге асыру,
жобалар мен өнім берушілерді іріктеу,
шарттар жасасу қағидаларына
2-қосымша
Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы
Сатып алу № ______________
Сатып алу атауы _______________
Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуды қабылдау мерзімі __ бастап _____ аралығында
Тапсырыс берушінің атауы _____
Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертуді(лер), сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуды(лар) жіберген әлеуетті өнім беруші(лер), олар бойынша мынадай шешім(дер) қабылданды:
№
Әлеуетті өнім берушінің БСН (ЖСН)/ ССН/ТТН
Өтініш типі (ескерту, түсіндіру туралы сұрау салу)
Өтініш мәтіні
Ескерту, түсіндіру туралы сұрау салужіберу күні мен уақыты
Шешім қабылданды
Қабылдамау себебі, түсіндіру мәтіні
Бірінші басшы не оның міндеттерін
атқаратын адам
Ф.И.О. (при его наличии) подпись
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТТН – төлеушінің тіркеу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде).
Басқа 3. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша алдын ала
біліктілік іріктеу хаттамасы
Энергетикалық және коммуналдық
секторларды жаңғырту жөніндегі
ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді
сатып алуды жүзеге асыру, жобалар
мен өнім берушілерді іріктеу,
шарттар жасасу қағидаларына
3-қосымша
Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша алдын ала
біліктілік іріктеу хаттамасы
Сатып алу атауы: __________
Сатып алу нөмірі: _____________
Сатып алу тәсілі:
Күні мен уақыты:
Тапсырыс беруші:
Біліктілік органының құрамы
№
Т.А.Ә., лауазымы
Ұйымы
Біліктілік органындағы рөлі
Бақылаушылар құрамы
№
Т.А.Ә., лауазымы
Ұйымы
1. Сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№
Лот №
Лот атауы
Саны
Бірлік үшін бағасы, теңге
Сатып алу үшін
бөлінген сома, тенге
2. Конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы мәліметтер:
№
Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ ССН/ТТН
Өтінімді ұсыну күні мен уақыты (хронология
бойынша)
3. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде мынадай құжаттар сұратылды (сұрау салу жүзеге асырылған жағдайда толтырылады):
№
Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы
Сұрау салу жіберілген күн
Сұрау салудың қысқаша сипаттамасы
Сұрау салуға жауап
ұсынылған күн
4. Біліктілік органының дауыс беру нәтижесі:
№
Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ ССН/ТТН
Біліктілік органының мүшесінің Т.А.Ә.
Біліктілік органының мүшесінің шешімі
Қабылдамау себебі
(біліктілік талаптарына сәйкессіздік, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкессіздік)
Мәліметтер мен
құжаттардың
біліктілік талаптарына
және конкурстық
құжаттаманың
талаптарына
сәйкессіздігін
растайтынын көрсете
отырып, қабылдамау
себептерінің толық
сипаттамасы
5. Конкурсқа қатысуға қабылданбаған өтінімдер:
№
Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ ССН/ТТН
Қабылдамау себебі
(біліктілік талаптарына сәйкессіздік, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкессіздік)
8 Мына өтінімдерге конкурсқа қатысуға рұқсат берілді:
№
Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ ССН/ТТН
Жүктеменің рұқсат етілген көрсеткіші
9. Бақылаушылардың ескертулері мен ұсыныстары
(болған кезде, біліктілік органының уәжді ұстанымымен) ____________________________
Басқа 11. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындысы туралы хаттама
Энергетикалық және коммуналдық
секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық
жобаны іске асыру шеңберінде
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді
сатып алуды жүзеге асыру,
жобалар мен өнім берушілерді
іріктеу, шарттар жасасу
қағидаларына
4-қосымша
Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындысы туралы хаттама
Сатып алу атауы:
Сатып алу нөмірі:
Сатып алу тәсілі:
Күні мен уақыты:
Тапсырыс беруші:
1. Біліктілік органының құрамы
№
Т.А.Ә, лауазымы
Ұйымы
Біліктілік органындағы рөлі
2. Бақылаушылар құрамы
№
Т.А.Ә, лауазымы
Ұйымы
3. Сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі
№
Лот №
Лот атауы
Саны
Бірлік үшін бағасы, теңге
Сатып алу үшін
бөлінген сома, теңге
4. Конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы мәліметтер:
№
Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ ССН/ТТН
Өтінімді ұсыну күні мен уақыты (хронология бойынша)
5. Конкурсқа қатысуға қабылданбаған өтінімдер:
№
Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ ССН/ТТН
Қабылдамау себебі
(біліктілік талаптарына сәйкессіздік, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкессіздік)
6. Мына өтінімдерге конкурсқа қатысуға рұқсат берілді:
№
Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ ССН/ ТТН
Жүктеменің рұқсат етілген көрсеткіші
7. Әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстары:
№
Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ ССН/
ТТН
Әлеуетті
өнім
берушінің ұсынған
бағасы
(баға өлшемшар
ты бойынша балдары)
Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибе
сінің болуы
Жергілікті қамту үлесін қамтама
сыз ету,
%
Сапа кепілдігі
Энергия тиімді
лігі сыныбы
Әлеуетті өнім берушінің облыстың, республика
лық маңызы бар қалалардың және астананың шекаралар
ында тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны бойынша болуы
тірек конс
трукция
ларына
инженер
лік
желілерге
жабдық
қа
кестенің жалғасы:
Аванстан бас
тарту
Объектіні сенімгерлік басқаруға қабылдай отырып, жобаны өз қаражаты есебінен іске асыру (тұйық цикл объектілеріне қолданылады)
Құрылыс-монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарын конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімдерден бұрын орындау міндеттемесі
Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жататын бірінші (жоғарылатылған) және екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі объектілер үшін конкурсқа қатысу үшін өтінім берілген жылдың (ағымдағы жылды қоспағанда) алдындағы қатарынан соңғы 3 (үш) жыл ішінде әрбір күнтізбелік жыл үшін кемінде үш жүз миллион теңге мөлшерінде төленген салықтар үшін.
аванстан толық бастарту
аванстан ішінара бас тарту, 20% мөлшердегі аванс кезінде
аванстан ішінара бас тарту, 10% мөлшердегі аванс кезінде
8. Конкурсқа қатысуға ұсынылған барлық өтінімге өлшемшарттарды қолдану нәтижесі туралы ақпарат:
№
Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ ССН/
ТТН
Әлеуетті
өнім
берушінің ұсынған
бағасы
(баға өлшемшар
ты бойынша балдары)
Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибе
сінің болуы
Жергілікті қамту үлесін қамтама
сыз ету,
%
Сапа кепілдігі
Энергия тиімді
лігі сыныбы
Әлеуетті
өнім
берушінің
облыстың,
республика
лық маңызы
бар
қалалардың
және
астананың
шекаралар
ында
тиісті
әкімшілік
-аумақтық
бірлікте
жұмыстарды
орындау,
қызметтер
көрсету орны
бойынша болуы
тірек конс
трукция
ларына
инженер
лік
желілерге
жабдық
қа
кестенің жалғасы:
Аванстан бас
тарту
Объектіні сенімгерлік басқаруға қабылдай отырып, конкурстық құжаттама талаптарыменжобаны өз қаражаты есебінен іске асыру (қарауы бойынша)
Құрылыс-монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарын конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімдерден бұрын орындау бойынша міндеттемесі
Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жататын бірінші (жоғарылатылған) және екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі объектілер үшін конкурсқа қатысу үшін өтінім берілген жылдың (ағымдағы жылды қоспағанда) алдындағы қатарынан соңғы 3 (үш) жыл ішінде әрбір күнтізбелік жыл үшін кемінде үш жүз миллион теңге мөлшерінде төленген салықтар үшін.
Балдардың жалпы саны
аванстан толық бастарту
аванстан ішінара бас тарту, 20% мөлшердегі аванс кезінде
аванстан ішінара бас тарту, 10% мөлшердегі аванс кезінде
9. Әлеуетті өнім берушілердің балын есептеу:
№
Әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН (ЖСН)/ ССН/ТТН
Бөлінген сома
Балдардың жиынтық саны
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіші
Өтінім беру күні мен уақыты
Конкурстық комиссияның шешімі:
№___ сатып алу бойынша жеңімпазды анықтау:
№
Жеңімпаз және екінші орын иеленген әлеуетті өнім берушінің атауы
Жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН
Бенефициарлық иенің Т.А.Ә (бар болған жағдайда)
Бенефициарлық иенің жеке басын куәландыратын құжат (құжаттың нөмірін және берілген күнін, азаматтығын, тұрғылықты елін көрсету)
Тікелей немесе жанама түрде акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) 25 % және одан астамына иелік ету
Тікелей немесе жанама түрде дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) 25 % және одан астамына иелік ету
Тікелей немесе жанама түрде директорлар кеңесінің немесе ұқсас басқарушы органның мүшелерінің көпшілігін тағайындау құқығы
Ешбір бенефициарлық ие алдыңғы шарттардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келмейді
Бенефициарлық иесін айқындау мүмкін еместігі туралы ақпарат (құжат қоса беріледі)
Иә/жоқ
Иә/жоқ
Иә/жоқ
Иә
Жеңімпаз және екінші орынды иеленген әлеуетті өнім беруші:
№
Жеңімпаздың және екінші орынды иеленген әлеуетті өнім берушінің атауы
БСН/ЖСН
2. Тапсырыс берушіге (тапсырыс берушінің атауы) Заңда белгіленген мерзімде (БСН/ЖСН жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің атауы) сатып алу туралы шарт жасасу.
Не:
______________________ сатып алуды (сатып алудың атауы) _______________________ байланысты өткізілмеген деп тану:
Ескертпе:
* Келесі мәндердің бірі: «ұсынылған өтінімдердің болмауы»; «конкурсқа қатысуға ешбір әлеуетті өнім берушіге рұқсат берілмеді»
Не
Сатып алудың күшін жою жүргізілді, оның негізі: ______ж. № _________ Уәкілетті органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыну, шешім)
Күшін жою туралы шешім қабылдаған орган: (_______________________).
Не:
Осы Қағидаларға сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді.
Ескертпе:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТТН – төлеушінің тіркеу нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде).
Басқа 5. Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде «толық бітіріп берілетін» құрылысқа үлгілік шарт
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларына
5-қосымша
Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде «толық бітіріп берілетін» құрылысқа үлгілік шарт
Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде «толық бітіріп берілетін» құрылысқа үлгілік шарт «Идентификациялық нөмір» ________ «Тапсырыс берушінің өңірі» ________ № «шарт нөмірі» ________ «шарт күні» ________ «Тапсырыс берушінің толық атауы», бұдан әрі – «Тапсырыс беруші», оның атынан әрекет ететін «лауазымы» «Т.А.Ә. (болған жағдайда)», «негізі» бойынша әрекет ететін, бір жағынан, және «Мердігердің толық атауы», бұдан әрі – «Мердігер», оның атынан әрекет ететін «лауазымы» «Т.А.Ә. (болған жағдайда)», «негізі» бойынша әрекет ететін, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп – «Тараптар», Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) және «сатып алу тәсілі» тәсілімен өткізілген сатып алудың «қорытынды күні» күнгі № «қорытынды нөмірі» қорытындыларына сәйкес осы «толық бітіріп берілетін» құрылысқа сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді
Тармақ 1. 1. 1. Ұғымдар мен анықтамалар
1. 1. Ұғымдар мен анықтамалар
Тармақ 1.1
1.1. Осы Шартта төменде көрсетілген ұғымдар мынадай түсінікке ие:
Тармақша 1
1) бас мердігер (бұдан әрі – Мердігер) – Тапсырыс берушімен жасалған Шарт бойынша оның қарсы тарапы болып табылатын заңды тұлға, сондай-ақ консорциум;
Тармақша 2
2) қосалқы мердігер – Шарт бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындау үшін Мердігермен шарт және (немесе) келісім жасасқан тұлға немесе ұйым;
Тармақша 3
3) нысан – сатып алулардың ұйымдастырушысы құрылысқа, реконструкциялауға жататын деп айқындаған, Мердігер тарапынан Тапсырыс берушіге Шартта көзделген түрінде берілетін ғимарат, құрылыс;
Тармақша 4
4) учаске – Нысанды салуға немесе жұмыстарды орындауға бөлінген аумақ;
Тармақша 5
5) уақытша құрылыстар – Нысанды салу мен жөндеуге қажетті, Мердігер тұрғызатын, орнататын және Нысан құрылысы аяқталған соң алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылыстар.
Тармақша 6
6) жобалау-іздестіру жұмыстарының басталу күні – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленген тиісті бастапқы деректерді Тапсырыс беруші Орындаушыға берген күн жобалау-іздестіру жұмыстарының басталған күні болып есептеледі;
Тармақша 7
7) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталған күні – құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталған күні сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдарынан Тапсырыс беруші алған құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны алған күн болып есептеледі.
Тармақ 2. 2. Шарттың мәні
2. Шарттың мәні
Тармақ 2.1
2.1. Мердігер осы Шартқа қоса берілген және оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшаларда көрсетілген шарттар, талаптар және бағаларға сәйкес жұмыс (жұмыстарды) орындауға (бұдан әрі – Жұмыс) міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші Мердігердің Шарт бойынша міндеттемелерін тиісінше орындауы жағдайында орындалған Жұмысты қабылдап алуға және осы Шартта көзделген шарттармен ақы төлеуге міндеттенеді:
«Специфика коды» специфика бойынша – «Специфика 1 бойынша Шарттың мәнінің қысқаша сипаттамасы».
Тармақ 2.2
2.2. Егер конкурстық өтінімде жеңімпаз объектіні өз қаражаты есебінен іске асыруды, кейін объектіні сенімгерлік басқаруға қабылдауды көздесе, осы Шарт объектіні сенімгерлік басқару нысанында пайдалануға міндеттемені қамтиды.
Сенімгерлік басқару шарты – сатып алу шартының ажырамас бөлігі болып табылады және ол типтік нысан бойынша жасалады, онда тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (KPI), инвестицияларды қайтару тәртібі, оларды кезең-кезеңімен өтеу механизмі, шығындарды өтеу нысандары мен мерзімдері белгіленеді және табиғи монополияларды реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісілген болады.
Тармақ 2.3
2.3. Төменде көрсетілген құжаттар және олардағы шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) осы Шарт;
Тармақша 2
2) жобалау тапсырмасы;
Тармақша 3
3) жұмыстарды орындау шарттары;
Тармақша 4
4) техникалық сипаттама;
Тармақша 5
5) консорциуммен Шарт жасалған жағдайда консорциумдық келісім;
Тармақша 6
6) «толық аяқталған» бойынша құрылыс шарты бойынша жұмыстарды орындау жөніндегі әлеуетті Өнім берушінің келісімі (міндеттемелері).
Тармақ 2.4
2.4. Орындалған жұмыстардың көлемі Тараптардың өкілдері қол қойған орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру актісімен расталады.
Тармақ 2.5
2.5. Жұмыстар Мердігердің қаражаты есебінен: материалдарымен, күшімен және құралдарымен, сондай-ақ тәуекелімен орындалады, егер Шарттың талаптарында өзгеше көзделмесе.
Тармақ 2.6
2.6. Мердігер көрсетілген Жұмысты орындауға арнайы дағдыларға және құқық қабілеттілікке ие болуы тиіс. Мердігер өз есебінен қажетті барлық рұқсат құжаттарын, соның ішінде лицензияларды, сертификаттарды және басқа да мемлекеттік және өзге органдардан алынатын рұқсаттарды алуға және олардың толық күшінде болуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұған, бірақ онымен шектелмей: қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат, кіру визалары, тұруға рұқсат, шетелдік персоналға жұмысқа рұқсат кіреді.
Тармақ 2.7
2.7. Мердігер жоғарыда көрсетілген жұмыстарды осы Шарттың шарттарына сәйкес орындауға, ал Тапсырыс беруші оларды қабылдап алуға және Мердігердің Шарт бойынша міндеттемелерін тиісінше орындауы жағдайында ақы төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 2.8
2.8. Осы Шартқа қол қою арқылы Мердігер мынаған кепілдік береді:
Тармақша 1
1) ол заңнамаға сәйкес құрылған және әрекет ететін кәсіпкерлік субъектісі болып табылады;
Тармақша 2
2) осы Шартқа қол қоюға кедергі жасайтын қандай да бір шектеулер, тыйымдар жоқ;
Тармақша 3
3) осы Шартқа қол қоюдың алдында өз кәсіпкерлік тәуекелдерінің барлығын бағалады және айқындады.
Мердігердің алдын ала жобалау, жобалау жұмыстары бойынша сатып алу шарттарының жобаларында алдын ала жобалау және (немесе) жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамада уәкілетті мемлекеттік орган қалыптастыратын және индустрияны мемлекеттік қолдау мен индустриялық дамуды жүзеге асыру саласында пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың мердігерлерінің деректер базасына (бар болған жағдайда) енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды көрсету талаптары қамтылуы тиіс
Тармақ 3. 3. Шарт сомасы және төлем шарттары
3. Шарт сомасы және төлем шарттары
Тармақ 3.1
3.1. Шарттың жалпы сомасы конкурстық рәсімдер қорытындыларының хаттамасына сәйкес айқындалады және «шарт сомасы» (сома жазбаша) теңгені құрайды және Жұмысты (Жұмыстарды) орындауға байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, «оның ішінде ҚҚС «ҚҚС сомасы теңге/ҚҚС-сыз» қамтиды (бұдан әрі-шарт сомасы).
Тармақ 3.2
Тармақ 3.3
3.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін, Мердігер аванстан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, Мердігер Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде аванстық төлем жүргізеді, егер аванстық төлем көзделмеген жағдайларды қоспағанда
Аванстық төлем (алдын ала төлем) ______% (_____ Шарттың жалпы сомасының пайызы) Мердігер авансты (алдын ала төлемді) және төлем шотын қайтаруды қамтамасыз етуді ұсынған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі. Аванстық төлем (алдын ала төлем) көзделген аванстық төлем (алдын ала төлем) жүзеге асырылмаған жағдайларды қоспағанда, авансты қайтаруды қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда жүргізіледі.
Аралық төлемдерді Тапсырыс беруші ақшалай қаражатты мердігердің «төлем шарты» есеп шотына аудару жолымен Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі істері жөніндегі уәкілетті органының ақпараттық жүйесінде электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қалыптастырылған және қол қойылған орындалған жұмыстар актілеріне тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, пропорционалды ұстап қалуды ескере отырып төлейді Мердігер аванстан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген авансты, сондай-ақ шарт сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде, «сома» мөлшерінде кепілдік жарнаны ұстап қалуды қамтиды.
Орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуді Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі істері жөніндегі уәкілетті органының ақпараттық жүйесінде электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қалыптастырылған және қол қойылған орындалған жұмыстар актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Мердігердің «төлем шарты» есеп шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізеді.
Бір қаржы жылы шеңберінде жұмыстар орындалған жағдайда Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстар аяқталғаннан және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде шарт сомасының қалған 5 (бес) пайызын «сома» мөлшерінде төлейді.
Егер Жұмыстардың орындалу мерзімі бір қаржылық жылдан асатын болса, Тапсырыс беруші Шарт сомасының «сома» мөлшеріндегі қалған 5 (бес) пайызын Мердігерге жұмыстар толық аяқталғаннан және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін, құрылыс аяқталатын соңғы жылы, 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде төлейді.
Тармақ 3.4
3.4. Орындалатын жұмыс көлемі.
Тармақ 3.5
3.5. Төлемнің алдындағы қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) қол қойылған Шарт;
Тармақша 2
2) Ф-2В нысаны бойынша Орындалған жұмыстар актілері;
Тармақша 3
3) КС-3 нысаны бойынша Орындалған құрылыс жұмыстарының құны және шығындар туралы анықтамалар;
Тармақша 4
4) Уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде ЭЦҚ-мен қалыптастырылып қол қойылған Орындалған жұмыстар актілері;
Тармақша 5
5) Жұмыстар мен қызметтердегі елішілік (ішкі ел) құндылық туралы есеп;
Тармақша 6
6) Мердігер ұсынған электрондық шот-фактура (орындалған жұмыстардың жалпы сомасы көрсетілген).
Қол қоюдан бас тартқан жағдайда, Тапсырыс беруші дәлелді хат жолдайды және актілердегі кемшіліктерді көрсетеді; кемшіліктер жойылғанға дейін актілерге қол қойылмайды.
Тармақ 4. 4. Тараптардың міндеттемелері
4. Тараптардың міндеттемелері
Тармақ 4.1
4.1. Мердігер міндеттенеді:
Тармақша 1
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде шарттар жасасу Қағидаларында белгіленген Өнім беруші таңдаған өлшемшарттардың толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Шарт күшіне енген күннен бастап он (10) жұмыс күні ішінде Шартты орындауды қамтамасыз етуді Шарттың жалпы сомасының үш (3) пайызы мөлшерінде, теңге, сондай-ақ авансты қайтаруды қамтамасыз етуді (Шарттың пәндері бойынша көзделген аванс мөлшерінде) теңге енгізуге; барлығы () теңге мөлшерінде, мынадай нысандардың бірінде:
Өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
немесе:
осы Қағидаларға нысан бойынша ұсынылатын банк кепілдігі;
немесе:
Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша мердігердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты;
Тармақша 3
3) шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде конкурстық рәсімдер шеңберінде алынған міндеттемелерді ескере отырып, орындалатын жұмыстардың талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті;
Тармақша 4
4) Шарт бойынша жұмыстарды орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28243 болып тіркелген) сәйкес қалыптастырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және олардың мердігерлерінің деректер базасына (болған жағдайда) енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын пайдалану.
Тармақша 5
5) Шарт талаптарын орындау үшін Мердігер тартқан персоналды қоспағанда, Тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз ашпауы тиіс. Көрсетілген ақпарат осы персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындау үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада берілуі тиіс;
Тармақша 6
6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша не электрондық келісімінсіз Шартты іске асыру мақсатында қоспағанда, жоғарыда аталған қандай да бір құжаттар мен ақпаратты пайдаланбауға;
Тармақша 7
7) Тапсырыс берушінің жазбаша талабы бойынша, оның ішінде сатып алудың электрондық платформасы арқылы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат беруге;
Тармақша 8
8) Мердігердің Шарт талаптарын тиісінше орындамауы және (немесе) өзге де заңсыз әрекеттері салдарынан Тапсырыс берушіге келтірілген залалды толық көлемде өтеуге. Мердігердің Шарттың елеулі талаптарын тиісінше орындамау фактісі және осының салдарынан келтірілген залал заңды күшіне енген тиісті сот актісімен, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерімен расталады.;
Тармақша 9
9) сатып алудың электрондық платформасы арқылы Тапсырыс берушіге Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі істері жөніндегі уәкілетті органының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған орындалған жұмыстардың электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген актісін, сондай-ақ жұмыстардағы елішілік құндылық туралы есепті ресімдеуге және жіберуге;
Тармақша 10
10) Тапсырыс беруші бекіткеннен кейін, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті органының ақпараттық жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қалыптастырылып, қол қойылған орындалған жұмыстар актісіне сәйкес, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактура жазып беру қажет. Бұл рәсім электрондық шот-фактураларды ақпараттық жүйеде электрондық нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
Тармақша 11
11) Шартқа қол қойылған және жобалауға техникалық тапсырма берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге жобалау-іздестіру жұмыстарының кестесін бекітуге ұсынуға;
Тармақша 12
12) Тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттаманы бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру кестесін әзірлеуге және Тапсырыс берушіге бекітуге ұсынуға;
Тармақша 13
13) жобалық-сметалық құжаттама бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Шартқа 1-қосымшада көрсетілген кестеге сәйкес ұйымдық-технологиялық құжаттаманы және жұмыс күшінің қозғалысы кестесін әзірлеуге міндетті.
Тармақша 14
14) Шарт күшіне енген күннен бастап бес (5) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 707 бұйрығына сәйкес шарттық бағалар каталогы негізінде Мердігердің орындалатын жұмыстарға арналған сметасын (офертасын) (қажет болған жағдайда) Тапсырыс берушіге ұсынуға
Тармақша 15
15) электрондық сатып алу платформасында берілген коммерциялық ұсыныстар негізінде қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген қазақстандық тауар өндірушілерден, сондай-ақ сатып алынатын тауарлар үшін жаңа өндіріс орындарын құру жобасын іске асырушыдан жұмысты орындау үшін қажетті тауарларды сатып алуды қамтамасыз етеді.
Осы тармақта көзделген міндеттеменің орындалуын растау ретінде Мердігер тараптар Жұмыстардың соңғы Актісіне қол қойғанға дейін: сатып алынатын тауарлардың өндірушісімен (өндірушілерімен) тауарларды сатып алу туралы шарттың (шарттардың) көшірмелерін, не сатып алынатын тауар бойынша жаңа өндірістер құру Жобасын іске асыратын ұйыммен оффтейк шарттың көшірмесін, сондай-ақ тауарларды қабылдап-беру актілерін ұсынады.Көрсетілген міндеттеме, егер жүргізілген (жүргізілетін) сатып алулардың және (немесе) Шарттың талаптарында Жұмыстардың белгілі бір көлемін қосалқы мердігерге беруге жол берілсе, қосалқы мердігерге де қолданылады.
Тауарларды сатып алу өнеркәсiптi ынталандыру жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлеген және бекiтетiн энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөнiндегi ұлттық жоба шеңберiнде Қазақстандық тауар өндiрушiлерден тауарларды сатып алу және офтейк шарттар жасасу қағидаларымен реттеледi.
Тармақша 16
16) алдын ала жобалау және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамада уәкілетті мемлекеттік орган қалыптастыратын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және олардың мердігерлері деректер базасына (болған жағдайда) енгізілген құрылыс материалдарын, жабдықтарды, бұйымдар мен конструкцияларды көрсету.
Осы тармақ алдын ала жобалау және жобалау жұмыстары сатып алынған кезде қолданылады.
Тармақша 17
17) орындалған жұмыстардың түпкілікті актісімен, сондай-ақ Жұмыстардағы елішілік құндылық туралы есепті Тапсырыс берушіге ұсынуға міндетті;
Тармақша 18
18) Шарт талаптарына сәйкес жұмыстарда Тапсырыс беруші анықтаған кемшіліктерді жоюға;
Тармақша 19
19) Объектінің пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз ету, оның ішінде қызмет ету мерзімін, энергия тиімділігін, жергілікті қамту үлесін, сапа кепілдігін, сондай-ақ Мердігерді іріктеу конкурсы шеңберінде Мердігердің көрсеткіштерді жақсартуға қатысты ұсыныстарын, конкурс құжаттамасында және жобалық-сметалық құжаттамада көзделген талаптарды ескере отырып, есептермен, сертификаттармен және сынақ нәтижелерімен растай отырып, конкурс құжаттамасында Өнім берушімен конкурс рәсімдерінен өту кезінде белгіленген критерийлер мен шарттарға сәйкес орындау.
Тармақша 20
20) өз күшімен және өз тәуекелімен Жұмыстарды орындау үшін қажетті рұқсат беру сипатындағы кез келген келісімдерді, рұқсаттарды және өзге де құжаттарды алуға міндетті.
Тармақша 21
21)Тапсырыс берушінің Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты барлық нұсқаулары мен сұрау салуларын орындауға міндетті;
Тармақша 22
22) Жұмыстарды орындау процесінде Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы қоса алғанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ Тапсырыс берушінің объектілерінде өндірістік қауіпсіздік саласындағы стандарттарды, регламенттерді, нұсқаулықтарды және өзге де актілерді қабылдау-беру актісі бойынша Тапсырыс беруші Мердігерге берген талаптарды ескеруге міндетті;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Шарттың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, бар бұзушылықтар толық жойылғанға дейін, оның ішінде Тапсырыс берушінің талабы бойынша Жұмыстарды орындауды тоқтата тұруға міндетті. Бұл жағдайда Жұмыстарды орындауды, Қызметтерді көрсетуді тоқтата тұру Мердігердің кінәсінен тоқтап қалу болып табылады;
Тармақша 24
24) Орындалатын Жұмыстардың кезекті кезеңін қабылдауға дайындығы туралы Тапсырыс берушіні уақтылы хабардар етуге және оның ұсынылуын қамтамасыз етуге міндетті;
Тармақша 25
25) Жұмыстарды орындау барысын бәсеңдететін немесе Жұмыстарды орындауды осындай жағдайлар туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мүмкін етпейтін мән-жайлар туындаған жағдайда, бұл туралы Тапсырыс берушіге хабарлауға;
Тармақша 26
26) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз шарт бойынша өз міндеттемелерін ешкімге толық да, ішінара да бермеуге тиіс;
Тармақша 27
27) жұмыстарды орындау процесінде туындауы мүмкін барлық тәуекелдер мен шығындарды көтеруге;
Тармақша 28
28) Жұмысты білікті мамандармен орындауға;
Тармақша 29
29) Шарт жасалған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушімен Шарт бағасының есебін (қызметтер, жұмыстар сметасын) және жұмыстарды орындау кестесін ұсынуға және келісуге;
Тармақша 30
30) Тапсырыс беруші тарапынан тексерулер мен аудит нәтижелері бойынша анықталған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сәйкессіздіктерді жоюға бағытталған түзету іс-қимылдарын әзірлеуге және орындауға міндетті;
Тармақша 31
31) өз қызметкерлерін және қосалқы Мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерін еңбекті қорғауға және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметіне кіріспе нұсқамаға жіберуге;
Тармақша 32
32) жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету объектісінде жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға;
Тармақша 33
33) қауіптілігі жоғары жағдайларда жұмыстарды жүргізу кезінде рұқсат-нарядтарды қолдануға;
Тармақша 34
34) Тапсырыс берушінің объектілерінде жұмыстарды орындау кезінде орын алған барлық жазатайым оқиғалар, инциденттер, авариялар, мердігердің табиғат қорғау заңнамасын бұзу жағдайлары туралы Тапсырыс берушіні ең аз уақыт ішінде, бірақ 24 сағаттан аспайтын мерзім ішінде хабардар етуге міндетті;
Тармақша 35
35) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оқиғалардың себептерін тергеп-тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге, тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына Тапсырыс берушінің өкілдерін, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерін енгізе отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде тергеп-тексеру нәтижелері бойынша құжаттаманы ресімдеуге;
Тармақша 36
36) Тапсырыс берушіге оның жазбаша талабы бойынша Тапсырыс берушінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарын Мердігердің орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін келісімшартқа сәйкес Мердігердің Тапсырыс берушінің объектілерінде жұмыстарды орындауы кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар тізбесіне сәйкес айқындалатын тұрақсыздық айыбын (айыппұлды) төлеуге міндетті;
Тармақша 37
37) осы Шарт бойынша жұмыстарды орындау/қызметтер көрсету үшін тартылатын өз қызметкерлерінің, үшінші тұлғалардың қолымен жұмыстарды орындау/қызметтер көрсету объектісінде қолданылып жүрген стандарттармен, регламенттермен, нұсқаулықтармен және Тапсырыс берушіден алынған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Тапсырыс берушінің өзге де жергілікті құжаттарымен таныстыруға;
Тармақша 38
38) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы Техникалық оператор айқындаған өнім берушілермен ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк келісімшарттар жасасуды қамтамасыз етуге міндетті;
Тармақша 39
39) Ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде тауарларды (материалдар мен жабдықты) Ұлттық жобаның электрондық сатып алу платформасы арқылы, қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі жеткізушілерден сатып алуды жүзеге асыру.
Тармақша 40
40) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен өнім берушілерде қажетті тауарлар болмаған кезде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы Техникалық оператормен жеткізуге офтейк келісімшарт жасасу мүмкіндігін пысықтау;
Тармақша 41
41) Тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша Тапсырыс беруші айқындаған нысандар бойынша және мерзімдерде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпарат беруге міндетті;
Тармақша 42
42) Тапсырыс беруші, Техникалық оператор немесе Уәкілетті орган Жұмыстың орындалу (қызмет көрсету) барысын тексерген кезде, бақылау, мониторинг жүргізу, оның ішінде сызбаларға және өндірістік ақпаратқа қол жеткізу мақсатында Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығындарсыз осы Шарттың мәніне қатысты қаржылық, бухгалтерлік, құқықтық және өзге де құжаттаманы ұсынуға көмек көрсету;
Тармақша 43
43) Жұмыстарға қолжеткізуі бар барлық адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 44
44) барлық қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) және аффилиирленгендігі бойынша ақпаратты ашуды, оффшорлық аймақтарда түпкілікті бенефициарды тіркеуге тексеруді қамтамасыз етуге міндетті;
Тармақша 45
45) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде құрылатын уақытша және тұрақты жұмыс орындары бойынша ақпаратты Құрылыс туралы үлгілік Шарттың 2-қосымшасына сәйкес мердігерге беруге;
Тармақша 46
46) кепілдік пайдалану кезеңінде техникалық ерекшелік талаптарын ескере отырып, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз ету, анықталған ақауларды осы Шартта көзделген мерзімдерде жою және жою кезеңіне кепілдік мерзімін ұзарту;
Тармақша 47
47) осы Шартты орындауға байланысты барлық төлемдер мен есеп айырысуларды тек қана Тараптармен келісілген екінші деңгейдегі банкте ашылған эскроу-шот арқылы жүзеге асыруға міндетті. Осы Шарт бойынша есеп айырысудың өзге нысандарын пайдалануға жол берілмейді. Осы міндеттемені бұзу шарттың талаптарын елеулі түрде бұзу деп танылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады;
Тармақша 48
48) жоғарыда айтылғандардың бірде-бір тармағы Мердігерді Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
Тармақ 4.2
4.2. Мердігер құқылы:
Тармақша 1
1) Тапсырыс берушіден шарт бойынша орындалған жұмыстар үшін ақы төлеуді талап етуге;
Тармақша 2
2) Тапсырыс берушімен орындау мерзімдерін алдын ала келісе отырып, жұмыстарды мерзімінен бұрын орындауға;
Тармақша 3
3) Тапсырыс берушіден Жұмыстарды уақтылы қабылдауды және орындалған Жұмыстар актісіне (актілеріне) және объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қоюды талап етуге;
Тармақша 4
4) Тапсырыс берушіден авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді уақтылы қайтаруды талап етуге;
Тармақша 5
5) Тапсырыс берушіден енгізілген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді уақтылы қайтаруды талап етуге;
Тармақша 6
6) Тапсырыс берушінің талабы бойынша тендерлік өтінім құрамында мәлімделген мамандардан тең мәнділермен ауыстыруға;
Тармақша 7
7) Шартта көзделген негіздер бойынша Шартты бұзуға.
Тармақ 4.3
4.3. Тапсырыс беруші міндеттенеді:
Тармақша 1
1) Тараптар келісімді бекіткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде құрылыс объектісі үшін жоспарланған жер учаскесін самовольды құрылыс нысандарынан, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерін қайта орналастыруды қажет ететін басқа да бар объектілерден, құрылыс нысандарынан, қоқыстан және Подрядшының жұмыстарды бастауына, оларды жүргізуге және келісім-шартта белгіленген мерзімде аяқталуына кедергі келтіретін қоқыс пен қалдықтардан босатуды қамтамасыз етуі тиіс, егер жер учаскесін босатумен байланысты жұмыстар жобалау-сметалық құжаттамада қарастырылмаса;
Тармақша 2
2) Жұмыстарды орындау үшін Мердігер мамандарының объектіге кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) орындалған Жұмыстардың сәйкессіздігі анықталған кезде Мердігерді дереу жазбаша хабардар етуге міндетті;
Тармақша 4
4) Жұмыстарды қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі істері жөніндегі уәкілетті органының ақпараттық жүйесінде электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қалыптастырылған және қол қойылған орындалған жұмыстардың актісі бекітілсін не 3 жұмыс күні ішінде немесе Тапсырыс берушімен келісім бойынша өзге мерзім ішінде оны қабылдамаудың дәлелді негіздемелері көрсетіле отырып, Жұмыстарды қабылдаудан бас тартуға;
Тармақша 5
5) ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі істері жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қалыптастырылған және қол қойылған орындалған жұмыстардың актісін бекіткеннен кейін электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру Қағидаларына сәйкес Мердігер электрондық нысанда электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берген шот-фактураны электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде қабылдауға;
Тармақша 6
6) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төлем жүргізуге;
Тармақша 7
7) өндірістік жұмыстар басталғанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Мердігерге барлық қажетті құжаттарды беруге міндетті;
Тармақша 8
8) бюджет қаражаты жеткілікті болған кезде Мердігерден жұмыстардың мерзімінен бұрын орындалуы және оларды тапсыруға дайындығы туралы хабарлама алған жағдайда, Шарттың талаптарына сәйкес жұмыстарды орындау аяқталған күннен бастап бір ай ішінде орындалған жұмыстар үшін мерзімінен бұрын түпкілікті ақы қабылдауға және жүргізуге;
Тармақша 9
9) Тапсырыс берушіден алдын ала төлем алынған сомаға Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде енгізілген авансты (алдын ала төлемді) қайтаруды қамтамасыз етуді мердігерге қайтаруға;
Тармақша 10
10) Мердігерге өзі енгізген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтаруға.
Тармақ 4.4
4.4. Тапсырыс беруші құқылы:
Тармақша 1
1) Орындалған Жұмыстардың сапасын тексеруге;
Тармақша 2
2) Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаған жағдайда, Тапсырыс беруші Жұмыстарды мерзімінен бұрын қабылдауға және Шарт талаптарына сәйкес оған ақы төлеуге құқылы. Жұмыстарды мерзімінен бұрын орындаудан бас тартуға оны қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайларда жол беріледі;
Тармақша 3
3) Мердігерден қойылған өсімпұл, айыппұл және залал сомасын төлеуді талап етуге міндетті;
Тармақша 4
4) Шарттың құнын тиісті түрде азайта отырып, жұмыстарды немесе Шарттың талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстардың белгілі бір бөлігін қабылдаудан бас тартуға;
Тармақша 5
5) Шартта көзделген негіздер бойынша Шартты бұзуға.
Тармақша 6
6) Мердігердің жедел-шаруашылық қызметіне араласпай, Орындалатын жұмыстардың барысы мен сапасын, оларды өндіру мерзімдерінің (кестесінің) сақталуын, Мердігер ұсынған материалдардың сапасын, сондай-ақ Мердігердің Тапсырыс берушінің материалдарын дұрыс пайдалануын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға құқылы;
Тармақша 7
7) Мердігерге жұмыс нәтижесінің тиісінше сапасыздығына байланысты талаптар қоюға;
Тармақша 8
8) құрылыс бойынша техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізуге құқылы.
Тармақ 5. 5. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру
5. Жұмыстардың техникалық ерекшелікке және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру
Тармақ 5.1
5.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері орындалған жұмыстардың техникалық ерекшелікте және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген талаптарға сәйкестігіне бақылау және тексеру жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығындарды Мердігер көтереді. Тапсырыс беруші осы мақсаттар үшін белгіленген өз өкілдері туралы Мердігерді жазбаша түрде уақтылы хабардар етуге тиіс.
Тармақ 5.2
5.2. Осы Шарт шеңберінде орындалатын жұмыстар Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға, сондай-ақ техникалық сипаттамада көрсетілген стандарттарға, конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың шарттарына және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 5.3
5.3. Орындаған Жұмыстардың нәтижелері тексеру кезінде Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға, сондай-ақ техникалық сипаттамада және (немесе) жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда, Мердігер техникалық сипаттамаға және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға қойылған талаптарға сәйкессіздіктерді тексеру сәтінен бастап «сәйкессіздіктерді жою мерзімі» ішінде, Тапсырыс берушіге қосымша шығынсыз жою бойынша шаралар қабылдайды..
Тармақ 5.4
5.4. Жұмыстардың техникалық сипаттамаға және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру кезінде Тапсырыс берушінің инспекторларына, Техникалық операторға Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз сызбалар мен өндірістік ақпаратқа қолжетімділікті қоса алғанда, барлық қажетті құжаттар берілуге және көмек көрсетілуге тиіс.
Тармақ 5.5
5.5. Жоғарыда аталған тармақтардың ешқайсысы Мердігерді Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
Тармақ 6. 6. Жұмыстарды тапсыру және қабылдау тәртібі
6. Жұмыстарды тапсыру және қабылдау тәртібі
Тармақ 6.1
6.1. Мердігер жұмысты Тапсырыс берушіге осы Шартқа көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте толық тапсырған жағдайда жұмыс орындалған болып есептеледі.
Тармақ 6.2
6.2. Мердігер орындалған жұмыстарды қабылдау/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) егер жұмыстар Қазақстанда шығарылған материалдар мен жабдықтан орындалған болса, онда "Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36717 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіппен берілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінен үзінді көшірме беріледі;
Тармақша 2
2) Егер жұмыстар шетелдік шығу тегі бар материалдар мен жабдықтардан орындалған жағдайда – тауарды әкелген елдің уәкілетті органы (ұйымы) берген, қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдерге (шарттарға) және (немесе) тауардың шыққан елін айқындау қағидаларына сәйкес ресімделген тауардың шыққан елі туралы сертификаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі ұсынылады.
Осы тармақтың талаптары энергетика және коммуналдық салаларды жаңғыртудың ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын құрылысты «толық бітіріп берілетін» шарттарына ғана қолданылады.
Тармақ 6.3
6.3. Жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарды қабылдау тапсырыс беруші бекіткен техникалық сипаттама, жер учаскесін (алаңды, трассаны) таңдау және бөлу (пайдалануға рұқсат беру) материалдарына, нысанды инженерлік және коммуналдық қамтамасыз етуге арналған техникалық шарттарға, инженерлік іздестіру нәтижелеріне, бастапқы деректерге, соның ішінде тапсырыс берушінің алдын ала жоба алдындағы қызметінің нәтижелеріне, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына толық сәйкес болған жағдайда жүзеге асырылады.
Салынған нысанды қабылдау және пайдалануға беру Тапсырыс беруші тарапынан оның толық дайындық деңгейінде, бекітілген жобаға сәйкес, сәйкестік декларациясының, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы туралы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі жөніндегі қорытындылардың болуына қарай, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6.4
6.4. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау Тапсырыс беруші бекіткен салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісімен ресімделеді. Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күн оны бекіту күні әрі объектіні пайдалануға беру күні болып есептеледі. Актке сәйкестік туралы декларация және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негізінде Тапсырыс беруші, Мердігер, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар қол қояды.
Тармақ 6.5
6.5. Мердігерден объектіні қабылдауды Тапсырыс беруші техникалық және авторлық қадағалаулармен бірлесіп жүзеге асырады. Мердігерден объектінің пайдалануға қабылдауға дайындығы туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші объектіні пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады.
Тармақ 6.6
6.6. Мердігер және техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдар Тапсырыс берушіден сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сәйкестік туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды не теріс қорытындыларды ұсынады.
Тармақ 6.7
6.7. Тапсырыс беруші сәйкестік декларациясына, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі жөніндегі қорытындыларға, сондай-ақ Мердігермен, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалармен бірлесіп, атқарушылық техникалық құжаттаманың бар-жоғын және толықтығын тексеруге, нысанды қарап шығып, оны тиісті акт бойынша пайдалануға қабылдауға (нысанды пайдалануға қабылдауға дайындығын түпкілікті тексеруді жүргізуге) міндетті.
Бекітілген жобалық шешімдерді және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерді бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ теріс қорытындылар болған кезде Тапсырыс беруші объектіні мердігер (Бас мердігер) бұзушылықтарды жойғаннан кейін пайдалануға қабылдайды.
Анықталған бұзушылықтар жойылған кезде объектіні пайдалануға қабылдау белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 6.8
6.8. Объектіні пайдалануға қабылдау белгіленген қызмет мерзімінің, энергия тиімділігі сыныбының, жергілікті қамту үлесінің және өзге де пайдалану сипаттамаларының жобалау-сметалық құжаттамада және конкурстық құжаттаманың шарттарында көзделген параметрлерге, сондай-ақ конкурс жеңімпазы мәлімдеген параметрлерге сәйкестігін тексеруді қамтиды.
Тармақ 6.9
6.9. Тапсырыс берушіге жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманы, сәйкестік декларациясын, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы туралы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі жөніндегі қорытындыларды ұсыну жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындайтын мердігерлерді, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды жобалау, құрылыс, нысанды қабылдау және пайдалануға беру кезінде орындалған жұмыстар үшін жауапкершіліктен босатпайды.
Тармақ 6.10
6.10. Мердігер орындаған Жұмыстарды бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, авторлық және техникалық қадағалаумен расталған түрде тапсыру ай сайын, есепті айдың 25-інен кешіктірілмей, жұмыстардың нақты орындалуына қарай жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қалыптастырылып, Тараптар қол қоятын Орындалған жұмыстар актісімен, сондай-ақ орындалған жұмыстар мен шығындардың құны туралы Анықтамамен ресімделеді.
Тармақ 7. 7. Кепілдіктер. Сапа
7. Кепілдіктер. Сапа
Тармақ 7.1
7.1. Мердігер Тапсырыс берушіге Шарт бойынша жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын материалдар мен жабдықтардың Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға, сондай-ақ техникалық сипаттамада, жобалау-сметалық құжаттамада және (немесе) конкурстың қорытындылары туралы хаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкес келетіндігіне, ал жұмыстар сапасын төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді.
Осы талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде жеткілікті негізделмеген және санкцияланбаған өзгерістері бар жұмыстар ақаулы болып танылады.
Мердігер беретін кепілдікке мыналар кірмейді: пайдалану қағидаларын бұзу, Мердігер (қосалқы мердігер) жүзеге асырмаған модификациялар, дұрыс ұстамау немесе техникалық қызмет көрсетудің жеткіліксіздігі салдарынан туындаған залалды өтеу немесе ақауды жою, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде жол берілетін тозуы немесе бүлінуі, әрі кепілдік мерзімі кезеңінде объектіге ағымдағы қызмет көрсету.
Тапсырыс берушінің талабы бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтардың сапасының техникалық сипаттамада және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкестігін куәландыратын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Мердігер Тапсырыс берушіге Шарт бойынша орындалған жұмыстардың нәтижелері Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға, сондай-ақ техникалық сипаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкес келетініне және жұмыстар ақаусыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде жеткілікті негізделмеген және санкцияланбаған өзгерістері бар жұмыстар ақаулы болып танылады.
Егер жұмыстардағы ақауларды жоюдағы кідіріс Мердігердің кінәсінен болса, кепілдік мерзімі тиісті уақыт кезеңіне ұзартылады.
Көрсетілген кепілдіктер Тапсырыс беруші немесе үшінші тұлғалар тарапынан объектіні қасақана бүлдіру жағдайларына, сондай-ақ пайдалану қағидаларын бұзу жағдайларына қолданылмайды.
Мердігер беретін кепілдікке мыналар кірмейді: пайдалану қағидаларын бұзу, Мердігер (қосалқы мердігер) жүзеге асырмаған модификациялар, дұрыс ұстамау немесе техникалық қызмет көрсетудің жеткіліксіздігі салдарынан туындаған залалды өтеу немесе ақауды жою, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде жол берілетін тозуы немесе бүлінуі.
Тапсырыс берушінің талабы бойынша Мердігер жұмыстар нәтижелерінің сапасының техникалық сипаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкестігін куәландыратын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Тармақ 7.2
7.2. Мердігер қабылданған міндеттемелерге сәйкес Тапсырыс берушіге «кепілдік мерзімі» ішінде объектіні пайдалануға кепілдік береді.
Тармақ 7.3
7.3. «Сапа кепілдігі» бағалық емес критерийі бойынша балл берілген жағдайда, Мердігер Қағидаларда көзделген мөлшерде және нысандарда кепілдік міндеттемелердің орындалуын қосымша қамтамасыз етуді енгізуге міндетті. Мұндай қамтамасыз етуді енгізбеу шарттың бұзылуына және оны бұзу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 7.4
7.4. Мердігер орындалған Жұмыстарды және оларға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды (олар болған жағдайда) климаттық құбылыстардан (жауын-шашын), су тасқынынан, аяздан, өрттен, ұрлықтан және өзге де себептерден туындайтын кез келген залалдан, бүлінуден, жойылудан қорғауды қамтамасыз етеді.
Мердігер өз жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі жолдар, ғимараттар, материалдар қоймалары және өзге де жылжымалы және жылжымайтын мүлік нысандарын (онымен шектелмей) кез келген бүлінуден немесе өзге себептерден қорғауды қамтамасыз етеді.Осыған байланысты Мердігер шеккен барлық шығындар Тапсырыс беруші тарапынан қосымша өтелмейді
Тармақ 8. 8. Объектіні пайдалану және сенімгерлік басқару
8. Объектіні пайдалану және сенімгерлік басқару
Тармақ 8.1
8.1. Мердігер пайдалану кезеңінде міндетті:
Тармақша 1
1) кепілдік міндеттемелер шеңберінде техникалық қызмет көрсетуді, ағымдағы және күрделі жөндеуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Тапсырыс берушіге Шартта белгіленген кезеңділікпен объектінің техникалық жай-күйі туралы есептерді ұсынуға;
Тармақша 3
3) сенімгерлік басқару Шартында көзделген KPI-дың орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) өтінімде көрсетілген деңгейде энергия тиімділігі мен жергілікті қамту параметрлерін қолдауға.
Тармақ 8.2
8.2. Тапсырыс беруші пайдалану кезеңінде жыл сайынғы мониторинг жүргізуге құқылы, оған Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тартылатын көшпелі комиссия және фото- және бейнефиксация кіреді.
Тармақ 8.3
8.3. Пайдалану шарттарын бұзу, көрсеткіштердің белгіленген деңгейден төмендеуі немесе KPI-дың орындалмауы айыппұл санкцияларын қолдануға және (немесе) Шартты бұзуға негіз болып табылады.
Тармақ 9. 9. Тараптардың Жауапкершілігі
9. Тараптардың Жауапкершілігі
Тармақ 9.1
9.1. Тараптар осы Шарт шеңберінде өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тармақ 9.2
9.2. Тиісті бюджеттердің бақылау қолма-қол ақша шотында қаражат жеткіліксіздігі және/немесе секвестр жағдайларын, сондай-ақ мемлекетке тиесілі дауыс беруші акциялардың елу және одан да көп пайызы бар мемлекеттік кәсіпорынның (заңды тұлғаның) есеп айырысу шотында қаражат жеткіліксіздігін қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Шартта көрсетілген мерзімдерде Мердігерге тиесілі қаражатты (оның ішінде авансты) төлемесе, онда Тапсырыс беруші ұсталған төлемдер бойынша мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі сома көлемінің 0,1% мөлшерінде айыппұл (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте айыппұлдың (өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10%-ынан аспайды.
Тармақ 9.3
9.3. Жұмыстарды орындау мерзімдері кешіктірілген жағдайда, егер Мердігер міндеттемелерді толық орындамаған болса, Тапсырыс беруші әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде айыппұл (өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады), ал міндеттемелерді тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде айыппұл (өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте айыппұлдың жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 15%-ынан аспайды.
Тармақ 9.4
9.4. Мердігер Жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе Жұмыстарды орындау мерзімі Шартта көзделген мерзімнен бір айдан астам уақытқа кешіктірілген, бірақ Шарттың қолданылу мерзімінен кешіктірмей, жағдайда Тапсырыс беруші әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде, бірақ 15%-ынан аспайтын айыппұлды (өсімпұлды) өндіріп ала отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Бұл ретте Тапсырыс беруші барлық орындалған (қабылданған) жұмыстардың құнын төлейді.
Тармақ 9.5
9.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Тармақ 9.6
9.6. Мердігердің объектіні пайдалану, сенімгерлік басқару жөніндегі міндеттемелерді бұзуы, KPI орындамауы немесе пайдалану параметрлерін төмендетуі Шартта белгіленген мөлшерде айыппұл түріндегі жауаптылыққа әкеп соғады және Шартты бұзуға негіз болып табылады.
Тармақ 9.7
9.7. Егер кез келген өзгеріс Мердігерге Шарт бойынша Жұмыстарды орындау үшін қажетті құнды немесе мерзімді азайтса, онда Шарттың сомасы немесе Жұмыстарды орындау кестесі немесе екеуі де тиісінше түзетіледі және Шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі. Мердігердің түзету жүргізуге арналған барлық сұрау салулары Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Тармақ 9.8
9.8. Мердігердің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық не ішінара біреуге беруіне жол берілмейді.
Тармақ 9.9
9.9. Қосалқы мердігерлер тартылған жағдайда, Мердігер Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді Шарт бойынша материалдық немесе өзге де жауапкершіліктен босатпайды.
Тапсырыс берушімен келіспеген қосалқы мердігерлер тартылған жағдайда, сондай-ақ қосалқы мердігерге жалпы көлемнің елу пайызынан астамын берген кезде Тапсырыс беруші растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Жұмыстарды орындау үшін Мердігер қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстардың шекті көлемі жиынтығында жалпы көлемнің елу пайызынан аспауға тиіс.
Бұл ретте қосалқы мердігерлер сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау көлемін өзге қосалқы мердігерлерге бермейді.
Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктеріне және олар құрған ұйымдарға сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстар бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді.
Тармақ 9.10
9.10. Тапсырыс беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер Шартта аванс көзделген болса), сондай-ақ Қағидалардың 6-параграфына сәйкес енгізілген соманы (бар болса) Мердігер өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда қайтармайды.
Тармақ 9.11
9.11. Тапсырыс беруші енгізілген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз ету сомасын Мердігерге Шарт бойынша өз міндеттемелері толық және тиісінше орындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Мердігер Шарттың қолданылу кезеңінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда қайтарады.
Тармақ 9.12
9.12. Шарттың 9.3. және 9.4. тармақтарында көрсетілген Жұмыстарды орындау мерзімдерін бұзуға: Жұмыстарды орындаудың күнтізбелік кестесінен қалып қою, жұмыстарды орындаудың күнтізбелік кестесін ұсыну мерзімдерін сақтамау және Шартта көзделген өзге де мерзімдерді бұзу жатады.
Тармақ 9.13
9.13. Мердігер осы Шарттың талаптарын, оның ішінде жергілікті қамту үлесінің көрсеткішін бұзған жағдайда, Мердігер Тапсырыс берушіге отандық тауар өндірушіден сатып алу мүмкіндігі бар материалдар мен жабдықтардың толық құны мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
Тармақ 10. 10. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу шарттары
10. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу шарттары
Тармақ 10.1
10.1. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және (қолданылу мерзімі) жылға дейін қолданылады.
Тармақ 10.2
10.2. Жұмыстарды орындау мерзімдері, талаптары, көлемі мен орны осы Шартқа №1 қосымшада айқындалады
Тармақ 10.3
10.3. Жұмыстарды Тапсырыс беруші Орындалған жұмыстар Актісіне сәйкес көлемі мен сапасы бойынша қабылдайды.
Тармақ 10.4
10.4. Жобалау бойынша Жұмыстарды орындаудың соңғы күні Тапсырыс берушінің жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту күні болып саналады.
Тармақ 10.5
10.5. Құрылыс бойынша Жұмыстарды орындаудың соңғы күні Тапсырыс берушінің салынған объектіні пайдалануға қабылдау Актісіне қол қойған күні болып есептеледі.
Тармақ 10.6
10.6. Келесі оқиғалар Жұмыстардың мерзімдерін ұзарту бөлігінде өзгертуге әкеп соғады:
Тармақша 1
1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, бұл өз кезегінде Жұмыстарды орындауды кідіртуге әкеп соғады;
Тармақша 2
2) Тапсырыс беруші Мердігерге Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргізу үшін Жұмыстарды тоқтатуға нұсқау береді. Егер осы сынақтар ақауларды анықтамаса, онда Жұмыстарды тоқтату уақыты Жұмыстарды орындау мерзіміне қосылады.
Тармақ 10.7
10.7. Егер екінші Тарап Шартта көзделген қағидаттық талаптардан айыратын Шарттың талаптарын елеулі түрде бұзған болса, Тапсырыс беруші немесе Мердігер Шартты Шартта көрсетілген мерзімге дейін бұза алады. Шарт талаптарын елеулі бұзу мыналарды қамтиды, бірақ онымен шектелмейді:
Тармақша 1
1) Өнім беруші Жұмыстарды орындау мерзімдерін үш және одан да көп рет кешіктірген жағдайда, әрі әрбір кешіктіру 20 күнтізбелік күннен асқан кезде, Тапсырыс беруші Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы;
Тармақша 2
2) Мердігер Жұмыстарды <күндер саны> күнге дейінгі мерзімге тоқтатады, бұл ретте тоқтауға Тапсырыс беруші санкция бермесе және Мердігер Жұмыстарды тоқтата тұру себептері туралы Тапсырыс берушіні жазбаша хабардар етпесе, ал себептер Мердігерден тәуелсіз деп Тапсырыс берушімен келісілген жағдайда;
Тармақша 3
3) Мердігер Тапсырыс беруші көрсеткен ақауларды Тапсырыс беруші айқындаған негізделген уақыт кезеңі ішінде жоймайды;
Тармақша 4
4) Тапсырыс беруші Мердігерге Жұмыстарды кешіктіруге нұсқау береді және мұндай нұсқау <күндер саны> күн ішінде жойылмайды;
Тармақша 5
5) Тапсырыс беруші немесе Мердігер кез келген себеппен банкротқа ұшыраса немесе таратылса, қайта ұйымдастыру немесе біріктіру жағдайларын қоспағанда;
Тармақша 6
6) Мердігер Жұмыстарды жүргізу қағидаларын, жобалау құжаттамасында және (немесе) Шарттық құжаттамада көрсетілген нұсқаулықтар мен ережелерді елемесе.
Тармақ 10.8
10.8. Шарт Тараптардың келісімі бойынша, оны одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда Мердігер Шартты бұзу күніне дейінгі нақты шығындар үшін ғана төлемді талап етуге құқылы.
Тармақ 10.9
10.9. Келесі фактілердің бірі анықталған жағдайда Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) Мердігер Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан бас тартқан жағдайда;
Тармақша 2
2) Мердігер Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда;
Тармақша 3
3) Мердігер конкурсқа қатысуға мәлімделмеген қосалқы мердігерлерді тартқан жағдайда, сондай-ақ қосалқы мердігерге Қағидалардың 53-тармағында белгіленген көлемнен асып түсетін көлемдегі жұмыстарды орындауды берген кезде;
Тармақша 4
4) қайта ұйымдастыруды қоспағанда, Тапсырыс беруші немесе заңды тұлға болып табылатын Мердігер таратылған не банкрот болған, не жеке тұлға болып табылатын Мердігер қайтыс болған жағдайда;
Тармақша 5
5) Мердігер өз міндеттемелерін орындау үшін қажетті құқық қабілеттілігін жоғалтқан, не сот шешімімен хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
Тармақша 6
6) Шартты одан әрі орындау орынсыз болған жағдайларда, себептері егжей-тегжейлі негізделген жағдайда;
Тармақша 7
7) Мердігер Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты, антидемпингтік соманы) осы Қағидаларда көзделген мерзімде енгізбеген жағдайда, егер Мердігер міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындамаған болса;
Тармақша 8
8) заңды күшіне енген сот актісінің негізінде, ол Шартты бұзуды талап еткен жағдайда.
Тармақ 10.10
10.10. Шарт Қағидаларда көзделген жағдайларда, уәкілетті органның келісімі бойынша ғана объектіні пайдалану немесе сенімгерлік басқару талаптары бөлігінде өзгертілуі мүмкін.
Тармақ 10.11
10.11. Егер Шарт бұзылса, Мердігер Жұмыстарды дереу тоқтатады, Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіге береді.
Тармақ 10.12
10.12. Мердігер объектіні пайдалану талаптарын жүйелі түрде бұзған немесе KPI орындамаған жағдайда Шарт бұзылуы мүмкін.
Тармақ 10.13
10.13. Объектідегі барлық материалдар мен жабдықтар, сондай-ақ уақытша құрылыстар мен орындалған құрылыс Жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және Шарт Мердігердің елеулі бұзушылықтарына байланысты бұзылған жағдайда, қаржылық даулар шешілгенге дейін оның иелігінде болады.
Тармақ 11. 11. Хабарлама
11. Хабарлама
Тармақ 11.1
11.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырысты хатпен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс арқылы не сатып алудың электрондық платформасы арқылы жіберіледі.
Тармақ 11.2
11.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе хабарламада көрсетілген күшіне ену күні басталғаннан кейін, осы күндердің қайсысы кейінірек басталатынына байланысты күшіне енеді.
Тармақ 12. 12. Форс-мажор
12. Форс-мажор
Тармақ 12.1
12.1. Дүлей зілзалалар, әскери іс-қимылдар, эпидемиялар, ауқымды ереуілдер, тікелей не жанама түрде тыйым салатын немесе тараптардың осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауына кедергі жасайтын заңнамалық және үкіметтік актілердің күшіне енуі сияқты форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда, тараптар өздеріне алған міндеттемелерді орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Бұл ретте тарап форс-мажордың басталғаны туралы дереу жазбаша хабардар етуге тиіс. Әйтпесе, тараптың бұл жағдайға сілтеме жасауға құқығы жоқ.
Тармақ 12.2
12.2. Форс-мажорлық мән-жайлар кезінде екінші тараптың өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан залал шеккен тарап осы оқиғалардың ауқымы мен олардың қызметіне әсері туралы құзыретті органдар мен ұйымдар растаған құжат түріндегі растауды талап етуге құқылы.
Тармақ 12.3
12.3. Форс-мажор жағдайында Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлайды. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде жұмыстардың тоқтатылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 12.4
12.4. Егер форс-мажорлық жағдай Шарттың орындалуын үзсе, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұрғанын куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Объектінің консервациялануын қамтамасыз етеді және жұмысты тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объект тоқтаған күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлейді.
Тармақ 13. 13. Даулы мәселелерді шешу
13. Даулы мәселелерді шешу
Тармақ 13.1
13.1. Тапсырыс беруші мен Мердігер Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей келіссөздер арқылы реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тиіс.
Тармақ 13.2
13.2. Егер келіссөздер процесінде Тапсырыс беруші мен Мердігер Шарт бойынша туындаған келіспеушіліктерді немесе дауларды шеше алмаса, тараптардың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттелмеген мәселенің шешілуін талап ете алады.
Тармақ 14. 14. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
14. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Тармақ 14.1
14.1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Тараптар қандай да бір заңсыз артықшылықтар немесе өзге де заңсыз мақсаттар алу мақсатында осы тұлғалардың іс-әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақша қаражатын немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді.
Тармақ 14.2
14.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Тараптар пара беру/алу, коммерциялық пара беру сияқты осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамамен сараланатын іс-әрекеттерді, сондай-ақ қолданылатын заңнаманың және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы халықаралық актілердің талаптарын бұзатын іс-әрекеттерді жүзеге асырмайды.
Тармақ 14.3
14.3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың өкілдерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды ұсыну, олардың атына жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) өтеусіз орындау арқылы және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке салатын және осы қызметкердің оны ынталандырушы тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен жүзеге асырудан бас тартады.
Тармақ 14.4
14.4. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шарттардың бұзылуы орын алды немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған жағдайда тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша түрде хабардар етуге міндеттенеді.
Тармақ 14.5
14.5. Жазбаша хабарламада Тарап пара беру немесе алу, коммерциялық пара беру сияқты қолданыстағы заңнамамен сараланатын іс-әрекеттерде көрініс табатын контрагенттің осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзуы не болғанын немесе орын алуы мүмкін екенін растайтын немесе болжауға негіз беретін немесе материалдарды сондай-ақ қолданылатын заңнаманың және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы халықаралық актілердің талаптарын бұзатын іс-әрекеттер туралы фактілерге сілтеме жасауға міндетті.
Тармақ 14.6
14.6. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін таниды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте Тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне тартылуы мүмкін контрагенттермен іскерлік қатынастардың тәуекелін азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді. Тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне тараптарды тарту тәуекелдерін болғызбау мақсатында тексерулер жүргізу жөніндегі рәсімдердің іске асырылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Тармақ 15. 15. Құпиялылық
15. Құпиялылық
Тармақ 15.1
15.1. Тараптар осы Шартқа қол қою арқылы осы шарттың мазмұны, сондай-ақ төлем туралы ақпарат құпия болып табылмайтындығына және Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары мен ұйымдарының жүйесінде және/немесе өзге де ақпараттық жүйелерінде үшінші тұлғалар үшін қолжетімді екендігіне өз келісімін білдіреді.
Осы Шарт бойынша Тараптармен беретін және/немесе пайдаланатын өзге де құжаттама мен ақпарат құпия болып табылады және Тараптар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз бұл ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес.
Осы тармақтың екінші абзацы Шарттың мәніне қатысты мәселелерді оларды практикалық шешу мүддесінде немесе мұндай жария ету Қазақстан Республикасының заңнамасында ұйғарылған не оған уәкілетті мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша жүзеге асырылатын жағдайларда сот қараған жағдайларға қолданылмайды.
Тармақ 15.2
15.2. Егер Тарап құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етуге ниет білдірген жағдайда, ол бұл туралы құпия ақпараттың меншік иесі болып табылатын басқа Тарапты хабардар етуге және оның мұндай жария етуге алдын ала жазбаша келісімін алуға, сондай-ақ оған берілетін құпия ақпаратты жария етпеу талаптарын сақтау туралы үшінші тұлғадан алдын ала міндеттеме алуға тиіс.
Тармақ 15.3
15.3. Тараптардың кез келгені екінші Тараптың құпия ақпаратын жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап екінші Тараптың осындай ақпаратты жария ету салдарынан шеккен залалдарын өтеуге міндетті болады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жауаптылыққа жататын болады. Бұл талаптар құпия ақпаратты жариялаған Тарап мұндай жария ету Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талабы болып табылатынын дәлелдеген не құпия ақпаратты жария ету екінші Тараптың жазбаша мақұлдауынан кейін жүргізілген кезде қолданылмайды.
Тармақ 15.4
15.4. Осы бөлім Шарттың мәніне қатысты мәселелерді оларды практикалық шешу мүддесінде немесе мұндай жария ету Қазақстан Республикасының заңнамасында ұйғарылған не оған уәкілетті мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша жүзеге асырылатын жағдайларда сот қараған жағдайларға қолданылмайды.
Тармақ 16. 16. Басқа шарттар
16. Басқа шарттар
Тармақ 16.1
16.1. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының Салық және кеден заңнамаларына сәйкес төленуге тиіс.
Тармақ 16.2
16.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар шарт жасасу сияқты нысанда жасалады.
Тармақ 16.3
16.3. Мердігерді таңдау үшін негіз болған сапаның және басқа да талаптардың өзгермеуі жағдайында жасалған шартқа өзгерістер енгізуге Қағидалардың 6-параграфында көзделген жағдайларда жол беріледі.
Тармақ 16.4
16.4. Тараптардың бірінің міндеттерін шарт бойынша беруге қайта ұйымдастырылған жағдайда құқықтық мирасқорлықты қоспағанда жол берілмейді.
Тармақ 16.5
16.5. Шарт электрондық сатып алу платформасы арқылы жасалған, бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде жасалды.
Тармақ 16.6
16.6. Шартта реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
Тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттемелерді орындау бойынша мердігерге қойылатын талаптарды және (немесе) шарттарды белгілеуіне жол берілмейді.
Тармақ 17. 17. Тараптардың реквизиттері
17. Тараптардың реквизиттері
Тапсырыс беруші
<Тапсырыс берушінің толық атауы>
<Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы>
БСН < Тапсырыс берушінің БСН>
БСК < Тапсырыс беруші толтырады>
ЖСК < Тапсырыс беруші толтырады>
Банктің атауы < Тапсырыс беруші толтырады>
Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны>
<Тапсырыс берушінің лауазымы>
<Тапсырыс берушінің ТАӘ (бар болса)>:
Мердігер (қорытынды жасау кезінде
қаражат алушы қаржыландыру
шартының мердігері ақшалай талапты
(факторингті) беру)
<Мердігердің толық атауы>
<Мердігердің толық заңды мекенжайы>
БСН/СТН/УНП <БСН/СТН / УНП мердігер>
БСК <Мердігермен толтырылады>
ЖСК <Мердігермен толтырылады>
Банктің атауы <Мердігер толтырады>
Тел.: <мердігердің телефоны>
<мердігер лауазымы>
<Мердігердің ТАӘ (бар болса)>
Ескерту: банк деректемелерін тапсырыс берушілер мен мердігерлер толтырады және осы Шарттың тараптарына ғана қолжетімді.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК-банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК-жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі;
СТН-Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ҰБП-төлеушінің есептік нөмірі;
ҚҚС-қосылған құн салығы;
Т. А. Ә. - Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса)
Басқа 5-1. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру шарттары туралы келісім
(жобаны өнім берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырған жағдайда объектіні
одан әрі басқара отырып, тараптардың келісімі бойынша өзгертуге жатады)
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде «толық бітіріп берілетін» туралы үлгілік шартқа 1-қосымша
Объектіні сенімгерлік басқаруға беру шарттары туралы келісім
(жобаны өнім берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырған жағдайда объектіні
одан әрі басқара отырып, тараптардың келісімі бойынша өзгертуге жатады)
____________
«_» __________ 20_ ж.
Бұдан әрі «Басқарма құрылтайшысы» деп аталатын Тапсырыс беруші атынан ____________________ негізінде әрекет ететін ____________________________ бір тараптан және
бұдан әрі «Басқарушы» деп аталатын Сенімгерлік басқарушы атынан ____________________ негізінде әрекет ететін ____________________________ екінші тараптан бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
1. Шарттың мәні
1.1. Басқарма құрылтайшысы 20__ жылғы «__» _________ пайдалануға берілген ____________________________ объектісін (бұдан әрі - Объект) сенімгерлік басқаруға береді, ал Басқарушы қабылдайды.
1.2. Сенімгерлік басқару Объектіні тиімді пайдалануды, пайдалануды және күтіп ұстауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тұтынушыларға тиісті қызметтер көрсету мақсатында жүзеге асырылады.
1.3. Объект Басқарма құрылтайшысының меншігінде қалады.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Басқарма құрылтайшысы:
Объектіні заңнама мен жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес келетін күйде тапсыруға;
Басқарушыға Объектіні пайдалануға байланысты қажетті құжаттаманы ұсынуға;
осы шарттың талаптарын орындауды бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
2.2. Басқарушы:
Объектінің тиісті пайдаланылуын және техникалық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге;
заңнамаға және белгіленген сапа стандарттарына сәйкес тұтынушыларға қызмет көрсетуге;
ресурстармен жабдықтаушы ұйымдармен және өзге де контрагенттермен есеп айырысуды уақтылы жүргізуге;
техникалық және бухгалтерлік құжаттаманың жүргізілуін қамтамасыз етуге;
Басқарма құрылтайшысына Объектіні басқару туралы есептерді (тоқсан сайын, жыл сайын) ұсынуға міндетті.
2.3. Басқарушының құқығы бар:
Объектіні пайдалану үшін қажетті шарттарды дербес жасасуға;
Осы шартта белгіленген тәртіппен сыйақы алуға;
Объектінің жұмыс істеуін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге.
3. Басқарушы сыйақысы
3.1. Сенімгерлік басқаруды жүзеге асырғаны үшін Басқарушыға _____________ мөлшерінде сыйақы төленеді, сондай-ақ Объектіні басқаруға байланысты құжаттармен расталған шығыстар өтеледі.
3.2. Сыйақыны есептеу және төлеу тәртібі осы шарттың қосымшасында айқындалады.
4. Тараптардың жауапкершілігі
4.1. Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
4.2. Басқарушы еңсерілмейтін күш мән-жайларының немесе басқару құрылтайшысының әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) салдарынан туындаған залалдар үшін жауапты болмайды.
5. Шарттың қолданылу мерзімі
5.1. Осы шарт қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және 20 __ жылғы «__» ________ дейін әрекет етеді.
5.2. Тараптардың келісімі бойынша шарттың мерзімі ұзартылуы мүмкін.
6. Шартты тоқтату тәртібі
6.1. Шарт бұзылуы мүмкін:
тараптардың келісімі бойынша;
Басқарушы міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда Басқарма құрылтайшысының бастамасы бойынша;
сот шешімі бойынша.
7. Басқа шарттар
7.1. Барлық өзгертулер мен толықтырулар қосымша келісімдермен рәсімделеді.
7.2. Осы шарттан туындайтын даулар келіссөздер жолымен шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда сот тәртібімен шешіледі.
7.3. Осы шарт тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан бірдей заңды күші бар екі данада жасалды.
8. Тараптардың деректемелері
Басқарма құрылтайшысы:
Атауы: _____________________________
Мекенжайы: ________________________
Е/ш: _______________________________
БСН: ______________________________
Қолы: _____________________________
Басқарушы:
Атауы: ____________________________
Мекенжайы: ________________________
Е/ш: _______________________________
БСН: ______________________________
Қолы: _____________________________
Басқа 5-2. Құрылатын уақытша және тұрақты жұмыс орындары бойынша деректерді ұсыну нысаны
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде «толығымен» салу туралы үлгілік шартқа
2-қосымша
нысан
Құрылатын уақытша және тұрақты жұмыс орындары бойынша деректерді ұсыну нысаны
1. Жобаның/шарттың атауы: ___________________________
2. Іске асыру кезеңі:
Құрылыс (уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру)
Пайдалану (тұрақты жұмыс орындарын құру)
3. Уақытша жұмыс орындарының саны: ______ адам.
4. Тұрақты жұмыс орындарының саны: ______ адам.
5. Оның ішінде жергілікті кадрлар (жобаны іске асыру аумағында тұратын): ______ адам.
6. Деректер ұсынылатын кезең:
(тоқсан/жыл) __________________________________________
7. Жеткізушінің жауапты өкілі:
Аты-жөні _________________________________________________
Лауазымы _________________________________________________
Байланыс телефоны/e-mail ___________________________________
8. Нысанды толтыру күні: «_ _» _________ 20 _ ж.
9. Қолы,мөр _______________________________________________
Толтыру кезеңділігі
• Құрылыс кезеңінде (уақытша жұмыс орындарын құру) - тоқсан сайын.
• Пайдалану кезеңінде (тұрақты жұмыс орындарын құру) - жыл сайын.
• Қорытынды есеп - шарт аяқталғаннан/іске асырылғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде.
Басқа 6. Қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарт
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларына
6-қосымша
Қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарт
<Идентификациялық нөмір>
<Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарт нөмірі> <шарт күні>
<Тапсырыс берушінің толық атауы> атынан <Тапсырыс беруші негізі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің аты-жөні (бар болса) (бар болса) > бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын <өнім берушінің толық атауы> атынан <Өнім беруші негізі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы><Өнім берушінің аты-жөні (болған жағдайда) > екінші тараптан бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және <сатып алу тәсілі> тәсілімен сатып алу қорытындыларына сәйкес жылдың <қорытындылар күні> No <қорытындылар нөмірі> негізінде қызметтерді сатып алу туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
Тармақ 1. 1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні
Тармақ 1.1
1.1. Өнім беруші Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шарттың қосымшаларында көрсетілген шарттарға, талаптарға және бағаларға сәйкес Қызметті (қызметтерді) көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда көрсетілген Қызметті (қызметтерді) қабылдауға және осы Шарттың талаптары бойынша оған ақы төлеуге міндеттенеді:
ерекшелік бойынша <ерекшелік коды> - <ерекшелік бойынша шарт затының қысқаша сипаттамасы 1>;
ерекшелік бойынша <ерекшелік коды> - <ерекшелік бойынша шарт затының қысқаша сипаттамасы №>1.
Тармақ 1.2
1.2. Төменде көрсетілген құжаттар мен оларда көрсетілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) осы Шарт;
Тармақша 2
2) қызмет көрсету шарттары (1-қосымша);
Тармақша 3
3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).
Тармақ 2. 2. Шарт сомасы және төлем шарттары
2. Шарт сомасы және төлем шарттары
Тармақ 2.1
2.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа 1-қосымшамен анықталады және <Шарттың сомасы> (<жазылым сомасы>) теңгені құрайды және қызметтер көрсетуге байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды қамтиды, <қосылған құн салығы <қосылған құн салығының сомасы> теңге> /<қосылған құн салығын есепке алмағанда> (бұдан әрі - Шарттың сомасы).
Тармақ 2.2
Тармақ 2.3
2.3. Тапсырыс беруші Шарт күшіне енгеннен кейін Өнім берушінің ұсынысына сәйкес Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлемді жүзеге асырады.
Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты пропорционалды ұстап қалуды ескере отырып, Тараптар көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы төлейді.
Көрсетілген Қызметтер үшін ақы төлеуді Тапсырыс беруші Өнім берушінің есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы Тараптар көрсетілген Қызметтер актісіне қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
Тармақ 2.4
2.4. Көрсетілетін қызметтердің сандық және құндық мәндегі көлемі Шарттың 1-қосымшасында келісілген.
Тармақ 2.5
2.5. Төлем алдындағы қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) қол қойылған Шарт;
Тармақша 2
2) көрсетілген қызметтер туралы акт (лер);
Тармақша 3
3) жұмыстар мен қызметтердегі ел ішіндегі құндылық туралы есеп;
Тармақша 4
4) Өнім беруші Тапсырыс берушіге ұсынған көрсетілген қызметтердің жалпы сомасы көрсетілген сипаттамасы бар электрондық шот-фактура;
<№. жаңа тармақша>
<№. жаңа тармақ> *
Тармақ 3. 3. Тараптардың міндеттемелері
3. Тараптардың міндеттемелері
Тармақ 3.1
3.1. Өнім беруші міндеттенеді:
Тармақша 1
1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиісінше орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын Шарттың жалпы сомасынан 3 (үш) пайыз мөлшерінде (сомасы) теңгені құрайтын және Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарттың нысанасы бойынша көзделген аванс мөлшерінің (сомасы) теңгеге тең (қамтамасыз ету сомасы) (қамтамасыз ету сомасы жазумен) мынадай түрде:
әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
немесе:
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларының конкурстық құжаттамасына 8-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында ұсынылатын банктік кепілдік;
немесе:
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша электрондық құжат түрінде өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын.
Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі аяқталғанға дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда, өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеуі мүмкін;
Тармақша 3
3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) Шарт талаптарын орындау үшін Өнім беруші тартқан қызметкерлерді қоспағанда, Тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз ашпауға міндетті. Көрсетілген ақпарат осы персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындау үшін қаншалықты қажет болса, соншалықты берілуі тиіс;
Тармақша 5
5) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шартты жүзеге асыру мақсаттарынан басқа кез келген жоғарыда аталған құжаттар мен ақпараттарды пайдаланбауға;
Тармақша 6
6) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат беруге;
Тармақша 7
7) Өнім берушінің Шарт талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттерінен Тапсырыс берушіге келтірілген шығынды толық көлемде өтеуге;
Тармақша 8
8) веб-портал арқылы электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген көрсетілген қызметтер актісін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердегі ел ішіндегі құндылық туралы есепті ресімдеуге және Тапсырыс берушіге жіберуге;
Тармақша 9
9) Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтер актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазып беруге.
Тармақ 3.2
3.2. Өнім беруші құқылы:
Тармақша 1
1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша көрсетілген Қызметтер үшін ақы төлеуді талап етуге;
Тармақша 2
2) Тапсырыс берушімен орындау мерзімдерін алдын ала келісе отырып Шартқа 1 қосымшада көрсетілген Қызметтерді мерзімінен бұрын көрсетуге.
Тармақ 3.3
3.3. Тапсырыс беруші міндеттенеді:
Тармақша 1
1) қызметтер көрсету үшін Өнім беруші мамандарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) көрсетілген Қызметтердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда дереу Өнім берушіні жазбаша хабардар етуге;
Тармақша 3
3) Қызметтерді қабылдау кезінде электрондық сатып алу платформасы арқылы көрсетілген қызметтер актісін бекіту не оны мерзімінде қабылдамаудың дәлелді негіздемелерін көрсете отырып, қабылдаудан бас тартуға;
Тармақша 4
4) Көрсетілген қызметтер актісі бекітілгеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы Өнім беруші электрондық нысанда жазып берген шот-фактураны қабылдауға;
Тармақша 5
5) осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төлем жасауға.
Тармақ 3.4
3.4. Тапсырыс беруші құқылы:
Тармақша 1
1) көрсетілген Қызметтердің сапасын тексеруге;
Тармақша 2
2) Қызметтер мерзімінен бұрын көрсетілген жағдайда Тапсырыс беруші Шарт талаптарына сәйкес қызметтерді мерзімінен бұрын қабылдауға және олар үшін ақы төлеуге құқылы. Қызметтерді мерзімінен бұрын көрсетуден бас тартуға оны қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайларда жол беріледі.
Тармақ 4. 4. Қызметтердің техникалық сипаттамаға сәйкестігін тексеру
4. Қызметтердің техникалық сипаттамаға сәйкестігін тексеру
Тармақ 4.1
4.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікте (Шарттың 2-қосымшасы) көрсетілген талаптарға сәйкестігіне бақылау және тексеру жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерулер бойынша барлық шығындарды Өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші осы мақсаттар үшін айқындалған өз өкілдері туралы Өнім берушіні жазбаша түрде уақтылы хабардар етуге тиіс.
Тармақ 4.2
4.2. Осы Шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтер техникалық тапсырмада көрсетілген стандарттарға сәйкес келуі немесе одан жоғары болуы тиіс.
Тармақ 4.3
4.3. Егер тексеру кезінде көрсетілген қызметтердің нәтижелері техникалық ерекшелік талаптарына (Шарттың 2-қосымшасы) сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші тексеру сәтінен бастап <сәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығындарсыз техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шаралар қабылдайды.
Тармақ 4.4
4.4. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың ешқайсысы Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.
Тармақ 5. 5. Қызметтерді көрсету
5. Қызметтерді көрсету
Тармақ 5.1
5.1. Өнім берушінің қызметтерді көрсетуі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың 1-қосымшасында көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырылады.
Тармақ 5.2
5.2. Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға дәлме-дәл сәйкес қызмет көрсетуді толық тапсырған жағдайда қызмет көрсетілген болып есептеледі.
Тармақ 6. 6. Кепілдік
6. Кепілдік
Тармақ 6.1
6.1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге үздіксіз, сапалы және уақтылы қызмет көрсетуге кепілдік береді.
Тармақ 6.2
6.2. Өнім беруші Қызметтердің қателіктерін, кемшіліктерін және басқа да сәйкессіздіктерін техникалық ерекшелікке өтеусіз түзетуге кепілдік береді (Шарттың 2-қосымшасы).
Тармақ 6.3
6.3. Тапсырыс беруші осы кепілдікке байланысты барлық шағымдар туралы Өнім берушіні жазбаша түрде тез арада хабардар етуге міндетті, содан кейін Өнім беруші Тапсырыс беруші хабарламада айқындаған мерзімде осыған байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, кемшіліктерді өз есебінен жою бойынша шаралар қабылдауға тиіс.
Тармақ 6.4
6.4. Егер Өнім беруші хабарламаны алғаннан кейін кемшіліктерді жою бойынша тиісті шараларды уақтылы қабылдамаса, Тапсырыс беруші Өнім берушінің есебінен және Тапсырыс берушінің Өнім берушіге қатысты Шарт бойынша иеленуі мүмкін басқа да құқықтарына ешқандай нұқсан келтірмей, кемшіліктерді жою бойынша қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.
Тармақ 7. 7. Тараптардың жауапкершілігі
7. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 7.1
7.1. Тараптар осы Шарт шеңберінде өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда, барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тармақ 7.2
7.2. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында/дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорынның, заңды тұлғаның есеп айырысу шотында секвестр және/немесе ақшаның жеткіліксіздігі жағдайларын қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге өзіне тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1%-ы (нөл бүтін бір) мөлшерінде кешіктірілген төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10%-нан аспауы тиіс.
Тармақ 7.3
7.3. Қызметтерді көрсету мерзімі өткен жағдайда Тапсырыс беруші Өнім берушіден міндеттемелерді толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) ұстап қалады (өндіріп алады) не міндеттемелерді тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) ұстап қалады (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 15%-ынан аспауы тиіс.
Тармақ 7.4
7.4. Өнім беруші Қызметтерді көрсетуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Қызметтерді көрсету мерзімі аяқталған күннен бастап бір айдан астам мерзімге, бірақ Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталу мерзімінен кешіктірмей, Қызметтерді көрсетуді кешіктірген жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден кешіктірілген әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
Тармақ 7.5
7.5. Тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу Тараптарды осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
Тармақ 7.6
7.6. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша қызметтерді көрсету үшін қажетті құнның немесе мерзімнің төмендеуіне әкелсе, онда Шарттың сомасы немесе қызметтерді көрсету кестесі немесе екеуі де тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Өнім берушінің түзетулер жүргізу туралы барлық сұрау салулары Өнім беруші Тапсырыс берушіден түзетулер туралы өкімді алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Тармақ 7.7
7.7. Өнім берушінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық немесе ішінара біреуге беруіне жол берілмейді.
Тармақ 7.8
Тармақ 7.9
7.9. Тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген болса), сондай-ақ Өнім берушінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты оны бұзған жағдайда Өнім беруші енгізген соманы қайтармайды.
Тармақ 7.10
7.10. Тапсырыс беруші Шартты орындаудың енгізілген қамтамасыз етуін, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда (бар болса) қамтамасыз ету сомасын Өнім берушіге Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Өнім берушіге Шарттың қолданылу кезеңінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыру ұсынылған жағдайда қайтарады.
Тармақ 8. 8. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу шарттары
8. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу шарттары
Тармақ 8.1
8.1. Шарт оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және (______) жылға дейін қолданылады.
Тармақ 8.2
8.2. Келесі оқиғалар қызмет көрсету ұзақтығының мерзімін ұлғайту бөлігінде өзгертуге әкеп соғады:
Тармақша 1
1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға тыйым салады, бұл өз кезегінде қызмет көрсетуді кешіктіруге әкеп соғады;
Тармақша 2
2) Тапсырыс беруші Өнім берушіге Шартта жоспарланбаған сынақтарды жүргізу үшін қызмет көрсетуді тоқтату туралы нұсқау береді. Бұл ретте, егер сынақ деректері ақауларды анықтамаған жағдайда, онда қызметтерді көрсетуді тоқтату уақыты қызметтерді көрсету мерзіміне қосылады.
Тармақ 8.3
8.3. Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім беруші банкротқа ұшыраған немесе төлемге қабілетсіз болған жағдайда Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шарт талаптарын орындаудан біржақты бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарт талаптарын орындаудан бас тарту дереу жүзеге асырылады және Тапсырыс беруші Шарт талаптарын орындаудан бас тарту Тапсырыс берушіге кейіннен мәлімделген немесе мәлімделетін іс-әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды қолдануға қандай да бір құқықтарға нұқсан келтірмейтін немесе оларды қозғамайтын болса, Өнім берушіге қатысты қандай да бір қаржылық міндеттемелерді мойнына алмайды.
Тармақ 8.4
8.4. Шартты одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда тараптардың келісімі бойынша бұзуға болады.
Тармақ 8.5
8.5. Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты Шарт бұзылған кезде Өнім беруші Шарт бұзылған күнге Шартты бұзуға байланысты іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы төлеуді талап етуге құқылы.
Тармақ 8.6
8.6. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір басқа санкцияларға нұқсан келтірмей, Тапсырыс беруші осы Шарттың 7.4. тармағының талаптарын ескере отырып, Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады:
Тармақша 1
1) егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімдерде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде қызметтерді көрсете алмаса;
Тармақша 2
2) егер Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаса.
Тармақ 8.7
8.7. Келесі фактілердің бірі анықталған жағдайда шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) өнім беруші жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан бас тартқан жағдайда;
Тармақша 2
2) өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда;
Тармақша 3
3) алып тасталсын - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 05.06.2026 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақша 4
4) қайта ұйымдастыруды немесе жеке тұлға болып табылатын өнім берушінің қайтыс болуын қоспағанда, тапсырыс беруші немесе заңды тұлға болып табылатын өнім беруші таратылған не банкрот болған жағдайда;
Тармақша 5
5) өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін қажетті құқық қабілеттілігін жоғалтқан, өнім беруші қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) жағдайда;
Тармақша 6
6) шарт жасасуға негіз болған сатып алуға қатысты осы Заңның 7-бабында көзделген шектеулердің бұзылғаны анықталған жағдайда;
Тармақша 7
7) Әкімші осы Заңда көзделмеген сатып алуды жүзеге асыру кезінде өнім берушіге көмек көрсеткені анықталған жағдайда;
Тармақша 8
8) осы мақсатсыздық себептерін егжей-тегжейлі негіздеумен шартты одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда;
Тармақша 9
9) өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді, демпингке қарсы соманы) сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген мерзімдерде енгізбеген жағдайда, өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін өз міндеттемелерін орындаған жағдайды қоспағанда;
Тармақша 10
10) заңды күшіне енген, орындалуы шартты бұзуды талап ететін сот актісі бойынша.
Тармақ 9. 9. Хабарлама
9. Хабарлама
Тармақ 9.1
9.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама, төленген тапсырыс хатпен немесе телеграф, телекс, факс, телефакс арқылы веб-портал арқылы жіберіледі.
Тармақ 9.2
9.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енген күні (егер хабарламада көрсетілген болса) осы күндердің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
Тармақ 10. 10. Форс-мажор
10. Форс-мажор
Тармақ 10.1
10.1. Тараптар Шарттың талаптарын орындамауы форс-мажорлық жағдайлардың салдары болса, жауапты болмайды.
Тармақ 10.2
10.2. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуден айырылмайды және егер Шартты орындаудың кешігуі форс-мажорлық жағдайлардың салдары болса, оның талаптарын орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеу немесе Шартты бұзу үшін жауапты болмайды.
Тармақ 10.3
10.3. Шарттың мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауынан тыс және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді: әскери іс-қимыл, табиғи немесе зілзала және т.б.
Тармақ 10.4
10.4. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарламаны дереу жібереді. Егер Тапсырыс беруші басқа жазбаша нұсқаулар бермесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін ақылға қонымды дәрежеде орындауды жалғастырады және Шартты орындаудың форс-мажорлық жағдайларға тәуелді емес балама әдістерін іздейді.
Тармақ 11. 11. Даулы мәселелерді шешу
11. Даулы мәселелерді шешу
Тармақ 11.1
11.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер процесінде реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс.
Тармақ 11.2
11.2. Егер осында келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша туындаған дауларды реттей алмаса, Тараптардың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттелмеген мәселені шешуді талап ете алады.
Тармақ 12. 12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Тармақ 12.1
12.1. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Тараптар қандай да бір заңсыз артықшылықтар немесе өзге де заңсыз мақсаттар алу мақсатында осы тұлғалардың іс-әрекеттеріне немесе шешімдеріне ықпал ету үшін кез келген тұлғаларға тікелей немесе жанама түрде қандай да бір ақша қаражатын немесе құндылықтарды төлемейді, төлеуді ұсынбайды және төлеуге рұқсат бермейді.
Тармақ 12.2
12.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Тараптар пара беру/алу, коммерциялық пара беру сияқты осы Шарттың мақсаттары үшін қолданылатын заңнамамен сараланатын іс-әрекеттерді, сондай-ақ қолданылатын заңнаманың және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы халықаралық актілердің талаптарын бұзатын іс-әрекеттерді жүзеге асырмайды.
Тармақ 12.3
12.3. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптың өкілдерін қандай да бір жолмен, оның ішінде ақшалай сомаларды, сыйлықтарды ұсыну, олардың атына жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) өтеусіз орындау арқылы және қызметкерді белгілі бір тәуелділікке салатын және осы қызметкердің оны ынталандырушы тараптың пайдасына қандай да бір іс-әрекеттерді орындауын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тәсілдермен жүзеге асырудан бас тартады.
Тармақ 12.4
12.4. Тарапта қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шарттардың бұзылуы орын алды немесе орын алуы мүмкін деген күдік туындаған жағдайда тиісті Тарап екінші Тарапты жазбаша түрде хабардар етуге міндеттенеді.
Тармақ 12.5
12.5. Жазбаша хабарламада Тарап пара беру немесе алу, коммерциялық пара беру сияқты қолданыстағы заңнамамен сараланатын іс-әрекеттерде көрініс табатын контрагенттің осы шарттардың қандай да бір ережелерін бұзуы не болғанын немесе орын алуы мүмкін екенін растайтын немесе болжауға негіз беретін немесе материалдарды сондай-ақ қолданылатын заңнаманың және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы халықаралық актілердің талаптарын бұзатын іс-әрекеттер туралы фактілерге сілтеме жасауға міндетті.
Тармақ 12.6
12.6. Осы Шарттың Тараптары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуін қабылдайды және олардың сақталуын бақылайды. Бұл ретте Тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне тартылуы мүмкін контрагенттермен іскерлік қатынастардың тәуекелін азайту үшін ақылға қонымды күш-жігер жұмсайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бір-біріне өзара жәрдем көрсетеді. Тараптар сыбайлас жемқорлық қызметіне тараптарды тарту тәуекелдерін болғызбау мақсатында тексерулер жүргізу жөніндегі рәсімдердің іске асырылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Тармақ 13. 13. Өзге де талаптар
13. Өзге де талаптар
Тармақ 13.1
13.1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленеді.
Тармақ 13.2
13.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарттың нысанында жасалады.
Тармақ 13.3
13.3. Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, өнім берушіні таңдау үшін негіз болған сапа және өзге де талаптардың өзгермейтіндігін ескере отырып, жасалған Шартқа өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Тармақ 13.4
13.4. Қайта ұйымдастыру кезінде құқық мирасқорлығын қоспағанда, Тараптардың бірінің Шарт бойынша міндеттерді беруіне жол берілмейді.
Тармақ 13.5
13.5. Шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған, электрондық сатып алу платформасы арқылы жасалған.
Тармақ 13.6
13.6. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
Тармақ 14. 14. Тараптар деректемелері
14. Тараптар деректемелері
Тапсырыс беруші
<Тапсырыс берушінің
толық атауы >
<Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы >
БСН <Тапсырыс берушінің БСН>
БСК < Тапсырыс беруші толтырады>
ИИК < Тапсырыс беруші толтырады >
Банк атауы
<Тапсырыс беруші толтырады>
Тел.: <Тапсырыс беруші телефоны>
<Тапсырыс беруші лауазымы>
<Тапсырыс беруші аты- жөні (болған жағдайда)>:
Мердігер
(Ақшалай талапты (факторингті) басқаға
беру бойынша өнім беруші қаржыландыру
шартын жасаған кезде қаражатты алушы
<Өнім берушінің толық атауы>
<Өнім берушінің толық заңды мекенжайы>
БСН/ЖСН/СТЕН < Өнім берушінің БСН/ЖСН/ СТЕН>
БСК <Өнім беруші толтырады>
ЖСК <Өнім беруші толтырады >
Бану атауы <Өнім беруші толтырады >
Тел.: <Өнім беруші телефоны>
<Өнім беруші лауазымы>
<Өнім беруші аты-жөні (болған жағдайда)>
Ескерту: банктік деректемелерді Тапсырс беруші және Өнім беруші толтырады және осы Шарттың Тараптары үшін қол жетімді
Қысқартылған сөздер:
БСН – бизнес-сейкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
СТСН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
СТЕН – салық төлеушінің есептік нөмірі;
ҚҚС – қосымша құн салығы;
Басқа 7. Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу Қағидаларына
7-қосымша
Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты
______________ қаласы ____ сериясы № ____ 20__ жылғы «____» ____
____________________________________________________________________,
(сақтандыру ұйымының атауы)
______________________________________________________________атынан,
(лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
(бұдан әрі – уәкілетті тұлғаның Т. А. Ә. (бар болса)
____________________________________________________________________
негізінде әрекет ететін, (жарғы, ережелер немесе сенімхаттар)
«жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін
жүзеге асыру құқығына лицензиялар» № __________ бастап «___» ___________
20___ жыл, және одан әрі «Сақтандырушы» деп аталатын осы Шартты сақтандыру
қағидаларын (бұдан әрі – сақтандыру қағидалары) бір тараптан және
________________________________________________________________,
(Жеке тұлғаның Т. А. Ә. (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды
тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________________атынан,
(лауазымы, Т. А. Ә. (бар болса)
__________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(жарғы, лицензия немесе сенімхат)
бұдан әрі «Сақтанушы «деп аталатын екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында осы сақтандыру шартын төмендегілер туралы жасасты/ авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз ету (егер сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда) «___» ______ 20___ жыл № _________ (бұдан әрі-Шарт).
Тарау 1. 1-тарау. Осы Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-тарау. Осы Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) пайда алушы - осы Шартқа сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
Тармақша 2
2) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Шарт пайдасына жасалған тұлғаға (пайда алушыға) осы шартта айқындалған шекте сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға Сомасы (сақтандыру сомасы) шартымен;
Тармақша 3
3) Сақтанушы – сақтандырушымен осы Шартты жасасқан тұлға;
Тармақша 4
4) сақтандыру жағдайы - пайда алушының мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі;
Тармақша 5
5) сақтандыру объектісі - жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт бойынша оның міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау нәтижесінде пайда алушыға келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетіне байланысты сақтанушының мүліктік мүддесі;
Тармақша 6
6) сақтандыру сомасы-сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
Тармақша 7
7) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға пайда алушыға осы шартта айқындалған мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы;
Тармақша 8
8) сақтандыру төлемі – сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы.
Тарау 2. 2-тарау. Шарттың Мәні
2-тарау. Шарттың Мәні
Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру төлемін сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Шартта көзделген көлемде және шарттарда жүзеге асыруға міндеттенеді.
Тарау 3. 3-тарау. Пайда алушы
3-тарау. Пайда алушы
Осы Шарт бойынша пайда алушы болып табылады
____________________________________________________________________
(Тапсырыс берушінің атауы)
____________________________________________________________________
(заңды мекенжайы)
____________________________________________________________________
(Тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Тарау 4. 4-тарау. Сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
4-тарау. Сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
Тармақ 4.1
4.1. Осы Шарт бойынша сақтандыру сомасы _________ (__________________________) (сомасы жазбаша) теңге (туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу сомасы авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз ету (егер сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда).
Тармақ 4.2
4.2. Осы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы _________ (____________________) теңгені құрайды және «___» ______ 20__ жылға дейін толық көлемде біржолғы төлеммен Сақтандырушыға төленуге жатады.
Тармақ 4.3
4.3. Осы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын сақтанушы осы Шартта көрсетілген сақтандырушының банктік шотына ақша аудару жолымен қолма-қол ақшасыз төлеммен төлеуге тиіс.
Тарау 5. 5-тарау. Сақтандыру жағдайы
5-тарау. Сақтандыру жағдайы
Тармақ 5.1
5.1. Осы Шарт бойынша сақтандыру жағдайы пайда алушының мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі болып табылады.
Тармақ 5.2
5.2. Сақтандыру жағдайының басталғанын растайтын құжат – Сақтандырушының атына жіберілген Пайда алушының жазбаша хабарламасы және оған қоса берілетін мына құжаттардың көшірмелері:
Тармақша 1
1) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттың көшірмелері;
Тармақша 2
2) сақтанушыға жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы жіберілген хабарламалар, талаптар, наразылықтар, ескертулер;
Тармақша 3
3) егер бар болса сақтанушы мен пайда алушы қол қойған, тауарды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау-беру актілерінің көшірмелері;
Тармақша 4
4) қабылданған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар бойынша салыстыру актілерінің көшірмесі;
Тармақша 5
5) тіркелген және сақтандыру жағдайының басталу фактісін және болған жағдайда келтірілген залал сомасын растайтын құжаттар.
Тармақ 5.3
5.3. Сақтандыру жағдайын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемін заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Тарау 6. 6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 6.1
6.1. Сақтанушы құқылы:
Тармақша 1
1) сақтандырушыдан осы Шарт бойынша сақтандыру ережелерін, сақтандыру шарттарын, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
Тармақша 2
2) сақтандыру шарты жоғалған жағдайда оның телнұсқасын алуға құқылы;
Тармақша 3
3) осы Шартта көзделген негіздерде шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
Тармақ 6.2
6.2. Сақтанушы міндетті:
Тармақша 1
1) осы Шартты жасасу кезінде сақтандырушыға ұсынылған мәліметтерді растайтын қажетті мәліметтер мен құжаттарды (Сақтандырушының талабы бойынша) ұсынуға міндетті;
Тармақша 2
2) осы Шартты жасасу кезінде сақтандырушыға өзіне белгілі барлық мән-жайлар туралы, сақтандыру тәуекелін бағалау үшін хабарлауға міндетті;
Тармақша 3
3) сақтандыру сыйлықақысын осы Шарттың 4.2-тармақта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде төлеуге міндетті;
Тармақша 4
4) сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы Сақтандырушыға дереу, бірақ кез келген жағдайда 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлау;
Тармақша 5
5) сақтандыру тәуекелінің ұлғаюы туралы Сақтандырушыға дереу хабарлау;
Тармақша 6
6) сақтандыру жағдайының себептерін, барысы мен салдарын анықтау үшін шаралар, сондай-ақ сақтандыру жағдайынан шығынды азайту жөніндегі шаралар қабылдауға;
Тармақша 7
7) сақтандыру жағдайы бойынша қолда бар ақпаратты хабарлауға және сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеуде сақтандырушыға қажетті көмек көрсетуге міндетті;
Тармақша 8
8) сақтандырушыға оның талабы бойынша үшінші тұлғалармен сотқа дейінгі немесе сот тәртібімен дауларды реттеу кезінде Сақтанушының өкілеттігін беруге;
Тармақша 9
9) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап ету құқығын сақтандырушыға көшуді қамтамасыз етуге міндетті;
Тармақша 10
10) сақтандыру жағдайы басталған кезде 2 (екі) жұмыс күні ішінде сақтандырушыға осы Шарттың 5.2-тармақта көзделген құжаттарды ұсынуға міндетті;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сақтандырушыға өзі жүзеге асырған сақтандыру төлемін ол жүзеге асырылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде толық көлемде өтеуге міндетті. Сақтандырушыға сақтандыру төлемінің сомасы және сақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты шығыстар уақтылы өтелмеген жағдайда, сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру төлемі ____ (__________________) мөлшерінде әрбір кешіктірілген күн үшін өтелуге жататын соманың пайызын жазып тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті
Тармақша 12
12) осы Шарт жасалған кезде және қолданылу кезеңінде сақтандырушыға өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың барлық қолданыстағы немесе жасалатын шарттары туралы хабарлауға міндетті.
Тармақ 6.3
6.3. Сақтандырушы құқылы:
Тармақша 1
1) Сақтанушы ұсынған мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ сақтанушының осы Шарттың талаптары мен талаптарын орындауын тексеруге;
Тармақша 2
2) сақтанушыдан сақтандыру жағдайының туындау ықтималдығын және ықтимал залалдың (сақтандыру тәуекелінің) мөлшерін айқындау үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді және сақтандыру тәуекелін бағалауды алуға құқылы;
Тармақша 3
3) осы Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру сыйлықақысын алуға құқылы;
Тармақша 4
4) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлама және оның Құжаттамалық растамасын алуға құқылы;
Тармақша 5
5) сақтанушыдан өкілеттік алған кезде үшінші тұлғалармен сотқа дейінгі немесе сот тәртібімен дауларды реттеу кезінде Сақтанушының атынан сот органдарында сөз сөйлеуге;
Тармақша 6
6) осы Шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге міндетті;
Тармақша 7
7) сақтандыру төлемі жүзеге асырылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтанушыға қойылатын талаптардың мөлшеріне дау айтуға құқылы;
Тармақша 8
8) сақтандыру төлемі жүзеге асырылғаннан кейін осы Шарттың 6.2-тармағының 11) тармақшасында және 8.1-тармақта көрсетілген жағдайларда сақтанушыға кері талап қою құқығын ұсыну не сақтандыру жағдайының басталуына жауапты өзге адамға беріледі.
Тармақша 9
9) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретіне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және пайда алушыға келтірілген залалдың мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға құқылы.
Тармақ 6.4
6.4. Сақтандырушы міндетті:
Тармақша 1
1) Сақтанушыны сақтандыру ережелерімен, сақтандыру шарттарымен, оның осы Шарт бойынша құқықтары мен міндеттерімен таныстыруға;
Тармақша 2
2) Сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуы туралы өтінішін уақтылы қабылдауға;
Тармақша 3
3) Сақтанушы сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, Пайда алушының талабын осы Шарттың 5.2-тармағында көрсетілген құжаттар алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін жүргізу арқылы орындау;
Тармақша 4
4) сақтандыру құпиясын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) Сақтанушыға сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды азайту үшін жұмсаған шығыстарын өтеуге міндетті;
Тармақша 6
6) Сақтанушы не оның өкілі барлық қажетті құжаттарды ұсынбаған жағдайларда, дереу, бірақ 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей оларды жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 6.5
6.5. Пайда алушы сақтандыру төлемін осы Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде алуға құқылы.
Тармақ 6.6
6.6. Пайда алушы Сақтанушы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда сақтандырушыға сақтандыру төлемдерін төлеу туралы талап жібереді.
Тармақ 6.7
6.7. Сақтанушының, Cақтандырушының және Пайда алушының Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Шартта көзделген құқықтары мен міндеттері болады.
Тарау 7. 7-тарау. Сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау және оны жүзеге асыру тәртібі
7-тарау. Сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау және оны жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 7.1
7.1. Сақтандыру жағдайының басталу фактісі пайда алушының төлем деректемелерін, сондай-ақ осы Шарттың 5.2-тармақта көрсетілген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, пайда алушы жазбаша нысанда жіберген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді Сақтанушының орындамауы не тиісінше орындамауы туралы талап негізінде белгіленеді.
Тармақ 7.2
7.2. Сақтандыру төлемі осы Шартта белгіленген сақтандыру сомасы шегінде жүзеге асырылады және одан аспауға тиіс.
Тармақ 7.3
7.3. Егер сақтандыру жағдайы осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде болған болса, сақтандыру төлемі жүргізіледі.
Тарау 8. 8-тарау. Сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға кері талап қою құқығы
8-тарау. Сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға кері талап қою құқығы
Тармақ 8.1
8.1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының жүзеге асырылған сақтандыру сомасы шегінде сақтанушыға кері талап қоюға құқығы бар.
Тармақ 8.2
8.2. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде сақтанушының сақтандыру нәтижесінде сақтандырушы өтеген залалдар үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы өтеді.
Тармақ 8.3
8.3. Сақтанушы Пайда алушы сақтандыру төлемін алған кезде Сақтандырушыға барлық құжаттар мен дәлелдемелерді беруге және оған Сақтандырушының өзіне Өткен талап ету құқығын жүзеге асыруы үшін қажетті барлық мәліметтерді хабарлауға міндетті.
Тарау 9. 9-тарау. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздері
9-тарау. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздері
Тармақ 9.1
9.1. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін негіз болуы мүмкін:
Тармақша 1
1) Пайда алушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамнан залалдың тиісті өтемін алуы;
Тармақша 2
2) Сақтандырушының сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы;
Тармақша 3
3) Азаматтық кодекстің 839-бабының 2-тармағында көзделген негіздер.
Тармақ 9.2
9.2. Сақтандыру моральдық зиянды, жоғалған пайданы, шығындарды, айыппұлдарды, тұрақсыздық айыбын, Пайда алушының/Сақтанушының өсімпұлын қамтымайды.
Тарау 10. 10-тарау. Тараптардың жауапкершілігі және еңсерілмейтін күш жағдайлары
10-тарау. Тараптардың жауапкершілігі және еңсерілмейтін күш жағдайлары
Тармақ 10.1
10.1. Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.
Тармақ 10.2
10.2. Егер тиісті орындау еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан мүмкін болмаса, шарт тараптары осы Шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 10.3
10.3. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары Тараптар болжай алмайтын және осы Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен Төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлар, оның ішінде дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай және өзге де осындай мән-жайлар болып табылады.
Мұндай жағдайларға, атап айтқанда, нарықта орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің болмауы жатпайды.
Тармақ 10.4
10.4. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары тоқтатылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде оған тартылған Тарап екінші Тарапты еңсерілмейтін күш мән-жайларының тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етуге және өз міндеттемелерінің орындалуын қайта бастауға тиіс.
Тармақ 10.5
10.5. Тиісінше хабарламау Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда аталған кез келген мән-жайға сілтеме жасау құқығынан айырады.
Тармақ 10.6
10.6. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының күші тиісті құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарымен расталуға тиіс.
Тарау 11. 11-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
11-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 11.1
11.1. Осы шарт Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады және өнім беруші жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады, атап айтқанда «___» ______ 20__ ж. (сатып алу туралы шарттың аяқталу күні).
Тармақ 11.2
11.2. Сақтандыру қорғаудың қолданылу мерзімі шарттың қолданылу мерзіміне сәйкес келеді.
Тармақ 11.3
11.3. Осы Шарттың қолданылу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып табылады.
Тарау 12. 12-тарау. Шарт талаптарын өзгерту
12-тарау. Шарт талаптарын өзгерту
Шарт талаптарын өзгерту Сақтанушы мен Сақтандырушының өзара келісімі бойынша Пайда алушының жазбаша келісімімен жүзеге асырылады және Тараптардың бірінің өтініші негізінде, екінші Тарап өтінішті (Пайда алушы келісімімен қоса) алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, осы Шартқа қосымша келісіммен рәсімделеді.
Тарау 13. 13-тарау. Шартты тоқтату және мерзімінен бұрын бұзу
13-тарау. Шартты тоқтату және мерзімінен бұрын бұзу
Тармақ 13.1
13.1. Осы Шарт мынадай жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі:
Тармақша 1
1) Шарттың қолданылу мерзімі өткен кезде;
Тармақша 2
2) Азаматтық кодекстің 841-бабына сәйкес осы Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылғанда;
Тармақша 3
3) Сақтандырушының осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде орын алған сақтандыру жағдайы бойынша осы Шартта белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруы.
Тармақ 13.2
13.2. Егер осы Шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылуы Сақтандырушының кінәсінен оның талаптарының орындалмауынан не Сақтандырушының осы шартты орындай алмауынан туындаған жағдайларда, соңғысы өзі төлеген сақтандыру сыйлықақысын сақтанушыға толығымен қайтаруға міндетті.
Тармақ 13.3
13.3. Осы Шарттың 13.1-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша осы Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде, Сақтандырушының қайтарылуға жататын сыйлықақы сомасының __ (__) проценті мөлшерінде әкімшілік шығыстарды шегергендегі сақтандыру қолданылған уақытқа барабар сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігіне құқығы бар.
Тармақ 13.4
13.4. Осы Шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылуы Сақтанушының оның талаптарын орындамауынан туындаған жағдайларда төленген сақтандыру сыйлықақысы қайтарылуға жатпайды.
Тармақ 13.5
13.5. Осы Шарттың тоқтатылуы Сақтандырушыны кейіннен осы Шарттың қолданылу кезеңінде болған сақтандыру жағдайлары деп танылған сақтандыру жағдайлары бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндеттен босатпайды. Сақтандыру төлемін қолданылу кезеңінде сақтандыру жағдайы орын алған осы Шартты жасасқан сақтандырушы жүзеге асырады.
Пайда алушының мұндай талаптары Сақтандырушының атына осы Шарттың қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 (үш) жылдан кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
Тарау 14. 14-тарау. Дауларды шешу тәртібі
14-тарау. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 14.1
14.1. Осы Шарттың ережелерімен реттелмеген Тараптардың өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттеледі.
Тармақ 14.2
14.2. Осы Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
Тармақ 14.3
14.3. Тараптар келісімге қол жеткізбеген келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
Тарау 15. 15-тарау. Қорытынды ережелер
15-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 15.1
15.1. Осы шартқа қосымшалар, өзгерістер мен толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады және олар жазбаша нысанда жасалған және екі тарап қол қойған жағдайда ғана заңды күшіне ие болады.
Тармақ 15.2
15.2. Тараптар «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, оның ішінде қажетті құжаттарды, мәліметтерді, куәліктерді ұсыну жолымен орындайды.
Тармақ 15.3
15.3. Осы Шарттың талаптарында көзделмеген қалған өзара қатынастар Азаматтық кодекспен реттеледі.
Тармақ 15.4
15.4. Шарт қазақ және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалды: Тараптардың әрқайсысына – бір-бірден және бір данасы – Пайда алушыға.
Тармақ 15.5
15.5. Тараптардың ешқайсысы осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттемелерін екінші Тараптың және пайда алушының жазбаша келісімінсіз үшінші Тарапқа беруге құқылы емес.
Тармақ 15.6
15.6. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір-біріне берілетін ақпараттың және қол жеткізілген уағдаластықтардың құпиялылығын сақтауға міндеттенеді.
Тарау 16. 16 тарау. Тараптардың Деректемелері:
16 тарау. Тараптардың Деректемелері:
«Сақтандырушы»
«Сақтанушы»
Атауы: _______________
Атауы: _______________
Мекенжайы: _______________
Мекенжайы: _______________
БСН _______________
ЖСН/БСН _______________
ЖСК _______________
ЖСК _______________
БСК _______________
Резидент___/
Резидент емес ___
(елді көрсету)
Экономикалық қызмет түрі
__________________________
Экономика секторының коды
__________________________
__________________________
(Т. А. Ә. (бар болса), қолы)
БСК _______________
Резидент___/
Резидент емес ___
(елді көрсету)
Экономикалық қызмет түрі
__________________________
Экономика секторының коды
__________________________
__________________________
(Т. А. Ә. (бар болса), қолы)
Басқа 8. Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің елішілік құндылығы туралы есеп
Энергетикалық және коммуналдық
секторларды жаңғырту жөніндегі
ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді
сатып алуды жүзеге асыру, жобалар
мен өнім берушілерді іріктеу,
шарттар жасасу қағидаларына
8-қосымша
Жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің елішілік құндылығы туралы есеп
Шарт
№ (m)
Шарт құны (СДj) KZT
Шарт шеңберінде тауарлар
дың
жиынтық құны (СТj) KZT
Шарт шеңберінде қосалқы мердігерлік шарттары
ның
жиынтық құны
(ССДj)
KZT
j-шартын орындайтын қазақстандық кадрлардың еңбегіне ақы төлеу қорының үлесі (Rj) %
Тауар № (n)
Шартты орындау мақсатында өнім берушісатып алған тауарлар саны
Тауар бағасы KZT
Құны (CTi) KZT
Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінен үзінді көшірмеге сәйкес елішілік құндылық үлесі (Мi) %
Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінен үзінді көшірме
Шығарылған елі
Нөмірі
Берілген күні
1
1
2
2
m
n
ЖИЫНЫ
Жүктеу
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және қолданыс мерзімі 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін өзгертілген келісімшарттар шеңберінде сатып алынатын жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарттағы елішілік құндылықты (бұдан әрі – ж/қЕІҚ) есептеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығымен бекітілген Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде елішілік құндылықты есептеуінің бірыңғай әдістемесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16942 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бірыңғай әдістеме) 6-тармағына сәйкес мына формула бойынша жүргізіледі:
мұндағы:
m – тапсырыс беруші мен өнім беруші арасындағы шартты, өнім беруші мен қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған j-шарттардың жалпы саны;
j – жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттың реттік нөмірі;
ШҚj – j-шартының құны;
ТҚj – j-шартын орындау мақсатында өнім беруші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауарлардың жиынтық құны;
ШЖҚj – j-шартын орындау мақсатында жасалған қосалқы мердігерлік (бірлесіп орындаушы) шарттардың жиынтық құны;
Rj – j-шартын орындайтын өнім беруші немесе қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі;
n – j-шартын орындау мақсатында өнім беруші немесе қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушы) сатып алатын тауарлар атауының жалпы саны;
i – j-шартын орындау мақсатында өнім беруші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауардың реттік нөмірі;
ТҚi – i-тауардың құны;
Жi – «Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 327 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36717 болып тіркелген) сәйкес белгіленген тәртіппен берілген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінен үзінді көшірмеде көрсетілген тауардағы елішілік құндылық үлесі;
Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінен үзінді көшірме болмаған кезде Жi = 0;
S – шарттың жалпы құны.
Rj – j-шартын орындайтын өнім берушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі, Бірыңғай әдістеменің 7-тармағына сәйкес мына формула бойынша есептеледі:
Rj = ҚРЕТҚ/ЕЖҚ
мұндағы:
ҚРЕТҚ – j-шартының қолдану кезеңінде j-шартын орындайтын өнім берушінің немесе қосалқы мердігердің қазақстандық кадрларының еңбекақысын төлеу қоры;
ЕЖҚ – j-шартының қолдану кезеңінде j-шартын орындайтын өнім берушінің немесе қосалқы мердігердің жұмыскерлерінің еңбекақысын төлеудің жалпы қоры.
Заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) өнім берушілер немесе қосалқы мердігерлер болып табылмайды. Егер j-шартының тарапы заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) болған жағдайда, Rj коэффициентін есептеу кезінде мұндай заңды тұлғаның қызметкерлерінің жалпы саны көрсетіледі.
Шартта елішілік құндылықтың үлесі (%): ____________________________ М.О.
Басшының тегі, аты, әкесінің аты, қолы
**ж/қЕІҚ = __________
** шарттағы елішілік құндылықтың қорытынды үлесі жүзінші үлеске дейін цифрлық форматта (0,00) көрсетіледі
__________________________________
Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефоны_____________
1 Бұл тармақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің сатып алуын қоспағанда, мемлекеттік мекемелер үшін көрсетіледі. Көрсеткіштер әрбір ерекшелік бойынша әр жылға бөлек көрсетіледі.
2 Егер шарт бойынша аванс көзделген болса, осы абзац көрсетіледі.
3 Егер шарт бойынша аванс көзделмесе, осы абзац көрсетіледі.
4 Бұл мәтін қазынашылық сүйемелдеу шеңберіндегі шарттарды қоспағанда, сатып алудың барлық тәсілі үшін талаптар орындалған кезде көрсетіледі.
5 Өнім берушіні құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау бойынша "Мердігер" ретінде таңдау кезінде 2-В нысаны бойынша орындалған жұмыстардың актісі көрсетіледі.