Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из городского бюджета Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Павлодар қаласы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Павлодар қаласының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары
Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «__» _________ № _____ қаулысына қосымша Павлодар қаласының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасы негізінде әзірленді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы - жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
Тарау 2. 2 тарау. Павлодар қаласының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
2 тарау. Павлодар қаласының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
Тармақ 3
3. Ынталандырушы үстемеақылар қызметкерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
Тармақ 4
4. Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
Тармақ 5
5. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлерге төленетін сыйлықақыларды, қосымша ақыларды, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қызмет көрсету аймағын кеңейткені, үстеме және басқа жұмыстар үшін үстемеақыларды тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
Тармақ 6
6. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Ынталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
Тармақ 8
8. Ынталандырушы үстемеақылар:
Тармақша 1
1) қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде;
Тармақша 2
2) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
Тармақша 3
3) ұйымда бір айдан аз жұмыс істеген қызметкерлерге;
Тармақша 4
4) лауазымның тиісті санатының функцияларын уақытша атқарған жағдайда;
Тармақша 5
5) қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;
Тармақша 6
6) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
Тармақша 7
7) оқу демалысы кезеңінде;
Тармақша 8
8) жүктілікке және бала (балалар) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;
Тармақша 9
9) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде төленбейді.
Тармақ 9
9. Павлодар қаласының бюджеті бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысына ынталандырушы үстемеақылар төлемдерін қаржыландыру көзі болып табылады.
Тармақ 10
10. Қала бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақыларды төлеу үшін жиынтық қажеттілік Павлодар қалалық мәслихатының шешімі бойынша белгіленеді.
Тармақ 11
11. Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге бюджет қаражаты әрбір қаржы жылында ұйымның қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) көзделуі тиіс.
Тарау 3. 3-тарау. Павлодар қаласының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
3-тарау. Павлодар қаласының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
Тармақ 12
12. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ынталандырушы үстемеақыларды төлеу бойынша есептерді ұсынумен қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жолдайды.
Тармақ 13
13. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес ынталандырушы үстемеақылар төлеуге қаражаттың қосымша қажеттілігін қалалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
Тармақ 14
14. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақыларға бюджет қаражатын бөлу кезінде ұйым басшысы құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынуы (бұдан әрі – Ұсыну) негізінде қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы бұйрық шығарады. Ұйымның басшысы Ұсынуды қарау нәтижесінде оны тіркеген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келіседі не лауазымдық айлықақыға ынталандырушы үстемеақыны белгілеуден бас тарту себептерін негіздеумен тіркеген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде бас тартады. Қызметкер шешім қабылданғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде бас тарту туралы хабардар етіледі.
Тармақ 15
15. Ұсынуда:
Тармақша 1
1) қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты;
Тармақша 2
2) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
Тармақша 3
3) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелері;
Тармақша 4
4) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды, күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;
Тармақша 5
5) ұйымның одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;
Тармақша 6
6) тәртіптік жазаның болмауы туралы мәлімет;
Тармақша 7
7) ынталандырушы үстемеақының мөлшері көрсетіледі.
Тармақ 16
16. 8-тармақта көрсетілген шарттар қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Басқа 41. Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Коммунсервис» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар
Павлодар қаласының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарына қосымша Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Коммунсервис» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Р/с № Лауазымдардың толық жазылуы Лауазымдық айлықақыға үстемеақы, % 1 2 3 1 Директор 80 2 Бас бухгалтер 80 3 Директордың орынбасары 80 4 Бухгалтер 80 5 Бухгалтер 80 6 Бухгалтер 80 7 Бухгалтер 80 8 Кадрлар жөніндегі инспектор 80 9 Заңгер 80 10 Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман 80 11 Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман 80 12 Сметашы 80 13 Іс жүргізу жөніндегі инспектор, сметашы 50 14 Компьютерлік техника операторы 50 15 Басшының хатшысы 50 16 Шаруашылық меңгерушісі 50 17 Қызметтік және өндірістік үй-жайларды тазалаушы 50 18 Аула тазалаушы 40 19 Күзетші 40 20 Қойма меңгерушісі 100 21 Инженер 100 22 Еңбек қауіпсіздігі және қорғау жөніндегі инженер 100 23 Биодәретханаларды тазалаушы 50 24 Шаруашылық бөлімшесінің меңгерушісі 100 25 Шаруашылық бөлімшесінің меңгерушісі 100 26 Шаруашылық бөлімшесінің меңгерушісі 100 27 Электрик 100 28 Электрик 100 29 Слесарь - сантехник 100 30 Слесарь - сантехник 100 31 Электр-газбен дәнекерлеуші 100 32 Шаруашылық бөлімшесінің меңгерушісі 100 33 Жүргізуші 100 34 Жүргізуші 100 35 Шаруашылық бөлімшесінің меңгерушісі 100 36 Машинист 30 37 Машинист 30