Об утверждении Правил внесения поступлений за предоставление услуг междугородной и международной телефонной связи в республиканский бюджет Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн ұсынғаны үшін республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердi енгiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн ұсынғаны үшiн республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердi енгізу ережесi бекiтілсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Басқа 0. Қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн ұсынғаны үшін республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердi енгiзу ережесi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы N 1031 қаулысымен бекiтiлген Қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн ұсынғаны үшін республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердi енгiзу ережесi
Тармақ 1
1. Осы Ереже қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн ұсынғаны үшiн республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердi (бұдан әрi - түсiмдер) енгiзу тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн ұсыну құқығы (бұдан әрi - құқық) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен байланыс саласындағы уәкiлеттi орган берген рұқсат беру құжаттарымен куәландырылады.
Тармақ 3
3. Түсiмдердi ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнде қалааралық және халықаралық телефон байланысын ұсыну құқығы үшiн қалааралық және халықаралық байланыс операторлары болып табылатын (бұдан әрi - байланыс операторы) жеке және заңды тұлғалар енгiзедi.
Тармақ 4
4. Байланыс саласындағы уәкілетті орган байланыс операторына рұқсат беру құжатын алған немесе оның қолданыстағы рұқсат беру құжатына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген сәттен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде өздерi белгілеген нысан бойынша түсiмдер сомасын, енгiзу мерзiмдерiн көрсете отырып, хабарлама жазады және оны байланыс операторына, ал көшiрмесiн - оның орналасқан жерi бойынша салық органдарына жiбередi.
Тармақ 5
5. Түсiмдер мөлшерi байланыс саласындағы уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiлген Қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерiн ұсынғаны үшiн түсетін түсімдер мөлшерiн есептеу әдiстемесiне сәйкес айқындалады.
Тармақ 6
6. Түсiмдер байланыс операторының орналасқан жерi бойынша республикалық бюджетке Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың 201305 кодына ағымдағы жылдың 20 қарашасынан және 20 желтоқсанынан кешiктiрмейтiн мерзiмде енгiзiледi.
Тармақ 7
7. Түсiмдердiң республикалық бюджетке уақтылы енгiзiлуiн бақылауды байланыс саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.