О переименовании государственного учреждения "Республиканская казахская средняя музыкальная школа-интернат имени А. Жубанова"»Министерства образования и науки Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесiн қайта атау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң "А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгінiң "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесі болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсін:
Тармақша 1
1)
Тармақша 2
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысында : көрсетілген қаулыға 196-қосымшада : "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде: 7-бағандағы "A. Жұбанов атындағы музыкалық қазақ орта мектеп-интернаты" деген сөздер "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3)
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.