Об утверждении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар атқарылуы тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың тізбесі мен түрлері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.
Тармақ 3
3. «Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен әкімшілік жазаға тартылған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдансын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қоғамдық жұмыстардың тізбесі мен түрлері
Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «__» __________ №__________ қаулысына 1-қосымша Қоғамдық жұмыстардың тізбесі мен түрлері № р/с Қоғамдық жұмыстардың түрлері 1 Аумақтарды, көшелерді, алаңдарды, спорт, балалар алаңдарын және автобус аялдамаларын абаттандыру, тазалау 2 Жол техникасына қол жетпейтін жерлерде жол жабындарын тазалау 3 Тротуарлар мен өту жолдарын абаттандыру кезіндегі қосалқы жұмыстар 4 Элементтерді бояу, жолдарды абаттандыру 5 Ағаштардың, бұталардың және гүл көшеттерінің көшеттерін көгалдандыру, отырғызу және жұлу 6 Ағаштар мен бұталарды кесу, бұтақтарды кесу 7 Қаланың кәсiпорындары мен ұйымдарындағы қосалқы жұмыстар 8 Арнайы кәсіптік даярлауды талап етпейтін басқа да жұмыс түрлері
Басқа 2. Қоғамдық жұмыстардың орындалуға тиісті ұйымдардың тізбесі
Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «__» __________ №_________ қаулысына 2-қосымша Қоғамдық жұмыстардың орындалуға тиісті ұйымдардың тізбесі № р/с Ұйымның атауы 1 «ARB-СпецМонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 «Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы «Степногорск-водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны