Об утверждении типовой формы договора на осуществление садковой хозяйственной деятельности на участках рыбохозяйственных водоемов международного и (или) республиканского значения для реализации проекта Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттың үлгілік нысаны (бұдан әрі – Шарттың үлгілік нысаны) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Мыналар бойынша белгіленсін: Шартты үлгілік нысанының 4-тармағының 6) тармақшасы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады: «6) табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген төлемақыны енгізуге;»; Шартты үлгілік нысанының 4-тармағының 17) тармақшасы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады: «17) осы Шартты және аквашаруашылық субектісін дамыту жоспарын орындауға, сондай-ақ осы Шарттың және аквашаруашылық субектісін дамыту жоспарының орындалуы туралы ақпаратты аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесі арқылы Заңның 14-бабы 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес беруге;».
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Шарттың үлгілік нысанының 4-тармағы 13) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттың үлгілік нысаны
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 312 бұйрығымен бекітілген Жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттың үлгілік нысаны _________________ 20 __ жылғы «___» ___________ (елді мекен) Бұдан әрі «Аумақтық бөлімше» деп аталатын, «______________________ ________________________________________________________________________________________» (аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің атауы) республикалық мемлекеттік мекемесі атынан __________________________________ негізінде әрекет ететін _______________________ бір тараптан және бұдан әрі «Аквашаруашылық субъектісі» деп аталатын ________________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) атынан ________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________________________________________ екінші тараптан, бірге «Тараптар» деп аталып, аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосының жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру туралы 20___ жылғы «___» __________ № _________ шешімі негізінде осы Жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шартты (бұдан әрі – Шарт) төмендегілер туралы жасасты:
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың нысанасы
1-тарау. Шарттың нысанасы
Тармақ 1
1. Аумақтық бөлімше Аквашаруашылық субъектісіне _________________ ____________________________________________________________________________________ (жобаның атауы) жобасын іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру құқығын береді.
Тарау 2. 2-тарау. Тараптардың құқықтары
2-тарау. Тараптардың құқықтары
Тармақ 2
2. Аквашаруашылық субъектісі «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес:
Тармақша 1
1) аквашаруашылыққа арналған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды, балық өсіру тоғанын, балық өсіру бассейнін және өсірілген аквашаруашылық объектілерін, оның ішінде олардан алынған өнімді меншіктенуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда аквашаруашылық мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, инженерлік коммуникациялар тартуды қоса алғанда, су қорғау белдеуінде балық өсіру объектілерін, балық өсіру тоғандарын салуға және пайдалануға, балық өсіру бассейндерін орналастыруға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің меншік иелерінен және (немесе) жер пайдаланушылардан сервитут беруді талап етуге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес арнайы су пайдалануға, оның ішінде ұңғымаларды (құдықтарды) бұрғылауға;
Тармақша 6
6) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес ұсынылатын аквашаруашылықты мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға;
Тармақша 7
7) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінен мәліметтерді алуға және пайдалануға;
Тармақша 8
8) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесіне өтеусіз қол жеткізуге;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аквашаруашылыққа арналған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды, балық өсіру тоғандарын салуға және пайдалануға, балық өсіру бассейндерін орналастыруға;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасына сәйкес Аумақтық бөлімшеге осы Шартқа және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 11
11) арнаулы құрылғылар (тор қоршамалар) орнатылған орындарды кеме қатынасы қауіпсіздігіне және өзге де жүзу құралдарының қозғалысына кедергі келтірмейтін, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы су объектілерін пайдалануды шектеуге жол бермейтін арқандармен және қалтқылармен қоршап қоюға;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 3
3. Аумақтық бөлімше осы Шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы: Аквашаруашылық субъектісі аквашаруашылықты жүргізуден өз еркімен жазбаша түрде бас тартқанда; Аквашаруашылық субъектісінің қызметі тоқтатылғанда; Аквашаруашылық субъектісі осы Шарттың талаптарын және (немесе) Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасының талаптарын күнтізбелік екі жыл ішінде үш рет және (немесе) одан да көп бұзғанда; осы Шарттың 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндеттемелер орындалмағанда; мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығарылғанда.
Тарау 3. 3-тарау. Тараптардың міндеттері
3-тарау. Тараптардың міндеттері
Тармақ 4
4. Аквашаруашылық субъектісі Заңға сәйкес:
Тармақша 1
1) аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына сәйкес балық өсіру көлемін сақтауға;
Тармақша 2
2) жобаның бизнес-жоспары мен жұмыс бағдарламасын сақтауға;
Тармақша 3
3) қайта өңдеу қуаттарын іске қосуды немесе жұмыс істеп тұрған өндірістерді қоса алғанда, өндірістік және қайта өңдеу қуаттарын реконструкциялау мен жаңғыртуды қоса алғанда, жаңа өндірістік объектілер құрылысын жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) осы Шарт жасалған сәттен бастап күнтізбелік бір жылдың ішінде Заңның 10-бабы 4-тармағына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу қағидаларына сәйкес аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеменің (бұдан әрі – биологиялық негіздеме) әзірленуін және Аумақтық бөлімшемен келісуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) Аумақтық бөлімшемен биологиялық негіздемені келіскен күннен бастап бір ай ішінде Заңның 10-бабы 4-тармағына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысанға сәйкес аквашаруашылық субъектілерін дамыту жоспарын бекітуге;
Тармақша 6
6) табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген төлемақыны енгізуге;
Тармақша 7
7) биологиялық негіздемеде көзделген аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) ұстауға, өсіруге байланысты қызметті жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) аквашаруашылықты су биологиялық ресурстарына және оларды қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермейтін тәсілдермен және әдістермен жүргізуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 9
9) аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес ұсынуға;
Тармақша 10
10) қарсы міндеттемелерді орындау бойынша ақпарат беруге;
Тармақша 11
11) су объектілерінде аквашаруашылық объектілерінің бөгде немесе генетикалық түрлендірілген түрлерін интродукциялауға жол бермеуге;
Тармақша 12
12) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қағидалар мен талаптарды сақтауға;
Тармақша 13
13) Заңның 6-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінде тіркелуге;
Тармақша 14
14) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды жолмен өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жіберуге;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларға жәрдемдесуге;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес ортақ пайдаланудағы жерүсті су объектілерін пайдалануды шектеуге жол бермеуге;
Тармақша 17
17) осы Шартты және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарын орындауға, сондай-ақ осы Шарттың және аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспары талаптарының орындалуы туралы ақпаратты беруге;
Тармақша 18
18) заңды тұлғаны біріктіру, қосу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, осы Шарт бойынша үшінші тұлғаларға құқықтар мен міндеттемелерді тапсыруға және (немесе) беруге және (немесе) мұндай құқықтар мен міндеттемелердің мұрагерлік бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен үшінші тұлғаға ауысуына жол бермеуге;
Тармақша 19
19) аквашаруашылық объектілерінің заңсыз аулануына жол бермеу мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін күзетуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 20
20) Аумақтық бөлімшеге Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес бақылау үшін аулауды жүзеге асыру құқығын беруге;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес аншлагтар орнатуға;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының су және экология заңнамасында, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалауларын пайдаланылатын жерлерде оларды күтіп-ұстауға;
Тармақша 23
23) осы Шарт мерзімінен бұрын бұзылған немесе оның мерзімі өткен жағдайда, аквашаруашылық үшін тұрғызылған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды қисынды мерзімде демонтаждауды, бұзып тастауды жүзеге асыруға;
Тармақша 24
24) меншік құқығы нәтижесінде жануарлардың мекендеу ортасының экологиялық нашарлауына жол бермеуге, өндірістік процестерді жүзеге асыру кезінде табиғатты қорғау технологиясын қолдануға;
Тармақша 25
25) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
Тармақша 26
26) аурулардың алдын алу және олармен күрес жөніндегі кешенді іс-шараларды жүзеге асыруға, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жануарлардың анықталған аурулары туралы, олардың мекендеу ортасы жай-күйінің нашарланғаны туралы, жануарлардың жойылу қауіпі туындаған және олар өлген жағдайда дереу хабардар етуге;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 5
5. Аумақтық бөлімше құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасына сәйкес Аквашаруашылық субъектісінің осы Шартқа және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарын қарастыруға міндетті.
Тарау 4. 4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 6
6. Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Осы Шарттың талаптарының толық немесе дұрыс орындалуына жауапты болады.
Тарау 5. 5-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары
5-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары
Тармақ 7
7. Егер Шарттың қандай да бір міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау еңсерілмейтін күштің мән-жайларынан туындаса, онда Тараптардың ешқайсысы оны орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.
Тармақ 8
8. Тараптар болжай алмайтын және осы Шарттың орындалуына тікелей әсер еткен төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлар, оның ішінде дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай және өзге де осындай мән-жайлар еңсерілмейтін күштің мән-жайлары болып табылады. Мұндай жағдайларға, атап айтқанда, нарықта орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың немесе қызметтердің болмауы жатпайды.
Тармақ 9
9. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен Тарап бұл туралы еңсерілмейтін күштің мән-жайларының туындаған күні мен сипаттамасы көрсетілген жазбаша хабарлама жіберу арқылы екінші Тарапты дереу хабардар етеді.
Тармақ 10
10. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдың шешімін табу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай жағдайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
Тармақ 11
11. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары тиісті құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарымен расталады.
Тарау 6. 6-тарау. Шартты мерзімінен бұрын бұзу талаптары
6-тарау. Шартты мерзімінен бұрын бұзу талаптары
Тармақ 12
12. Осы Шарттың қолданысы:
Тармақша 1
1) аквашаруашылықты жүргізуден ерікті түрде жазбаша бас тартылғанда;
Тармақша 2
2) Аквашаруашылық субъектісінің қызметі тоқтатылғанда;
Тармақша 3
3) осы Шарттың талаптары және (немесе) Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасының талаптары күнтізбелік екі жыл ішінде үш рет және (немесе) одан да көп бұзылғанда;
Тармақша 4
4) осы Шарттың 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндеттемелер орындалмағанда;
Тармақша 5
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығарылғанда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
Тармақ 13
13. Аквашаруашылық субъектісі қызметі тоқтатылған жағдайда күнтізбелік он күн ішінде жазбаша хабарлама жіберу арқылы Аумақтық бөлімшеге қызметін тоқтатқаны туралы хабарлайды.
Тарау 7. 7-тарау. Дауларды қарау талаптары
7-тарау. Дауларды қарау талаптары
Тармақ 14
14. Осы Шарттың талаптарын орындау кезінде туындауы мүмкін Тараптар арасындағы барлық даулар келіссөздер жолымен шешіледі.
Тармақ 15
15. Келіссөздер жолымен реттелмеген даулар сот тәртібімен шешіледі.
Тарау 8. 8-тарау. Шарттың ерекше талаптары
8-тарау. Шарттың ерекше талаптары
Тармақ 16
16. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар екі данада жасалды.
Тармақ 17
17. Осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жасалса және екі Тараптың уәкілетті өкілдері қол қойса, онда олар заңды күшке ие және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 18
18. Осы Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жіберетін кез келген хабарлама тапсырылғаны туралы хабарламамен не электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат арқылы не тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, тапсырысты почта жөнелтілімі нысанында жіберіледі.
Тарау 9. 9-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
9-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 19
19. Осы Шарт қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау негізінде анықталған____ жыл мерзiмге (он жылдан қырық тоғыз жылға дейін) жасалынады.
Тарау 10. 10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, деректемелері және қолтаңбалары
10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, деректемелері және қолтаңбалары Аумақтық бөлімше _______________________________ (атауы) _______________________________ (почталық мекенжайы) _______________________________ (банктік деректемелері) _______________________________ (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) _______________________________ (қолы, мөрі (бар болса) Аквашаруашылық субъектісі _______________________________ (заңды тұлғаның атауы) _______________________________ (почталық мекенжайы) _______________________________ (банктік деректемелері) _______________________________ (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________________ (қол, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатындарды қоспағанда)